Бауырдың биологиялық қызметі


Су-тұз алмасуындағы бүйректің ролі. Осморегуляцияның механизмі



бет15/22
Дата23.04.2020
өлшемі61,63 Kb.
#64499
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
Биохимия Бауыр, буйрек Салта
Range нысаны және оның туындылары
14. Су-тұз алмасуындағы бүйректің ролі. Осморегуляцияның механизмі.

Су-тұз гомеостазы

Ағзадағы су негізгі екі су бассейніне бөлінген: жасуша ішілік және жасуша сыртылық. Бүйрек жасуша ішілік және жасушадан тыс сұйықтықтардың құрамындағы иондарға әсер ету арқылы судың мөлшерін реттейді.

Су, хлор, натрий иондарының 75% проксимальдық түтікшелерде АТФ-азалық механизм бойынша шумақтық сүзгіште реабсорбцияланады, аниондар электрохимиялық градиент бойынша тасымалданады, ал су пассивті тасымалдану арқылы реабсорбцияланады.

Тұз-су гомеостазының негізгі параметрлеріне осмос қысымы, ортаның рН-ы және жасуша ішілік және жасуша сыртылық сұйықтардың мөлшері жатқызлады. Бұл параметрлердің өзгерісі артериялық қысымның өзгеруіне, ацидозға немесе алкалозға, дегидратацияға және ісіктерге әкеле алады. Су-тұз балансының реттелуіне қатысатын негізгі гормондарға АДГ (антидиуреттік гормон, вазопрессин), альдостерон және жүрекшенің натрий-уретикалық факторы (НУФ) жатқызылады.



Осмоляльділік. Дененің барлық бөліктері осмотикалық тепе-теңдікте болады. Осморецепторлар судың қажеттілігін реттейді, оның бүйрекпен экскрециясы натрий тұздарының концентрациясына байланысты. Ағзада натрий құрамының бұзылыстары кезінде осмоляльділікті реттеу жүйесі сулық тепе-теңдікті жылжытады, сөйтіп осмотикалық тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін денедегі тамыр ішілік көлемді өзгертеді. Көлемнің өзгеруіне сезімтал күрделі волюморецепторлар жүйесі бар. Көлемнің өзеруі (гипо-, гиперволемия) натрий экскрециясының өзгеруін шақырады. Бірақ гиповолемия кезінде алғашқы болып тамыр ішілік көлемнің қалпына келу механизмі қосылады. Осмоляльділік ол кезде бірден қалыпты болмауы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет