1.3.Отбасында балаларды халықтық дәстүр негізінде адамгершілікке тәрбиелеу
Қай заманда қай елде болсада отбасының адамзат ұрпағына тигізетін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Адамға оның еңбек және қоғамдық қызметінде ғана емес, сонымен бірге тұрмысында да тікелей ықпал жасап отыратын қандай да болсын бір күш керек. Осы міндеттің бәрін белгілі дәрежеде отбасы атқарады.
Отбасында физиологиялық, экономикалық, рухани-психологиялық, адамгерішілік және эстетикалық қатынастар қабысып жатады.
Ғылыми философиялық, психологиялық әдебиеттерде отбасы тәрбиесі жалпы тәрбиенің аса маңызды құрамды бөлігі екендігі айқындалған. «Отбасы» деген ұғым педагогика, психология, философия ғылымындағы арнайы категория. Тарихқа көз жіберсек «отбасы» ұғымы көп ғасырлы халық мұрасымен байланысты. Тұтастай алғанда педагогикалық зерттеулердің негізінде отбасы тәрбиесі ұғымына әр қырынан анықтама берілген. Мәселен «отбасы тәрбиесі» ата-анаға арналған сөздікте: «Бірге тұратын жақын туыстар /әке-шеше, балалар т.б./ тобы» – деп көрсетсе, ал отбасы проблемасын зерттеуші ғалымдар: қоғамның маңызды буынының бірі отбасы деген. Осыдан отбасы күрделі қоғамдық құбылыс болып есептеледі. Қоғамдық ортаның шағын бір бөлігі ретінде балаға өмірге жолдама береді, көзқарасының, әдет-ғұрпының ірге тасын қалайды. Еліміздің өміршеңдігі отбасы жағдайымен тығыз байланысты. Қоғамның дамуы әрбір адамның дамып, жетілуіне байланысты, яғни оның біліміне, саналылығына , қоғам үшін жан аямай, шексіз беріле қызмет етуіне тікелей байланысты. Осындай игі қасиеттерді қоғамның болашақ мүшелері, болашақ ата-ана, балаларымыздың бойына жастайынан сіңіріп өсіріп, тәрбиелеуіміз керек. Бұл әлеуметтік, қоғамдық, бүкіл халықтық маңызы бар мәселені жоғары дәрежеде шешуде «отбасы» жетекші рөл атқарады. Әрбір отбасы баланың болашағынан үлкен үміт күтері сөзсіз. Баланы адамгершілікке, имандылыққа жалпы жақсы қасиеттерге тәрбиелеуде отбасы беделді үлкен рөл атқарады.
Отбасы – тәрбиенің бастауы. Отбасы Адам баласы тарихы дамуының барысында қалыптасқан және үздіксіз дамып келген. Ол – алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңінде пайда болған әлеуметтік топ және шаруашылық негіздерінің бірі. Әрқашан қоғаммен, оның көп салалы қатынастарымен руханы байлығымен тығыз байланысты өмір сүрген. Қоғамнан, өзін қоршаған табиғи-жағырапиялық орталықтан тыс отбасы жасалмаған. Жер шарын мекендеген аз халықтардың отбасы сол халықтың отбасылық сол халықтың даму жолымен ажырамаған. Қазақ халқының отбасы да сондай. Сондықтан жоғары да айтылған міндеттердің ішінде қазіргі кезде отбасы тәрбиесінің өзекті мәселерінің бірі отбасының адамгершілік тәрбиесі болып саналады. Біздің тәуелсіздік мәртебесіне ие болған қазақ мемлекеттерінің жасөспірімге жоғары адамгершілік, имандылық қасиеттер, ең алдымен жалпы адамзаттық құндылықтарға сенім, әлеуметтік белсенділік, еңбекқорлық пен санаға сіңген тәртіп, жеке тұлғаның еріктілігі, гумандық қарым-қатынас, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа құрметпен қарау, ізгілікті, парасатты мінез-құлық адамгершілік тәрбиесіне тән болуға тиіс. Бұл міндеттер адамершілік тәрбиесінің негізіне алынады.
Отбасы тәрбие процесінде жеке бастың адамгерішілік белгілері гуманизм сезімі, қайырымдылық сезімталдық, парасаттылық, ұқыпты-жауаптылық, тәртіптілік, кішіпейілділік, әдептілік, мейірімділік, еңбек сүйгіштік т.б. қасиет-сапалар қалыптасады. Отбасының ұйтқысы адамгершілікке негізделген – неке. Ер мен әйел арасындағы жарасымды шынай сүйіспеншілікке негізделген некелік парызды шынайы сезіммен ішкі жансарай байлығымен бағалау бала тәрбиесінде зор орын алады.
Сондықтан отбасы некенің табиғи түрлі жалғасы ретінде ұрпақтар қатынастарында қамтиды. Неке жұбайлар арасында да, ата-ана мен балалар арасында да азаматтық құқықтық, адамдық қатынастармен байланысты. Отбасы өзінің күні-бүгінге дейін қоғамға мәлім тарихи фомалары арқылы белгілі бір дәрежеде мемлекеттің тәрбиешісі ретінде қызмет атқарып келді.
Себебі әр отбасының тәрбиелілігі азаматтың беделі, ол мемелекет тәрбиелегінің айнасы.
М. Әуезов айтқан «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөздің мәні осында деп есептейміз. Отбасы қоғамдық мақсат негізінде өмір сүретін, адамның алғашқы адамгершілік әліппесін үйрететін адамгершілік мектебі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Үйелмен қалыптасып келе жатқан жеке адамның үйлесімді дамуы, оның қоғамға сай болуы, ұлттық және адамзаттық қазыналардан нәр алуы үшін жауапты болады. Балалардың үйелменде тәрбиеленуі олардың білім беру мекемелерінде тәрбиеленуімен етене ұштасып жатады» делінген. Біздің мемлекет отбасындағы қарым-қатынас дұрыс жолға қойылуына, балалардың отбасында дұрыс, жақсы тәрбиеленуіне ерекше көңіл бөледі.
Адамгершілігі мол, берік ұйымдасқан жанұя тәрбие жұмысынан жақсы нәтиже шығарады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың осы жылғы халыққа Жолдауында Ана мен баланы қорғау жұмысын күшейту туралы арнайы бір тараудың болуы және осыған дейін шыққан Заң отбасындағы қарым-қатынастың нығаюын, баланың отбасындағы тәрбиесінің жақсаруын бұрынғыдан гөрі күшейтеді. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады, адамгершілік тәрбиесінің негізі құралады, айналадағы дүниеден қарапайым түрде мәлімет береді. Ата-ананың жылы жүрегі, мейірімді жүзі, аялы алақаны, ыстық құшағынан балаға дүние есігі ашылады. Оның дүниетанымы, өмірді білуден басаталады. Жоғарыдағы тұжырымдардан отбасының мынадай басты белгілерін айқындауға болады; шынай махаббат, теңдік, татулық, қамқорлық өзара түсінушілік, бірін-бірі сыйлаушылық, ынтымақтық, тұрмыстық тәрбие, мәдени ағарту мәселелерін, өмір және қоғам талаптарына, сонымен қатар отбасы мүшелерінің өзіндік ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру, үй тіршілік мәселелерін бірігіп ынтымақтастықпен шешу жатады.
Ал, шексіз әкімшілік кемсіту немесе қорлау, тұрпайылық, дөрекілік, өктемшілік, алдау, жалған беделге ие болушылық жұбайлар арасындағы алауыздық т.б. жат мінез-құлықтар отбасының беріктігіне нұқсан келтіреді.
Демек, жұбайлардың және басқа да отбасы мүшелерінің ынтымақты бірлігі отбасының нығаюына және оның ішкі қатынасына қолайлы жағдайла жасаудың негізгі факторы.
Бұл фактор баланы әлеуметтендіру мен тәрбие процесіне және ішкі отбасының қатынасына игі әсе етеді. Әлеументтендіру процесі барысында және қоғамда жеке адамның өмірі мен байланысты шешеді. Ата дәстүрдің бай тәрбиесінен бүгінгі жастардың үйренері көп.
Тарихқа үңілсек- халықтық педагогика отбасындағы тәрбиенің негізі болып саналады. Өйткені, адамның жеке басының мінез-құлқын қалыптастыру, оның бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру көбіне үйде ата-ананың тікелей әсерінен жүзеге асады.
Халқымыздың ұлттық ерекшелігі саналатын үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, бауырмалдық, кеңпейілділік қасиеттердің біразынан ажырай бастағаны шындық. Енді заманымыздың қайта түлеуіне байланысты жас ұрпақтың бойына осынау қасиеттерімізді қайта сіңіріп өсірсек деген мақсат әсіресе, тәрбие саласы қызметкерлерінің, ата-аналардың алдындағы кезек күттірмес міндеті болып тұр. Бүгінгі таңда арнайы мамандық алып балабақша мен мектепке жұмысқа келіп жатқан жам амандардың көбі де сол ұлттық дәстүрден алыстау өскен жандар.
Сондықтан оларға халық педагогикасына сүйеніп, ұлттық психологиялық тәрбиелеу оңайға түспейді.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі – қайырымдылық,достық, елге, жерге, Отанына қайырымды, бойындағы бар асыл қасиетін халқына, ұлтына жасауға арнаған адамды «Ел қамын жеген – ер» деп бағалаған. Сондай– ақ адамгершіліктің ең жоғарғы түрі – бауырмалдық, бүкіл дам баласын бауыр, дос тұтыну, көпшіл болу, интернационалдық қасиетті қастерлеу. «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол», «Көппен көрген ұлы той», «Көпті сөкпе, көнді төкпе» сияқты мақал-мәтелдерде дәріптелген. От ертеден бері отбасы тұтқасы болып саналады. Ата-бабамыз қазақ халқының тұрмыс тіршілік сөзінде «Менің үйім» деген ұғым орнына «менің отбасым» сондай-ақ бір үйдің орнына «бір түтін» деп үй иесін «отағасы» деп атаған.
Бүкіл табиғаттың, бүкіл адамзат тіршілігінің барлығының түп тамыры – күн, су, ауа, от деген ұғымдармен анықталады. Осыған орай «отбасы» сөзінің алынуы табиғаттың, қоғамның бүкіл тіршіліктің даму заңдылығында ғы «от» деген ұғыммен байланысты болған. Оттың үнемі маздап жанып, айналасына жылу, жарық берумен отбасының да бір-біріне деген оттай жалындаған ыстық сезімі, жылы мейірімі бірін-бірі бағалауы, қайырымдылығы, құрметері халықтық дәстүрдің негізіне алынған. Біздің елімізде бала тәрбиелеу ата-аналардың конституциялық міндеті екендігі Қазақстан Республикасы Конституциясының 50,51, 52 баптарында отбасы олардың құқықтары мен міндеттері бала тәрбиесі ісіндегі жауапкершіліктері жан-жақты көрсетілген. Мәселен, 51 бабында «Ата-аналардың және олардың міндеті – балаларды тәрбеиелеудің және оқытудың сипаты мен түрлері баланың мүддесіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Еңбекке жарамды балалар өздерінің ата-аналарына қамқорлық жасап, оларға көмек көрсетуге міндетті» деп көрсетілген.
Бұл Заңда белгіленген міндеттен отбасы тәрбиесіндегі ең басты өзекті мәселе адамгершілік тәрбиесі екенін айқын көруге болады. Қазіргі кезеңде отбасына бала тәрбиесіне байланысты басымырақ салмақ түсуде.
Сан ғасырлық тарих бетіне үңілсек қазақтың ұлттық тәрбиесінен нәр алған талай әлемге әйгілі, елін қорғаған батырларда, билерде, орақ тілді, от ауызды шешендерде, топ жарған жыршы, термеші тәрбиеленіп шықққанын білеміз.
Сондай-ақ шығыс философтары мен ұлы ойшылдар өзінің пікірлерінде халықтық педагогиканың негізін қалаған, оның тәлім-тәрбиелік мәнін ашқан, ұлттық салт-дәстүрдің маңызын дәләлдеген. Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағылымдарының мәдениет тарихын Орта Азия және Қазақстанның ұлы ойшылдарының еңбектерінен көруге болады. Олардан халықтардың бір-бірімен әдет-ғұрпы, салт-дәстүр тұрғысынан жақындығы халықтар қойнауынан орын алатындығын көреміз.
Біздер Алтынсариннің еңбектеріне талдау жасағанда олардың әр қайсысына белгілі тәрбиелік маңызы бар идеялар, әсіресе адамгершілік қасиет сапалар жан-жақты қамтылғаны айрықша көзге түсті. Ы. Алтынсарин адамгершілікке тәрбиелеу идеясын қазақ отбасының ең жақсы дәстүрлеріне жоғары баға бергендігінен көреміз.
- Бала , бала , бала-деп,
Түнде шошып оянған/
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолды талпынтқан,
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Исін жұпар аңқытқан
Кім сендерді балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң балалар, жаман болсаң,
Қамқор ананың көз жасын көлдететін.
Алтынсариннің бұл өлеңдерінен ата-ананың баланы сүйіп, еркелететіндігін, баланың ата-ана жөніндегі міндеттерін және ата-ана баланың табиғи тәрбиешісі екенін, қазақ халқының балажандылық дәстүрі, ерекше мейірімділігі бар екені байқалады.
Соңғы жылдары қоғамның жаңару процесіне байланысты біздің Республикада отбасы, ата-ана, бала проблемасын шешуге арналған бірнеше заңдар, тұжырымдамалар жарық көрді.
Осыған орай Біріккен Ұлттар Ұйымының шешеміні 1994 жылы «Отбасы жылы» деп жариялауына сәйкес Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикалық ұйымдастыру комитетін құру жөніндегі Жарлығы қазіргі үйелменнің беделін және белестерге көтеретін кезеңнің туғанына дәлелдейді.
Қазақстандық педагогтар, психологтар, физиологтар өздерінің зерттеулерінде жалпы педагогика, психология мәселерімен шұғылданды. Олар: Қ. Құнантаева, Г. Уманов, Ж. Қоянбаев, В.Трифонов, Г. Балдидинова, Ә. Омаров, Б. Байтұрсынова, К. Бозжанова т.б. бұл авторлар отбасы проблемасын әрқырынан қарастырған. Ата-ана бала тәрбиелеудегі әлеуметтік , азаматтық және ата-ананың міндеттері баланың жас ерекшелігіне сай тәрбиенің өзгешеліктері мектеп пен жұртшылықпен байланыс мәселелері және отбасы тәрбиесіндегі баланың дұрыс тәрбие алуына нұқсан келтірген адамгершілікке жат қарым-қатынастары қиын бала , тастанды бала, жалғыз басты ана т.б. күрделі мәселелер туралы зерттеулер, еңбектер, мақалдар, кітаптар жарияланған.
Алайда соңғы жылдары баланы отбасында тәрбиелеу мәселесіөте күрделеніп кетті.Оған көптеген қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық жағдайлар себеп болуда , ең бастысы:
– ұзақ жылдар бойымызға елімізде жалпы қоғамдық өмір саласында әміршілдік-әкімшілдік принциптердің ықпалынан адамдардың әлеуметтік тұрғыдан қорғансыздыққа ұшырауы, жалаң ұраншылдықтың салдарынан қоғамның әлеуметтік экономикалық жағдайының тығырыққа тірелуі, тәрбие мәселесінде халықтардың өз тарихына, мәдениетіне, рухани байлығына, тіліне, дәстүріне мән берілмеуі орын алды.
Жоғарыдағы аталған жағдайлардың салдарынан отбасының әлеуметтік қоғамдық өзіне тән мәртебесіне, беделіне нұқсан келуде, ең бастысы соңғы жылдары, отбасыларында ажырасу сияқты келеңсіз жайттардың орын алуы бала тәрбиесіне немқұрайды, қарау, тастанды балалар деп аталатын топтың пайда болуы және отбасында бала санының азаюы, экономикалық тұрмыс- тіршілік күнелтудің отбасын асыраушылық табыстың азаюы барған сайын белең алуда. Мұның өзі ең алдымен отбасы мүшелерінің бір-біріне деген адамгершілік қарым-қатынастың құлдырауы ол өз тарапынан балаға деген аналық-аталық мейірімділік көз қарастың төмендеуіне әкеп соғуда.
Бүгінгі күннің мұндай ақиқатты жағдайларда социологтардың, демограф, психолог-педагогтардың зерттеулері дәлел. Әсіресе, отбасында өз балаларына деген қатегездік қала берді, тағылылықтың кездесуі, қаталдық, озбырлық, жазалау орын алуда.
Профессор Г.А. Уманов «қиын» балалар проблемасын зерттегендер оның себептерінің бірі әке-шешесінің маскүнемдігі, әкесіздік, бақылаусыздық, орынсыз қаталдық, ұрып соғу екендігі анықтаған.Осы жағдайлардың бірі сайып келгенде отбасы тәрбиесінде ата- баба дәстүрінің қажет екендігіне көзімізді жеткіземіз.
Достарыңызбен бөлісу: |