Базальды қабат



бет50/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

Мерездік лабиринтит немесе лабиринтті құлақ естімеушілік қолайлы фонда пайда болып, естудің төмендеуімен және құлағының шулауымен сипатталады. Процесс лабиринттің инфильтративті қабынуымен және есту нервтерінің екі жақты дегенерациясымен сипатталады. Бала даму барысында лабиринтитте дыбыстарды айту қиындайды немесе саңырау болады. Арнамалы лабиринтит жиі 4-5 жастан бастап 15 жасқа дейінге қыздарда кездеседі. Егер құлақтың естімеуі 4 жасқа дейін пайда болса, мылқаулыққа дейін баратын сөйлеудің қиындауы байқалады.
Тіс патологиясы (Гетчинсон тістері) Дж. Гетчинсон (1985) алғаш рет жоғарғы орталық тұрақты күрек тістердің дистрофиясын және шайнау беткейінің гипоплазиясын суреттеді. Тістердің шайнау қыры бойында жарты ай тәрізді ойықтар түзіліп, соның нәтижесінде күрек тістердің шайнайтын беттері жұқарып, тіс мойны жуандап, тістер бөшке немесе бұрауыш формалы болып келеді.
Кеш туа пайда болған мерездің ең негізгі көрінісі – сүйек жүйесінің зақымдалуы, әсіресе, үлкен жіліншіктің симметриялы – қылыш тәрізді – өзгеруі байқалады. Шын және жалған қылыш тәрізді балтырды ажыратады.
57.Аллергиялық дерматит .Аллергиялық дерматит осы затқа сезімталдығы жоғары адамдардың терісіне аллерген қайталап әсер еткенде пайда болады.
Этиологиясы. Аллергиялық дерматит сенсибилизациялық қасиеті бар химиялық заттармен шақырылады.
Мысалы: химиялық заттар хром тұзы, никель, синтетикалық смола сияқты химиялық заттар, урсол бояуы, кейбір өсімдіктер, гүлдер аллергендер болуы мүмкін. Аллергендердің үлкен тобы дәрілік заттардан тұрады: пенициллин, стрептомицин, эритромицин, нистатин, гризеофульвин, синтомицинді эмульсия, формалин, сынап, резорцин және т.б. көптеген дәрілер. Қатынасты дерматитті биологиялық факторлар қатарына жататын өсімдіктер, мысалы, солтүстік ақ көмесгүлі, шаған, балдырған, наурызгүл, сорғалдақ, сірке ағашы, туғызуы мүмкін. Зақымдану таңертеңгілік шақта жүргенде, шалғындық шөптерде демалғанда (әсіресе шомылудан кейін), шөп шауып жүргенде болады. Бұндай дерматит бірнеше адамда өсімдік тиген жерлерде (жиі қол басы мен аяқта, іште, санда, тізеде) болуы мүмкін. Серозды көбіршіктері бар эритема пайда болып, бір апта бойына орнында кейін пигментация қалдырып, жазылып кетеді. Аллергендер өсімдік қураған кезде сақталады. Жанасқан аймақта (жиі қолда) ашық ісінкі эритема көрінеді, ал оған жақын аймақ терісінде (шынтақ, иық, бет және т.б) уртикарлы бөртпелер, сиректеу ұсақ көбіршіктер, жиілеу эритематозды фонда байқалады. Қышу мен ашу сезімі мазалайды.
Патогенезі. Аллергиялық қатынасты дерматитті әдетте, төмен молекулярлы қосындылар (гаптендер) шақырады, олар толық антиген қасиетіне эпидермальді нәруызбен қосылғаннан кейін болады. Одан кейін десенсибилизирленген лимфоциттің антигендер ретінде әсерлесетін, гиперсезімталдықтың баяулаған түрі қалыптасады. 
Аллергиялық дерматиттің клиникалық көрінісі әдетте шынайы полиморфизмді болып келеді.
Қатынастық аллергиялық дерматитте, эритема,ісіну, папулезді және везукулезді элементтер аллерген әсер еткен аймақта орналасады. Жиі қол басының сырт жағында, бетте, бет ұшында, мойында; сиректеу аяқ-қолда, білекте, иықта орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет