Бауыржанова А. З., Асенова Б. К., Тері және былғары өнімдерін өңдеу технологиясы Оқу құралы мазмұНЫ



бет78/88
Дата21.05.2020
өлшемі0,63 Mb.
#70397
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   88
Байланысты:
бауыржановв книга

Гигротермиялық тұрақтылық. Суланған былғарының тері өзеңінің, жоғары температурада беріктік қасиетін өзгертуін оның гигротермиялық тұрақтылығы сипаттайды. Ол 5-95% аралығында ауытқиды. Бұл көрсеткішке илеу әдісі әсер етеді. Қышқылдың болуы гигротермиялық тұрақтылыққа кері әсер етеді. Жақсы майланған және тығыз былғарының гигротермиялық тұрақтылығы жоғары болады.

Аяқ киімнің төменгі бөлігі мен юфть былғарысы үшін бұл көрсеткіш стандарт бойынша белгіленген.



Беріктік қасиеттері. Былғары мен мехтың беріктік қасиеттерін анықтайтын көп тараған әдістердің бірі - бір осы тарту сынағы. Бір осы тарту сынағын негізінен маятникті динамометрлерде анықтайды. Соңғы кезде бұл мақсатта күш өлшегіш машиналар қолданылып жүр, онда деформация серпімділігі арнайы электронды аппараттарда есептеледі. Бір осьте тарту сынағын жүргізгенде мына көрсеткіштерді анықтайды: беріктік шегі, Па, созылғыштығы (жалпы, серпімді, қалдықты), беткі қабаттың беріктігі, Н/м2 шартты түрдегі модуль, серпімділігі, Н/м2 және қаттылығы. Былғарының, үлбірдің және тондық қой терісі сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі созылғыштығы болып табылады. Жүн талшығы үшін бұл көрсеткіштің онша мәні жоқ, сондықтан ол МЕСТ-да есептелмейді. Былғарыны, тері өзеңін және тондық қой терісін созғанда жалпы, серпімді және қалдық созылғыштығын анықтайды. Жалпы созылғыштығы серпімді және қалдық созылғыштығының қосындысына тең болады. Ол процентпен белгіленеді, оның мәні үлгінің созғаннан кейінгі ұзындығынан созылғанға дейінгі ұзындығының айырмасын үлгінің бастапқы ұзындығына бөлгенге тең болады. Серпімді және қалдық созылғыштығы шартты шамалар, олар уақытқа тәуелді болып келеді.

Әртүрлі үлгілердің созылғыштығын анықтау үшін, олардың бірдей аумақтағы көлденең қимасына бірдей күш салып созып байқау керек. Былғарының тері өзеңінің жалын созылғыштығын сипаттау үшін стаңдарт бойынша ортақ көрсеткіш алынған. Онда жонарқа бойымен және оған көлденең үлгілерді белгілі бір күш жұмсай отырып, созу қаралған. Былғары үшін күш мөлшерінің шамасы 1 Н/м2, мех және тон терілері үшін 0,5 Н/м2 алу көзделген. Аяқ киім өндірісіңде, былғары, әсіресе аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары көбірек керіліп, созылады.

Мүйізді ірі малдың терісінен дайындалған, хроммен иленген аяқ киімнің бас былғарысының созылғыштығы 20—30%-тей болуы керек. Егер созылғыштығы 20%-тен кем болса, былғарының беті созған кернеуді кетере алмай сынуы мүмкін.

Ұлтандық былғарының жалпы және серпімді созылғыштығы, нығыздаудан кейін азаяды, ал, аяқ киімнің бас былғарысы үшін, престеуден соң созылғыштығы төмендейді. Былғарының талшықты құрылымын жіктейтін процестер, мысалы, созу, қыртысын жазу былғарының жалпы, серпімді және қалдық созылтыштығын ұлғайтады.

Тондық қой терісі мен тері өзеңі ұзаққа бойына және көлденеңінен тартқан кезде созылмалы болуы керек. Терінің созылмалы болуы, өнімнің сыртқы түрін сақтап, эксплуатациялық қасиеттерін жақсартады. Созылмалылық пластикалық қасиеттеріне байланысты. Үлбір мен тондық кой терісінің пластикалық қасиеттерін қалдық созылғыштығы көрсетеді. Оны терінің бүтін күйінде және үлгілерінде бүлдірмей таба береді. Сынақты белгілі бір (4,9 немесе 9,8 МПа) күш салып анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет