Бейорганикалық


ғ 75 жұмыс. Металдардың химиялық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет19/28
Дата28.03.2020
өлшемі2,92 Mb.
#60943
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Байланысты:
PRAKTIKUM KAZ


 
ғ 75 жұмыс. Металдардың химиялық қасиеттері 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:.  мырыш, 
темір (ІІ), кадмий, қалайы (ІІ), мыс  (ІІ), күміс тұздарының 
ерітінділері, мырыш тілімдері, темір және мыс сымдары, 1 
М  мырыш  және  мыс  сульфатының  ерітінділері, 
электролиттік көпір, калий хлоридінің қаныққан ерітіндісі, 
мырыш  және  мыс  пластинасы,  гальванометр,  мыс 
сымдары,  100  мл  химиялық  стақандар,  кәрлен  табақша, 
фенолфталеин, натрий кесегі, концентрлі және сұйытылған 

 
240 
күкірт  қышқылы,  темір,  мырыш,  қорғасын,  алюминий, 
мыс,  концентрлі  және  сұйытылған  тұз  және  азот 
қышқылдары,  спирт  шамы,  калий  және  натрий 
гидроксидтерінің концентрлі ерітінділері. 
 
1.  Кернеу  қатары.  Сынауықтарға  мырыш,  темір  (ІІ), 
кадмий,  қалайы  (ІІ),  мыс    (ІІ)  және  күміс  тұздарының 
ерітінділерін  (10  тамшы)  құйып,  өз  тұзынан  басқа 
ерітінділерге  бірдей  мырыш  түйірін  салыңдар.  Мырыш 
бетінде  не  түзіледі?  Реакция  теңдеуін  иондық  түрде 
жазыңдар. 
 
Тұз  ерітінділеріне  мырыштың  орнына  тазартылған 
темір,  одан  соң  мыс  сымдарын  салыңдар.  Темір  мен  мыс 
қандай металдарды ығыстырып шығарады? 
 
Зерттелетін  металдарды  белсенділігі  бойынша 
қатарға  орналастырып,  оларды  кернеу  қатарындағы 
орнымен  салыстырыңдар.  Қандай  шамалардың  негізінде 
металдардың  белсенділік  қатарын  құруға  болады?  Е
станд
 
анықтау  принципін  түсіндіріңдер.  Оқытушы  көрсеткен 
бірнеше  металдың  активтігі  бойынша  орналасуын 
көрсетіңдер. 
2.  Гальваникалық  жұптың  түзілуі.  Құрылғы  жинап  (59 
сурет), бір стақанға 1 М мырыш сульфатын, екіншісіне 1М  
 
 
мыс  сульфатын  құйыңдар  да, 
электролит 
көпірімен 
(қаныққан 
KCІ 
ерітіндісі 
толтырылған)  жалғастырыңдар. 
Мыс 
және 
мырыш 
пластиналарын 
өздерінің 
тұздарына 
салып, 
оларды 
гальванометрмен 
жалғаңдар. 
Гальванометрдің 
көрсетуін 
бақылаңдар. 
Гальваникалық 
элементтің 
сызбанұсқасын 

 
241 
құрастырыңдар. 
Сыртқы 
тізбектегі 
электрондардың 
ауысу 
59-сурет.  
Гальваникалық элемент 
бағытын 
көрсетіңдер. 
Ерітіндіде  қандай  иондар  қай 
бағытқа қарай ауысады? 
 
Нәтижесінде  электр  тогы  пайда  болатын  берілген 
гальваникалық  элементтің  қосынды  химиялық  реакция 
теңдеуін жазыңдар. Оның э.қ.к. есептеңдер. 
3. Металдардың суға, қышқылдарға, сілтілерге әсері. 
а)Кәрлен  табақшаға  су  құйып,  оған  бір  тамшы 
фенолфталеин  ерітіндісін  құйыңдар.  Табақшаға  су 
толтырылған  сынауықтың  саңылауын  төмен  қаратып 
салыңдар  да,  оның  астына  сүзгі  қағазына  оралған 
натрийдің кішкене кесегін салыңдар. Қандай газ бөлінеді? 
Реакция теңдеуін жазыңдар. Су неліктен қызарады? 
 
Бұл  жұмыста  сүзгі  қағазына  орамай-ақ  кальцийді 
қолдануға болады. 
“Сутек”  тақырыбындағы  темірдің  сумен  әрекеттесуін 
естеріңе түсіріңдер. 
б)Концентрлі  және  сұйытылған  (1:2)  күкірт  қышқылының 
темірге, мырышқа, қорғасынға, алюминийге, мысқа әсерін 
анықтаңдар. Бұл үшін сынауыққа сәйкес металды салып, 1-
2  мл  қышқыл  құйыңдар.  Егер  реакция  суық  күйінде 
жүрмесе немесе өте баяу жүрсе сынауықты қыздырыңдар. 
Реакция өнімін байқап, сәйкес реакция теңдеуін жазыңдар. 
 
Осындай әдіспен концентрлі және сұйытылған азот 
және  тұз  қышқылдарының  аталған  металдарға  әсерін 
зерттеуге  болады.  Ұқсас  әрекеттесулер  “Бейметалдар” 
тақырыбында  жасалғандықтан,  әрбір  студент  тәжірибені 
тек бір қышқылмен жасап, ал реакция теңдеулерін барлық 
қышқылдармен жазып шығулары керек. 
в)Концентрлі  сілті  ерітіндісінің  (NaOH  немесе  KOH) 
темірге,  мырышқа,  қорғасынға,  алюминийге  және  мысқа 

 
242 
әсерін  зерттеңдер.  Сәйкес  реакция  теңдеулерін  жазып, 
кесте толтырыңдар. 
 
ғ  76 жұмыс. Металдар коррозиясы 
 
Қажетті 
құрал-жабдықтар 
мен 
реактивтер:
Сынауықтар,  магний  хлориді,  натрий  гидроксиді,  тұз 
қышқылы,  темір  шегелер,  зімпара  қағазы,  калий 
гексацианоферраты 
(ІІІ) 
ерітіндісі, 
алюминий 
пластиналары,  мыс    (ІІ)  хлориді  және  мырыш  сульфаты 
ерітінділері,  0,2  н  және  0,1  н  күкірт  қышқылы,  натрий 
хроматының  кристалдары,  уланған  және  таттанған  темір, 
азот  қышқылы,  мырыш  және  қалайы  жалатылған  темір, 
шыны таяқша.  
 
1.  Әртүрлі  электролиттердегі  темір  коррозиясы.  4 
сынауыққа  магний  хлоридін,  натрий  гидроксидін, 
сұйытылған  тұз  қышқылын  және  дистилденген  су 
құйыңдар.  Әр  сынауыққа  зімпара  қағазымен  тазартылған 
темір шеге салыңдар. 10-15 минуттан соң шегені шығарып 
алып,  олар  салынған  сұйықтыққа  Fe
2+
  ионын  анықтауға 
арналған реактивті қосыңдар (қызыл қан тұзы K
3
[Fe(CN)
6

қарқынды  көк  түс  береді).  Сәйкес  реакция  теңдеуін 
жазыңдар. 
2. 
Мырыш 
және 
қалайы 
жалатылған 
темір 
коррозиясы. 
Екі 
сынауыққа 
жартысына 
дейін 
дистилденген  су  құйыңдар  да,  әрқайсысына  2-3  тамшы 
сұйытылған 
күкірт 
қышқылын 
және 
K
3
[Fe(CN)
6

ерітіндісін  қосыңдар.  Ерітіндіні  шыны  таяқшамен 
араластырып,  біреуіне  мырыш  жалатылған  темір, 
екіншісіне  қалайы  жалатылған  темір  салыңдар.  Қай 
сынауықта  металл  пластиналардың  шеттері  көк  түске 
боялады?  Ерітіндіде  Fe
2+
  ионының  түзілу  себебін 
түсіндіріңдер.  Сутектік  деполяризациямен  Fe-Zn  және  Fe-

 
243 
Sn  гальваникалық  жұбы  әсер  еткендегі  анодты  және 
катодты 
процестердің 
теңдеулерін 
құрастырыңдар. 
Салыстыру  үшін  оттекті  деполяризациямен  Fe-Sn 
гальваникалық 
жұбының 
әсерінің 
сызбанұсқасын 
құрастырыңдар. 
3.  Қорғаныш  қабатының  ролі.  Екі  кішкене  алюминий 
пластинкасын  мыс  (ІІ)  хлориді  мен  мыс  (ІІ)  сульфаты 
ерітінділеріне  батырыңдар.  Қай  сынауықта  мыстың 
ығысқанын  байқайсыңдар.  Қандай  газ  бөлінеді?  Реакция 
теңдеулерін  жазыңдар.  Хлор  иондарының  коррозия 
процесінің жылдамдығына әсерін түсіндіріңдер. 
4. Коррозияны тежеушілердің әсері. Стақанға 10 мл 0,2 н 
күкірт қышқылын, екінші және үшінші стақанға 10 мл-ден 
0,1  н  күкірт  қышқылын  құйыңдар. Үшеуіне  де  2-3  тамшы 
қызыл қан тұзының ерітіндісін қосыңдар. Екінші стақанға 
2-3  түйір  ингибитор-натрий  хроматын  салыңдар.  Бірінші 
және  екінші  стақанға  алдын-ала  азот  қышқылына 
батырылған  темір  түйірін,  ал  үшіншісіне-таттанған  темір 
түйірін  салыңдар.  Байқалған  құбылыстарға  түсінік 
беріңдер. 
 
20. ҚАЛАЙЫ. ҚОРҒАСЫН 
 
ғ 77 жұмыс. ҚАЛАЙЫ 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:.  қалайы, 
тамшурлар,  тұз  қышқылы  (d=1,19  г/см
3
),  күкірт  қышқылы 
(d=1,84  г/см
3
),    азот  қышқылы  (d=1,4  г/см
3
),  0,1  М  темір 
(ІІІ)  хлориді,  калий  гексацианоферраты  (ІІІ),  қалайы  (ІІ) 
хлориді ерітінділері, 2 М натрий гидроксиді, 0,5 н висмут 
нитраты,  
0,5 н қалайы (ІІ) хлориді.  
1. Қалайының қышқылдармен әрекеттесуі. 

 
244 
Үш  сынауыққа  қалайы  түйірін  салып,  біріншісіне  2-4 
тамшы  концентрлі  тұз  қышқылын  (d=1,19  г/см
3
), 
екіншісіне  сондай  мөлшерде  күкірт  қышқылын  (d=1,84 
г/см
3
),  үшіншісіне  ‡  азот  қышқылын  (d=1,4  г/см
3

қосыңдар.  Осы  қышқылдармен  қалайы  суық  кезде  қалай 
әрекеттеседі?  Әр  сынауықты  қыздырып,  қыздырған  кезде 
осы  қышқылдармен  қалайының  қалай  әрекеттесетінін 
түсіндіріңдер. 
-  концентрлі  тұз  қышқылымен  қалайы  әрекеттескенде  екі 
валентті қалайы қосылысы алынатынын; 
-  концентрлі  күкірт  қышқылымен  қалайы  әрекеттескенде 
төрт валенттіге дейін тотығатынын; 

концентрлі  азот  қышқылымен  күрделі  құрамды 
xSnO
2
LyH
2

(-қалайы 
қышқылы  түзілетінін  ескере 
отырып, тотығу-тотықсыздану реакцияларын жазыңдар. 
2.  Екі  валентті  қалайының  тотықсыздандырғыштық 
қасиеті. 
1.Екі  сынауыққа  1-3  тамшы  темір  (ІІІ)  хлориді  мен  калий 
гексацианоферратын  (ІІІ)  құйыңдар.  Екі  сынауыққа  да 
бірнеше  тамшы  қалайы  (ІІ)  хлоридін  қосыңдар.  Түсінің 
өзгеруін  түсіндіріңдер.  Басқа  сынауықта  неге  түсі 
өзгермейді? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
2.Сынауыққа 2-3 тамшы қалайы (ІІ) хлоридін құйып, оған 
түзілген  тұнба  ерігенше  2  моль/л  натрий  гидроксидін 
қосыңдар.  Алынған  ерітіндіге  1-2  тамшы  висмут  тұзын 
қосыңдар.  Қара  тұнба-висмуттың  бөлінгенін  байқаңдар. 
Висмут  тұзының  сілтілік  ортада  қалайы  хлоридімен 
тотықсыздану теңдеуін жазыңдар. 
 
ғ 78 жұмыс. ҚОРҒАСЫН 
 
Денсаулыққа қауіпті!  Қорғасын қосылыстары-улы!  

 
245 
Қорғасынның  барлық  қосылыстары  улы.  Сондықтан 
тәжірибе  жасағанда  абайлаңдар  және  жұмыс  жасап 
болған соң қолдарыңды сабынмен жуыңдар. 
 
Қажетті 
құрал-жабдықтар 
мен 
реактивтер:
сынауықтар, спирт шамы, қорғасын, қорғасын (ІІ) нитраты, 
қорғасын (ІV) оксиді, жоса, сірке қышқылы, 2 н тұз, күкірт, 
азот  қышқылдары,  натрий  гидроксиді  (40%),  0,1  н  калий 
йодиді, 0,5 н қорғасын ацетаты, натрий сульфиді.  
 
1. Қорғасынның қышқылдарға әсері. 
Үш  сынауыққа  қорғасын  түйірін  салып,  әрқайсысына  5-8 
тамшы  2  н  тұз,  күкірт,  азот  қышқылдарын  құйыңдар  да, 
сынауықтарды  спирт  шамымен  қыздырыңдар.  Барлық 
сынауықта  реакция  жүре  ме?  Қандай  газ  бөлінеді? 
Ерітінділерді  суытқаннан  кейін  әр  сынауыққа  2-3  тамшы 
калий  йодидін  құйыңдар.  Осы  тәжірибенің  негізінде 
қорғасын 
қандай 
қышқылда 
ерімейтіндігі 
туралы 
қорытынды 
жасаңдар. 
Реакция 
теңдеуін 
жазып, 
қорғасынның қышқылдарға әртүрлі әсерін түсіндіріңдер. 
 
2.  Қорғасын  (ІІ)  және  (ІV)  оттекті  қосылыстарын  алу, 
олардың қасиеттері. 
1.Қорғасын  (ІІ)  нитраты  ерітіндісіне  ақ  тұнба  түскенше 
натрий хлориді ерітіндісін құйыңдар. Алынған тұнбаны екі 
сынауыққа  бөліңдер.  Бір  бөлігіне  2  М  азот  қышқылын 
құйып,  екіншісіне  2  М  сілті  ерітіндісін  құйыңдар.  Не 
байқалады?  Қорғасын  гидроксиді  диссоциациясының 
сызбанұсқасын,  қорғасын  гидроксидінің  қышқылда  және 
сілтіде  еру  реакция  теңдеулерін  жазыңдар.  Қорғасын 
гидроксидін  еріту  үшін  неліктен  тұз  немесе  күкірт 
қышқылын қолдануға болмайды? 
2.Үш  сынауық  алып,  олардың  әрқайсысына  қорғасын  (ІІ) 
оксидін, қорғасын  (ІV) оксидін, үшіншісіне жоса салыңдар 

 
246 
да,  әр  сынауыққа  3-5  мл  концентрлі  тұз  қышқылын 
құйыңдар.  Сынауықты  араластырып,  қыздырыңдар.  Не 
байқалады?  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Осы  реакцияда 
қорғасын  (ІІ)  оксиді  және  жоса  қандай  қасиеттер 
көрсетеді? 
3.PbO
2
  аздаған  мөлшерін  кәрлен  табақшаға  құйыңдар  да, 
оған  калий  гидроксидін  қосып  қыздырыңдар.  Қорғасын 
(ІV) оксидінің біртіндеп еруін бақылаңдар. 
 
3. Қорғасын тұздары және олардың қасиеттері.  
1. Қорғасын ацетатына калий йодидінің ерітіндісін құйып, 
қандай өзгеріс болатынын байқаңдар. 
Тұнбаның  жартысын  стақанға  құйып,  оған  10-15  мл  сірке 
қышқылды  ортада  су  құйып  қыздырыңдар.  Алынған 
ерітіндінің 
түсі 
қандай? 
Байқалған 
құбылысты 
түсіндіріңдер. 
2.  Қорғасын  ацетатының  сулы  ерітіндісіне  аммоний 
сульфидін  қосып,  қорғасын  сульфидін  алыңдар.  Тұнбаны 
бөліп  алып  оған  2  М  азот  қышқылын  қосыңдар.  Реакция 
теңдеуін жазыңдар. 
 
 
ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР 
 
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: қалайы (ІV) 
хлориді ерітіндісі, қалайы (ІІ) сусыз хлориді, 10% аммиак, 
Бюхнер  құйғысы,  тұз,  азот  (40-50%),  күкірт  қышқылдары 
мен натрий гидроксиді ерітінділері, хлор алатын құрылғы, 
концентрлі 
күкірт 
қышқылы 
құйылған 
Тищенко 
шынысауыты,  натрий  гидроксиді  құйылған  Тищенко 
шынысауыты, айдауға арналған құрылғы.  
 
1.(-қалайы қышқылын алу. 

 
247 
Қалайы (ІV) хлоридіне толық тұнба түскенше 10% аммиак 
ерітіндісін  қосыңдар.  Алынған  тұнбаны  хлорид  иондарын 
аластағанша  декантация  әдісімен  сумен  шайып,  Бюхнер 
құйғысында  сүзіп  алыңдар.  (-қалайы  қышқылының  суға, 
қышқылдарға және сілтілерге әсерін байқаңдар. 
 
2. (-қалайы қышқылын алу. 
0,5  г  қалайыға  40-50%  азот  қышқылын  қосып, 
қыздырыңдар.  Алынған  тұнбаны  декантация  әдісімен 
сумен  шайыңдар.  (-қалайы  қышқылының  сілтілер  мен 
қышқылдарға әсерін анықтаңдар. 
 
3. SnCІ
2
-ден SnCІ

алу. 
Сусыз  өнімді  сусыз  SnCІ
2
-ні  хлорлау  арқылы  алуға 
болады. Конус тәрізді құтыға (60 сурет) 200 г сусыз SnCІ
2
 
салып, 
 
 
60-сурет. SnCІ

алуға арналған құрылғы 
 
минутына  60-70  көпіршік  болатындай  хлор  ағынын 
(тартқыш шкафтың астында) жіберіңдер. Хлорды алдымен 
концентрлі 
күкірт 
қышқылы 
құйылған 
Тищенко 
шынысауыты арқылы жіберіңдер. Хлордың артық мөлшері 
натрий  гидроксиді  құйылған  Тищенко  шынысауытында 
жұтылады.  Реакция  қоспаның  өте  күшті  қызуымен  (70-
80
0
С)  жүреді  де,  SnCІ
2
  кристалдық  массасы  сұйықтыққа 
айналады. 

 
248 
Реакцияның аяқталғанын температураның біртіндеп 
төмендеуінен  көруге  болады.  Алынған  сұйықтықты 
айдауға  арналған  құтыға  құйып,  еріген  хлорды 
байланыстыру  үшін  қалайы  қосып,  жаймен  айдап,  112-
114
0
С қайнайтын фракцияны жинап алыңдар. 
 
 
21. АЛЮМИНИЙ 
 
ғ 79 жұмыс. Алюминийдің суға әсері 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  екі 
алюминий  пластинка,  зімпара  қағазы,  Hg(NO
3
)
2
  тұзының 
ерітіндісі. 
 
Екі  алюминий  пластинасын  алып,  зімпара  қағазымен 
мұқият  тазартып,  сумен  шайып,  құрғатыңдар.  Бір 
пластинканы  дистилденген  суға  батырып,  екіншісінің 
бетін  Hg(NO
3
)
2
  тұзының  ерітіндісімен  ылғалдаңдар.  2-3 
минуттан  кейін  пластинканың  бетіндегі  сынап  тұздарын 
аластап,  (сумен  жуып,  дистилденген  суы  бар  стаканға 
батырыңдар) не байқалатынына көңіл аударыңдар. 
Бірінші және екінші жағдайда байқалған құбылыстарды 
түсіндіріңдер.  Алюминийдің  оттекпен  және  сумен 
әрекеттесу  реакцияларын  жазыңдар.  Реакцияның  жылу 
эффектісін көрсетіңдер. 
 
 
 ғ 80 жұмыс. Алюминийдің қышқылдарға  
және сілтілерге әсері 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  алюминий 
(түйірлері,  сым  түрінде  кесілген  түрлері),  1н  және 
концентрлі  тұз,  күкірт,  азот  қышқылдары  және  натрий 

 
249 
гидроксиді. 
 
Үш  сынауыққа  3  мл  1  н  тұз,  күкірт  және  азот 
қышқылдарын  құйыңдар  да,  оған  2-3  түйір  алюминий 
түйірлерін  салыңдар.  Қай  қышқылда  реакция  шабытты 
жүретіндігін  көрсетіңдер.  Реакция  теңдеулерін  жазыңдар. 
Осы  тәжірибені  концентрлі  қышқылдармен  қайталаңдар. 
Алюминийдің  1  н  натрий  гидроксидімен  әрекеттесуін 
зерттеңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар. 
 
 
ғ 81 жұмыс. Алюминийдің пассивтенуі 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  алюминий 
пластинасы, 2 н тұз қышқылы, азот қышқылы (конц.). 
 
Алюминий пластинаны қысқышпен бекітіп 20 мл 2 н тұз 
қышқылына 
батырыңдар. 
Сутек 
бөлінуіне 
назар 
аударыңдар.  Пластинаны  ерітіндіден  шығарып,  2-3  минут 
уақытқа  20  мл  концентрлі  азот  қышқылына  салыңдар. 
Одан кейін ерітіндіден шығарып, сумен шайып, қайтадан 2 
н  тұз  қышқылына  салыңдар.  Енді  сутек  бөліне  ме? 
Байқалған 
құбылыстарды 
түсіндіріңдер. 
Реакция 
теңдеулерін жазыңдар. 
 
 
 ғ 82 жұмыс. Алюминийдің тотықсыздандырғыштық 
қасиеті (алюмотермия) 
 
Жұмыс тек тартқыш шкафта жүргізіледі! 
Жанғыш қоспаны келсаппен ұнтақтауға болмайды! 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  темір 
оксиді,  алюминий  ұнтағы,  кальций  фториді,  барий 

 
250 
пероксиді,  қышқақ  отбақыраш,  магний  жолағы,  магний 
ұнтағы, құмды жылытқыш. 
 
6  г  темір  оксиді  және  2  г  алюминий  ұнтағынан  қоспа 
дайындаңдар.  Темір  оксидін  алдын-ала  қыздыру  керек. 
Жақсы құрғатылған қышқақ отбақыраш алып, оның түбіне 
1,2  г  кальций  фториді  ұнтағын,  содан  кейін  реакциялық 
қоспаны  салыңдар.  Қоспаны  тығыздап,  сынауықтың 
көмегімен тереңдетілген ойық жасаңдар. (61-сурет). Пайда 
болған  ойықққа  зімпара  қағазымен  тазартылған  магний 
Жолағын,  содан  кейін  жанғыш  қоспаны  салыңдар. 
Жанғыш  қоспаны  9  г  барий  пероксидімен  1  г  магний 
ұнтағын  араластыру  арқылы  дайындайды.  Отбақыраштың 
үштен  бір  бөлігі  құмға  батып  тұратындай  етіп,  құрғақ 
құмы 
бар 
металл 
қыздырғышқа 
отбақырашты 
орналастырыңдар (тәжірибе тартқыш шкафта жүргізіледі). 
Магний жолағын ұзын шыны түтікке бекітілген шоқтанған 
шырпымен жандырыңдар. Не байқалады? 
 
 
Отба‡ырашты 
суыты‡дар. 
Реакцияны‡  ж‡руҢ  бҢраз  уа‡ыт‡а 
дейҢн 
басталмаса, 
отба‡ыраш‡а 
‡‡ҢлҢп 
‡арау‡а 
болмайды! 
Суыт‡аннан 
кейҢн 
отба‡ырашты 
сындырып,  одан  металл  т‡йҢрлерҢн 
алып Ұлше‡дер. Металды‡ шы‡ымын 
пайыз  есебҢмен  аны‡та‡дар.  Реакция 
те‡деулерҢн жазы‡дар. 
 
61-сурет. 
Алюмотермия 
 
 
 Алюминий тұздары және алюминаттар. 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  және  реактивтер:  калий 

 
251 
сульфаты,  алюминий  сульфаты,  алюминий  хлоридінің 
ерітіндісі, индикаторлар (лакмус, метилоранж), микроскоп, 
кәрлен табақша. 
 
1.  Алюмин-калийлі  ашудастар.  4,5  г  калий  сульфатын 
өлшеп,  17,5  мл  суда  ерітіңдер.  Басқа  стаканға  17,5  г 
алюминий сульфатын өлшеп, оған 18 мл су құйыңдар. Екі 
ерітіндіні  де  қайнағанша  қыздырыңдар.  Қыздырылған 
ерітінділерді  таяқшамен  араластыра  отырып,  бір-біріне 
құйыңдар.  Түзілген  кристалдарды  микроскоппен  қарап, 
суретін салыңдар. Олардың құрамы қандай? Қатты күйдегі 
тұздар  сулы  ерітіндіде  қандай  жағдайда  болады?  Қандай 
тұздар қос тұздар деп аталады? 
 
2.  Алюминий  тұздарының  гидролизі.  3-5  мл  алюминий 
хлориді  ерітіндісін  индикатормен  (лакмус,  метилоранж) 
тексеріңдер.  Осы  тұздың  гидролизінің  теңдеуін  жазып, 
алюминий  гидроксидінің  күші  туралы  қорытынды 
жасаңдар.  Ерітіндінің  бір  бөлігін  кәрлен  табақшада 
құрғағанша  буландырыңдар.  Тұнбаны  ерітіп,  неліктен 
барлық тұнбаның толық ерімегендігін түсіндіріңдер. 
 
ғ 83 жұмыс. Алюминий қосылыстарының 
қасиеттері. Алюминий гидроксидін алу 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  алюмин-
калийлі  ашудастар,  күкірт,  сүзгі,  метилен  көгі  немесе 
ализарин,  тұрғы,  қақпақты  отбақыраш,  алюминий 
үгінділері,  10%  аммиак  ерітіндісі,  2  н  тұз  қышқылы, 
күйдіргіш натр, аммоний гидроксиді, алюминий сульфаты, 
аммоний сульфиді ерітінділері. 
 
0,5 г алюмин-калийлі ашудасты өлшеп алып, 10 мл суық 
суда  ерітіңдер.  Алынған  ерітіндіні  60-80
0
С  температураға 

 
252 
дейін  қыздырып,  артық  мөлшерде  алынған  10%  аммиак 
ерітіндісіне  құйыңдар.  Не  байқалады?  Түзілген  тұнбаның 
құрамы  қандай?  Декантация  әдісі  бойынша,  тұнбаны 
ыстық  сумен  бірнеше  рет  жуып,  сүзіңдер.  Алюминий 
гидроксидінің  тұнбасына  тұз  қышқылының,  күйдіргіш 
натрдың,  аммоний  гидроксидінің  артық  мөлшерімен  әсер 
етіңдер.  Реакция  теңдеулерін  жазып,  электролиттік 
диссоциация теориясы тұрғысынан түсініктеме беріңдер. 
Тұнбасы бар сүзгі арқылы метилен көгі немесе боялған 
ализарин ерітіндісін жіберіңдер. Не байқалады? Адсорбция 
дегеніміз не? Басқа қандай адсорбенттерді білесіңдер? 
2  мл  алюминий  сульфаты  ерітіндісіне  3  мл  күкіртті 
аммоний  ерітіндісін  қосыңдар.  Тұнбаны  сүзіп,  сумен 
жуыңдар  да,  тұнбаның  құрамын  анықтаңдар.  Тұнбаның 
аммоний  сульфаты  емес  екендігін  қалай  дәлелдеуге 
болады? Ерітіндіде алюминий сульфаты түзілуі мүмкін бе? 
 
Күкіртті алюлминий алу және оның қасиеттері 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  кәрлен 
отбақыраш,  алюминий  үгінділері,  тұрғы,  спирт  шамы, 
қорғасын нитраты ерітіндісі, сүзгі қағаз. 
 
Кішкене  кәрлен  отбақырашқа  1-2  г  алюминий 
үгінділерін 
салып, 
қақпағын 
жауып, 
тұрғыға 
орналастырып,  тартқыш  шкафта  қатты  қыздырыңдар. 
Металға  күкірт  түйірін  салыңдар.  Егер  процесс  өте 
қарқынды  жүрсе,  жалынды  сөндіріп,  отбақырашты  суыту 
керек.  Ерітіндінің  бір  бөлігін  суға  қосыңдар.  Қандай  газ 
бөлінеді?  Бөлінген  газды  қорғасын  нитраты  ерітіндісімен 
ылғалданған  сүзгі  қағазы  арқылы  тексеріңдер.  Алюминий 
сульфидінің гидролизі қайтымды ма? Реакцияның бағытын 
көрсетіңдер.  Стандартты  энтропия  және  энтальпия 

 
253 
шамаларын  пайдалана  отырып,  изобаралық-изотермиялық 
потенциалдың шамасын есептеңдер. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет