Бдірәсілцызы



бет7/8
Дата06.02.2022
өлшемі186 Kb.
#54774
1   2   3   4   5   6   7   8
Құл Убайду (16ғ) «Құл Убайдуә» деген әдеби атпен танылған , түркі және парсы тілдерінде бірдей жырлаған бұл автор – Шайбани әулетінен шыққан Мауараннахр билеушісі, атақты Убайдулла хан болатын. Тарихат жолына ғұмырын арнаған сопы-хан ел басқара жүріп , муридтер тәрбиелеп , ұстаздық еткен.
16 ғасырда өмір сүрген Убайдулла ханның шығармашылығы туралы деректер Махмуд-и-Ағзам Касаридің «Рисала-и-чор кәлима» атты еңбегінде кездеседі[7.241b ] Түркі сопылық әдебиетінде өзіндік орны бар қиссасы енгізілген. «Құл Убайди» есімімен қатар автор ішінара «Фақири» деген әдеби (тахаллус) атты пайдаланған. «Убайди диуаны» өз кезінде Мауараннахр , Түркістан халқына ғана емес, Еділ бойы татарларына да кеңінен таныс болды.
Түркі танушысы Ө.Кая Шығыс түркілерінің жазба тілі мен әдебиетіне арналған зерттеу еңбегіңде Құл Убайди мен Құл Шариф шығармаларына мәтіндік талдаулар жасай отырып, сыни мәтін қалыптастыруға күш салған. 16-17 ғасырлардағы шағатай әдебиеті туындыларына тән тілдік ерекшеліктер мен тұрақты қағидаларды, қалыпты үлгілерді терең зерттеген ғалымның ғылыми айналымға ұсынған сыни мәтіндері түсініктілігімен , табиғилылығымен, түпнұсқаға жақындығымен ерекшеленеді.Аталмыш еңбекте Құл Убайдидің 28 хикметі қамтылған. «Баұырған кітабына» енбеген он екі буынды хикиеттер де осы еңбектен орын алған.
Құл Убайни туындыларынан тұтастай алғанда төмендегідей ерекшеліктер байқалады:
1.Шағатай әдебиетінің біршама қалыптасқан кезінде дүниеге келген Құл Убайдидің хикметтерінің көркемдік қолданыстары мен бейнелілік жүйесінде өзіне дейінгі хикметші ақындармен салыстырғанда едеуір өзгерістер байқалады.Автордың парсы поэзиясының әсері аңғартылатын «Бағ ара нәркис гиби», «гөзал сұлтан» , «жан зарым», «ғамги –зарым», «ишқ гулшаны», «жан риштәсі», «секілді теңеулері, «фаш етмек», «дәрду-әлам», «нигарам», «науа бәһәр» сынды қолданыстары бертінгі шағатай әдебиетінде кеңінен дамыған.
2. Даналық дәстүрден де іргесі ажырымай қоймаған Убайди хикметтерінде сондай-ақ жыраулық поэзия ықпалы біршама сезіледі.
Адам оғлы білгучі,
Қара ерге кіргучі.
Кім йахшыдыр , кім йаман-
Анда мағлұм болғучы[3.122b ] – секілді жолдар тақырыптық-сарындық аясы , теңеулік табиғаты, көркемдік әдістері, құрылымдықерекшеліктері жөнінен жыраулық үрдіспен ұштасады.
3.Ақын шығармашылығына сопылық поэзияға тән Аллаға ғашықтық , кінәлі істерге өкіну, тәубеге келу, өзін-өзі айыптау , Хақ жолында дүние қызығынан баз кешу, Жаратқаннан тек өзіне деген махаббатты тілеу секілді негізгі тақырыптар арқау болғанымен , жырлануы біршама жетілдірілген.Убайди хикметтерінің мазмұны мен тілінен түркі және парсы сопылық поэзисының күрделі синтезі сезіледі. Мұнда «қамұғ», «Тәңірі», «тамұғ» сынды көне түркілік түбірлер де , «сұм нәпсі» , «хан мен бек» дағдылы тіркестердік парсылық изафетке айналдырылған нұсқалары да (нафсе-шум, «хану-бек») кездеседі.
4. Убайдуде 7-8 буынды өлшемнің ұйқассыз түрі жиі қолданылған. Ал 16 буынды 20-хикмет ішкі ұйқасы қайталамалы, 8 буынды қос тармақтың қосындысы болып табылады. Йассауи хикметтерінен мирас болған 12 буынды, абвб гггб дддб ұйқасындағы өлшем және ғазал жанры мен өлең түрі де белсенді пайдаланылған.
5. Ақынның базбір туындылары («Ей, достларым, ашықлар...»секілді) Йассауи хикметтерін айта жырлаудың жаңа үлгілері болып табылады.
6. Мұхаммед пайғамбардың ұлы Ибрахимнің өлімі жайлы баян еткен Убайди қиссасы аруз өлшемімен жазылған мәснәуи (егіз ұйқасқа құралған қасида) болып табылады. Түркі халықтары әдебиетінде діни қисса-дастандар дәстүрі біршама қалыптасқан тұста жазылған Убайдидің аталмыш қиссасы тілінің жаттықтылығымен, баяндау әдісінің ықшамдылығымен. Сюжет сонылығымен және өлшемі тұрақтылығымен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет