67.Қотырға қарсы күресті ұйымдастыру. Профилактикасы аурудың ерте диагностикасы және науқасты белсенді анықтаудан тұрады. Қатынаста болған адамдарды тексеруге, сонымен қатар прфилактикалық шара ошақты қорытынды дезинфекциялауға ерекше мән беріледі. Барлық анықталған қотырмен ауыратын науқастарға арнайы хабарлама толтырылады. Қотырмен тиімді күресудің басты шарты зақымдалған ошақта барлық науқастарды бір уақытты емдеу болыптабылады.
Қотырмен ауыратын науқастарды емдеу және дезинфекциялық шараларды жүргізу үшін эпидемиялық қолайсыз жағдайда арнайы мекеме – скабиозориялар құрады. Үй жағдайында іш киімдерді кін жуатын ұнтақ ерітіндісінде қайнатады (қайнағаннан бастап 10–15 минуттан кем емес), ал киімдерін булы ыстық үтікпен екі жағынан үтіктейді. Қайнатуға немесе жууға болмайтын заттарды дезинфекциялау үшін А – ПАР аэрозолін қолдануғаболады.
68.Қатты шанкрдың ажыратту диагнозы.Ажырату диагностикасы. Қатты шанкрдың типті түрі болса,оны ажырату қиындық келтірмейді және оған тән симптоматикаға сүйенеді.Бірақ, типті емес клиникалық көрініс болған жағдайда не асқынған шанкрлар кезінде кейбір аурулармен ажыратуға тура келеді.
Жыныс мүшелері аймағындағы жай герпесте (herpes simplex) қызғылт дақтың фонында орналасқан көпіршіктер тобы пайда болады. Олар жарылғаннан соң орнында ұсақ топтасқан эрозиялар қалады, артынша олар қосылып тұтасқан эрозияға айналады да оны біріншілік эрозивті сифиломамен ажыратуға тура келеді. Соңғысынан герпетикалық эрозия ұсақфестонды шеттерімен, эпидермис үзінділерімен, айналасындағы қабыну гиперемиясымен, негізінде тіғіздалудың жоқтығымен не аздаған тығыздалумен, ауырсыну сезімімен, бозғылт трепонемаға зерттеулердің терістігімен және регионарлы лимфадениттің болмауымен ажыратылады. Дегенмен, трепонемаға зерттеуді бұл жағдайда, жай герпестегі эрозияға ұқсас келетін герпетиформды қатты шанкрды жіберіп алмас үшін, бірнеше рет жасау қажет (қанда мерезге серологиялық зерттеумен қоса). Бұл жағдайда шанкр жайлы эрозия негізіндегі тығыздалу, субъективті сезімнің болмауы, регионарлы лимфаденит пен ең бастысы – бозғылт трепонеманың табылуы көрсетеді.
Еріндегі шанкрды жай герпеспен ажырату қажет, соңғысына мерезбен салыстырғанда бөртулердің алдында күйдіру мен қышыну сезімі болуы, эрозияның гиперемияланған сәл ісінген негізде орналасуы және шанкрда болатын нақты шеттерінің болмауы тән. Сонымен қоса, герпес кезінде эрозивті бөрпелердің алдында көпіршіктер пайда болады, ал қатты шанкр кезінде бұл процесс болмайды. Қатты шанкрмен салыстырғанда герпетикалық эрозиялар тез пайда болып, тез эпителизацияланады, онымен қоса герпес шанкрмен салыстырғанда жиі қайталамалы болады. Еске сақтайтын нәрсе, герпетикалық эрозия ұзақ уақыт ерінде тұрған жағдайда оның негізінде инфильтративті тығыздалу пайда болады, бұл оны біріншілік сифиломаның эрозиясымен ұқсас етеді.