Баяндама тақырып: «Р. Декарттың әдіст туралы ойлары» Орындаған


Қазіргі заман философиясының негізін салушы



бет2/4
Дата30.03.2023
өлшемі33,54 Kb.
#173341
1   2   3   4
Байланысты:
04.11 декарт

Қазіргі заман философиясының негізін салушы
Декарт мұрасы – философия тарихындағы маңызды кезең. Гегель «Философия тарихына арналған дәрістерінде» Декарт туралы: «...қазіргі заман философиясының нағыз негізін қалаушы, өйткені ол ойлауды ұстаным ретінде биік тұғырға көтерді. Оның өз дәуіріне және біздің заманымызға тигізген ықпалының тұтас ауқымын көзге елестетудің өзі мүмкін емес. Ол – заттардың түпнегізін қайта қарастырған және тұтас мың жыл өткеннен соң тұғырына оралған, философияның конституциясын жасап шыққан нағыз қаһарман», – деген болатын. Біздің үлесімізге Декарттың мұрасындағы негізгі шығарманы анықтау ғана қалды. «Әдіс туралы пайым» немесе «Метафизикалық толғаныстар» – осы екі еңбектің біреуін таңдау барысында біраз ойлануға тура келді. Екі шығарманың да философияның дамуына тигізген ықпалы орасан зор. Сонымен қатар философиялық ойды жаңа, берік іргетасқа орнықтыру тұрғысындағы автордың негізгі ойына екеуі де сәйкес келеді. Ойлана келе, ілгерірек жазылғанына қарамастан, «Әдіс туралы пайымды» таңдап алдық. «Толғаныстарда» көп дүние айқындалған, өйткені шығарма философиялық қауымдастық ықыласпен қабылдай қоймаған «Пайымға» түсіндірме беру мақсатымен жазылған еді. Мәселе оқырмандардың Декартты екіұдай қабылдауында еді. Философ Францияның Турен провинциясындағы Лаэ қалашығында өмірге келді. Атақты Ла-Флештегі иезуиттік қоғамның Корольдік колледжін тәмамдап, құқық лицензиаты дәрежесін алады. Оқуын аяқтай сала, ел көріп, жер тану мақсатымен біраз уақытын Еуропаны аралауға арнады. Содан соң Мориц Нассау ханзаданың нидерландық әскери қосына ерікті болып қабылданды. Бозбала кезінде қолданбалы ғылымдарға қызығушылық танытты. Голландиялық жас ғалым Исаак Бекманмен таныстығынан кейін физика, математика және геометриядан білімін жетілдіреді. Күрделі геометриялық есептер қандай қиын болса да, олардың барлығын шешу үшін 1619 жылдың қараша айы ортақ әмбебап әдісті ойлап тапқысы келді. Ғылыми ізденісін тереңдеткен сайын, білімнің қай саласынан болсын адам ақыл-ойының алдында тұрған барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін әрқилы салаларға тән ортақ әдіс жасап шығаруға болмас па екен деген сұраққа жауап іздейді. Декарт бүкіл ғылымдар бәйтеректің бұтақтары тәріздес, жинақтап келгенде, біртұтастық екенін түсінді. Бір күні түс көрген жас ғалым онда бүкіл ғылымды жаңарту мәртебесі өзіне жүктелуін Тәңір қалауы деп түсінді. Ол геометриядан бастайды. 1628 жылы тағы да бірқатар метафизикалық идеяларды ұсынып, кейін оларды «Толғаныстарда» жалғастырады. Бірақ ол негізінен сол уақытта физикамен айналысып, «Әлем немесе Жарық туралы трактатын» жазған еді. Әйтсе де Галилейдің инквизиция сотына тартылғанын естіген ғалым 1633 жылы еңбегін жариялаудан тартынды. Өз әдісін пайдалануға болатын салаларды көрсету үшін «Диоптрика», «Метеорлар» және «Геометрия» трактаттарын жариялайды. «Әдіс туралы пайым» басынан осы аталған кітаптарға алғы сөз ретінде ойластырылған еді. Бұл шығармаға ғалымдар аса қызығушылық танытпағаннан кейін, ол оны өңдеп, құрылымын өзгертуге шешім қабылдайды. Нәтижесінде «Толғаныстар» жарық көреді. Әйтсе де бұл еңбегіне де ғалымдар жылы шырай танытпайды. Бұдан соң философ дүйім жұрт ыстық ықыласпен қабылдайды деген ниетпен өз шығармасының негізгі принциптері арқау болған, оқу құралы түрінде жазылған «Философия негіздері» еңбегінде баяндайды. Зиялы қауымның, ең алдымен, ақыл-ойын дамытып, мінез-құлқын тәрбиелеу үшін даналыққа құмарлық ілімі, яғни философия қажет. Содан соң Декарт «Негіздердің» француз тіліндегі басылымына ауқымды алғы сөз жазады. Декарт Богемиялық Елизавета ханшайыммен мораль тақырыбында ұзақ уақыт хат жазысып тұрады. Осы хаттардың негізінде ол «Жанның ырықсыз күйлері туралы» ең соңғы шығармасын жазған. Өмірден шаршап, әбден қалжыраған философ Швецияда, Кристина ханшаның сарайынан пана табады. 1650 жылы 11 ақпан күні сонда дүние салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет