Базальды қабат



бет53/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

Төмпешікті сифилид терінің шектелген жерінде ассиметриялы түрде орналасады. Төмпешік жарты шар тәрізді немесе жазық, көкшіл реңді мыс-қызыл түсті, диаметрі 0,4-0,6 см, тығыз консистенциялы, айқын шекаралы болып келеді. Мерездік төмпешіктің инфильтраты құрғақ некрозға немесе жара түзілетін некрозға ұшырайды. Төмпешіктер топпен орналасып, бір-бірімен қосылмайды. Төмпешіктер ыдырағаннан кейін түзілетін жаралар, дұрыс формалы, шеттері түзу, түбі таза және тегіс, негізінде және айналасында тығыз эластикалы инфильтратпен сипатталады.
Мерездік гумма (гуммозды сифилид) терімен, қоршаған тінмен байланыспаған, 2-3 см және одан да үлкен тері асты шел май қабатында түзілетін, ауырсынбайтын түйін. Аздап үлкейіп, түйін терімен қосылып, қозғалғыштығынан айырылады. Ортасында түйін жұмсарып, кішкентай тесік түзіліп, одан созылыңқы, «гумма» атанған гуммиарабикты еске түсіретін, салқындау сұйықтық бөлінеді. Өліеттену нәтижесінде тесік үлкейіп, тығыз, түбінде шеттері жыртылып тұратын жара пайда болады. Жараның түбінде жайлап бөлінетін, кейін жара түзілетін, өлі гуммозды негізі орналасады. Гумма балтырдың алдыңғы бетінде орналасады. Сонымен қатар тізе немесе шынтақ буындарының айналасында буын маңылық
түйіндер – фиброзды гуммалар пайда болуы мүмкін. Мерездік гумманың ажырату диагностикасы скрофулодермамен, индуративті (тығыздалған) эритемаменжүргізіледі. Гуммозды сифилид ауыз қуысының кез-келген жерінде орналасады: жиі тілде, қатты және жұмсақ таңдайда. Әдетте, бір ғана гумма пайда болады. Алдымен ауырсынатын түйін пайда болып, кейін ол үлкейіп, ашылады. Гуммозды негіз бөлініп, гуммозды жара пайда болады. Бұл процесс 3-4 айға созылып, кейде субъективті сезімдермен қосарланып жүреді.
Түйінді глоссит тілде терең орналасады: тығыз эластикалық консистенциялы ауырсынбайтын түйін пайда болады.
Таралған интерстициальды глосситте тілдің гуммозды инфильтрациясы беткей орналасқанда, оның арқасында және қапталдарында орналасады.
Терең интерстициальды глоссит дәнекер тіннің кілігей асты қабатындағы және тілідң бұлшықет қабатының ішіндегі тамырлар айналасында гуммозды инфильтрация пайда болу салдарынан дамиды. Тіл мөлшері ұлғайып, ауызға симай кетеді.
. Үшіншілік мерездің диагностикасында РИФ, РИБТ нәтижелері, сонымен қатар сынамалы емнің маңызы шешуші роль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет