Баяндама Тақырыбы: Қауіпсіздік саясаты және негізгі элементтері Орындаған: 17 vt-ix-2 тобының студенті Ахметқали Айгерім Тексерген: Ихсанова А. С. 2020-2021 оқу жылы Қауіпсіздік саясаты және негізгі элементтері
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Баяндама Тақырыбы: Қауіпсіздік саясаты және негізгі элементтері
Орындаған: 17 VT-IX-2 тобының студенті
Ахметқали Айгерім
Тексерген: Ихсанова А.С.
2020-2021 оқу жылы
Қауіпсіздік саясаты және негізгі элементтері Қауіпсіздік саясаты (ұйымдастыру тұрғысынан қарағанда) есептеу және қатынас қорларын пайдалану тәсілін, сондай-ақ, қауіпсіздік режімін бұзудың алдын ала және мән беру (жауап қайтару) процедураларын дұрыс анықтайды. Қауіпсіздік саясатының қалыптастыру іс-әрекетін келесі кезеңдер түрінде қарастыруға болады:
• Ұйымдастыру мәселелерін шешу. бұл кезеңде ақпараттық қауіпсіздік қызметі (АҚҚ) құрылады, ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда пайдаланушылардың санаттары, пайдаланушылардың барлық санаттарының жауаптылық деңгейлері, құқықты және міндеттері аңықталады.
• Қатерге талдау жасау. Қатерді талдау үрдісі нені қорғау керек, неден қорғау керек және қалай қорғау (істеу) керек деген сияқты сұрақтардың жауабын анықтайды. Мүмкін болатын қатерлердің бәрін қарастырып шығу керек және оларды келтіретін зиянының ықтимал мөлшеріне байланысты жіктеу қажет. Қорғанышқа жұмсалатын қаржы қорғанылатын объектінің құнынан аспауға тиісті.
• Жеңілдектерді анықтау. Қорларды пайдалану құқықтары, қорларды қолдану ережелері, әкімшілік жеңілдіктер, пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері, жүйелік әкімшілердің құқықтар мен міндеттері, жасырын ақпаратпен жұмыс істеу тәртіптері және т.б. анықталады.
• Қауіпсіздік саясатының бұзылуына жауап қайтару шараларын анықтау. Қауіпсіздік режімі бұзушыларды табуға және жауапкершілікке тартуға бағытталған әрекеттер, сонымен қатар, ақпаратты бұрынғы қалпына келтіру және бұзулардың зардаптарын жою шаралары анықталады.
• Ұйымдастыру -әкімгерлік құжаттарды дайындау. Қауіпсіздік саясатының негізгі жайлары әр түрлі нұсқауларда, қағидаларда, ережелерде және өкімдерде келтіріледі.
Қауіпсіздік саясаты ақпарат қорғау жүйесінің қауіп-қатерлерге қарсы әрекет жасауға бағытталған құқықтық нормалардың, ұйымдастырушылқ шаралардың, бағдарламалық-техникалық құралдар және процедуралық шешімдер кешенінің жиынтығын анықтайды.
Ақпарат қауіпсіздігінің жоғарғы дәрежесіне қол жету тек тиісті ұйымдастыру шараларын қолдану негізінде ғана мүмкін болады. Ұйымдастырушылық шаралар кешенінің құрамына ақпараттық қауіпсіздік қызметін құру, жасақтау және оның іс-әрекеттерінің қолдану, ұйымдастыру-әкімгерлік құжаттар жүйесін дайындау жұмыстары, сондай-ақ, қорғаныш жүйесін құруға және оның жұмысын сүйемелдеуге арналған бірқатар ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-техникалық шаралар кіреді.
Ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-техникалық шаралар жүргізу ақпараттың сыртқа кететін жаңа арналарын дер кезінде табуға, оларды бейтараптандыру шараларын қолдануға, қорғаныш жүйелерін толық жетілдіруге және қауіпсіздік режімін бұзу әрекеттеріне жедел қарсы шара қолдануға мүмкіндік береді. Қатерге талдау жүргізу қауіпсіздік саясатын қалыптастырудың негізгі кезеңі болып табылады.
Ұйымдастыру мәселері шешілгеннен кейін бағдарламалық-техникалық проблемалардың кезегі келеді – таңдалған қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін не істеу керек? Қазіргі уақытта құны, атқаратын міндеті және сапасы жағынан әртүрлі болатын ақпарат қорғау құралдарының көптеген түрі бар. Олардың ішінен нақты объектінің ерекшелігіне сай келетінін таңдап алу күрделі мәселелердің бірі болып саналады.
Қауіпсіздік саясаты мынадай элементтерден тұрады: қатынас құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі, қауіпсіздік тамғасы және қатынас құруды мәжбүрлі басқару.