63.Мерездің үшінші кезеңі
Үшіншілік мерез тіптен арнамалы ем алмаған немесе дұрыстап емделмеген кейбір науқастарда пайда болады. Сонымен қатар, үшіншілік мерездің дамуына балалық шақтағы балалар, созылмалы аурулар, интоксикация, алкоголизммен ауыратын адамдар, қарт адамдар бейім болып келеді. Әдетте үшіншілік мерез 4–5 жылдан кейін, ал соңғы он жылдықтарда 8– 10 жылдан кейін, кейде жұқтырғаннан кейін ондаған жылдардан соң дамиды.
Үшіншілік мерездің активті және жасырың (латентті) түрлерін ажыратады. Тері мен кілегей қабықтардың зақымдалуы аздаған төмпешіктермен немесе гуммалармен сипатталады.Үшіншілік мерездің клиникалық көрінісі жұқпалы емес, себебі инфильтраттың түбінде орналасқан бірен-саран трепонемалар, олар ыдырағанда өледі. Алайда гранулемалар, әсіресе гуммалар, өздері орналасқан мүшелерді қысып, мүшелерді бұзып, науқастың өміріне қауіп-қатер төндіреді.
Төмпешікті сифилид терінің шектелген жерінде ассиметриялы түрде орналасады. Төмпешік жарты шар тәрізді немесе жазық, көкшіл реңді мыс-қызыл түсті, диаметрі 0,4-0,6 см, тығыз консистенциялы, айқын шекаралы болып келеді. Мерездік төмпешіктің инфильтраты құрғақ некрозға немесе жара түзілетін некрозға ұшырайды.
Мерездік гумма (гуммозды сифилид) терімен, қоршаған тінмен байланыспаған, 2-3 см және одан да үлкен тері асты шел май қабатында түзілетін, ауырсынбайтын түйін. Аздап үлкейіп, түйін терімен қосылып, қозғалғыштығынан айырылады. Ортасында түйін жұмсарып, кішкентай тесік түзіліп, одан созылыңқы, «гумма» атанған гуммиарабикты еске түсіретін, салқындау сұйықтық бөлінеді. . Гумма балтырдың алдыңғы бетінде орналасады. Сонымен қатар тізе немесе шынтақ буындарының айналасында буын маңылық
түйіндер – фиброзды гуммалар пайда болуы мүмкін.
Ауыз қуысының кілегей қабығының зақымдалуы үшіншілік мерезде гуммамен, диффузды гуммозды инфильтрациямен, төмпешікті бөртпелермен сипатталады. Ауыздың кілігей қабығы үшіншілік мерездің қандай да бір даму сатысын көрсетеді.
Гуммозды сифилид ауыз қуысының кез-келген жерінде орналасады: жиі тілде, қатты және жұмсақ таңдайда. Әдетте, бір ғана гумма пайда болады. Алдымен ауырсынатын түйін пайда болып, кейін ол үлкейіп, ашылады. Гуммозды негіз бөлініп, гуммозды жара пайда болады. Бұл процесс 3-4 айға созылып, кейде субъективті сезімдермен қосарланып жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |