Бастауыш сыныптарда «Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі пәнінің дәрістері 1-Дәріс. Тақырып



бет34/55
Дата20.06.2020
өлшемі284,22 Kb.
#74077
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55
Байланысты:
ДӘРІС
ДӘРІС , ДӘРІС , Тәрбие жоспары 34 сағат
Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Ж.Әбиев және басқалар, «Педагогика», Алматы, «Дарын», 2004 ж.

  2. В.П.Горощенко, И.А.Степанов, “Методика преподавания природоведения”, М.,”Просвещение”, 1984г.

Бақылау, зерттеу тәжірибе , көрнекілік әдістерінің оқушылардың тұлғалық сапаларын , логикалық бейнелі ойын және танымдық қызығушылықтарын дамытудағы орыны.


Жоспары:

  1. Бақылау әдісі туралы жалпы ұғым.

  2. Бақылау әдісінің түрлеріжәне тиімділігі.

3.Зерттеу әдісі


4.Бақылауға қойылатын талаптар.

5.Практикалық әдістер олардың оқушының танымдық қызығушылығын дамытудағы маңызы.

Дүниетанудан білім беру барысында қолданылатын әдістердің ерекше бір түрі-бақылау. “В психологическом отношении метод наблюдения отличается от других методов весьма своеобразными чертами” /168, 39/. Бақылау әдістерінің (табиғатты, көрнекіліктер бойынша, үлескідегі, табиғат бұрышындағы т.б.) бәріне ортақ белгі - нақты заттар мен құбылыстарды, олардың бейнесін, пішінін т.б. көріністерін сезімдік қабылдауға жағдай жасалуында; көз алдындағы бейнеге, көрініске көңіл аудару, түсіне, иісіне, құрылысына, жалпы қандай қасиеті байқауға ыңғайлы болса, сол ерекшеліктерінің бәріне де бала зейінінің ауып, оны сезінуі, сол арқылы мида елестің пайда болуы. Мидағы елес пен ой жұмысының нәтижесінде ұғым қалыптасады. “Наблюдение вовлекает в работу “целостную личность” учащегося: используются способности ощущений, восприятия, наглядного мышления, речи” /106, б- 39/. Бақылаудың білімдік деңгейі жоғары. Бақылап, сезініп қабылдау арқылы абстрактілі ойға көшу мүмкіндігі туады. Оқушылар әр заттың, құбылыстың басқа заттар мен құбылыстардан айырмасын, ұқсастығын, не солардың өздеріне ғана тән ерекшелігін бақылау нәтижесін де айыра алады. Бұл оқушылардың логикалық ойының дамуына әсер етеді. Оқушылардың логикалық ойын дамыту үшін “Балалар нәрселердегі көптеген қасиеттерді көре алу үшін оны басқа қасиеттері бар нәрселермен салыстыру... нәрселердің жалпы және ерекше белгілері жөніндегі ұғымдарды қалыптастыруға көшу, мәнді, мәнді емес қасиеттерін ажырату” тиімді екендігі айтылады /103,б– 14/. Байқаған обьектілерінен қорытынды шығару білімді қолданудың көрінісі болса, сол байқағандары бойынша сурет салу, шығарма жазу, әңгіме жоспарын жасау - білімді жаңа ситуацияға көшіру, яғни біліктену деңгейіне жатады.

Бақыланатын обьектінің түрі мен мақсатына қарай бақылау ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді болып бөлінеді. Түрлі көрнекіліктер, тірі не өлі табиғат заттарының жеке көріністері, тіршілік ерекшеліктері қысқа мерзімде бақыланады, ұзақ мерзімді бақылаулар бүкіл жыл бойына созылады. Жыл мезгілдерінің табиғат ерекшеліктерін, өсімдік, жануарлар тіршілігін, адам еңбегін бақылау - ұзақ мерзімді қажет етеді.

µзақ мерзімді бақылау нәтижесі және кезеңдерге бөлініп, сыныпта талқыланады, талдап, қорытылады. Бақылаудың тиімділігін арттыру үшін бірнеше жұмыс түрлері ұйымдастырылады.

а. Оқушылардың нені байқайтынын білу;

ә. Бақылаудың мақсатымен танысу;

б. Бақыланатын заттың, не құбылыстың көлемін анықтау;

в. Оқушылар зейінін бақыланатын обьектіге аудару.

г. Салыстыру, жіктеу, топтау әдістерін бақылау нәтижесін қорытуда кеңінен қолдану. Осылардың нәтижесінде оқушылардың шашыраңқы ұғымдарын жүйеге келтіруге, жинақтап, табиғи заңдылықтарды меңгертуге мүмкіндік туады.

Сабақ барысында қолданылатын бақылау обьектілеріне таратып беруге арналған түрлі көрнекіліктер, өсімдік кеппешөптері, жануарлардың суреті, пайдалы қазбалардың жиынтығы т.б. жатады. Мұндай материалды пайдалану кезінде оқушылардың жеке бас ерекшелігін ескеруге мүмкіндік туады.

Табиғи ортада өтетін бақылаулар кезінде оқушылар дүниенің біртұтастығын, олардың бөліктері арасындағы байланысты, бір- біріне тигізетін әсерін ұғынады. Бақылау оқушылардың білімді ізденушілік арқылы меңгеруіне, саналы қабылдауына жағдай жасап, алған ұғымдарын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді: мәселен, бақылау нәтижелерінің негізінде ауа райын болжау, бақылаған заттары мен құбылыстары туралы әңгіме құрастыру, әңгіменің жоспарын жасау. Бақылаудың оқушылардың ойлау процесіндегі маңызын психологтар дәлелдей келіп, әсіресе еске, қиялға тигізетін әсерін ашып көрсетеді.

Қорыта келгенде бақылау қоршаған дүниеден білім беруде негізгі әдістің біріне жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет