Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу «Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу»



бет7/8
Дата11.02.2018
өлшемі1,94 Mb.
#37459
1   2   3   4   5   6   7   8



Диаграмма 4


Қорытынды


«БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АНА ТІЛІ САБАҒЫ АРҚЫЛЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ» атты дипломдық жұмысымыздағы негізігі қарастырған мәселелеріміздің маңызды, қоғамның бүгінгі таңдағы стратегиялық міндеттерінің бірі екенін сезіндім. Жақында Мемлекет басшысы бекіткен 2006 – 2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы азаматтарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасында жеке адамды тәрбиелеудегі маңызды бағыттар айқындалды. Бұл ретте, әсіресе жастардың отансүйгіштік сана – сезімін қалыптастыруда, Отан мүдделерін қорғаудағы азаматтық борышы мен міндеттерін орындауға тәрбиелеуде үлкендердің (аға буынның, педагогтардың, тәрбиешілердің және т.б.) атқарар рөлі де, жауапкершілігі де орасан.

Бастауыш сынып оқушыларына отансүйгіштік сезімін дамытудың шаралары:



  • Патриоттық бағыттағы азаматтарды бастауыш буыннан бастап тәрбиелеу;

  • жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесін дамыту;

  • бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысында отансүйгіштік бағыт пен кәсіби мәдениетті арттыру;

  • оқулықтарға көптеген отансүйгіштік бағыттағы тақырыптар енгізу;

  • елін, жерін қорғайтын азаматты тәрбиелеуде көптеген іс-шаралар өткізу.

Отанды қастерлеудің озық үлгісін Елбасымыздың «Қазақстан жолы» атты жаңа кітабын оқып көз жеткізуімізге болады. Автор кітаптары түйін сөздің оқу – білім мәселесіне арнап, сонымен бірге адамның бойында Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейтін әрбір жасқа таным нәрін егетін, тиімді еңбек ету машығын үйрететін бәсекеге қабілетті білім беру жүйесіне де байланысты екенін айтады.

Отанға деген сүйіспеншілік – патриотизим ата – ананы, жасы үлкенді құрметтеуден басталып, өркендейді. Бала ата – анасы өнегесіне, өмір мен өнердегі әйгілі қаһармандарға, көш бастайтын ерлерге қарап есейеді, тәжірибе жинақтайды. Әсіресе, бастауыш сынып оқушысы еліктегіш келеді соған байланысты отансүйгіштік қасиет бірінші ата-анасы жағынан беріліп содан кейін мектеп қабырғасынан бастап алады. Осыған орай бастауыш сынып мұғалімі көбінесе ана тілі, қазақ тілі және дүниетану сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беріп отырады.

Бастауыш сыныпта Отан туралы ұғым тілі, діні туралы, қазақ тарихы, мәдениеті, елдің жырын жырлайтын жыршылары мен сазгерлері, әдет - ғұрып, салт - дәстүрін туған - туыстарын сыйлау қазақ батырлары, сөзге шешен, ел ішіндегі көсем адамдардарды білу арқылы қалыптасқан. Мысалы:Абылай, Алпамыс, Ағыбай, Махамбет, Амангелді, Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Сырым, Райымбек сынды батырларымыздың ерлік істері арқылы оқушылардың бойына патриоттық тәрбие сіңіре білу керек. Оқу бағдарламаларын, оқулықтарды оқу әдістеме құралдарын зерделеп қарасақ : ана тілі, қазақ тілі , дүниетану, еңбекке баулу, сабақтарында халықтық педегогиканы негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру жағына көбірек көңіл бөлінген. Әсіресе ана тілі пәнін оқыта отырып Отан туралы ұғым, туған жер, атамекен туралы ұғым халқының төл тарихын, өнерін, әдебиетін біле отырып қалыптаспақ. Отансүйгіштік тәрбиенің мақсаты : оқушыда өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, оған адал қызмет жасауға оны қорғауға баулу, туған ел тарихы, өз халқының мәдени мұрасын, салттары мен дәстүрлерін қастерлеу қатынасын қалыптастыру. Халқымыздың әдебиеті мен тіл өнері бабамыздың бізге қалдырған бай мұрасы ана тілімен Отан деген ұғымдар бір-бірінен ажыратуға келмейтін түсініктер. Қазақ халқы, яғни біздің ата бабаларымыз тәрбиенің негізгі мақсаты сегіз қырлы бір сырлы, жетілген адамды тәрбиелеу деп санаған. Отанын адамның өзі тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір қасиетін ұққанда тарихын, өткен жолын, қыйындық мехнаттарын, рухын, тар жол, тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде елдің басын біріктірген жат жұрттардан жерін, суын, даласын, тауын қанын төгіп, қайсарлықпен қорғап алған ерліктерін сезіп білгенде ғана соған деген мақтаныш сезімі оянады. Жалпы кез келген адам іс әрекеттерінде немесе басқа жағдайларда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани жағынан дайын болуы керек.

Патриотизм дегеніміз – ол сіз бен біздің Отанға деген қарым – қатынасымыз. Отанға деген сезім Ұлы Отан соғысы кезінде шынайы көрініс тапқанын білемін. Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ халқының өз елі, жері үшін соғысып қасық қандары қалғанша күреседі, Отан үшін жандарын қияды.

Бертін келе, Желтоқсан оқиғасы кезінде ешнәрседен тайынбаған қаншама қазақтың қыздары мен жігіттері болғанын, ақ қарда бұрымдары шашылып, қандары төгілген қазақтың ару қыздарының қайсарлығын қазіргі жас ұрпаққа ұқтырып, солардан үлгі алып нағыз отанды қорғайтын азаматты дайындау. Ендігі мақсат: осы өмірден көрген – білгендерімді, университетте алған білімдерімді өскелең ұрпақтың ойында патриотизмді дамытуға жұмсаймын. Өз елін сүйетін, өз Отанын қастерлейтін, өз халқын мақтан ететін, Қазақстандық жастарды елшіл отаншыл, мемлекетшіл қасиеттерге баулып, жақсыдан үйренуге, жаманнан жүйренуге үйретемін. Әрбір Қазақстан азаматын «Бұл менің Отаным» деген мақтанышты сезімге тәрбиелеуге тағылымды үлес қосамын және де қиындығы мен қызығы да бар бұл іске бүкіл қазақстандықтарды шақырамын. Әрқайсымыз ұлтжанды, бауырмал болсақ, мемлекетіміздің тірегі нығайып, болашағымыз жарқын болары анық. Жастарды отаншылдыққа, имандылыққа, салауатты өмір сүруге, адамгершілікке тәрбиелеу абыройлы іс. Оны іске асырудың жүгі де жеңіл емес.

«Мен жастарға сенемін!», - деп Мағжан Жұмабаев айтпақшы, қоғамды алға сүйрейтін тәрбиелі де білімді азаматтарды қалыптастыру барша қоғамның ісі.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан Республикасының орта білімнің тәлім-тәрбие тұжырымдамасын // Егемен Қазақстан, Алтамы, 2003, 26 желтоқсан. [1; 12-13]

  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын // Егемен Қазақстан, Алматы 2011 [2; 26-27]

  3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, Алматы, 2004 [3; 8-9]

  4. 1993Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан, Алматы 2004 [4; 32]

  5. Д.Кішібеков. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. Алматы, 1999, [5; 13-15]

  6. А.Қоңыратбаев. Алматы, 1999, [6; 56]

  7. С.Қасқабасов. Алматы, 2001, [7; 78]

  8. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде . Алматы, [8; 200]

  9. Ж.Қалиев.Халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Астана,2005 [9; 236]

  10. С.Мусин. Педагогика тарихы. А., 1997, [10; 225]

  11. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан болашағы қоғамның ұлттық бірлігінде. Алматы. Қазақстан, 1993 жыл [11; 22-35]

  12. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика, А, 2002, 350 б. [12; 350]

  13. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы 2006 жылғы 10 қазан №200 // Қызылжар нұры – 2006 - 24 қараша. [13; 380]

  14. М.Құрманбаева. М.Ғабдулин мұрасындағы этнопедагогикалық құндылықтар арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Алматы, 2003 [14; 109-111].

  15. Патриоттық тәрбие және Б.Момышұлы // Қазақстан мектебі – 2005 - №8 – 72 - 73 бет [15; 72-73]

  16. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын // Егемен Қазақстан, Алматы 2011[16;28-36].

  17. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті // Қазақстан орта мектебі – 2005 - №9 [17; 7-9]

  18. Жарықбаев Қ. Б., Қазақ ағартушылары жастарды тәрбиелеу туралы. – Алматы, 1965. [18; 36-39]

  19. Т.Сабыров. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары, А, 1978, [19; 225]

  20. А.Люблинская . Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде. А, 1981, [20;26-38]

  21. Н.Найзабекова. Патриоттық тәрбие - педагогиқалық проблема// Бастауыш мектеп №6 2005 [21; 87-92]

  22. Ж.Қалиев. Халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Астана,2005 [22; 135-139]

  23. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті: «Мектеп». - 1974ж. [23; 96-105]

  24. Құнанбаев А. Шығармалары. Екі томдық. «Жазушы».- 1968ж [24; 10-15]

  25. Жұмабаев М. Педагогика: «Ана тілі». - 1992ж.[25; 366-378]

  26. Д. Исабеков. Сенім салтанаты /Егемен Қазақстан №10-11 қаңтар,2006. [26;12-17].

  27. С. Мұса. Жеті жылдық жолдың басы /Егемен Қазақстан, № 11-12 қаңтар, 2006 [27; 10-15]

  28. Жолдасбеков М. Асыл арналар.- Алматы: «Жазушы». - 1986ж. [28; 79-82]

  29. Патриоттық тәрбие және Б.Момышұлы // Қазақстан мектебі – 2005 - №15 [29; 108]

  30. Ю.К.Бабанский. избранные педагогические труды. Москва, 1989, 380 с [30; 46-48]

  31. Базарбаев Ж. Нұсқабаев Ж., Даулетова Қ. Инабат. Әдептану оқу құралы. Алматы: «Жазушы». - 1996ж. [31; 28-36]

  32. Досмұхамбетұлы Х. Аламан: «Ана тілі». - 1991ж. [32; 78-86]

  33. Жарықбаев Қ., Табылдиев Ә. Әдеп және жантану. Атамұра.- 1994 ж [33; 56-59]

  34. Уәйісова Г.И., Жұмабаева Ә.Е. Ана тілі жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 1-сыныбына арналған оқулық. 2-басылым, өңделген. Алматы 2009 жыл [34; 6, 39, 41, 47, 54, 55-56, 57, 63, 67, 124-125]

  35. Қабатай Б.Т., Рахметова С.Р., Жаманқұл П.Қ.Ана тілі жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық. Алматы, Атамұра 2009 жыл [35; 69, 72, 73, 75-79, 97, 210-211]

  36. Әбдікарімова Т., Рахметова С., Қабатай Б. Ана тілі жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық.Алматы, атамұра 2010 жыл [36; 79-82, 83-87, 88, 89-90; 91, 91-92, 97-98, 103-104, 131-133, 137-139, 140-143]

  37. Әбдікарімова Т., Рахметова С., Базарбекова Р. Ана тілі жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық, 3-басылым Алматы, Атамұра 2011 жыл [37; 208-209, 210-220, 260-261, 264-265]

  38. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тілінің тәрбиесі. - Атамұра.- 1994 ж [38; 63-65]

  39. Қалиев С. Қазақ халқының салт - дәстүрлері және демократ ағартушылары. Алматы: РБК. - 1993ж [39; 18]

  40. Власкин А.Г. Оқушының рухани әлемі. - Ленинград.- 1991ж. [40; 89-95]

  41. Жарықбаев Қ.Б., Наурызбаев Ж. Қазақтың ұлттық тәлім - тәрбие атауларының түсіндірме сөздігі. – Алматы. - 1993ж [41; 348-399]

  42. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы.- 1993ж [42; 236]

  43. Т. Бекайдар. Елін сүйген ұрпақ- ұлт мақтанышы //Қазақстан мектебі №9 2003 [43; 26-38]

  44. А.Бейсенбаева,Л.Аукаримова. Отансүйгіштікке тәрбиелеу //Бастауыш мектеп №9 2005 [44; 128-139]

  45. Н.Ыбыраймова. Менің Қазақстаным! // Қазақстан мектебі №2 2002 [45; 78]

  46. М. Ғабдуллин «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» - Алматы 1999 жыл [46; 63]

  47. Ш. Уалиханов «Отанды қорғау» - Алматы 1996 [47; 247-255]

  48. М.Аңсабаева. Сөнбес жұлдыздар// Қазақстан мектебі №12 2003 [48; 125]

  49. Жарықбаев Қ. Б., Қазақ ағартушылары жастарды тәрбиелеу туралы. – Алматы, 1965 [49; 423-436]

  50. Ғ.Абшанкова.Отанын сүюге тәрбиелеу // Бастауыш мектеп №1 2005 [50; 114-125]

Қосымша A



Group 20

Қосымша Ә


Пәні: ана тілі

Тақырыбы: Жарық түнде жайлауда

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыны Әбділда Тәжібаевтың «Жарық түнде жайлауда» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау.

Дамытушылық: оқушыларды өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын, іздену қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды тәрбиелі, ұқыпты, білімді, өзін ұстай білуге үйрету.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап.

Көрнекілігі: оқулық, интерактивтітақта, слайд

Сабақ барысы:

Кезеңдері

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс –әрекеті

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақ.

VI.Сабақты қорытындылау.

VII.Бағалау

VIII.Үйге

тапсырма



Сәлеметсіздерме?

Көңіл – күйлерін калай?

Үй тапсырмасына «Тасбақаның шөбі» мәтінін түсініп оқып мазмұнын айтуға берілген. Дайындалып келген оқушылардан сұраймын.


Бүгініг біздің өтетін жаңа сабағымыз. «Жарық түнде жайлауда» Әбділда Тәжібаевтың өлеңі.

Әбділда Тәжібаевтың «Жарық түнде жайлауда» атты өлеңін оқи отырып, Қазақтың кең байтақ өмірімен танысайық. Оқулықпен жұмыс: мәнерлеп, түсініп оқу. Қайталанған өлең жолдарын тауып оқы (1,5).

Әбділда Тәжібаев (1909-1998) - көрнекті ақын, драматург, әдебиет, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ақмешітте (қазіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келген. Еңбек жолын 1926-1928 жылдар аралығында «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде пошта тасушы, содан кейін корректор болып бастаған. 1927 жылы «Жұмысшының гудогі» атты тұңғыш өлеңі «Жұмысшы» газетінде басылады. Әрі қарай өлеңдері «Жұмысшы» және «Еңбекші қазақ» газеттерінде шығып тұрған. 1932-1934 жылдары Қарсақбайдағы «Қызыл кенші», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеттерінде редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Балаларға арналған «Құрдастар», «Толағай», «Жастық жырлар», т.б. жыр жинақтары бар. Ә.Тәжібаевтің сценарийі бойынша (Н.Погодинмен бірге) «Жамбыл» кинофильмі түсірілген. А.Пушкин, Т.Шевченко, А.Островский, Г.Гейне, тағы басқа қаламгерлердің бірқатар шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Ә.Тәжібаевтің көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған.
Түсінгендерін тексеру: Өлеңде не жайлы айтылады?

2. Өлеңнің соңғы шумағындағы сөздерді пайдаланып, сөзжұмбақты шеш.

(1).... түнде, жазық дала, жайлауда,

Жалықпаймыз атқанша (2)... сайрауға.

(3)..., (5).... астында (4)......тербеліп,

Үйренгенбіз толқынды жыр (6) .......ға.




1.



















2.

3.

4.





















































5.





























Бүгін не жайлы өттік?

Бұрын біздің ата-бабаларымыз жазда жайлауға, қыста қыстау көшіп отқан. Жазда жайлауға көшкенде түнімен ойын-сауықтар ойнаған. Олар алтыбақан тепкен және көптеген ойындар ойнаған. Тағы қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Сөзжұмбақтан шыққан сөз бойынша шағын әңгіме құра (суретке қарап).

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.

«Жарық түнде жайлауда» өлеңін жаттау.


Сәлеметсізбе апай.

Жақсы.

Оқушылар тақатаға шығып мазмұнын айтады.

«Жайлау» сөзі шығады.


  1. Жарық

  2. Таң

  3. Ай

  4. Алтыбақан

  5. Ай

  6. Толғау

-күрес, қыз қуу, асық ойыны, тоғызқұмалақ т.б.


Каталог: uploads -> doc -> 033f
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
033f -> Қазіргі заман мұғалімі
033f -> Сабақ тақырыбы : Саяхат дене тәрбиесі системасында. Сабақ мақсаттары: • білімдік: қауіпсіздік ережесін алдына алу
033f -> Қарағанды облысы Білім басқармасы І облыстық «Шабыт әлемі» 2012 байқауы «Қуыршақ жасау әдісі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет