Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу «Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу»



бет4/8
Дата11.02.2018
өлшемі1,94 Mb.
#37459
1   2   3   4   5   6   7   8

Сол үшін де халқы да оны қадірлеген, оны кейінгі ұрпағына Асан Қайғының отаншылдығын, үлгі етіп ұсынған. Асан Қайғыдай ел ұлы болуға үндеген. Жалғыз Асан Қайғы емес, сонымен бірге Жиренше шешен туралы айтылған аңыз әңгімелерді де патриотизм туралы айтылған. Айталық, ұзақ мерзім бойы әз – Жәнібек ханның ақ ордасында болып, өзінің ұядай қосына анда – санда бір оралатын Жиреншенің екі тізесі сыртқа шығып жататын баспанасы жайлы «қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім» деп айтатын қанатты сөзінде патриоттық ой жатыр. Өйткені, ел деген ұғым осы шағын қостан басталатынын, туған жерге деген сүйіспеншілік осындай түсініктен нәр алатынын қиыр жайлап, шет қонып жүрген көшпелі жақсы білген. Сондықтан, оны ұрпақығына өнегелі жол деп көрсетті.

Ертегілерге бай елдердің бірі – қазақ халқы. Қазақ халқының ой – қиялының жемісі болып саналатын ертегілер балалардың патриоттық тәрбиесінде аса маңызды рөл атқарады. Өйткені, ондағы патриотизм шығарма қаһармандарының туған еліне, кіндік қаны талған жеріне деген құмтарлығы ауыз әдебиеті нұсқауларының басқа жанрларына қарағанда ертегілерде анық байқалады. Мәселен, «Ер Төстік» ертегісіндегі оқиғалар бас кейіпкер өзінің елден ауып кеткен ағаларын іздеп тауып әкелуі, өз басына, еліне қауіп төндірген перінің қызы Бекторы мен Жалмауыз кемпірден құтылып, кек алуы жалаң батырлық емес, ізгі пейілді азаматтығын да байқатады. Халық ертегілері өткенді ғана баяндаумен шектелмейді, болашақ, келешек туралы қатты ойланады. Қазақ ертегілерінің басым бөлігінде ерлік, батырлықпен қатар үлкен адамгершілік, қайырымдылық ақыл, тапқырлық, мейірімділік пен парасат мадақталып, өскелең ұрпаққа – үлгі ретінде ұсыналады.[41; 348-399]

Отаншылдық, ел – жұртын сүю, азаматтық борышын атқаруға болатын халықтық рухани құндылықтың бірі – ар – намыс. Бұл – борышты атқаруға итермелейтін әлеуметтік күш. Осы тұрғыдан алғанда ар – намыс қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық әлеуметтік - психологиялық ерекшелік болмысы және ол азаматтық елін, жерін, тілін сүюге отандық ойлау жүйесінің негізі болмақ. Сондықтан баланың жасынан ар – намысын қалыптастыру үшін халықтық ертегілердің, ер – азамат бейнесін сомдап, үлгі етіп, мақтанышын, ерлігін мадақтап тәрбиелеудің маңызы зор. [42; 236]

Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден кем жатқан күрделі саласының бірі – батырлар жыры. Бұл жырлардың көпшілігі халықтың Отанды сүю, басқыншы жаудан елді қорғау, халық үшін емес ерлік еңбек ету идеясынан туған. Дәстүрлі қазақ эпосы – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының айқын айғағы ретінде бүгінгі күні де халықтың жадында сақталып, ғасырдан – ғасырға, ұрпақтан – ұрпаққа асыл мұра болып жетіп отыр. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол халықтың ертедегі тұрмыс – тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Елін, жерін қорғаған батырларды мадақтап жырға қосу арқылы халық жас ұрпақты ерлікке, өрлікке, мәрттілікке, ұлтжандылыққа үйретуге тырысқан. Мысалы, «Қамбар батыр» жыры еерсектермен қатар, кіші сынып оқушыларының қабілетіне сай шығарма. Қамбар батырдың ерлік істері, халқына сіңірген еңбегі балаларды қажырлы өжет іске бастайды.

Ұлттық ойындардың да балаға тигізетін пайдасын халық ертеден – ақ білген. Бәйге аттың озып келуі баланың батылдық пен өжеттілікке, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелейді. Жастайыннан ат құлағында ойнайтын қазақ баласы үшін бәйге ертеңгі әскери мектептің бір сынағы іспеттес. Қазақтың баласы жасы жетіге келгенде атқа мінгізіп үзеңгіні ұстатуы, ел болуға, өз ісіне жауапты болуға меңзегені де жақсы дәстүр. Бұл жерде баланың жетіге келгенде мектепке баруы да, оң – солын, танудағы алғашқы қадамы да кездейсоқтық емес. [43;26-38]

Жалпы кез-келген адам соғыс іс - әрекетінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани тұрғыдан дайын болуы керек.

Адам өмірінде тәлім – тәрбиенің маңызының зор екенін терең түсінген олардың ешқайсысы да осы тақырыпты айналып өте алмады. Жалпы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық ерекшеліктерде, халықтың тәлім – тәрбиені ұлттық құндылықтарын ескере отырып тәрбиелеудің тұтас жүйесін жасауда өткен ғасырдағы көрнекті ағартушылардың педагогтардың, қазақ зиялыларының алаш азаматтарының өнегелі істері мен ой – пікірлері патриоттық тәрбиенің құралы бола алады.

Қазақ зиялыларының тәлім – тәрбиелік беру жөніндегі құндылықтары елжандылық, халқы үшін адал қызмет ету екенін өз еңбектерінде терең түсіндіре алды. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын – жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын жеда етуге, жастарды елжандылық рухы тәрбиелеуге баса көңіл бөледі. [44; 128-139]

Жастарды елжандылық рухта тәрбиелеу жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол өз еңбектерінде жастарды ерлікке, Отан сүюшілікке, ар – намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөз өрнектеледі. Осындай халықшылдық идея, елжандылық сезім жастардың жүрегінен терең орын алып, оларды белсенді іс - әрекетке баулиды. Махамбет, Ақтанберді, Шал, т.б. ақын – жыраулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік, Отанын, елін жерін жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл – аймақ, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып, жастардың бойына елжандылық пен интернационализмді, гуманистік қасиеттерді сіңіре аламыз. [45; 78]

Профессор М. Ғабдуллин өзінің «Ата – аналарға тәрбие туралы кеңес» еңбегінде «Бүгінгі жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуде ақын – жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені хақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел – жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымыздың тәрбиелеуде әсер ететіндерінтаңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді» дейді. Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой – пікірлерін оқу – тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы – жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу - әрбір тәрбиеші ұстаздың басты парызы. [46; 63]

Шоқан Уәлиханов баға жетпес құнды еңбектерінде ауызекі шығармашылық арқылы халықтың (өлең, мақал – мәтелдер, эпостар және т.б.) патриоттық тәрбиеге қойылған талап тілектерін, ой – пікірлерін көрсете білген. Қазақ табиғатының адамгершілік – патриоттық тәрбиесіне деген ықпалын өзінің күнделіктері мен сапарнама естеліктерінде тұжырымдап жазған. Шоқан өз халқының мәдени құндылықтарын маржандай тізіп жинауы, олардың тәрбиедегі мәнін көрсете білуі, оған өзінің көзқарасын білдіруі - өзінің Отанына, халқына, елі мен жеріне деген сүйіспеншілігінің белгісі, патриоттық сезімі мен ұлттық намысының жоғары деңгейді қалыптасуының көрсеткіші. Шоқанның Отанға деген сүйіспеншілігінің қалыптасуына, патриоттық сезімінің жетілуіне, адами дүниетанымының дамуына бірнеше факторлар әсер етті. Оның рухани жетілуіне, еліне, Отанына сүйіспеншілігінің қалыптасуына туған жері Көкше өңірінің (Оқжетпес, Қосмұрын, Сырымбет) тамаша табиғаты, ержүрек батырлары, ғұлама азаматтары тікелей әсер етті десек артық болмайды. Ол бала жасынан Айғанымнан естіген ертегі, аңыз - әңгімелері батырлардың ерліктері туралы естеліктері оның ұлттық патриотизмінің қалыптасуына әсер етті, туған елінің, Отанының алдында жауапкершілігін арттырды, халық дәстүрін бағалай білуге үйретті. Шоқан шығармаларының мазмұны оның туған еліне деген сүйіспеншілігін, өз халқының рухани жағдайын жақсы түсінгенін, оның болашағына сенгенін көрсетеді. Оның өз халқының тарихын жақсы білуі, батырлар ерлігін нақты деректер арқылы әсерлі әңгімелеуі кімді де болса таңдандырмай қоймайды. Мысалы, ХҮІІІ ғасыр батырлары туралы тарихи аңыз - әңгімелер еңбегінде Шоқан сол дәуірдің белгілі батыр қайраткерлері: Абылай, Бөгенбай, Жанатай, Сырымбет, Жәнібек, Байғозы, Оразымбет, Елшібек, Малайсары, Баян жайында он төрт түрлі әңгіме беріледі. Қалмақ ханы Қалдан Церенмен арада болған жорықтар, қарым – қатынастар туралы мағлұматтар бар. Бұл тарихи деректеменің мәні өте жоғары. Өйткені, олар ХҮІІ ғасырдағы жаугершіліктің мән – мағынасын жан – жақты танып білуге көмектеседі. осы оқыиғаларға қатысқан батырлардың адами қасиеттерін, бір – біріне деген сыйластық көзқарасын, шыдамдылығын, қайсарлығын білуге жәрдемдеседі. Шоқанның «Едіге» жырын жазып алуы да, оны орыс тіліне мазмұндап аударуды да, эпостық генезисі мен тарихи оқиғаларға қатысты айтқан пікірлері де ұлттық патриотизмнің бір көрсеткіші десе болады. Шоқан өзінің үлгі - өнегесімен халқының сонау көне заманнан бері тұнып тұрған шежіре тарихын аялау, әрбір ой – тұжырым қастерлеу, мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау, оны патриоттық сезіммен адамгершіліек, эстетикалық тұрғыда қабылдау арқылы азаматтық борышым деп түсінгенін байқатады және осы сезімді жеткіншектердің санасына құюға талпынады. [47; 247-255]

Балалар мен жеткіншектерде ұлттық патриотизмді қалыптастыру мәселесі ұлы абай шығармаларында жақсы көрініс тапқан. Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда ол халық ауызекі шығармаларының рөлін өте жоғары бағалаған. Оның тәрбиелік мүмкіндіктерін бала жастан меңгерген, өзінің өлеңдері мен қаар сөздерінде өте ұтымды пайдаланған. Абай «қазақ ертегілері мен аңыздарын, өлеңдері мен жырларын, мақал – мәтелдері мен жұмбақтарын бала кезден естіп, бойына сіңіріп өсті және ұдайы қалың елдің ішінде, өмір бойы фольклорлық дәстүр арасында болды. Небір әдемі айтыстардың, шешендер мен билер дауының куәгері болды. Абай өзінің еңбегінде халықтың ауызекі шығармаларын, көркем өнердің шебері, эстетика өкілі ойшыл ақын ретінде пайдаланады. Ол өзінің қара сөздерінде (отыз тоғызыншы т.б.) және «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» атты еңбегінде 10 мақалға талдау береді. Мақалдарды халықтың өмірімен және тарихымен тығыз байланыстыра алып қарайды және қоғамдық мәні тұрғысынан бағалайды, мақал – мәтелдерді талдау барысында адамгершілік, ұлт жандылық, ынтымақтастық, ел тарихы мәселелеріне аса назар аударады, оларды зұлымдық, сұрқиялық, екіжүзділік, барымташылық тәрізді жағымсыз мінез – құлықтармен салыстырмалы түрде қарастырады. Мысалы, «Он үшінші», «Отыз алтыншы» сөздерінде жастарды имандылыққа шақырады. Қазақтың «Құдайтағаланың кешпес күнәсі жоқ», «Ұят кімде болса, иман сонда деген мақалдарын келтіре отырып, олардың мазмұнын дұрыс түсіндіруге талпынады. Абай «Отыз тоғызыншы сөздегі» («Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер», «Ағайынның азары болса да, безері болмайды», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» мақалдары арқылы халықты гуменистік көзқарасқа шақырады, елдегі тыныштық, ынтымаққа, отансүйгіштікке, елжандылыққа, татулыққа байланысты дегенді айтады. Абай өзінің «Бірақ сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген зерттеу еңбегінде балаларды құнды тарихи деректермен таныстырады. Шыңғыс хан мен Жошының билеген кезеңдерін баян ете отырып, «Ондағы «Түгел сөздің түбі бір, түр атасы – Майқы би», «Жылан жылы жылыс болды, жылқы жылы ұрыс болды», «Қой жылы зеңгер тоғыс болды», «Самарқанның сар жолы, Бұланайдың тар жолы» деген мақалдарға түсініктемені Шыңғыс ханмен оның жорық – сапарымен байланыстырады. Абайдың бұл арадағы мақсаты – жастарға қазақтың арғы тегін, қайдан шыққанын түсіндіру , «Жеті атасын білмеген ұл - жетесіз» дегізбей, оларды өз руын, шыққан тегін білуге баулу. Балалар мен жастардың ұлттық патриотизмін қалыптастыруда Абай өдеңдерінің рөлі ерекше. Оның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым», «Желсіз түнде жарық ой» т.б. өлеңдеріндегі туған жер табиғатының әсем көріністері, адамдардың күнделікті тыныс – тіршілігі, іс - әрекеттер, балалардың Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырады, патриоттық сана – сезімнің оянуына әсер етеді. [48; 125]



Сонымен, ағартушылар қазақ халқының тарихы мен тіршілігіндегі ең күрделі мәселелеріне көңіл бөлген, елдің өркендегі өмірін тарихи тұрғыдан түсінуге тырысқан, сол дәуірдегі құбылыстар мен оқиғаларды әлеуметтік тұрғыдан қарастырған, халықты, елін, жерін, Отанын сақтауға, мәдениетін аялай білуге, жоғары адамгершілікке шақырған. Қазақ халқының рухани көсемі, қазақ тілі білімінің атасы, мемлекет және саяси қайраткер, халқымыздың ұлы реформаторы Ахмет Байтұрсынов «Атадан балаға мирас болып екі – ақ нәрсе қалады: біріншісі – бай тіл, екіншісі – байтақ жер», - деген еді. Біз, бүгінгі ұрпақ, осы екі нәрсені көзіміздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа табыстауымыз керек. Ол үшін бізге отансүйгіштік, патриоттық, ұлттық сана – сезім қажет. Бұл қасиеттер ұарпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талаптанумен бітеді. Ұлы қасиеттерді ұрпақ бойына дарытатын ұстаз, ата – ана, тәрбиеші, қоршаған ортасы екені дау туғызбайды. Патриотизмнің шынайы үлгісі – ұстаз.

«Ерлік тәрбиден туады» деп Бауыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту – тәрбиелеу ісіне жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой – пікірлерін қалыптастырып, ұлт – мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі – қоғам қайраткері, белгілі жазушы, тамаша аудармашы, ағартушы – демократ С. Көбеевтің жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, оларды елжандылыққа баулуда еткен еңбегінің мол екенін байқаймыз. С. Көбеев жастарды елжандылыққа тәрбиелеуді табиғаттану пәндерінің маңызын атай келіп, оқушыларды елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуде алуан түрлі қоғамдық істерді пайдалану керектігін, әсіресе, өлкетану мұражайларына және туған өлкедегі тарихи жерлерге саяхатқа апару, еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесу кештерін өткізіп отыру істерімен бірге мәдени - әдеби мұраларды да тиімді пайдалану керек дейді. С. Көбеевтің пікірінше, елжандылыққа баулу ұзақ уақыт бойына үзбей, қажымай – талмай мектеп пен ата – ана бірлесе, ойласа жүргізгенде ғана сәтті болады. С. Көбеев оқушыларды елжандылық рухта тәрбиелеу жұмысы тек мектеп ішінде, тек сыныпта, тек сабақ үстінде ғана жүргізіледі деп ұғынудың қате екенін ескертеді. С. Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуына ата – ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалады. «Ата – ана өзінің баласына», - дейді ол, - ұдайы ақыл айтып, кеңес беріп, оны үйретіп отырады. Жақсы оқы, шыншыл бол, әділ бол, халыққа адал қызмет ет дейді олар. Бұл өте жақсы, бірақ жеткіліксіз. Баланың ата – ана, туған – туысқаны, ең алдымен, өздері үлгі болулары ерек. Үй ішінде үлкен адамдар бос уақыттарында газет, журнал, кітап оқитын болса немесе үйде істейтін белгілі бір жұмыспен шұғылданатын болса, бұл да балаға үлгі... Айталық баланың ата – ана, не басқа туысқандары өзара дос, бірін – бірі сыйлайды екен, дос адамдарды да сыпайы, саналы адал адамдар екен, ата – ана бұлармен тату – тәтті екен. Солар қуанса баланың әке – шешесі де қуанады. Сонда бала мұны да үлгі етеді, еліктейді. Демек, бұл күнбе – күн үздықсыз жүргізіліп отыратын ең жақсы тәрбие болып табылады. С. Көббев отансүйгіштік тәрбие негізі ана – тілі екенін терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек. Педагогикалық қызметінің алғашқы кезінде – ақ С. Көбеев қазақ балаларын ана – тілінде оқытудың тиімді де бірден – бір дұрыс жол екенін қуаттайды. Ұлт мектептерінде жастар, ең алдымен, өз ана тілінде сауатын ашуы қажет. Сабақты өзінің ақыл – ой дүниесіне, сезіміне, қиялына күшті әсер етеді. Көркем сөз зергерінің бояулы да сырлы, асқақ та әсем, кестелі де айшықты, мағыналы сөз бедерлері оқушыларға өмір құбылыстарын, табиғат көріністерін, адамдар арасындағы түрлі қарым – қатынастарды дұрыс түсініп, баланың дүниетанымын дұрыс қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушыны ана – тілінде жазылған әңгіме, өлеңдер арқылы рухани өмірмен, халқының арман - мүддесімен таныстырып, ана тіліне, сол арқылы халқына, еліне, сүйіспеншілік сезімін оятса, балада елжандылық қасиет қалыптасады. Сондықтан мектептерде сабақты ана – тілінде қазақ тілінде жүргізу қажет деп есептейді. С. Көбеев саналы өмірін жас ұрпаққа саналы және тәлімді тәрбие мен сапалы білім беруге жұмсады. Оқушыларды адамзат қауымын сүйетін интернационалист азамат етіп қалыптастырудың да елжандылыққа әсері зор екенін ұғынып, осы жолда да күш – жігерін, өнерін, білімін алмады. «Бала», - деп жазды ол, - өз елін, жерін, халқын сүйе отырып, барлық елдердің қарапайым халқын, правалары мен тәуелсіздігін құрметтеу рухында тәрбиеленуі тиіс.

Интерноционалдық достықтың жаршысы А. Герцен, «Көршінің мойнына құрақ салып, қылқындырып отырып, өз еліңе еркіндік дәуірін бастауға болмайды деген еді. Барлық ақыл – ойнын, күш жігерін аянбай жұмсап, өз өмірінің жарты ғасырдан астамын мектепте өткізген. С. Көбеев хылықтар достығы жолынды жаршы бола білді, жастарды туған халқын құрметтеуге тәрбиеледі.

Б. Момышұлы Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының он бойындағы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасын келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ердүрек қолбасшы, жазушы. Батыр Қазақстанның Халық Қаһарманы Б. Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттері және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. Жиырма жылдық өмірін әскер қатарында өткізген Бауыржан ағамыз өмірінің соңына дефін әскери – патриоттық тақырыптарға шығармалар жазды. Екінші дүиежүзілік соғыс кезінде атақты генерал И. Панфиловтың сегізінші гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк кейін дивизия командирі қызметін атқарып, неміс фашист басқыншылырына соққы бері, батальон ды бірнеше мәрте жау қоршауынан алып шықты. Бұл жөніндегі өлең жырлары арқылы жауынгерлерге рух беріп ерлік істерге шақырады. Кейіннен атақты жазушы Александр Бек батыр ағамыздың ерліктері жайлы. «Волокаламск тас жолы» атты романын жазды. Осы роман арқылы Бауыржан ағамыздың аты әлемге әйгілі болды. [49; 423-436]

Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік жеке адамның аман – саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауыпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды көркейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет туралы ұғымды жекеадаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым – қатынасты білдіреді.

«Ерлік дегеніміз - табиғат сыйы емес, ең алдымен өзінің ар – намысында және азаматтық қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық жасап масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп – қатерінде бөлісіп, жауды барынша жою, жанға жанмен, қанға қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп – қатерге бас тігу». «Батылдық – қимыл - әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық. «Табандылық – батырлардың қалқаны». «Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс». [50;114-125]

2. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік тәрбие берудің әдіс-тәсілдері мен жолдары.

2.1. Бастауыш сынып оқушыларына ана тілі сабағында отансүйгіштік тәрбие берудің зерттеу деңгейі.

Бүгінде «Мен патриотпын» деген замандастарымыздың бойынан нағыз ұлтжандылық сезімнен гөрі, мендік патриотизм өріс алғанын байқаймыз. Яғни, олар өзінің бас мүддесін бірінші орынға қояды, ұлттық, елдік мақсат келесі орынға қалады. Сондықтан әр адамның бойынан өзімшілдік, менмендік, тек өз пайдасын көздейтін пиғылдан арылту үшін, ұлтжандылық тәрбиесіне баулу керек. Ол ата-бабаларымыздың ерлік істерінен, аңыз әңгімелерінен, батырлар жырынан мысал келтіре отырып, солардан үлгі алу, өздерін солардың ұрпағы екендігіне көз жеткізе отырып, еліктету арқылы іске асыруға болады. Сондықтан әр адамның бойына Отанға, халқына шын берілгендіктен, ата-салтына, ел тарихына деген құрмет, ерлік рухы қалыптасуы керек.

А.Байтұрсынов: «Атадан балаға мирас болып екі-ақ нәрсе қалады, бірінші — бай тілі, екінші — байтақ жері».

Философ А.Айталының «Ұлттану» оқу құралында «Ұлтжандылық — халық рухы және материалдық игіліктерін көбейтуге арналған жігері, қайраты. Ұлтжанды деп еңбекқор, іскер, талапты, ойшыл, ізденгіш, ұлттық мұраттар жолындағы абзал істің иесін айтамыз. Ұлы ұлттар осындай ұлтжандылығымен мықты» делінген.

Патриоттық тәрбиенің объектісі мен қайнар көзі — Отан десек, оның мазмұны — байлықтары, тілі, дәстүрі, тарихи ескерткіштері, туған өлкедегі киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Олай болса, патриоттық тәрбиенің қазіргі кезде алатын орны ерекше.

Соған байланысты мен өзімнің зерттеу жұмысымда бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу деген .

Зерттеу мәселесіне байланысты жүргізілген тәжірибелік–эксперименттік жұмыстар Қостанай қаласының №24 «А» Бастауыш қазақ мектебінің 4 «А» және 4 «Б» сыныптарында жүргізіліп, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарымызға 26 бала қатысты. Оның ішіндегі 13 бала 4 «А»сыныбында, ал 13 бала 4 «Б» сыныбынан. Жүргізілген тәжірибелік–эксперимент жұмыстарымыздың мақсаты: қазіргі кездегі бастауыш сынып жасындағы оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырып, танымдық белсенділіктерінің дамыту үлгісін жасап, оны оқу үрдісіне пайдалану, ұлтжанды жеке тұлғаны қалыптастыру.

Тәжірибелік–эксперименттік жұмыстың міндеттері:



  • бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағында әртүрлі тапсырмалар беріп оқушылардың білім деңгейін анықтау.

  • Бастауыш сынып оқушыларының бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.

  • Бастауыш сыныптағы ана тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

  • Оқушыларды Отанды сүюге, әрқашан қастерлеп көз қарашығындай асырауға осы ана тілі сабағы арқылы тәрбие беру.

Зерттеу жұмысымның тақырыбына байланысты үш кезеңге бөліп қарастырдым.

I. Кезең – анықтау;

II. Кезең – қалыптастыру;

III. Кезең – қорытынды.


Тәжірибелік – эксперименттік жұмысымның анықтаушы эксперимент кезеңінде эсперимент және бақылау топтары алынды. Бақылаушы топ ретінде 4 «Б» сынып оқушыларының 13 баласы, ал эсперименттік топқа 4 «А» сынып оқушыларының 13 баласы алынды. Бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейін анықтауға арналған әдістемелік диагностикалар, ана тілі сабағы бойынша тапсырмалар беріліп, балалардың танымдық белсенділігі анықталды.

Сонымен қатар анықтаушы кезеңде бастауыш сыныптағы бағдарламалармен, оқу жоспарымен, балалардың ана тілі сабағында танымдық белсенділігімен танысып, бастауыш сынып оқушыларының сабақтарына қатысып, олардың ана тілі сабағында отансүйгіштікке тәрбиелеуде тәрбиенің ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне деген белсенділігін бақылап, тәрбиешінің ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін жүргізу әдістемелерімен таныстым. Бастапқы кезде бақылау және эксперименталды топтарының сабақтарына қатысып, бақылау жүргіздім.

Бастауыш сынып оқушыларына ана тілі сабағында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің білім деңгейін анықтау мақсатында бақылау және эксперименттік топтарына әдістер жүргізілді.

Бұл әдістер – бастауыш сынып оқушыларыны танымдық белсенділігінің даму деңгейін анықтау үшін арналған. Бұл әдістер ұпаймен бағаланады және нәтижелері анықталған.

Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі. Бақылау әдісінде оқушылардың білім деңгейіне байланысты тәсілдерді қолдануға болады. Соның ішінде тест, ашық тест, шығарма, сауалнама, әңгіме, сөздік жұмыс және т.б тәсілдер. Осы тәсілдердің ішіндегі ашық тестті тапсырма ретінде оқушыларға беріп олардың отанға деген сүйіспеншіліктері мен білім деңгейлерін анықтадым.
Әдіс 1. «Сауаланама»

Нұсқау: Бұл әдісте бастауыш сынып оқушыларына сауалнама беріледі. Сауалнаманың сұрақтарына жауап беру арқылы оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін анықтауға болады. Бұл әдісте оқушылардың ойлау үрдістері мен отанға деген сезімдері, оқушылардың жан-дүниесі зерттеледі. Осы әдісті қолданып оқушыларды отанды сүюге, өз елінің патриоты болуға шақыру. Әрбір оқушының сауалнамалары жеке қарастырылып, жауаптарына байланысты ұпаймен бағаланады.


Каталог: uploads -> doc -> 033f
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
033f -> Қазіргі заман мұғалімі
033f -> Сабақ тақырыбы : Саяхат дене тәрбиесі системасында. Сабақ мақсаттары: • білімдік: қауіпсіздік ережесін алдына алу
033f -> Қарағанды облысы Білім басқармасы І облыстық «Шабыт әлемі» 2012 байқауы «Қуыршақ жасау әдісі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет