Базальды қабат


Бет терісінде сыздауықтың ағымының ерекшелігі . Емдеуі



бет58/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

66.Бет терісінде сыздауықтың ағымының ерекшелігі . Емдеуі.
Өте ауыр асқынуы бет, әсіресе ерін, мүрын терісінде кездеседі. Олар беттегі тамырдың іріңді тромбофлебит! дамуымен, кейіннен менингит, сепсис, септикопиемия даму- ымен әр түрлі мүшелерде және тканьдерде көптеген бітеу жаралар түзілуімен сипатталады, егер дер кезінде емдемесе аурулар өліп кетуі мүмкін. Қауіпті сыздауық дамуына себептердің ішіқде сыздауықты сығу, бастапқы бөртпелерін кесіп алу және орынсыз жергілікті ем қолдануды айтуга болады. ҚауІпті сыздауықтын клиникалық көрінісі қабьіну сіңбесінің үлкеюімен жене ісік өсуімен сипатталады. Кейде ісіктің айналасын- да тромбофлебитпен зақымданған веналар катты түйін ретінде сезіледі. Ауыру сезімі күшейіп, дене қызуы 40° дейін көтеріледі де, басы ауырып, есеңгіреу байқалад.
Б м і. Сыздауықтың жерілікті емі үшін, негізінен ауру белгілеріне эсер ететін дезинфекциялық заттар қолданылады. Жа- рьілмаған сыздауықтардың үстіне таза ихтиол жағып, мақтамен таңып қою керек. Күніне 1—2 реттен жагады. Бүрын салған ихти- олды жылы сумей жуады да жарылған сыздауықтардың ортасына гипертониялық ерітіндіге малынған бүктелген дәкені немесе дезин- фекциялық майды (2% ақ сынап майы, 5% синтомицин майы) жапсырады. Оның бетіне таза дәкені клеолмен бекітеді. Сонымен бірге, қүрғақ жылылықты (грелка түрінде), соллюкс, Минин рефлекторын және УВЧ қолдануга болады. Инфекцияның таралуы және сау терінін ақжемделіп кетпеуі үшін дымқыл жылы- лықтан, әсіресе қыздыратын компрестен аулақ болу керек. Қолданган емнің әдісіне карамай, сыздауықтың айналасындағы теріні 2% салицилді немесе камфорлы спиртпен немесе 0,5% монохлорамин су ерітіңдісімен немесе мүсәтір спиртімен мүқият таза ртып отырады. Сау теріден бастап зақымданған жерге қарай сүрту керек. Моншада шомылуга, ванна, душ алуга болмайды. Сыздауықтың айналасындағы шашты қысқарту керек, бірақ қыруга болмайды. Диссеминациядан сақтану үпгін үлкен айналма таңгыштардан аулақ болу керек. Абсцеске айналған сыздауықтарға хирургиялық ем жасалады (кесу). Сыздауықты емдеуде антибиотиктерді кең қолданады. Олар кайталанудан сақтамайды, бірақ тез жазылуға септіпн тигізеді және асқынуды азайтады. Пенициллиннің физиологиялық ерітіндісін 100 000 бірліктен әр 3 сағат сайын, дюрантты препараттарды (эк- моновоциллин) күніне 600 000 бірлік немесе өзінің қанымен жалпы мөлшері 1,5—2 млн бірлікке дейін бүлшықетке салады. Жекелеген асқынбаган сыздауықта пенициллинді беру шарт емес. Тек бетіңде орналасқан асқынбаған сыздауьіқта, лимфангоит жане лимфаденитпен асқынуында пенициллин препараттарын қолдану қажет. Сульфаниламидтерді (стрептоцид, норсульфазол т. б.) күніне 2,0—3,0- тен, антибиотиктер жоқ кезде колданады. Одан басқа организмнің ауруға қарсы тұру қабілетін көтеру және рецидивінен сақтану үшін арнайы емес емді (аутогемотерапия, лактотерапия) және арнайы иммунотерапияны қосу керек: а) стафилококктық вакцина (поливаленттік немесе аутовакцина түрінде) тері астына немесе тері ішіне 0,1—0,2 мл-ден 1 мл дейін, 2—3 күн аралатып, барлыгы 8—10 егу; б) стафилококктық анатоксин (формалин қосылған, улану қасиетін жоғалтқан, бірақ ан- тигенді қасиетін сақтаған стафилококктық токсин) немесе Аг препаратын, тері асгына 0,5 мл-ден бастап, кейін 1,0—2,0 мл-ден 2—3 күн аралатып, барлығы 6—8 егу; в) стафилококктық антифа- гин — тері астына күнде 0,2 мл бастап, әр салған сайын 0,1 мл- ден көбейтіп 1 мл дейін жеткізеді, барлығы 10 егу; г) стафилофильтрат (вирусқа қарсы)— терінің ішіне, вакцина сияқты қолданады. Түрақты ауру қайтпайтын жағдайда гаммаглобулин жіберу қажет. Созылмалы фурункулезде ауруға бейімділігінің себебін табу үшін және ерекше емді белғілеу үшін ауруды мүқият тексеру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет