Бастауыш сыныптарда «Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі пәнінің дәрістері 1-Дәріс. Тақырып



бет33/55
Дата20.06.2020
өлшемі284,22 Kb.
#74077
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55
Байланысты:
ДӘРІС
ДӘРІС , ДӘРІС , Тәрбие жоспары 34 сағат
Қолданылатын әдебиеттер:

1. “Педагогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы” Алматы, “Мектеп”, 1987 81-82 .

2. В.М.Пакулова, В.И.Кузнецова, “Методика преподавания природоведения” М. “Просвещение”, 1990, 173-178 б.


Дәріс 7. Қоршаған орта пәнін оқыту әдістерінің классифика циясы. Әдіс терді топтпу принциптері

Лекцияның мақсаты: Оқыту әдістерін топтаудың себептерін түсіндіру арқылы болашақ маманның оқу әдістерін таңдауға жаттықтыру.

Лекцияға керекті құралдар: Оқыту әдістерінің тобын жіктеп көрсеткен сызба.

Жоспары:

1.Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама.

2.Оқыту әдістерінің түрлері.

3.Оқыту әдістерін топтау.

4.Әдістер туралы белгілі педагогтардың пікірлері.

Лекцияның барысы:

Әрбір оқыту әдісі білім беруді жүзеге асыру барысында оқушылардың ойлау процесінде, шеберлік пен икемділігін, іскерлік дағдысын тәрбиелеуге және қалыптастыруға қызмет етеді. Сондықтан да оқыту әдісін тек логикалық тұрғыдан қарап топтастыру біржақтылыққа әкеліп соғады. Индукция, дедукция сабақтың кез-келген бөлімінде, әр оқыту әдісінің үстінде аралас өтіп жататын процесс. Сондықтан оларды әр әдіске жекелеп тіркеп, арасын бөліп қарауға келмейді. Білімді тиянақты меңгеру мақсатын жүзеге асыруда жинақтау, топтау, саралап жеке ерекшеліктерін табу, сол арқылы белгілі тұжырымға келу қатар жүреді. Осы тұрғыдан қарағанда индукциялық ой мен дедукциялық ойды бөліп тастауға болмайды. Мәселен, көрнекілік әдісін қолдану барысында оқушылар заттың ұқсас белгілеріне қарап, жеке заттардан тұтас, жалпы ойға көшсе, екінші жағынан тұтас ойды талдап. жалқы ойға өтеді. Мұндай жағдайда жекелеу мен топтау қатар жүріп отырады.

Әр оқыту әдісінің өзіне тән ерекшелігі мен тиімділігі сол әдістің өзінің ішкі мазмұны мен мәнінен туындайды. әдістерді топтаған авторлардың басым көпшілігі оқыту әдісі мен оқытудың түрлерін (формалары) араластыратыны жиі кездеседі. Бұл пікір И.Я.Лернер еңбектерінде де айтылған. “Прежде всего наблюдается заметный разнобой в наборе методов. Упражнения, решение задач, наблюдение, экскурсии, письменные работы и другие средства и формы обучения одними авторами признаются в качестве методов, другими отрицаются или не выделяются” - дейді /75.,б- 16/. Мәселен, топсаяхат өз алдына білім берудің жеке түрі екендігіне қарамай көптеген авторлар оны оқыту әдісі ретінде бөледі. “Ряд авторов называет экскурсию методом и тем самым путает метод с формой учебной работы” /75. б,- 86/. Топсаяхаттың тақырыбы, ұйымдастырып, өткізу әдістері, білімдік, тәрбиелік, біліктік, дамытушылық мақсаты бар. Сондықтан оны білім берудің түрі дейміз. Топсаяхатты белгілі мақсатпен ұйымдастыра отырып, оқыту әдістерін кеңінен қолдану арқылы оның білімдік, тәрбиелік мақсатын ашу мүмкіндігі туады. Мәселен, табиғат құбылыстары және заттармен таныстыруға арналған топсаяхаттың мақсаты әр түрлі болуы мүмкін. Егер оқушылар бұл туралы сыныпта ғылыми ұғым алып, топсаяхат сонан кейін барып ұйымдастырылса, оның мақсаты - заттар мен құбылыстарды табиғи ортада таныстыру, бұрын алған білімдерін толықтыру, тұжырымдау, танысатын объектілерінің ерекшеліктерін ажырата білуге жаттықтыру болмақ. Мұндай жағдайда оқушылардың өздігінен бақылауы, салыстыруы, ой қорытуы басым болады.

Оқыту әдісінде (мұғалімнің әрекеті) проблемалық ситуациялар туғызу басым болса, оқу әдісінде (оқушының әрекеті) ізденушілік әдісі басым болады. Ал егер топсаяхат жаңа білім беруге арналса, оқушылардың бақылауына, байқағандары бойынша ой қорытуына түрткі болатындай зерттеу әдістері кеңінен қолданылады. Топсаяхатты білім берудің оқушылардың дамуына негіз салатын жеке бір түрі ретінде қарау заңды құбылыс.

Әдіс сабақтың белгілі бір бөлімінде қолданылатын іс-әрекет болса, топсаяхат бірнеше оқыту және оқу әдістерінің нәтижесінде жүзеге асырылатын білім берудің түрі (формасы) екендігі туралы пікірге биологиялық пәндердің оқыту жүйесін зерттеуші әдіскерлердің бәрі дерлік қосылады.

Б.П.Есипов пен М.А.Данилов “Дидактика” оқулығында оқыту әдістерін сабақ барысында орындалатын жұмыс түрлері мен шешетін проблемаларына қарай топтайды. Олар оқушының жаңа білімді меңгеру әдістеріне - мұғалімнің баяндауын тыңдауға әзірлік, мұғалімнің білімді баяндауы, мұғалімнің баяндаған пікірін ой елегінен өткізу, бекіту әрекеттерін жатқызады да, оқушылардың өздігінен жаңа білім алуын, оқушыларда бейімділік пен дағдының қалыптасуын, алған білімдерін іс жүзінде қолдану практикасын, оқушылардың шығармашылық әрекеттерін, қайталау арқылы білімді бекітуін, білімін, бейімділігін, дағдысын тексеруді жеке-жеке әдістер тобына жатқызады. Бұл топтау оқыту әдістерінен гөрі оқыту барысында ұйымдастырылатын жұмыстар түріне жатады. Бұған қарап, оқыту барысында қолданылып келген сөздік, практикалық әдістерді білім берудің әр кезеңіне қарай топтастырғанын көреміз. Мәселен, қайталау арқылы оқушылардың білімдерін бекіту кезінде сөздік әдіс те, практикалық әдіс те, көрнекілік әдіс те қолданылуы мүмкін.

Зерттеушілердің оқыту әдістерін түр жағынан да, мазмұн жағынан да топтап жетілдіре түсуіне байланысты жеке әдстердің номенклатурасы да көбеюде. Оқытудың жеке әдістерін жан-жақты зерттеп, оның арнаулы пәндерден білім берудегі тиімділігін дәлелдеген еңбектер де баршылық. Дегенмен, әдістерді жіктеу мен топтау кезінде олардың қандай принципке жүгінетіні айқындалмай, көмескі қала береді. Бір автор білім алудың көзіне қарай (сөздік, кітаппен жұмыс т.б.) топтаса, енді бірі оқушының әрекетіне байланысты (практикалық, ізденушілік т.б.), мұғалімнің әрекетіне (түсіндіру, проблемалық ситуация құру т.б.) байланысты топтайды. Сайып келгенде осы кезге дейін оқыту әдістерін топтауда да, жіктеуде де ортақ талап болмай келеді. Әдіс түрлері өте көп, оның себебі кейде бір әдістің өзін жұмыс түріне қарай бірнешеге бөледі. Мәселен, жаттығу әдісін жаңа ұғым алу барысындағы, жазба жұмысы барысындағы, ауызша есеп шығару барысындағы жаттығу деп талдайды. Мұның бәрі оқыту әдістерін бір-бірінен ажыратуда, немесе бір-біріне жақындастыруда ортақ дәлелдің болмауынан туып отыр.

Оқу әдісі білім алудың мақсатына жету жолы, оқыту әдісі - білім беру мақсатын орындауды қамтамасыз етіп, оқушыларды оқытуға бағытталған педагогикалық ықпал. “Метод обучения - это применяемый учителем логический способ, посредством которого учащейся сознательно усваивают знания и овладевают умениями и навыками” /58,б- 9/

Әр оқыту әдісінің өзіне тән құралы, әрекеттік тәсілі және нәтижесі болуға тиіс. Олай болмаған жағдайда әдістерді бір-бірінен айыру қиын. Сабақ үстінде оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін ашу мақсатымен бірнеше оқыту әдісі қолданылады. Оқыту әдісінің кез келгенін қолдану үшін оқушылардың психологиялық, білімдік тұрғыда дайындығы болуы керек, ондай болмаған жағдайда мұғалімнің қолданған оқыту әдісі өз мақсатына жете де алмайды және оқушылардың оқу әрекетін тудыра да алмайды.

Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының жүйелі ұйымдасқан әрекеті болғандықтан, әр уақытта мұғалім сабақ барысында оқушымен тікелей қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан да білім алудың шығармашылық деңгейге көтерілуі мұғалімнің басшылығының дәлдігі мен тиімділігіне байланысты.

Оқыту әдісінің мақсаты жүзеге асу үшін мұғалім сабақ бойына оқушымен қарым- қатысты үзбейді. Бұған қарай мұғалім үнемі оқушымен әңгімелесіп, немесе сөйлесіп тұрады деген ұғым тумауға тиіс. Кейде мұғалімнің оқушымен қатысы бірден көзге түспеуі де мүмкін. әсіресе, оқушылар өздігінен жұмыс атқарған кезде осылай болады. Бірақ, осы өздігімен атқаратын жұмысқа оқушыларды бағыттап, ұйымдастыратын, оған жағдай жасайтын мұғалімнің әрекеті. Бұл жұмыстың нәтижесін қорытындылау да мұғалімнің қатынасуымен және басшылығымен жүзеге асады.

Өздігінен атқаратын жұмыс мазмұнын іріктейтін, оны оқушының білім деңгейіне, жас ерекшелігіне сәйкестендіретін, жұмыстың барысын қадағалайтын, нәтижесін қорытуға басшылық ететін де мұғалім. Оқушылар жұмыс мазмұнымен танысып, оны орындаудың әдіс- тәсілін меңгергеннен кейін барып өздігінен әрекет етуге көшеді. Орындау барысында мұғалімнің берген кеңесін, түсінігін, тапсырманы орындау жолын ескереді. Олардың ойында жұмысты тезірек орындап, оқытушыға көрсету міндеті тұрады. Сондықтан да, оқыту әдістерін талдағанда оның ішкі мазмұнына жүгініп екі түрлі тұрғыда қарастыруды жөн көрдік. Талдау бір жағынан оқытушы мен оқушының және оқылатын, яғни, білім беретін объектінің байланысы тұрғысынан, екінші жағынан білім мазмұнын меңгеру барысында оқушының таным әрекетінің ұйымдасқан түрде жүзеге асуы тұрғысынан жүргізіледі. Оқыту әдістерін бұлай талдау, біздің пікірімізше оқыту әдісінің теориялық мәнін ашуға мүмкіндік береді.

Мұғалім оқыту әрекетін іріктеген кезде ең алдымен көзделген мақсатқа жету үшін білім беруге тиімді және оқушылардың мүмкіндігі келетін әдісті таңдайды. Сонымен қатар, бұл әрекетті ұйымдастыру арқылы оқушылардың қандай нәтижеге жете алатындығын алдын-ала белгіленеді. Керекті құрал-жабдықтар түбегейлі айқындалып, оқушылардың білім деңгейі мен жұмысқа икемдігі шығармашылық дағдылары ескеріледі. өйткені, білім беру барысында кез-келген әдісті қолданудың нәтижелі болып, тимді деңгейге жетуі үшін өз дайындығымен, ұйымшылдығымен қатынасқа түсетін оқушы әрекеті болуға тиіс.

Оқушы әрекеттерінің білім алудағы өте ұтымды жақтары М.И.Махмутов еңбектерінде талданады. әсіресе, проблемалық оқытуды жүзеге асыруға байланысты оқушының ойлау қабілеттері мен танымдық қажеттерін қалыптастыру жөніндегі жұмыс түрлері және пәнді оқытуда қолданылатын толыққанды нәтиже беретін әдістер жайында айта келіп, “Терең орнықты білім - меңгерген білімдерді теориялық, дүниетанымдық жоспарда қорыту негізінде ғана қалыптасады... Дүниетанымды қалыптастыру ең алдымен интеллектуалды - белсенді жеке басты қалыптастыру” - дейді /166, 40/. Белгілі әдіскерлер, дидакттер, педагогтердің жоғарыда келтірілген пікірлеріне сүйене отырып және осы күнге дейінгі оқыту жайындағы қағидаларды басшылыққа алудың негізінде әдістерді топтаудағы өз көзқарасымызды ұсынбақпыз.

Оқыту әдісінің теориялық мазмұны оған диалектикалық тұрғыдан қарауды қажет етеді. Білім мазмұны, қолданылатын құралдар және әдістерді жүзеге асыратын тәсілдерге байланысты әр әдіс түрлі мақсатта қолданылады. Оқыту әдісі нақты материалдарды оқыту барысында түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асырыла отырып, оқушылардың логикалық ойын, белсенділігін, шығармашылығын дамытуға бағыттайды.

Білім беру барысында қолданылатын әдіс оқушының қандай әрекетін ұйымдастыруға көмектесетінін мұғалім алдын ала болжайды. Мәселен, сөздік әдіс бойынша оқушы бір жағынан бұрыннан таныс ұғым мен жаңа ұғымды байланыстыруға, өмір тәжірибесі мен бақылау нәтижесін қорытуға, екінші жағынан оқулықтағы материалдың мазмұнын түсінуге, оны талдап, түсінгенін айтуға, мұғалімнің айтқанын ұғып, сұрақтарына жауап қайтаруға мүмкіндік алады. Осы екі жағдайда оқушылардың ойлау, ой қорыту деңгейі екі түрлі.

Оқыту әдістерін топтастырғанда бірнеше принциптерді негізге алу көзделеді. Ол принциптер: оқушылардың білім алу көздерін (кітаптан, мұғалімнің түсіндіруінен, өмір тәжірибесінен, күнделікті ақпарат құралдарынан, бақылау арқылы, практикалық жұмыс атқару, тәжірибелер жасау жолымен т.б.) ескеру; оқу материалдарын меңгерудегі оқушылардың оқу әрекетінің (талдау, жіктеу, тұжырымдау, басты белгілері мен ұқсастықтарын, айырмашылықтарын табу т.б.) деңгейіне назар аудару; оқушылардың шығармашылық әрекеттерінің (тапсырмаларды орындауда өз пікірлеріне сүйену, шығармашылық көрсету, ұсыныстар жасау т.б.) деңгейін есепке алу т.б.

Оқу процесінде білім беру сөздің, нақты заттарды қолданудың (көрсетудің) және әр түрлі жұмыстар ұйымдастырудың негізінде жүзеге асады. Ал оқушы ол білімді тыңдау, бақылау, түрлі әрекеттер, яғни, жұмыс жасау негізнде меңгереді. Сондықтан да, осы кезге дейін оқыту әдістері негізінен сөздік, көрнекілік, практикалық деп топталып келді.

Әдістемелік зерттеулер және теориялық ғылымдар негізі дамып, мектепте берілетін білімнің оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталып отырған шағында бұл топтарды әрі қарай жетілдіріп, әр пәннің ерекшелігіне қарай пайдалану талабы туып отыр.

Дүниетану адам, табиғат, қоғам жайында білім берумен қатар, адамзат тәжірибесін өмірде қолдану тәсілдерін, адамдардың қоршаған дүниеге байланысты көңіл көрнісі жайында жүйелі білім беруге арналған. Мұндай білім жүйесін меңгерудің нәтижелі болуы бақылау, зерттеу әдістерін кеңінен қолдануды керек етеді. Дүниетанудың бір бөлігі - табиғаттану материалын оқытуды мектептерде эксперименттен өткізгенде осы әдістерге баса көңіл бөлініп, оның тиімді екендігін (жоғарыда, 2-тарауда) айттық. Осы зерттеу жұмысының нәтижесіне сүйене отырып, оқыту әдістерін бірнеше топқа бөлеміз.



  1. Сөздік әдістер: әңгімелесу, әңгімелеу,түсіндіру,лекция, пікірсайыс, диспут, оқулықпен жұмыс;

  2. Бақылау әдістері: табиғат обьектілерін және оның құбылысын бақылау, көрнекіліктер бойынша бақылау, үлескідегі бақылау, тірі табиғат бұрышындағы бақылау, адамның қарым-қатыстарын бақылау.

  3. Зерттеу әдістері: тәжірибе жасау, эксперимент; Ізденушілік.

  4. Ойын әдісі.

  5. Жаттығу әдістері: жазбаша жұмыс, сызу, сурет салу, модельдер жасау, табиғат календарын толтыру, түрлі практикалық жұмыстар орындау;

  1. Көрнекілік әдістер: техникалық көрнекіліктер: диафильмдер, кинофильмдер, бейнефильмдер;

Бейнелі көрнекіліктер: –мазмұнды бейнелі суреттер, картиналар, таратып беруге арналған шағын суреттер, лотолар (биологиялық, зоологиялық);

Табиғи көрнекіліктер:ерте гүлдейтін өсімдіктер жиынтығы, кеппе шөптер, өсімдік бөліктерінің кеппе жиынтығы, бунақденелелер коллекциясы т.б.

Әдістерді бұлайша топтастыруда мұғалімнің оқыту әрекеті мен білім алушының білімді қабылдау, меңгерудегі логикалық ойының қатысу, деңгейін олардың байланысын ескердік. Мәселен, зерттеу әдісі арқылы заттар мен құбылыстарға байланысты тәжірибе жасауда мұғалімнің нұсқауы, тапсырмасы, проблемалық жағдайларды шешу барысында оқушылардың өздігінен атқаратын әрекеттері арқылы олардың ой жұмысы, істеген істерінің нәтижесін тұжырымдауы, дәлелдеуі басым орын алды, оқушылар ақыл-ой белсенділігінің нәтижесінде ұғымдарды жеңіл меңгерді.

Сол сияқты жаттығу әдістері арқылы да оқушылар бұрын меңгерген білімдерін іс жүзінде қолдана отырып, ойлау белсенділіктерін арттырдық. өйткені, ақылдың дамуы үшін жүйелі жүргізілетін ой әрекеті керек, әрі оқушы білімі жаттығу арқылы жетіліп, дамып отырады.

Әрбір әдісті сабақ барысында қолданғанда негізгі әдістің құрамына басқа әдістер тәсіл ретінде енеді. Мәселен, зерттеу әдістерін қолданғанда, жаттығу әдістері бойынша білім беруді жүзеге асыруда да, сөздік әдістің араласпауы мүмкін емес, бірақ мұндай жағдайда сөздік әдіс басым қолданылып отырған зерттеу әдісінің құрамына еніп, оның тәсіліне айналады. “В практике преподавания ни один метод не выступает изолированно “чистом виде в составе только своих основных приемов” /92,б– 25/.

Әдістердің бір тобында (сөздік) тыңдау, түсіну, сол арқылы қиялдау, елестету, яғни абстрактылы ойлау басым болса, сонымен қатар, мұғалімнің шебер қолданған сөздік әдістері (орынды жерінде сөз көрнекілігі, проблемалық сұрақтар, тапсырмалар т.б. қолдану) оқушының ойына, эмоциясына, қиялына қуатты әсер етіп, олардың сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігін тудыруға, пікір таластарына қатысуға себеп болады.

Әдістерді топтаудағы мақсат - сол топқа енген оқыту әдістерінің негізгі өзегін, бір-біріне ұқсастығын анықтау. Мәселен, зерттеу әдістері оқушылардың өздігінен зерттеушілік әрекетін дамытып, тұтас проблеманы шешуге жұмылдырады. Мұнда зерттеушілік әрекет білім алудың әдісі де, құралы да болады. Бұл әдіс нәтижесінің көрсеткіші - оқушылар ойының дамуы, яғни жеңілден бастап, біртіндеп күрделі проблемаларды шешуге дейін жету, сөйтіп, оқушылардың шығармашылығын дамыту.

Әдістердің екінші бір тобында (бақылау, жаттығу, зерттеу, көрнекілік) сезімдік қабылдау, нақты ойдан абстрактілі ойға көшу басым болады. әдістердің қай тобын алсақ та, оқушылар белсенділігін арттыра отырып, дамыта оқытуға жол ашады.

Оқушылардың оқу әрекеті қиындатылған ситуацияларды шешуге, теориялық білімдерін көтеруге бағытталады. Логикалық ойдың қатысымен меңгерген білім, негізінде, оқушыларды білімнің пайдасын, енді нені үйрену керектігін сезінуге жетелеп, өзі атқарған жұмысын еркін талдап, оқып отырған мәселеге өз көзқарасын білдіруге дағдыландырады. Мұғалім мен оқушы арасында адамгершілік, ізгілік қатынас пайда болып, баланың ішкі мүмкіндігін ашуға, белсенділігін арттыруға, өзіне сенімін күшейтуге негіз салады. Сонымен:

-оқыту әдістеріне диалектикалық тұрғыдан қарау арқылы оның оқушыларға білім берудегі, тәрбиелеудегі, дамытудағы мәнін ашу мүмкіндігі туады;-оқыту әдістерін топтауда оқушының білімді меңгерудегі логикалық ойының даму деңгейі ескеріледі;

-білім беруде оқыту әдісінің тарихи қалыптасқандарымен қатар әлеуметтік жағдай талабына сай түрлерін, тиімділерін іріктеп, пән мазмұнының жаңа ерекшелігіне қарай пайдаланудың үлкен практикалық мәні бар;

-ұзақ тарихи жағдайда жинақталған адамзат тәжірибесін, ғылыми жетістіктерді жекебас дамуы үшін қысқа уақытта (мектепте) білім жүйесіне айналдырып жас ұрпаққа жеткізу, олардың ізденушілігін тудыратын, белсенділігін дамытатын әдісктер арқылы жүзеге асады;

-әрбір оқыту әдісі оқушыларға оқу материалдарының мазмұны дамуда, өзгеруде екенін сездіретіндей жеке деректерді жалпы мағлұматтардың құрамына енгізіп, оларды бүгін меңгерген білімінің ертеңгі жалғасын, өткенмен байланысын біліп, келешекте жаңа ұғым алуға дайындайтындай деңгейге көтерүге жағдай жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет