Халық-қапысыз тәрбиеші.Өзінінің болашақ ұрпағын ойламаған бірде бір ұлт болмаған. Сондықтан бұл мәселе бойынша дүниежүзілік ой-пікірдің дамуында тарихта дүнеижүзілік мұра жинақталған. Кезінде қоғамдық құбылыстың дамуында қоғамдық-әлеуметтік саяси-экономикалық негізгі тенденциясына байланысты адамгершілік нормаларда, ережелерде өзгеріп отырған.Барлық халықтардың бала тәрбиесіне байланысты асыл қазыналары бар екені мынадай аталы сөздерінен айқын көруге болады. Себебі: халықтың өзі тәрбиеші, халықтыі өзі ұстаз. Ғасырлар бойы өзінің болашақ ұрпағы туралы ой арманын олардың алдындағы парызын, міндетін киелі қасиетті сөздермен білдірген. Мәселен, Әзербайжан халқы «Әкенің еккенін ұлдары пайдасын көреді», Кабардин халқы «Өзінің ағасы жоқ адам, таяқты құшақтайды», Тәжік халқы «Жарамсыз ұрықтан, жарамсыз тұқым пайда болады», Татар халқы «Шыбық кезінде сынбаған, таяқ кезінде сынбайды», Хауас халқы «Ағаш қурамай тұрғанда оны ие біл, ал баланы жас кезінде тәрбиелей біл», Татар халқы «Егер қызға үйленгің келсе, алдын ала шешесімен таныс» Ал қазақ халқында «Шешесін көріп қызын ал, ыдысын көріп асын іш» деген сөздің астарында көп мән жатқаны бәрімізге белгілі.
Азербайжан «Өз шешесін сыйлай білген адам, басқаның шешесін қорламайды», Құмық халқында «Егер дұшпаның таспен ұрса, сен оны аспен ұр» ал, қазақта «Таспен атқанды, аспен ат» деген. Адыгей халқы «Ақылды ақсақалдары жоқ елде, ақылды жастарда жоқ» -деген.
Міне, бұдан жалпы адам баласы даму тарихында тәрбие үнемі халықтың ой-пікірімен адамгершілік талаптарымен үнемі сабақтастықта байланыста болғанын көреміз.
Осыдан жалпы педагогика мәселесімен халықтық педагогика тығыз байланыста болғанын көреміз. Халық педагогика мұрасына оның ғасырлар бойы тәжірибесіне тек өткен ғасырдың ескеткіші ретінде қарауға болмайды. Оның ұлттық әдет-ғұрып мұрасының прогресшіл мүмкіндіктерін жинақтау бүгінгі күн талабы.
Ол ерекшеліктер сол ұлттық саяси, әлеуметтік, экономикалық, географиялық тарихи жағдайына байланысты туындаған. Мәселен, қиыр солтүстік халықтары мамай халқының дана сөздерінде солтүстік қатал табиғи жағдайына бейімделуге арналған тәрбие талаптары бар екенін көреміз. Балалары жас кезінен дені сау шыныққан, еңбектің ең азапты қиын түрлеріне шыдай беретін мінез-құлық қабылеті бар ер жүрек, батыл қасиеттерді тәрбиелеу және адамдармен ең қиын кездейсоқ табиғат жағдайларында адамдармен бірлесіп ортақ тіл тауып әрекет жасай білуге үйретуді көздеген. Мәселен көпірме сөз сөйлеу халқында ең жарамсыз кеселді мінез-құлық деп есептеген. Қай халықтың баласының болмасын бір-бірінен айырмашылығы жоқ.
Әзербейжан, едігей, тәжік, ұйғыр, орыс, қазақ, жапон, монғол болсын ол - бала. Ал оны ешкімде жамандыққа тәрбиелемейді. Барлық халықта өз баласын ізгілікке, жақсылыққа, елін сүюге, туған жерді, тілді сүюге, тарихын білуге, мәдениетін тануға, дәстүрін құрметтеуге барлық адамзаттық тәрбиеге тірек болатын ең құнды адамгершілік қасиетті бағалайды.
Осыдан ғылыми әдебиеттерге талдау жасау барысында отбасынан басталған адамгершілік әлемдік деңгейге дейін бәріне ортақ екеніне көзіміз жетті. Шығыс халықтарына мынадай дана сөздер бар: «Үш іс тындырған адам, бала өсірген кісі, тал өсірген кісі және кітап жазған кісі өлмейді», – дейді. Бұл сөздерден балаға деген махаббат, еліне деген сүйіспеншілік, сенімділікті айқын аңғару қиын емес.
Ұрпақ тәрбиесіндегі жапондықтардың бірнеше сырлары бар. Сәби кезден бастап еңкейген қарт арасындағы қарым-қатынас ізгіліке, шынайы қайырымдылыққа негізделген.
Өзі қатарлы елдерден озып шығуының себебі ұлтының болашағы ұрпағының бақыты үшін халқының тарихи-этикалық мұрасын, ұлттық әдет-ғұрып өнегесін, салтын сақтауға саналы қарауы. Бүгінгі заман талабы мен жарасым тауып, жалғасып келе жатқан жапондықтардың дәстүрі кімді болмаса да бей-жай қалдырмайды.Бала тәрбиесінде ұлттық, халықтық педагогика басым, сол себептен болар жапон балалары үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қағида жадында берік ұстайды.
Жапонияда әрбір ата-ана баласының болашағын қатты қадағалайды. Баласын сәби кезден-ақ ерінбей еңбек етуге және өзі еңбегіне ризашылық сөзінде болуға ерікті түрде еңбек етуге дағдыландырады. Бала тәрбиесінде жапондықтарда осы күнге дейін құндылығын жоймаған бірнеше дәстүрлер бар.
Олар сақталып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілуде. Мысалы, табиғат пен еңбектің мерейін дәріптеу дәстүрі, білімге, өнерге ізденпаздықты, құштарлықты тәрбиелеу дәстүрі, ұлттық қарым-қатынас дәстүрі, отбасындағы ұл-қыз тәрбиелеу дәстүрі,мінез-құлық дәстүрі, қарапайымдылық, кішіпейілдік, адалдық, қайырымдылыққа, адамға сый-құрмет көрсетуге тәрбиелеу дәстүрі, ата-баба аруағына тағзым ету дәстүрі.
Жапон балалары отбасында бес –жеті жасқа еркін өседі. Ешқандай тиым салуға, ұруға, ұрсуға болмайды, олардың іс-әрекеттеріне шек қойылмайды, олар балаларына түгелдей балалық шақ қызығын, ләззатын алуға жағдай жасайды. Ата-аналар балаларын ешқашан қатаң жазаламайды. Қатаң жазаланған баланың нерв жүйесі зақымдалып, ызақор, ашушаң, қырсық-қыңыр болып өседі деп есептейді де, оның орнына мынадай әрекеттерді кең қолданады: көндіру, сендіру, түсіндіру, назар аудармай қою. Балаларды жақсы үлгіде тәрбиелеу үшін үй ішіндегілердің жүріс-тұрыстарына зор мән береді.
Міне, осындай тәрбиелік мәні зор ұлттық ерекшеліктерді болашақ ұрпаққа берері мол. Қазақстаннан әлде қайда қашық жатқан әлемнің бір түкпірінде орналасқан жапон халқының үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу, ата-анаға үлкен құрмет көрсету, әйел адамның еріне деген сүйіспеншілігі, оны отағасы ретінде балаларының әкесі ретінде сыйлау – бәрі қазақ халқының салт-дәстүріне өте ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: |