Бауырдың биологиялық қызметі


Зәрдің физика-химиялық көрсеткіштері (көлемі, рН, түсі, иісі, тығыздығы)



бет22/22
Дата23.04.2020
өлшемі61,63 Kb.
#64499
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Биохимия Бауыр, буйрек Салта

21. Зәрдің физика-химиялық көрсеткіштері (көлемі, рН, түсі, иісі, тығыздығы).

Несептің түсі қалыпты жағдайда янтарь немесе сабан тәрізді сары түсті, урохром, уробилиноген пигменттерінің болуына байланысты болады.

Несептің қызыл түсті болуы — гематурия, гемоглобинурия кезінде байқалады.

Несептің қоныр түсі — несепте билирубин мен уробилиногеннің жоғарғы концентрациясында (бауырдың зақымдалуы) және гомогентизин қышқылының концентрациясы жоғарлағанда (алкаптонурия) кездеседі.

Несептің жасыл түсі — кейбір дәрілік препараттарды қолданғанда, индоксилкүкірт қышқылының концентрациясы жоғарлауынан пайда болған индиго, немесе ішектегі протеинтың шіруінің күшеюінде байқалады.

Несептің мөлдірлігі - қалыпты жағдайда мөлдір, толық лайлану несепде ақуыз болғанда, жасушалық элементтер, бактерия болуынан және олардың тұнбаға түсуінен болуы мүмкін.

Несептің тығыздығы - қалыпты жағдайда 1,002-ден 1,035-ке дейін. Тәулігіне несеп құрамында 50-ден 70 гр дейін тығыз заттар шығарылады. Орташа есеппен қалдық тығыздығы: 35 х 2,6 = 71 г. 35 — бұл аңықталған тығыздықтың есептелген ақырғы екі саны, 2,6 —. тәулік бойы несеп тығыздығы жоғарлауы және төмендеуінің коэфициенті, яғни оның концентрациялануы және ерітілуі, негізінен, қанның осмостық қысымының тұрақтылығын қамтамассыз ету үшін қажет.

Изостенурия — тығыздығы төмен несептің бөлінуі. Мұндай жағдайда несептің тығыздығы бірінші ретті несептің тығыздығымен – 1,010-ге тең болады. Көбінесе қантсыз диабетте байқалады.

Жоғарғы тығыздықтағы несеп (1,035 шамасында) қант диабетінде, несепте глюкоза концентрациясы жоғарыланғанда және жедел нефритте байқалады.

Несептің қалыпты қалдықтары ұзақ тұрғанда пайда болады.



Несептегі жентектелген бөлшектер — несеп шығару жолдарының зақымдалуынан мукопротеидтердің, протеиндердің, несеп шығару каналшаларының эпителиалдық жасушаларынан пайда болады.

Несептегі қалдықтар оксалат және ураттардың тотығуынан түзілген нашар еритін қалдықтардан түзіледі. Несептің қалыпты жағдайдағы рН - 5,5 — 6,5. Несептің қышқылдылығы күкіртқұрамды аминқышқылдардың катаболизмі кезінде түзілетін күкірт қышқылынан, фосфолипидтердің, фосфопротеидтердің нуклеин қышқылдарының ыдыраған кезінде түзілетін фосфор қышқылынан, ішектерде тағамдардан адсорбцияланған аниондардан құралады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет