Бауыржан Момышұлы



бет2/2
Дата24.01.2020
өлшемі96,38 Kb.
#56445
түріӨмірбаяны
1   2
Байланысты:
Бауыржан Момышұлы
Физика 10 сынып Қайтымды және қайтымсыз процестер. Энтропия. Термодинамиканың екiншi заңы Сабак жоспары, титулкаға

Соғыстан кейінгі жылдары


1946-1948 жылдары Ворошилов атындағы әскери академияның тыңдаушысы болады.

1948-1950 жылдары 49-атқыштар бригадысы командирінің орынбасары қызметін атқарады.

1952 жылы Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны тәмамдайды.

1953 жылы академик Ван-Чон-Худың басқаруымен келген Қытай делегациясымен кездеседі.

Соғыстан кейін 1950-1955 жылдары Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан cоң, елге оралады. Елде біраз уақыт жұмыс табылмайды. Өмірбек Жолдасбеков Қазақ Ұлттық Университетінің әскери кафедрасына жұмысқа алмақ болады. Алайда оған да қарсылық болған көрінеді. Батыр енді толықтай шығармашылықпен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өміріндегі көрген білгендерін шығармаларына арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығының негізіндегі тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығарылды.

Бауыржан соғыс уақытында "Серігім", "Жазушыға", "Қалыбек аға", "Біреулерге", "Омарбекке", "Жардың мұңы", "Ғ-ға", "Ана тілін ардақта", "Досыма", "Толғау" атты өлеңдер жазған.

1952-1956 жылы "Офицердің күнделігі", "Бір түннің тарихы", "Біздің семья" деген алғашқы кітаптары жарық көрді.

Кубаға сапары


Бауыржан Момышұлы 1962 жылы Фидель Кастроның шақыруымен Куба еліне барады. Сапар барысында Куба басшысы Фидель Кастромен кездесудің реті келмейді, бірақ інісі Рауль Кастромен кездесіп, ол кісіге үлкен әсер қалдырады, Куба әскерилерінің алдында дәріс оқиды. Кубаға барған саяхаты жайында "Куба әсерлері" атты кітап жазады. Бауыржан Момышұлы Фидель Кастро мен Эрнесто Че Гевараның үлгі тұтқан тұлғасы болған.

1963 жылы Куба үкіметінен бірнеше қайтара шақыру келгендіктен, 10 күндік сапармен барып келеді.

1982 жылы 10 маусымда 71 жасына қараған шағында Алматыда дүние салады. "Кеңсай" зиратына қойылды.

1990 жылы Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді. Шешім 1990 жылдың 11 желтоқсан күні шықты. Медаль номері 11637


Батырдың 100 жылдығы


Алматы қаласындағы Бауыржанға арналған ескерткіш

2010 жылы қыркүйектің 14-і күні Алматыда «Қазақтың Бауыржаны» атты деректі фильм көпшілікке таныстырылды. Фильмді үкімет тапсырысымен Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арнап режиссер Қалила Омаров түсірді [5].

2010 жылы желтоқсанның 10-ы күні Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында совет-герман соғысының қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлына тұрғызылған ескерткіш салтанатты жағдайда ашылды Жалпы биіктігі 6 метрлік ескерткіштің тұғыры граниттен, ал батырдың мүсіні қоладан құйылған.[6].

2010 жылы Республика бойынша Бауыржан Момышұлының 100-жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті.[7]

2010 жылы қыркүйек айында Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.[8]



2010 жылы 10 желтоқсан күні Алматы қаласында Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш ашылды.[9]

«Соғыс жалғанның бетпердесін сыпырып тастайды… Өтірік оқ астында шыдас бермейді» (Б. Момышұлы «Психология войны», 16-бет, Алматы, «Өнер», 2010 жыл). «Адамның барлық қасиеттері тек соғыста ғана сыналады». Оқ жалғанның бетпердесін сыпырып тастайды, ол сар­баздың ішкі әлемін аршып ашып тас­тайды. Бейбіт күндердегі «ер» әп сәтте езге айналып, елеусіз адамнан ер шығатын сәт те осы. «Жер бетінде қорықпайтын адам жоқ. Қорқыныш барлық жерде һәм барлық жаратылыста бар, ол адамға да, хайуандарға да, тіпті, өсімдіктерге де тән. Өз басым жүзден астам ұрысқа қатыссам да, қорықпайтын адам көрген емеспін» («Психология войны», 20-бет, Алматы, «Өнер», 2010 жыл). Қорықпайтын адам жоқ. Бұл – батырдың қорқыныш туралы ұстанымы. Үрей, қорқыныш адамның өміріне ықпалы зор сезімдер. Бұл сезімдер кей сәттерде тұтас бір ұлттың тағдырына әсер етеді. Автор үрейдің үлкені һәм кішісі болады дейді. Үрейді қатардағы сарбаз, унтер-офицер, генерал деп шенге бөледі. Көп жағдайда соғыс майданындағы жағдайды осы Үрей генералының шешіп кеткендігі туралы тұжырымы да негізді. Олай болса, қорқынышты қалай жеңуге болады? Сарбазды өлім се­белеген майданда шабуылға шығуға итермелейтін қандай күш, қандай сезім? Сарбаздың жүрегінде қорқыныштан басқа парыз деген ұғым бар. Одан соң автор мәжбүрлеудің екі түрі туралы айтады. Соның ішіндегі ең маңыздысы – ішкі мәжбүрлеу. Бұл сарбаздың өзін-өзі қайрауы, қорқынышқа қарсы тұрып, оны жеңуі. Ұрыс алаңында сарбаздың ішкі әлемінде үрей мен парыз сезімдерінің арпалысы жүріп жататындығын, бұл арпалыс екі жыртқыш аңның айқасынан да алапат, күрделі һәм қиын екендігін айтады. Сарбаздың ішкі әлемінде жүріп жататын осы алапат айқасты берудің орнына оқиғаны сырттай, жалаң суреттейтін жазушыларды, олардың ұрыс алаңындағы сарбаздың ішкі әлемінде жүріп жататын негізгі соғыстан бейхабар екендігін өткір һәм әділ сынайды. Осы алапат айқаста парыз жеңсе, сарбаздың маңдайы жарқырап, атақ-даңққа бөленіп, ана сүтін ақтамақ та, қорқыныш басым түссе, сарбаздың сағы сынып, отан алдында қарабет болмақ. Арын сақтаған сарбаздың сыйы – ар-намыс пен адамдық биігі, ел алдындағы жарық маңдай. Ата мен ананың ақталған үміті. Осының барлығы отбасы, ошақ қасынан бастау алатын қасиетті тәрбиеден басталады. Қазақтың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегені де осы. Бауыржанның ерлік туралы ұстанымы да бөлек. «Ерлік туа бітті қасиет емес, ол – дұрыс берілген әскери тәр­биенің жемісі» («Психология войны», 23-бет, Алматы, «Өнер», 2010 жыл). Бауыржан бұл ойды күнделіктерінде де жиі қайталап отырады. Бұл автордың кездейсоқ пікірі емес, бұл – оның берік ұстанымы. Бұл ұстанымы Байтұрсынұлының «Баланы ұлша тәрбиелесек ұл болмақшы, құлша тәрбиелесек, құл болмақшы» деген сөзімен үндесіп жатыр. «Отан үшін отқа түс күймейсің», «Елім дегенде еміреніп, жұртым дегенде жүгініп қызмет ет», «Намысты нанға сатпа», «Өмір үшін өлгенше күрес», «Адал ұл ер боп туса ел түрегі», «Ердің Еділ тобығынан келмейді», «Соғыстағы ең қуатты қару – адамның рухы», «Тексізден тезек артық» сияқты бұл күнде ел жүрегін тербеп жүрген тірі тіркестер осы ойлардан, терең толғаныстардан шық­қаны күмәнсіз. Батыр шайқастардың бірінде алғашқы ұмтылысы сәтсіз шыққан сарбазға: «– Анаңнан ұл боп туғаның рас болса, анау танкінің көзін жойғын, – деп бұйырдым. Сарбаз бұл сөзден кейін рухтанып, екінші рет ұмтылып танкінің көзін жойды», – дейді. Оның адам мінезінің қыр-сырын терең меңгеріп, тамыршыдай тап басып отырғаны даусыз. Web Push SendPulse қаз qaz рус eng قازاقشا 中文 +7 (701) 759 90 19Нұр-Сұлтан: -13 °С Алматы: -3 °С USD 386.19 EUR 425.08 RUB 6.04 CNY 54.99 Bılik Membaǵdarlama Ekonomıka Aımaq Qoǵam Oqıǵa Álem Arnaıy jobalar Taǵaiyndaý JAŃALYQTAR 14:03 «Nur Otan»-ды қайта жаңғырту жұмыстарына елге жанашыр азаматтар  тартылады - Түркістан Аймақ > Түркістан облысы 13:52 Нұр-Сұлтанда Еуроодақтың ауқымды үш бағдарламасы іске қосылды Билік > Қазақстанның халықаралық қызметі. Сыртқы саясат 13:41 ҚР Қорғаныс министрлігі жыл қорытындысын шығарды Билік > Қазақстан әскері 13:36 Педагогтың барлық талаптарына сай келетін сапалы  құжат қабылдаймыз деп сенемін - Нығматулин Билік > Парламент 13:31 16 желтоқсан күні Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді Спорт > Спорт 13:11 Мұғалімді заңсыз жұмысқа тартқандарға қандай санкция қолданылады Билік > Парламент 13:08 Білім министрі ЖОО-ларды жабу құқығын алғысы келеді Билік > Парламент 13:03 Таразда Тұңғыш Президент күніне орай «Zhambyl Invest» фронт-кеңсесі ашылды Аймақ > Жамбыл облысы 13:02 Елордада республикалық патриоттар форумы өтті Билік > Басқа мемлекеттік органдар 13:00 Қазақстанда қоқыс өртеуден электр қуатын өндіретін 6 кешен салынады Қоғам > Экология 12:56 Көкшетауда «Абылай хан» кітабының тұсаукесері өтті Қоғам > Қазақстан тарихы 12:54 Маңғыстауда жыршылар байқауының жеңімпазына 1 миллион теңге табысталды Қоғам > Мәдениет 12:45 Елімізде шетелдегі қазақ тілді БАҚ-тардың қауымдастығын құру ұсынылды Аймақ > Нұр-Сұлтан 12:40 Мектептерде патриоттық рухқа екпін беру керек - Қуаныш Сұлтанов Билік > Парламент 12:39 Тоқаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапары туралы бейне ролик жарияланды Қазақстан Президенті 12:38 Елордада ТМД елдеріндегі еңбек тәртібін реттеу мәселелері талқыланды Аймақ > Нұр-Сұлтан 12:23 Ақмолада «Үздік бастауыш ұйым» байқауының облыстық кезеңіндегі жеңімпаздар марапатталды Аймақ > Ақмола облысы 12:21 Жетісай ауданының әкімі әр тұрғынның өтініші назардан тыс қалмайтынын жеткізді Аймақ > Түркістан облысы 12:20 «Күнделік» мобильді қосымшасында қандай ақпарат ақылы болады Билік > Парламент 12:16 Түркістан облысы полицейлері оқушылармен кездесті Аймақ > Түркістан облысы 12:13 Нұртай Әбіқаев Достық үйлерінен қандастарды қабылдау бөлмесін ашуды ұсынды Қоғам > Отандастар 12:08 Қазақстан мен Қырғызстан шекара бекетін жаңғырту туралы келісімге қол қойды Билік > Қазақстанның халықаралық қызметі. Сыртқы саясат 12:02 Елордада балалар қауіпсіздігі айлығы жарияланды Аймақ > Нұр-Сұлтан 12:02 Білім министрі педагогты қызметіне тән емес жұмысқа тартуға мүмкіндік беретін норманы жоюға уәде берді Билік > Парламент 12:01 Жетісайда қазақы салтты сақтаған тәжік отбасы тұрады Аймақ > Түркістан облысы 11:54 ШҚО құтқарушылары көлігі мұз астына батып кеткен балықшыларға көмектесті Оқиға > Оқиға 11:54 Ташкентте «Шымкент – шырайлы шаһарым!» атты мәдениет күні өтті Аймақ > Түркістан облысы 11:54 Елімізде 3,5 мыңнан астам қоқыс полигоны бар - министр Билік > Парламент 11:35 Елбасы қорында Қазақстанның үздік оқушылары марапатталды Қоғам > Білім және ғылым 11:33 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына өзгерістер енгізілді Қоғам > Сыбайлас жемқорлықпен күрес 11:33 Қазақстан Президентінің қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды Қазақстан Президенті 11:29 Әлемнің 11 елінде қазақ тілін оқытатын 31 онлайн сынып жұмысын бастайды Қоғам > Отандастар 11:25 Қазақ диаспорасы көп елдерде «Қазақ үйі» ашылады Қоғам > Отандастар 11:22 Колледж мұғалімдерінің категорияларына үстемақы төленеді - Аймағамбетов Билік > Парламент 11:18 Түркістанда медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы түсіндірілді Аймақ > Түркістан облысы 11:17 Қазақстанға көшетін қандастардан талап етілетін құжат саны 43-тен 20-ға дейін қысқарады Қоғам > Отандастар 11:16 Алматыда тарихшылардың VІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті Аймақ > Алматы 11:10 Нұр-Сұлтанда «Берекелі баспана» бойынша пәтер берілетін 419 адамның тізімі жарияланды Аймақ > Нұр-Сұлтан 11:09 Сарыағаш ауданында «Түркістанның рухани керуені» кездесуі өтті Аймақ > Түркістан облысы 11:07 Білім министрі мұғалімдер жалақысы қалай өсетінін айтып берді Басты жаңалық 11:01 Бердібек Сапарбаев шетелдегі қалталы қандастарға үндеу тастады Басты жаңалық 10:59 Қарағандылық полицейлер жолда қалған 18 жолаушыны құтқарды Аймақ > Қарағанды облысы 10:55 Брест ТМД мәдени астанасы эстафетасын Шымкентке береді Қоғам > Мәдениет 10:53 Қырымбек Көшербаев: Қазақстан Президенті қандастардың мәселесін мұқият қарап, нақты тапсырмалар берді Қоғам > Отандастар 10:51 Мұғалім болғысы келген тұлғалар педагог біліктілігінің сәйкестігін қашаннан бастап растайды Билік > Парламент 10:32 Жылдың үздік футбол төрешілері анықталды Спорт > Спорт 10:23 Қызылордада электр стансасы іске қосылды Аймақ > Қызылорда облысы 10:12 Төтеншеліктер жолда қалған автобустың жолаушыларын эвакуациялады Аймақ > Жамбыл облысы 10:08 Елордада әлемнің 20 елінен келген қандастар бас қосты Басты жаңалық 10:01 «Астана»-«Манчестер Юнайтед»: алғашқы ұпайға қол жеткізе аламыз ба Аймақ > Нұр-Сұлтан 09:13 Қарағандыда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жаңа жоба енгізіледі Аймақ > Қарағанды облысы 08:52 Орталық Азия басшыларының Консультативтік кездесуінен не күтеміз – өзбек сарапшысы айтып берді Билік > Қазақстанның халықаралық қызметі. Сыртқы саясат 08:22 Техастағы химия зауыты өртеніп жатыр Әлем > Әлем жаңалықтары 08:08 28 қараша. Туған күн иелері Қоғам > ҚазАқпарат күнтізбесі 07:31 Танымал өнер жұлдыздары мен спорт шеберлері Түркістанның барлық өңірін аралады Аймақ > Түркістан облысы 07:17 Футболдан ЧЛ: Лионель Месси «Барселона» сапында 700 ойынын өткізді Спорт > Спорт 07:00 28 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі Қоғам > ҚазАқпарат күнтізбесі 06:53 Қостанай қаласында көпбалалы 30 отбасы баспаналы болды Билік > Жолдау 06:08 Жамбыл облысында 11 нысанды қамтитын этно-мәдени кешен салынуда Экономика > Құрылыс 05:14 «Ауыл - ел бесігі»: Атырау облысының ауылдарына газ барады Мембағдарлама > Ауылды түлету 04:28 Ақтау әкімі пандусы жоқ нысандар туралы хабарлауды сұрады Аймақ > Маңғыстау облысы 03:32 Ақтөбеде этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері марапатталды Аймақ > Ақтөбе облысы 02:40 28 қараша күнгі ауа райы болжамы Қоғам > Қоғам 02:05 Жамбыл облысында ақ жаулықты әжелер байқауы өтті Аймақ > Жамбыл облысы 01:56 Жүзуден халықаралық жарыс: Қазақстандықтар алғашқы күнде төрт «алтын» алды Спорт > Спорт 01:17 Алматы облысында желтоқсанда 36 нысан іске қосылады Мембағдарлама > Ауылды түлету 00:11 Сапарбаев елорда мектебінде ашылған инклюзивтік кабинет жұмысымен танысты Аймақ > Нұр-Сұлтан кеше 23:27 Қазақстанның заң мамандары әзербайжандық әріптестерімен кездесті Билік > Қазақстанның халықаралық қызметі. Сыртқы саясат кеше 23:02 СҚО Боголюбово елді мекенінде өрт сөндіру бекеті ашылды Билік > Басқа мемлекеттік органдар кеше 22:46 ҚР Сыртқы істер және қорғаныс министрлері ҰҚШҰ елдері кеңесінің бірлескен отырысына қатысты Билік > Қазақстанның халықаралық қызметі. Сыртқы саясат кеше 22:34 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі азаматтарды жеке қабылдады Қоғам > Қоғам кеше 22:21 ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Балуан шолақ» фильмі эфирге шығады Қоғам > Қоғам кеше 22:07 Маңғыстауда үшем дүниеге келді Аймақ > Маңғыстау облысы кеше 21:57 Ермек Маржықпаев тікелей қарым-қатынас форматында «Инвестор сағатын» өткізді Экономика > Экономика кеше 21:44 Арыста «Түркістанның рухани керуені» іс-шарасы өтті Аймақ > Түркістан облысы Бүкіл таспа >>> Бауыржан Момышұлы. ҚАНМЕН ЖАЗЫЛҒАН КІТАП 2015 жылғы 19 мамыр 09:26Бөлісіңіз: АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған тарихи маңызды айдарды әрі қарай жалғастырамыз. ҚазАқпарат Халықаралық агенттігі бұдан бұрын Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас» романын назарларыңызға ұсынған болатын. Шығарма оқырмандар тарапынан жоғары сұранысқа ие болды. Біз алдағы уақытта батырдың «Қанмен жазылған кітабын» сіздермен бірге оқуды жөн көріп отырмыз. Отты жылдарда қан кеше жүріп, қан-терін сарқып, болашаққа аманат ретінде қалдырған жазушының бұл еңбегі жастарды патриотизмге, ерлік-жігерге, адамгершілікке тәрбиелейтін өнегелі өмір мектебі болары анық. СОҒЫС ПСИХОЛОГИЯСЫ Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлымен болған әңгіменің стенограммасы 1-күн Алматы қаласы. 1944 жылдың 19 январы. Сағат 12-ден - 18-ге дейін. Қатысқандар: 1. Сәтбаев Қ. И. - СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалы Президиумының председателі, СССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі. 2. Әуезов М. - СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл, әдебиет және тарих институтының аға ғылыми қызметкері, жазушы, профессор. 3. Мүсірепов F. - жазушы. 4. Сиранов Қ. - Киностудия бірлестігі директорының орынбасары. 5. Жұбанов А. - Композитор, профессор. 6. Сүлейменов Б. - СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл, әдебиет және тарих институты директорының орынбасары. 7. Оспанов Ө. - СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалы Президиумы председателінің орынбасары, ғылым кандидаты. 8. Мыңбаев К. - Қазақ СССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті председателінің орынбасары, профессор. 9. Строева В. П. - Кинорежиссер, институт директорының орынбасары. 10. Рошаль Г. Л. - Кинорежиссер, институт директорының орынбасары. 11. Марғұлан Ә. X. - филология ғылымдарының кандидаты. 12. Исмайлов Е. - филология ғылымдарының кандидаты. 13. Чокин Ш. -СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалының аға ғылыми қызметкері. Ораев - СССР Fылым академиясы Қазақ филиалының ғылыми қызметкері. 15. Қазкен. - СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалының ғылыми қызметкері. 16. Рушанов- доцент. 17. Чумак - Қазақ ССР Ішкі істер халық комиссариатының Мемлекеттік архиві директорының орынбасары. 18. Шапиро - Қазақ ССР Ішкі істер халық комиссариатының Мемлекеттік архивінің ғылыми қызметкері. Сәтбаев жолдас. Бүгін біздер - ғылым, әдебиет пен өнер саласының іріктелінген топтары - гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының Алматыға келуін пайдалана отырып, оның өз аузынан Ұлы Отан соғысы тарихының біршама кезеңдерін, атап айтқанда, генерал Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия туралы әңгімесін тыңдауға бас қосып отырмыз. Көз алдымызда өтіп жатқан оқиғалар, даусыз, бүкіл дүние жүзі тарихының игілігіне айналмақ, онымен болашақ ұрпақтан шыққан зерттеушілер де айналысатын болады. Бұл аса маңызды тарихи мәнді оқиғалардың, жарқын көріністердің ішінде Ұлы Отан соғысының барысында еліміздің тағдыры шешілген - Москва үшін шайқас жүргізілген 1941 жылдың күзіндегі оқиғалар ерекше маңызды әрі оның принципті мәні бар. Москваны қорғаудағы аса жауапты шептер, Қазақстанның абыройы мен даңқына орай, Қазақстанда генерал Панфилов жасақтаған дивизияға тапсырылды. Бұл оқиғалар біздің бәріміз үшін де өте маңызды әрі біз бұл аса зор шайқастар жөнінде тереңірек білуге тиістіміз. Полковник Бауыржан Момышұлы сұрапыл шайқастарға қатысушы ғана емес, ол жетекші командир болды, сондықтан оның әңгімелері бізге ерекше құнды болмақ. Мұнда полковник Момышұлы айтқан құнды, мазмұнды әңгімелерді өздерінің творчестволық жұмыстарында пайдалaнa алатын әдебиет, ғылым және өнер саласының өкілдері қатысып отыр, сөйтіп біздер гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының аса құнды әңгіме- лекциясын тыңдамақпыз. Менің ойымша, бұл кездесуіміз бір ғана әңгіме түрінде емес, іштей бір-бірімен сабақтас, соғыстың жарқын көрінісінің дамуы мен детальдарын талдауға арналған 3-4 лекция түрінде өтпек. Енді гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының өзіне сөз беруге рұқсат етіңіздер. Бауыржан Момышұлы. Әңгімеге кіріспес бұрын сіздерге бұл әңгіменің жоспарын баяндап, оны өткізуіміздің шартын ескерткім келеді. Мұнда тек жалпы соғыс тақырыбымен, атап айтқанда, генерал Панфилов атындағы 8-дивизия тарихымен айналысатын жолдастар ғана катысуға тиіс, ал айналысқысы келмейтін адамға, менің ойымша, қатысудың қажеті жоқ. Әдептілік үшін тәртіп сақтау керек, дәл уақытында келіп, әңгіменің аяғына дейін қатысып отыру - міндет. Күніне 5 сағатқа есептелінген әңгіме төрт күнге созылады, сондықтан мен қатысып отырған кісілер соңына дейін тыңдаса деймін, өйткені айтылған әңгімеден адамдардың ойында үзік-үзік әсер қалмағаны жөн. Сондықтан мен әңгімеге барлық тыңдаушылардың үнемі қатысып отыруын талап етемін. Сұрақ: Әңгіме қашан басталады? Бауыржан Момышұлы. Әңгіме сағат 12-де басталып, сағат 5-те аяқталады. Сыпайы сөйлеймін деп сіздерге уәде бере алмаймын, кейде менің аузымнан блиндажды сөздер орамы шығып кетуі мүмкін. Мұны сіздер дөрекілікке қабылдамаңыздар. Соғыстың теориялық және практикалық мәселелері жөніндегі менің көзқарасым кейбіреулерге бәлкім кең емес, тар, тіпті анайылау да болып көрінуі ықтимал, мен бар болғаны жеті жылдық білімі бар адаммын, арнайы әскери мектепті де бітірген жоқпын, таулы жерде көлікке әскери жүк артып, түсіретін батареяда солдат мектебінен өттім, тек соғыс жылдарында ғана нағыз әскери адам болдым. Осыған байланысты, бәлкім, түбегейлі ұшталған, екшелген көзқарасты менің баяндауларымнан сіздер сирек табарсыз деп ескерткім келеді. Менің ұсынатын жұмыс жоспарым қандай? 1-ші күні - Ұрыс және оның психологиясы. Қосымша тақырыптар: 1. Панфилов. Офицерлер. 3. Солдаттар. 2-ші күні - Волоколамск бағытында. 3-ші күні - 1942 жылғы қысқы науқан. 4-ші күні - Қорытындылар. Күніге 5-6 сағатқа созылатын жұмыс жоспарым - осындай. Екі жарым жылдан бері қалтама үнемі блокнот салып жүремін, оған мені қызықтырған нәрселердің бәрін жазамын. Мұндай жазбалар едәуір жиналып қалды. Қолжазбамның 60-70 процентін орыс тілінде, 30-40 процентін қазақ тілінде жаздым. Менің талдап айтып бере алғаным - бұл блокноттағы жазбаларымның 30-40 проценттейі ғана. Бұл қолжазбалардың сипаты қандай? Бұл менің соғыс туралы толғаныстарым немесе оны жазушының образбен ойлауы емес, жай ғана - ерлікке тәрбиелеу туралы ойлар деп айтамын. Бұл қолжазбалардың мазмұнымен сіздерді әңгімелесу барысында таныстырамын. Дивизиядағы ескі басшы құрамнан бүгінге дейін шын мәнінде тірі қалған мен ғана. Алматыға келгенімді пайдаланып, соңғы күндерімді дивизияның тарихын график түрінде құрастыруға арнадым (картаны көрсетеді). Графикті құрастыру алғашында жеңіл сияқты көрініп еді, бірақ олай болып шықпады. Атласты алуыма тура келді, бұл атластан көп нәрсені таба алмадым. Картаны есте қалған материалдар бойынша құрастырдым, сондықтан, көріп отырсыздар, кейбір елді мекендердің аттары түсірілген жоқ. Мен неліктен соғыс жөнінде жазып жүрмін? Өйткені, соғыс - адам өміріндегі ең бір дүр сілкіндірерлік, жан түршігерлік оқиға. Тылда адам соғыс туралы ойша елестетіп қана жүреді. Майданды ой жүзінде елестету егер де ол ақиқаттан биік тұрса жақсы, бірақ соғыста қазіргі заманғы ақиқаттан биік еш нәрсе де жоқ, сондықтан ақиқат шындықты талап етеді. Сіздер театрдан немесе кино экранынан соғыстың көріністерін көріп жүрсіздер, бірақ сіздер оның ішкі мән-мазмұнын кинодан да, театрдан да көре алмайсыздар, себебі көптеген жазушылар мен өнер қызметкерлері соғыс туралы шындықты, ақиқатты терең түсіне алмайды, долбарлап, қиялдан шығарып жазады, мұнысы шындыққа сай келмейді. Мен жауынгерлік өлең текстіне лирикалық музыка жазған бір композитордың шығармасына зығырданым қайнағаны бар. Суретші де әйтеуір бір полотно салып, әйтеуір ішкі мазмұны жоқ көшірмені береді. Бұл, шынында, адамдардың соғысты тереңірек білмеуінен болып жатса керек. Соғыс туралы шындықты, мұнда тылда отырып тану киын, тіпті мына біздер, ұрысқа қатысушылардың өздері де, оны түбегейлі, ұңғыл-шұңғылына дейін біле бермейміз. Соғыста шындықты табу өте қиын, ал оны жинақтау, қорыту одан да күрделі. Соғыс туралы ақиқатқа жету - бұл өте үлкен проблема. Мен соғыс тақырыбына жазылған әдебиеттерді оқыған кезімде олардың көпшілігінің шындыққа келмейтініне көзім жетті. Баспахананың бояуымен жазылған кітаптар да, адам қанымен жазылған кітаптар да болады. Мен баспахана бояуымен емес, майдан даласында шынайы қалпында, бар болмысымен қанмен жазылған соғыс кітабын оқыдым. Соғыс туралы өнер туындыларының ғұмыры қысқа болатындығы - олардың көркемдік жағы соғыс қимылдарының шындығынан мүлдем алыс жататындығында, яғни менің айтайын дегенім - үлкен шындық тұрғысында нағыз өмірдің ақиқатын жинақтай алмауда болса керек. Неге мен кейбір көркем шығармалардың ғұмыры қысқа деп санаймын, оның мәні суретшілер, жазушылар немесе кино қызметкерлері өздерінің шығармаларын жазғанда, оның көркемдік жағын соғыс мәселелерімен, тікелей соғыспен үйлестіре алмайды. Мен мұны өте үлкен кемшілік деп білемін. Сен соғыс тақырыбына қалам тартады екенсің, соғыс мәселесін көркемдік тұрғыдан көрсетуге тиіссің. Міне, сонда ғана бұл шығарма көпшілік бұқараға құнды болмақ. Жазушылардың көпшілігі шығарманың көркемдік жағымен, яғни қиялдан шығарылған оқиғалармен әуестеніп, соғысты көрсетуден ауытқып кетеді, ал шынын айтқанда, жақсы шығарма тіпті мына біздер, әскери командирлер үшін де күнделікті басшылыққа алатын кітап болуы керек. Егер творчестволық қызметкерлер өздерінің шығармаларының көркемдік жағын соғыс мәселесімен үйлестіріп, мұны негізгі дәнекті нәрсе деп санаған болса, мен жинақталған және байыпты тәжірибені айтып отырмын, онда туынды да анағұрлым құнды бола түспек. Барлық шығарманың мақсаты - ағартушылық. Соғыс туралы жазу үшін автордың өзі бұл мәселеде сауатты, білімді адам болуы керек, материалдар мен деректерді оқып зерттеп, оларды творчестволық тұрғыдан қорытып, дұрыс жинақтауға, барлық мәселелерді көбірек әрі жан-жақты білуге тиіс, онсыз ол қалай жазып, өзінің шығармаларымен халықтың сана-сезімін қалай оята алмақ? Кездейсоқ көріністер, жекелеген адамдардың айтқан әңгімелері, қосалқы материалдар салмақты шығарма жазуға право бере алмаса керек. Материалды үстірт, ат үсті зерттеуден және жеңіл ойлы әдеби әуестенушіліктен бас тарту әлдеқайда саналылық болар еді. Мен өз қолжазбаларымның оқырмандарына арнайы хат жазып қойдым, бұл қолжазбамды Ғылым академиясы қазақ филиалының қарауына қалдырып кетемін, бұл хатым да қолжазбаларыммен бірге қалады. Мен мына соғыста тірі қаламын ба, әлде жоқ па, оған көзім кәміл жетпейді, бірақ өзімнің хатымда қолжазбамның оқушыларына бірсыпыра талаптар қоюға талпыныс жасадым. Бұл хатымды сіздерге оқып берейін: Менің қолжазбамның оқырмандарына. «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра», - дейді халық даналығы. Жіп қылдан тұрады, дене тканьнан құралады. Даналық өткеннің тәжірибесін қорытатын, қазіргі жағдайды зерделі талдайтын және болашақты көре білетін творчестволық ойдың қаймағынан тұрады. Кірпішсіз сарай сала алмайсың. Ұшқынсыз от тұтанбас. Мейірім болмаса, сүйе де алмайсың. Ашу-ызасыз жек көру мүмкін емес. Мәжбүр етпей, мойын ұсынбас, мейірім болмай, жақсы көре де, беріле де алмайсың. Бұйрық - алғыр басшының ой-арманы. Әскерсіз - қолбасшы қауқарсыз, басшысыз - әскер әлсіз. Сын - ерді шыңдайды, қорқақты қинайды. Азаматқа - өмірден де ар қымбат, өлімнен ұят күшті. Қорқақ - дөрекі әрі ақымақ. Мейірімсіздердің жаны нәзік емес, оларға құдық та түпсіз терең. Батырға сырдың суы сирағынан келмейді, қорқаққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет.Атқа мініп жүре алмайтынға жуас ат та асау, жебе де қысқа, тартпа да бос, ердің үсті де қолайсыз, тізгін де ұзын көрінеді - барлық сылтауды жайып салады. Шошқа бағушы арғымақты тұрқына қарап ажырата алмайды, оған қашар да - ат. Құм ішіндегі дәнді қырағы көз ғана шалады. Кебекті ұннан елеп айырады, су көмір арқылы таза сүзіледі. Алғырлық ойдың ішкі мазмұнын нұрландырып тұрады. Қанатты сөздің қарапайым сөзден айырмасын сергек құлақ, алғыр ой ажыратады. Басқаны «жақсыға» білгенше, өзіңді «орташаға» біл. Ақылгөйлік кейде өнегесіздікке тірейді. Тәртіп кейде тәртіпсіздікті тудырады. Тер төккенше тыраштану - кейде жалқаулыққа пара-пар... Тым ерекше құштарлық - бейжайлықпен бірдей дерлік. Тым адалдық - жалғандықпен пара-пар. Егер өткенді үнемі еске түсіріп тұратын ақ нәрсеге жамалған жамаудай көзге бадырайып тұрғаннан гөрі, дұрысы бүлінген дүниені бүлдіріп тастаған жөн. Жарықты бөгде затпен бітегеннен гөрі, сынғанды сындырып тастаған жақсы. Егер тігісі сөгілмей жыртылса, оны қалдықпен жамағаннан гөрі мүлдем жыртып тастаған жөн. Бетіне түкіріп, қайтып сүйгеннен гөрі, мүлдем безіп кеткен жақсы. Екіжүзділіктің балын татқаннан, әділдіктің ащы уын ішкен артық. Қарттықтың әдемілігінен көңіл қайтқанша, махаббаттың арманынан ләззат алған дұрыс. Өтіріктің қанатын қомдағанша, ауыртпалықтың жүгінен бүгілген артық. Мақтаныш - ерлік анасы. Айбарлы адам жасық жанға дос емес... Өзін сыйламаған - басқаны сыйлауға қабілетсіз. Барлық халық барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті. Өзінің ұлтын сыйламаған - ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас. Соғысуға кедергі келтіретін ұлттық дәстүрлер жоқ, қайта соғысуға көмектесетін ұлттық дәстүрлер бар: ұрлық, опасыздық - бұл ұлттық дәстүрлер емес, ұлттың ішінде көр кеуделік. Ұлттық мақтаныш - сол ұлттың адамы үшін қасиетті әрі бұзылмас заң. Солдаттың ерлігін ұрлау - адам бейнесіндегі хайуанның ең сорақы қылмысы. Өзінің пікірін бәріне бірдей үзілді-кесілді, соңғы пікір деп санау - бұл өз күшің мен қабілетіңді қатал асыра бағалаушылық. Көрген нәрседен бәрі хабардар болуға тиіс: егер жұрт әңгімелерді естіп хабардар болмаса, онда шындықты шын әңгімеден естіп білуге тиіс, өйткені халық барлық пайдалы деп тапқан нәрселер ауыздан ауызға беріліп, ұрпақтан-ұрпаққа таралып, әділдік іс үшін қанын селдей төккен жүздеген мың адамдардың ерлік ісі жалпының игілігіне айналуға тиіс. Саналыларға - пайдалы сабақ, адам кейпінде табиғат немқұрайды, жеңіл ойлы етіп жаратқан делқұлыларға - көңіл көтерушілік, мұндайларға тіпті өздері басынан кешкен ауыртпалықтың өзі ешбір әсер, із қалдыра алмайды, саналы ойлауға итермейді, ондайлар ғасырдың сұмдық қасіретін тани алмайды, оларға барлық жақсы нәрселер дарымайды, болат сауытқа тиіп, тайып кейін серпілген жебедей ешқандай із, әсер, белгі қалмайды. Тағдыр мені адамзаттың жан түршігерлік қайғы-қасіретінің куәгері болуға жазса да, ақ қағаздың бетіне болат қаламсаптың ұшымен қисынды сөзді маржандай етіп тізе алатындай өнерім болмаса да жай себеппен, менің қолым жауға сілтер қылыштың сабын ұстауға, пистолеттің шүріппесі мен жауынгердің атының тізгінін ұстауға үйренген қолыма - қаламсап та, уставтың өктем бұйрығына үйреніп қалған тілім де ырық берер емес. Бірақ та сараңдардың санатында (өлер алдында бар байлығын босқа далаға шашқан Қарынбай сияқты) қалмас үшін, өлгендердің рухы, зардап шеккен, адал солдаттарымның алдында - үн-түнсіз қалмауға, бастан кешкендерді тілсіз қағаз бетіне түсіруді өзіме парыз санаймын, өйткені ол: «ерлік елеусіз қалмасын, олжа - елге, атақ - ерге сауға» деген әділеттілік қағидасын еске салатын, шындық оқиға куәгерінің тілі болсын. Бұл қарапайымдау өңделінбеген, олақтау, сұрыпталынбаған тартуым болсын, сөз өнерінің шеберіне кітап жазуы үшін, құрылыс материалына жарарлық сыйым болсын (бұл абзацтың астын сызып көрсетемін). Тұрғызылған ғимаратқа жабдықтаушының аты ешқашан да қойылмайтынын біле тұра, мен жабдықтаушы атануға ризамын және егер ол менің атымды, сөзімді еске алуды ыңғайсыз санап, атақты адам айтқандай етіп, (мұны өзім де жиі естимін) соның аузынан толғанысты ойлар түрінде айтқызса, ренжімеймін. (Бұл абзацты да ерекше сызып көрсетемін). Бұл хатымда, қаншалықты ойдағыдай болғанын білмеймін, бірақ қолжазбаларымның оқырмандарына, осы материалдар бойынша жұмыс істейтіндерге жан-жақты ескертуге талаптандым. Қолжазбаларымда кейде фамилияларын атамай астарлы сөзбен мысалдар келтіремін. Бұл хатты сіздерге оқып берген себебім, сіздердің кейбіреулеріңіз менің материалдарыммен жұмыс істейтін ниет білдіріп отырғандықтан. Бұл хаттың соңына мына өлеңді жаздым: Найзадан қол босаса қалам алдым, Толғанып оқиғаны көп ойландым. Тырмысып әл келгенше көргенімді, Жалтақтамай, именбей ашық жаздым. "Отырсам көп ойланып күнім жақын, Әр адам біле бермейді сөздің парқын. Ұрпаққа арнап істелген адал еңбек, Ақ ниетпен ұсындым саған, халқым. Жазушы болмаған соң менің затым, Көркемді жұмыр емес жазған хатым. Салмақтайтын саналы ер табылса, Атаусыз неге қалсын менің атым. Когда рука моя освободилась от пики, Я держал карандаш, Нутром своим переживая и подолгу думая о прошлом... Со всем


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/bauyrzhan-momyshuly-kanmen-zhazylgan-kitap_a2777549

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет