Базальды қабат



бет52/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

Жалпақнемесе
жасөспірімдік сүйелдер – АПВ-3- пен шақырылып, балалар мен жасөспірімдерде жиі кездеседі. Олар тері үстінен бөлініп көрініп, түйін тәрізденіп, диаметрі 3 мм-ге дейін, жиі полигональді формалы болады. Кей жағдайларда теріден түсіне байланысты көріне бермейді, сирек жағдайларда алқызыл немесе қанығырақ түсті болып, жиі саусақтар мен бетте кездеседі. Бөртпелер көп мөлшерде бетте байқалғанда ,
жиірек еріннің қызыл жиегіне де таралады. Науқастар кейде қышынуыға шағымданады.
Алақан-табан сүйелдері – алақан мен табанда (көбіне) орналасады. АПВ-1-мен шақырылатын терең кератозды және АПВ-2 және ВПЧ-3-пен шақырылатын беткейтүрлерін
ажыратамыз. Терең кератозды түрлері ауырсынбалы ошақты, дөңгелек 1 см диаметрлі формалы болады. Сүйелдің орталық бөлігін алып тастағанда орнында ылғалды емізікше тәрізді мүйізді сақиналар қалады.
Диагноз қою оңай. Кей жағдайда қызғылт түсті және қышитын жалпақ теміреткіден ажырату қажет папулалары воск тәрізді жылтырайды, кіндік тәрізді ортасы түсіңкі күлгін-қызыл түсті және қышынуды шақырады. Ал, терінің сүйелді туберкулезінде шеткі қызғылт түсті инфильтратты ошақ болады. Соңғы уақытта ВПЧ-ны ажыратуда сигналдық амплификациялық әдіс колданылады.
Вирустың 16-шы типі 50-70% жатыр мойнының обырын шақырады.
Емі: Вирусқа қарсы жақпамайлар қолданылады: 3% оксолинді, 5% теброфенді, 0,5% бонафтонды, сонымен қатар 5% фторурацилді, 20% подофиллин ерітіндісі, 10-15% сүт және салицил қышқылы. Қатал жағдайларда интерферон күнара 1,5 млн ХБ (барлығы 6-8 рет енгізеді) ошақ ішіне енгізу көрсетілген. Криотерапия мен электрокоагуляция, ферезолмен күйдіру, солкодерм препараты жақсы әсер етеді.
Жайылмалы және қайталанбалы түрлерімен ауыратын науқастарға рекомбинантты интерферон (Интрон А) қолданудың тиімділігі көрсетілген.
60.Мерездің үшінші кезеңі. Жалпы сипаттамасы,жіктелісі.
Үшіншілік мерез тіптен арнамалы ем алмаған немесе дұрыстап емделмеген кейбір науқастарда пайда болады. Сонымен қатар, үшіншілік мерездің дамуына балалық шақтағы балалар, созылмалы аурулар, интоксикация, алкоголизммен ауыратын адамдар, қарт адамдар бейім болып келеді. Әдетте үшіншілік мерез 4–5 жылдан кейін, ал соңғы он жылдықтарда 8– 10 жылдан кейін, кейде жұқтырғаннан кейін ондаған жылдардан соң дамиды.
Үшіншілік мерездің активті және жасырың (латентті) түрлерін ажыратады. Тері мен кілегей қабықтардың зақымдалуы аздаған төмпешіктермен немесе гуммалармен сипатталады.
Үшіншілік мерездің клиникалық көрінісі жұқпалы емес, себебі инфильтраттың түбінде орналасқан бірен-саран трепонемалар, олар ыдырағанда өледі. Алайда гранулемалар, әсіресе гуммалар, өздері орналасқан мүшелерді қысып, мүшелерді бұзып, науқастың өміріне қауіп-қатер төндіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет