Бауырдың биологиялық қызметі


НУФ жұмысының негізгі принциптері, биологиялық әсерлері



бет18/22
Дата23.04.2020
өлшемі61,63 Kb.
#64499
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Биохимия Бауыр, буйрек Салта
Range нысаны және оның туындылары
17. НУФ жұмысының негізгі принциптері, биологиялық әсерлері.

НУФ — пептид, құрамында 28 аминоқышқыл бір дисульфидтік көпірше байланысымен болады. НУФ кардиоциттерде синтезделіп препрогормон түрінде (126 аминоқышқыл қалдықтарынан тұратын) сақталады.

НУФ-тың секрециясын реттеуші негізгі фактор – бұл артериялық қысымның жоғарлауы. Басқа стимулдері: плазманың осмолярлығының жоғарлауы, жүрек соғысы жиілігінің жоғарлауы, қанда катехоламиндер мен глюкокортикоидтардың деңгейінің жоғарлауы.

НУФ-тың негізгі нысана-мүшелері – бүйректер, шеткері артериялар.

НУФ-тың әсер ету механизміне бірнеше ерекшеліктер тән. Плазмалық мембранадағы НУФ рецепторы гунилатциклазалық активтілік көрсететін протеин болып табылады. Рецептор домендік құрылымда болады. Лигандамен байланысатын домен жасуша сыртылық кеңістікте орналасқан. НУФ әсері болмаған кезде рецептор фосфорланған активсіз қалыпта болады. НУФ-тың рецептормен байланысқанында рецептордың гунилатцикдлаздық активтілігі жоғарлайды, ГТФ-тан цГМФ түзілуі өтеді.

НУФ-тың әсерінің нәтижесінде ренин мен альдостеронның түзілуі мен секрециясы ингибирленеді. НУФ-тың қорытынды әсері бұл Na+ пен судың экскрециясының бұзылуы және артериалық қысымның төмендеуі.

НУФ-ты ангиотензин ІІ-нің физиологиялық антогонисі ретінде қарастырады, себебі оның ықпалынан тамырлардың тарылуы және натрийдің ұсталуы емес, керісінше, тамырлардың кеңейуі мен тұздың жоғалтылуы өтеді.

Бүйректер судың тұрақты мөлшерін ұстауға жасуша ішілік және жасуша сыртылық иондық құрамға ықпал ету арқылы қатысады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет