Базальды қабат


Туа пайда болған мерезді екі кезеңге бөлуге болады: туылғаннан 3-4 айға дейін, 3-4 айдан 1 жылға дейін



бет69/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

Туа пайда болған мерезді екі кезеңге бөлуге болады: туылғаннан 3-4 айға дейін, 3-4 айдан 1 жылға дейін. Бірінші кезеңде тері және кілегей қабықтағы диффузды инфильтрациялар, көпіршіктер, сүйек жүйесінің зақымдалуы, ішкі мүшелердің зақымдалуы, және жүйке жүйесінің зақымдалуы дамиды. Екінші кезеңде мерездік өзгерістер азаяды. Тері мен кілегей қабықтарда бөртпелер шектелген, сүйектерде периоститтер мен гуммозды түзілістер, ішкі мүшелердің және жүйке жүйесінің зақымдалуы сиректеу жүреді. Екінші кезең емшек жасындағы балаларда туа пайда болған және ерте балалық шақтың мерезінің арасындағы өтпелі болып саналады.
Ерте балалық шақтың туа пайда болған мерезінде көздің зақымдалуы байқалады – хориоретинит және көз нервісінің атрофиясы болады. Кейде осы белгі туа пайда болған мерездің негізі болады. Хориоретинитте көз түбінің шеткі аймағында пигмент ұсақ тастары және дипигментация шекарасы – «тұз және
бұрыш» симптомы болады. Көру нервісінің зақымдалуы көру нервісінің дискісінің контурының анықсыздығымен және атрофияланып, көзінің көрмей қалуымен сипатталады.
Жүйке жүйесінің зақымдалуы менингит, менингоэнцефалит және гидроцефалия түрінде көрінісбереді.
Менингит шүйде бұлшықеттерінің қатаюымен (ригидтілігімен), мазасыздық, құрысудың қысқа ұстамаларымен, салданумен, көз бұршақтарының әртүрлігімен сипатталады. Менингоэнцефалит толық және жартылай салданумен сипатталады. Белгісіз мерездік менингит болуы мүмкін. Арнамалы мерездік менингиттің негізгі көрінісі жұлын сұйықтығында болуымүмкін.
Гидроцефалия жұмсақ ми қабығының қабынуының нәтижесінде пайда болатын мида су жиналу. Гидроцефалия жиі туғанда немесе өмірінің алғашқы 3-айында пайда болып, жедел және созылмалы болып бөлінеді. Бас қаңқасы ұлғайып, еңбегі керілген, көз алмасының шығыңқы болуы байқалады. Жұлын сұйықтығын зерттегенде клеткалық элементтердің және белоктың көбеюімен оң глобулинді және морфологиялық реакциялар болады.
Ерте жастағы балалардағы туа пайда болған мерез (1 – 2 жас) тері және кілегей қабықтарда аздаған мөлшерде розеолезді және папулезді элементтер және периоститтер, остеопериоститтермен жүреді. Терілік бөртпелер емшек жасындағы балаларға қарағанда көбірек болады. Папулалар эрозияланып, суланып, гипертрофияланып, ірі кандиломаларға айналады. Папулезді элементтер жиі ауыздың, бадамша бездің, тілшіктің кілегей қабығында орналасады. Ауыз бұрышындағы папулезді элементтер суланып, іріңді бөлініспен қапталып, іріңді және ашытқы инфекциялардағы тілмелерді еске түсіреді.
Арнамалы папулаларды инфильтрация жиегіне сәйкес ажыратады, ауыз қуысының кілегей қабығына өтіп, осында бозғылт трепонемалар анықталады. Көмейдің кілегей қабығында папулалар қосылып, диффузды инфильтрация түзіп, ол дауыстың қарлығуымен, афония, көмейдің стенозымен қосарланады.
Мерездік ринит емшек жасындағы балаларда сиректеу кездесіп, мұрын пердесінің атрофиялық процессімен және немесе перфорациясымен байқалады. Диффузды немесе ошақты арнамалы алопеция болуы мүмкін. Ішкі мүшелердің зақымдалуы сиректеу кездеседі. Бауыр мен талақ едәуір өзгерген болып келеді. Олардың көлемі ұлғайып, пальпацияда тығыз және ауырсынулы болып келеді. Бүйректің зақымдалулары сирек кездеседі. Зәрде белок, эпителий, цилиндрлер және эритроциттер болады. Жиі гипохромды анемия және лейкоцитоз анықталады. Патологиялық өзгерістерді эндокринді бездерде де (қалқанша маңы безі, гипофиз) анықтауға болады. Ерте балалық шақта висцероэндокринопатиялар белгісіз болады және мүшенің қызметі бұзылғаннан кейін кештеу анықталады. Остеосклероз көріністерімен болатын периоститтер және остеопериоститтер рентгендеанықталады.
Ерте туа пайда болған мерезде классикалық клиникалық белгілермен қатар клиникалық көрінісі аздау және моносимптомактика (тері мен кілегей қабаттардың зақымдалуы немесе түтікше сүйектердің немесе ішкі мүшелердің зақымдалуы) болуы мүмкін. Ерте туа пайда болған мерездің жасырың формасы айқын (манифестті) түрінен басым (К.К. Борисенко, О.К. Лосева және басқалар) болады. Диагноз РИФ және РИБТ-ның өте жоғары оң нәтижесімен дәлелденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет