2 – тапсырма. «Ал ол болса оны жасырын ой-өрісі таяз, жіңішке, көріксіз деп есептейтін, одан қорқатын және үйде болғанды ұнатпайтын. Ол оған баяғыдан опасыздық жасайтын, жиі опасыздық жасайтын, сол себептен әйелдер туралы көбінесе нашар сөздер айтатын, оның көзінше әйелдер туралы айтқан кезде ол әйелдерді - Төменгі нәсіл!» - деп атайтын. Осы үзіндідегі келтірілген пікір кімнің ойы? Мәтіннен осы ойға қайшы келетін пікірді тауып, өз ойыңды дәлелде. Ол үшін мәтін сюжетінің өрілуін байланыстырып тұрған сөйлемдерді тауып өзара дамуын анықта.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3-тапсырма. Осы оқиға қалай аяқталады және осы іссапардан кейін Дмитрий өзінің әйеліне не айтады деп ойлайсыз? Өз пікіріңді аргументациялай отырып, дәлелде.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4-тапсырма. Мәтіннің идеясын анықта және сюжеті осыған ұқсас қандай шығармаларды білесің? Сол шығармадағы кейіпкермен немесе сюжетпен салыстыра талдау жасай отырып, мәтіннің идеясына баға бер.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5-тапсырма. Мәтін құрылымына назар аудар, жанрлық ерекшеліктерін анықта, көркемдегіш құралдар бойынша талдау жаса, мәтінде автордың үнін танытатын ирония, сатира сынды ұғымдар (болса) анықта. Мәтін типін, жағдайдың түрін сипатта.