Емшек жасындағы балаларда тұмау мерездің жалғыз ғана клиникалық белгісі болуы мүмкін. Мұрынның кілегей қабығы ісінген, кейде эрозияланған, мұрнынан кілегей, қан және ірің аралас бөлінді байқалуы мүмкін. Бөлінді қабыршақтанып, көп мөлшерде құрғап, кейде толығымен мұрын жолдарын жауып тастайды. Емшек емген кезде бала кезеңді түрде терең дем алу үшін емшектен бас тартады. Мұрын арқылы тыныс алуы қиындаған, тынысы шулы, ысқырықты болып, баланың арықтауына алып келеді. Ұзақ уақытқа созылған тұмаурату мұрынның сүйекті-шеміршекті бөлігінің деструктивті өзгерістеріне және оның деформациясына алып келеді.
Көмейдің кілегей қабығының арнамалы зақымдалуы диффузды инфильтрация және даусының қарлығуымен, сирек жаралы ларингитпен сипатталады. Процесс шеміршекке өтсе, кейін стеноздың дамуымен шеміршектің бұзылуы, перихондрит дамиды. Маңдай аймағында диффузды инфильтрация болып, тері осы аймақта керілген, құрғақ, жылтыр, мыс реңді тұнба- эритематозды түсті болып келеді. Процесстің қабақ үсті доғаларына таралуы қабақтың сиректенуімен сипатталады. Бастың шашы сиректеніп, түседі.
Бөксенің, санның артқы бетінің, балтырдың, ұманың, жыныс еріндерінің зақымдалуы сиректеу кездеседі. Қол және аяқ саусақтарының диффузды зақымдалуы тырнақ деформацияларымен сипатталады. Дененің терісіндегі розеолезді бөртпе сиректеу болып, кейде қабыршақтанып, қосылып, балалар мен ересектердегі жүре пайда болған мерезге ұқсамайтын розеолезді бөртпеге тән емес болып келеді.
25. Остеофролликулит және фолликулит.
Остиофолликулит – шаш фолликуласының іріңді қабынуы, жиі алтын түсті стафилококкпен, сирек псевдомонозды инфекциямен шақырылады. Остиофолликулит шаш қапшығының сағасындағы 1-2 мм көлемдегі ортасында шаштың талы бар, айналасы жіңішке қызыл сіңбемен қоршалған іріңдік болып табылады. Остиофолликулиттер кейде тек тері жамылғысының шектелген жерін алып жекеленіп, кейде көп көлемді қамтып жайыла шығады; соңғы жағдайда олар көп болады. Остиофолликулит қызарудан және фолликул сағасы немесе май бездерінің аздаған ауырсынуынан басталады. Содан соң аз уақыттың ішінде ортасында іріңдігі бар, ішінде жиналған іріңдікке байланысты қабығы сарғыш түсті жартылай шеңбер не конус тәрізді томпаю пайда болады. Бірнеше күннен соң пустуланың ішіндегісі құрғап, қабыршақ түзіліп, пустула айналасындағы қабыну бәсеңсіп, процесс ізсіз немесе аз ғана пигментация түзумен аяқталады. Остеофолликулиттің периферияға тарауға бейімділігі жоқ, егер олар көп болса, олар топтасып бір-біріне жақын қосылыспай орналасады.
Кейде жекелеген остиофолликулиттер 1 см-ге дейін өседі, әдетте олардың ортасында шаштың талы болады. Бұл жағдайда жиі саусақтардың сыртқы беткейінде қотырдан соң дамитын Бокхарттың стафилококкты импетигосын атап өткен жөн.
Іріңдіктер жиі бет терісінде, мойын, иық, сирақ, сан терілерінде байқалады. Остиофолликулит көбінесе механикалық тері тітіркенуінен (қырыну, қажалу, компресс астындағы мацерация), теріге ұдайы зиянды агенттердің әсер етуінен
(керосин, бензин, қара май және т.б.) болады. Соңғы жағдайда фолликулиттер кәсіптік аурулар болып саналады, олар көп мөлшерде дамып, жиі тереңге таралады.
Фолликулит. Қабыну процессі фолликула бойымен тереңге қарай дамығанда, терінің бетінен шығып тұратын, жедел қабынған инфильтраттың білігімен қоршалған, пустула пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |