ғ 105 жұмыс. Хром (ІІІ) қосылыстарының қасиеттері
және алынуы
Қажетті құралдар және реактивтер: сынауықтар,
аммоний дихроматы, тұрғы, спирт шамы, хром (ІІІ)
тұзының ерітіндісі, 1 н натрий гидроксиді, тұз және күкірт
қышқылдары, CrCl
3
(6Н
2
О кристаллогидраты, әмбебап
иономер немесе рН-метр, немесе индикаторлар жиынтығы,
натрий карбонаты, калий карбонаты, натрий нитраты, хром
(ІІІ) сульфаты ерітінділері.
1. Хром (ІІІ) оксидінің алынуы және оның қасиеттері.
Сынауыққа 0,3 г ұнтақталған аммоний дихроматын салып,
оны тұрғыға орнатыңдар да, реакция басталғанша
қыздырыңдар. Хром (ІІІ) оксидін алу реакциясының
теңдеуін жазыңдар.
2. Хром (ІІІ) гидроксидін алу және оның қасиеттері.
Сынауыққа 3 мл хром (ІІІ) тұзын құйып оған 1 н натрий
гидроксидінің
ерітіндісін
жасыл
тұнба
түскенше
тамызыңдар. Алынған тұнбаны екіге бөліп, біреуіне
натрий гидроксидінің артық мөлшерін құйып, тұнбаның
жасыл түсті гексагидроксохромат (ІІІ) ионын түзе ерігенін
байқаңдар. Тұнбаның екінші бөлігіне қышқыл (тұз немесе
күкірт) қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін
жазыңдар.
3 Хром (ІІІ) тұздарының және хроматтардың (ІІІ)
қасиеттері.
293
а) Гексааквахром (ІІІ) хлоридінің көк-күлгін түсті бірнеше
кристалын суда ерітіп, ерітіндінің түсін бақылаңдар.
Ерітіндіні қайнағанша қыздырыңдар да, түсінің өзгеруіне
көңіл аударыңдар.
б) Әмбебап иономер немесе рН-метр көмегімен (немесе
индикаторлар көмегімен) CrCl
3
(6Н
2
О ерітіндісінің рН-ын
өлшеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
в) Хром (ІІІ) сульфатына (немесе хлоридіне) натрий
карбонатының ерітіндісін құйып, тұнба түзілуіне көңіл
аударыңдар.
Алынған
тұнбаны
қышқылмен
әрекеттестіргенде хром (ІІІ) карбонаты түзіле ме? Реакция
теңдеуін жазыңдар.
г) Натрий гидроксидінің аз мөлшерін қолдана отырып,
тетрагидроксохромат (ІІІ) ерітіндісін дайындаңдар да, оны
қайнатыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
д) Кәрлен отбақырашта аздаған калий карбонаты мен
натрий нитратының қоспасын балқытып, балқымаға хром
(ІІІ) кристалын салыңдар. Қоспаны бірнеше минут
қыздырыңдар да, одан соң суытып, суда ерітіңдер.
Алынған ерітіндінің түсін байқаңдар. Реакция теңдеуін
жазыңдар.
ғ 106 жұмыс. Хром (VІ) қосылыстарының
қасиеттері және алынуы
Қажетті құралдар және реактивтер: стакан, сынауықтар,
калий дихроматының қаныққан ерітіндісі, мұз, концентрлі
Н
2
SО
4
, құйғы, кәрлен табақша, этил спирті, калий
йодидінің ерітіндісі, темір отбақыраш, калий карбонаты,
калий гидроксиді, калий нитраты, газ жанарғысы, сүзуге
арналған қондырғы, калий хроматы, калий дихроматының
294
ерітіндісі, натрий немесе калий гидроксидінің сұйытылған
ерітінділері, аммоний сульфидінің, натрий сульфитінің
ерітіндісі, темір (ІІ) тұзының ерітіндісі, 2 н күкірт
қышқылы, 3%-сутек пероксиді, этил эфирі, калий хроматы
немесе бихроматы ерітінділері.
1. Хром (VІ) оксидін алу және оның қасиеттері.
а) Стаканға 3-5 мл калий дихроматының қаныққан
ерітіндісін құйып, оны ішінде мұзы бар салқын суға
салыңдар. Одан соң араластырып тұрып 5-6 мл концентрлі
күкірт қышқылын қосыңдар. Хром (VІ) оксидінің ашық-
қызыл түсті кристалдары түзіледі. Ерітіндіні суытып,
тұнбаны сүзіп алыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б)Алынған хром (VІ) оксидінің (тартқыш шкафта!)
бірнеше кристалын кәрлен тостағанға салып, оған этил
спиртін қосыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
в)Хром (VІ) оксиді кристалдарының бір бөлігін суда
ерітіңдер. Алынған ерітіндіге калий йодидін қосыңдар. Не
байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Калий хроматын алу.
Темір отбақырашқа 1 г калий карбонатын және 1 г калий
гидроксидін, 1 г калий нитратын салыңдар да, қоспаны
балқығанша қыздырыңдар. Балқыманы темір сыммен
араластырып, оған 0,8 г хром (ІІІ) оксидін қосыңдар.
Қоспаны 5-10 минут бойы жанарғыда қыздырыңдар.
Суыған құйманы сумен өңдеп, сүзіп алып, ерітіндіні
кристалл қабыршағы пайда болғанша суалтыңдар. Реакция
теңдеуін жазыңдар.
3. Хроматтардың қасиеттері.
а) Калий (VІ) хроматының аздаған мөлшерін суда ерітіп,
ерітіндінің түсі өзгергенше сұйытылған күкірт қышқылын
қосыңдар. Молекулалық және қысқартылған иондық түрде
реакция теңдеуін жазыңдар.
295
б) Калий (VІ) дихроматына ерітіндінің түсі өзгергенше
натрий (немесе калий) гидроксидінің сұйытылған
ерітіндісін қосыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
в) Үш сынауыққа 2 мл күкірт қышқылымен
қышқылданған калий (VІ) дихроматының ерітіндісін
құйыңдар. Бірінші сынауыққа аммоний сульфидін,
екіншісіне натрий сульфитін, үшіншісіне темір (ІІ) тұзын
құйыңдар. Сынауықтардағы ерітінділерді қыздырыңдар.
Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
4. Хром пероксокомплексі. Сынауыққа 2 н күкірт
қышқылын, 2-3 мл сутек пероксидін, 1-2 мл этил эфирін
және бірнеше тамшы калий (VІ) хроматын немесе
дихроматын құйыңдар. Түсінің өзгергенін байқап, хром
пероксидін алу реакция теңдеуін жазыңдар.
ғ 107 жұмыс. Молибден (VІ) қосылыстары
Қажетті құралдар және реактивтер: қақпағы бар
отбақыраш, аммоний молибдатының кристалдары, газ
жанарғысы, (немесе электр плитасы, муфель пеші), 10%
сілті
және
қышқыл
ерітінділері,
2%
аммоний
молибдатының ерітіндісі, 10% азот қышқылы, концентрлі
күкірт қышқылы, 20% натрий гидроксиді, мырыш.
1. Молибден ангидридін алу және оның қасиеттері.
Аммоний молибдатының (NH
4
)
6
[Mo
7
О
24
](4Н
2
О бірнеше
кристалын отбақыраш қақпағына салып, бастапқыда
жаймен, одан соң 500
0
С-да қатты қыздырыңдар. Молибден
(VІ) оксидін алу теңдеуін жазыңдар. МоО
3
суға, 10%-ті
қышқыл және сілті ерітінділеріне әсерін зерттеңдер.
Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. "Молибден қышқылы" және молибдаттар.
296
а) 2-3 мл 2% аммоний молибдатының ерітіндісіне 2-3 мл
10% азот қышқылын құйыңдар. Молибден (VІ) оксидінің
дигидраты және моногидраты тұнбаларының немесе
молибден қышқылдарының түзілуін байқаңдар. Алынған
тұнбаны декантация әдісімен сумен шайып, екіге
бөліңдер. Тұнбаның бір бөлігіне концентрлі тұз
қышқылының артық мөлшерін құйыңдар. Тұнба МоО
2
С1
2
,
немесе Н
2
[МоО
2
С1
6
] түзе ериді. Тұнбаның екінші бөлігіне
20% натрий гидроксидінің артық мөлшерін құйыңдар.
Тұнба натрий молибдатын Nа
2
МоО
4
түзе ериді. Реакция
теңдеуін жазыңдар.
б)Стаканға 5-10 мл концентрлі НС1 құйып, оған бірнеше
тамшы аммоний молибдатын қосып, мырыш түйірін
(жойылып кеткенше бір түйірден қосып отырыңдар)
салыңдар. Сутек қарқынды түрде бөлініп, ерітіндінің түсі
түссізден жасыл түске боялып, одан соң қызыл-қоңырға
дейін өзгереді. Мо (VІ) негізгі түрі қышқылдық ортада
Н
2
[МоО
2
С1
6
] (түссіз), Мо(V) - Н[МоОС1
5
] (жасыл) Мо
(ІV)- Н
2
[МоС1
6
] (қою-жасыл) және Мо(ІІІ)-Н
3
[МоС1
6
]
немесе
Н
2
[МоС1
5
(Н
2
О)](қызыл-қоңыр)
деп
есептеп,
реакция теңдеуін жазыңдар.
ғ 108 жұмыс. Вольфрам (VІ) қосылыстары
Қажетті
құралдар
және
реактивтер:
натрий
вольфраматының қаныққан ерітіндісі, концентрлі тұз
қышқылы, су жылытқысы, 5% натрий вольфраматы,
кептіргіш шкаф, муфель пеші, 10% қышқыл және натрий
гидроксиді, 5% аммоний вольфраматы.
1. Вольфрам (VІ) оксидінің алынуы және олардың
қасиеттері. Қаныққан жылы натрий вольфраматының
ерітіндісін тамшылатып қайнап тұрған концентрлі тұз
қышқылының екі еселенген немесе үш еселенген көлеміне
297
қосыңдар. Содан кейін қоспаны 1 сағатқа қайнап тұрған су
жылытқысына қойыңдар. Сұйықты құйып алып, тұнбаны
5% Nа
2
WО
4
ерітіндісімен декантация әдісімен шайыңдар.
Тұнбаны 120
0
С кептіріп, 600
0
С қыздырыңдар. Вольфрам
(VІ) оксидінің алыну реакциясының теңдеуін жазыңдар.
Алынған тұнбаның суға және 10% қышқыл мен натрий
гидроксиді ерітіндісіне әсерін анықтаңдар. Вольфрам (VІ)
оксидінің сілтілерде еру реакциясының теңдеуін жазыңдар.
2. Вольфрам қышқылы және вольфраматтар. 5 мл 5%
натрий вольфраматы ерітіндісіне 2-3 мл концентрлі тұз
қышқылын құйып, қайнағанша қыздырыңдар. Одан кейін
шайынды сулардың рН-ы 4-5 болғанша тұнбаны сумен
шайыңдар.
Алынған
вольфрам
қышқылының
Н
2
WО
4
(WО
3
?Н
2
О) 10% қышқыл және сілті ерітінділеріне
әсерін көріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ғ 109 жұмыс. Уран (VІ) қосылыстары
Қажетті
құралдар
және
реактивтер:
стакандар,
сынауықтар, уранил нитраты, аммоний сульфидінің
ерітіндісі, калий ортофосфатының ерітіндісі, уран
нитратының ерітіндісі, электр плитасы, индикаторлар, 10%
аммиак ерітіндісі, 10% тұз қышқылы, аммоний
карбонатының қаныққан ерітіндісі.
1. Уран (VІ) қосылыстары. Уранил тұздары UO
2
2+
. Уран
нитратының сыртқы түрімен танысыңдар. 2 сынауыққа 3
мл-ден уранил нитратын құйыңдар. Біріншісіне аммоний
сульфидін, екіншісіне калий ортофосфатын қосыңдар. Не
байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Уранаттар.
а)Екі стаканға 5 мл уранил нитратын құйыңдар. Бірінші
стаканға
натрий
гидроксидінің
ерітіндісін
қосып,
Nа
2
[U
2
О
7
]L6Н
2
О тұнбасының түзілгенін байқаңдар. Екінші
стакандағы ерітіндіні 80
0
С дейін қыздырып, оған бірнеше
298
тамшы метилоранж тамызыңдар да, индикатордың түсі
өзгергенше тамшылатып 10% аммиак ерітіндісін (СО
2
-сіз)
қосыңдар.
Аммоний
диуранатының
(NH
4
)
2
[U
2
О
7
]
тұнбасының түзілу реакциясын жазыңдар.
б) Аммоний диуранатының суспензиясын екі сынауыққа
құйып, біреуіне 10% тұз қышқылын, екіншісіне аммоний
карбонатының қаныққан ерітіндісін қосыңдар. Реакция
теңдеуін жазыңдар.
29. МАРГАНЕЦ
ғ 110 жұмыс. Марганец алу және оның қасиеттерін
зерттеу
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: марганец
диоксиді (майда ұнтақталған), алюминий үгінділері,
магний жолағы, муфель пеші, кәрлен келі, отбақыраш
(шамотты).
1. Алюмотермиялық әдіспен металдық марганецті алу.
Алдын-ала майда ұнтақталған марганец (ІV) оксидінің 20 г
ұнтағын муфель пешінде 800-900
0
С температурада бір
сағат бойы қыздырыңдар. Марганец (ІV) оксидін
қыздырғанда қандай заттар түзіледі? Металдық марганецті
алу үшін, неге қыздырылмаған марганец оксидін
қолданбайды?
Қыздырылып
алынған
қоспаны
бөлме
температурасына дейін суытқаннан кейін, 8 г алюминий
ұнтағымен мұқият араластырыңдар. Қоспаны шеті құммен
қоршалған шамот отбақырашына салып (тартқыш шкаф!),
шыны таяқшамен
299
тыыздадар.
оспаа
магний
жолаын салып ойыдар (65
сурет). Жолаты айналасына жқне
стҢне тыыздап 5 г жаныш
оспа салыдар. Магний жолаын
жаып, ммкҢндҢгҢнше тартыш
шкафты
тартпасын
тезҢрек
жабыдар.
Суытаннан
кейҢн
отбаырашты
сындырып,
таза
марганецтҢ (кҢшкене бҰлҢгҢн)
бҰлҢп алып, Ұлшедер. Металды
марганец-тҢ пайызды шыымын
реакцияа.
65-сурет.
Алюмотермия
алынған марганец (ІV) оксиді бойынша есептеңдер
2. Марганецтің қасиеттері. Марганецтің кішкене бөлігін
келсаппен немесе балғамен болат келіде сындырып
алыңдар да, металдың морттығына көңіл аударыңдар.
Металл сынығының түсін анықтап, магнитпен магниттік
қасиетін тексеріңдер. Металдың суға, сілті және
сұйытылған, концентрлі тұз, күкірт, азот (суық және
қыздырғанда) ерітінділеріне әсерін анықтаңдар. Реакция
теңдеулерін жазыңдар. Металдардың кернеу қатарында
марганецтің алатын орнын көрсетіңдер?
ғ 111 жұмыс. Марганец (ІІ) қосылыстары
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: марганец
(ІІ) тұздарының ерітінділері, натрий гидроксиді, тұз және
күкірт қышқылдары (сұйыт,конц.), аммоний сульфиді,
сірке қышқылы (сұйыт.), аммиак, марганец (ІІ) сульфаты,
күміс нитраты, натрий гидрокарбонаты (10%), аммоний
тиоцианаты, калий перманганаты, аммоний персульфаты
(крист.), шыны таяқша, марганец оксалаты, сутек ағыны,
көмірқышқыл газы, марганец оксиді, спирт, қымыздық
300
қышқылы, бром суы, кәрлен ыдыс, қыздырғыш аспап,
сынауықтар, шыны таяқша, кәрлен қайықшасы, түтікті
муфель пеші, конус тәрізді құты.
1. Марганец (ІІ) гидроксиді.
а) Марганец (ІІ) тұздарынан марганец гидроксидін
алыңдар. Тұнбаның түсі қандай? Марганец гидроксидіне
ауадағы оттектің, қышқыл және сілті ерітінділерінің әсерін
зерттеңдер. Сәйкес реакция теудеулерін жазыңдар.
б) Марганец гидроксиді тұнбасына бром суының әсерін
зерттеңдер. Тұнбаның түсі өзгере ме? Қандай зат түзіледі?
Реакция теңдеулерін жазыңдар.
2. Марганец (ІІ) тұздарының қасиеттері.
а) Марганец (ІІ) тұзының ерітіндісіне аммоний немесе
натрий сульфидтерінің ерітінділерінің бірдей мөлшерлерін
құйыңдар. Түзілген тұнбаның түсін байқаңдар. Тұнбаның
бір бөлігін шыны таяқшамен ашық ауада араластырыңдар.
Тұнбада қандай өзгеріс болады? Неліктен? Тұнбаның
ерігіштігін сұйытылған тұз және сірке қышқылдарымен
зерттеңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
б) Екі сынауыққа бірдей мөлшерде аммиак ерітіндісін
құйыңдар. Бірінші сынауыққа бірнеше тамшы су, ал
екіншісіне сондай мөлшерде аммоний хлоридін қосыңдар.
Содан кейін екі сынауыққа да бірдей мөлшерде марганец
(ІІ) тұздарын қосыңдар. Аммоний хлоридінің қатысында
неліктен марганец гидроксидінің тұнбасы түзілмейтінін
түсіндіріңдер. Молекулалық және иондық түрде реакция
теңдеулерін жазыңдар.
в) Марганец (ІІ) сульфатының қышқылданған ерітіндісіне
1- 2 тамшы күміс нитратын және бірнеше түйір аммоний
персульфатын қосыңдар да қоспаны қыздырыңдар.
Ерітіндінің түсі марганецтің қандай иондарының болуына
байланысты өзгереді? Осы реакциядағы күміс нитратының
301
атқаратын ролі қандай? Реакция теңдеуін жазып, марганец
(ІІ) тұзының қасиетін сипаттаңдар.
ғ 112 жұмыс. Марганец (ІV, VІ) қосылыстарының
қасиеттерін зерттеу
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: концентрлі
күкірт, тұз қышқылдары, йод крахмалды қағаз, калий
гидроксиді, калий нитраты, марганец диоксиді, хлор суы,
сірке қышқылы, калий манганаты, спирт, барий хлоридінің
ерітіндісі.
1. Марганец (ІV, VІ) қосылыстары.
Марганец (ІV) оксидінің тотықтырғыштық қасиеттері.
Екі сынауыққа аздап құрғақ марганец диоксидін
салып, 2-3 тамшы концентрлі тұз және күкірт
қышқылдарын
құйыңдар. Әр
сынауықты
ақырын
қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Шоқтанған шырақпен,
йод крахмалды қағазбен тексеріңдер. Реакция теңдеулерін
жазыңдар.
Марганец (ІV) оксидінің тотықсыздандырғыштық
қасиеті.
Отбақырашқа
кристалдық
калий
гидроксидінің
түйірін (тек шымшуырмен алу керек!) және дәл сондай
мөлшерде натрий нитратын салыңдар. Қоспа балқығанша
отбақырашты от жалынында қыздырыңдар. Қыздыруды
жалғастыра отырып, балқымаға марганец (ІV) оксидінің аз
мөлшерін қосыңдар. Алынған құйманың түсі қандай
болады? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Құйманы келесі
тәжірибелерге сақтаңдар.
2. Марганец (VІ) қосылыстары.
1. Алдыңғы тәжірибеде алынған құйманы судың біраз
мөлшерімен шайып, мөлдір ерітіндіні құтыға құйыңдар.
Ерітіндінің түсін анықтаңдар. Бейтарап және қышқылдық
302
ортада марганецтің қандай иондары түзіледі? Реакция
теңдеулерін жазыңдар.
2. Алынған ерітіндінің суға, сірке қышқылына және хлор
суына әсерін зерттеңдер. Сәйкес реакция теңдеулерін
жазыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер.
3. 1-2 мл калий манганаты ерітіндісіне спирттің бірнеше
тамшысын тамызып, баяу қыздырыңдар. Реакция
теңдеулерін жазыңдар.
4. Калий манганаты ерітіндісінің біраз мөлшеріне толық
тұнба түскенше барий хлоридінің қаныққан ерітіндісін
қосыңдар. Оның судағы ерігіштігін тексеріңдер. Барий
және натрий манганаттары техникада қайда қолданылады?
ғ 113 жұмыс. Марганец (VІІ) қосылыстарының
қасиеттерін зерттеу
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: калий
перманганаты, концентрлі сілтілер, натрий сульфаты,
спирт, темір (ІІ) тұздары, қымыздық қышқылы, калий
бромиді ерітінділері, спирт, эфир, концентрлі күкірт
қышқылы, шыны таяқша, кәрлен табақша.
Марганец (VІІ) қосылыстары.
1. Марганец (VІІ) қосылыстарының сілітілік ортада
тотықсыздануы. Сынауыққа бірнеше тамшы концентрлі
калий перманганатының ерітіндісін құйып, аздап сілті
қосыңдар да, ерітіндінің түсі өзгергенше қоспаға натрий
сульфитін құйыңдар. Байқалған құбылысты сипаттап,
қандай қосылыс тұнбаға түсетінін анықтаңдар. Реакция
теңдеуін жазыңдар.
2. Марганец (VІІ) қосылыстарының бейтарап ортада
тотықсыздануы.
Калий перманганаты ерітіндісіне 2-3 тамшы этил
спиртін қосып, ерітіндіні қыздырыңдар. Өзіне тән иісі
бойынша сірке альдегидінің түзілгендігін байқаңдар. Біраз
303
уақыт өткен соң тұнба түскенін көруге болады. Тұнбаға
қандай зат түсті? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
3. Марганец (VІІ) қосылыстарының қышқылдық
ортада
тотықсыздануы.
Үш
сынауыққа
күкірт
қышқылымен қышқылданған калий перманганатының
ерітіндісін құйыңдар да, одан кейін әр сынауыққа темір (ІІ)
тұзының, натрий сульфитінің, қымыздық қышқылдарының
ерітінділерінің бірнеше тамшысын құйыңдар. Қымыздық
қышқылының ерітіндісі бар сынауықты қыздырыңдар.
Байқалған құбылыстарды сипаттап, түсіндіріңдер.
4. Орта қышқылдығының калий перманганатымен
тотығу жылдамдығына әсерін зерттеу. Екі сынауыққа
калий бромидінің бірдей мөлшерін (2-3 мл) құйыңдар да,
біріншісіне сұйытылған күкірт қышқылын, ал екіншісіне
сондай мөлшерде сірке қышқылын қосыңдар. Содан кейін
әр сынауыққа 10-20 тамшыдан калий перманганатының
ерітіндісін тамызыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді?
Неліктен? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
5. Марганец (VІІ) оксиді (топ болып жасалатын
тәжірибе).
Калий перманганатының бірнеше кристалын алдын-ала
мұқият ұнтақтап, кішкене кәрлен ыдысқа салыңдар.
Ұнтаққа 96% күкірт қышқылының бірнеше тамшысын
тамызып, (тартқыш шкафта жасаңдар, концентрлі күкірт
қышқылымен жұмыс істегенде қауіпсіздікті сақтау керек)
түзілген майлы сұйықтықтың түсін анықтаңдар. Реакция
теңдеулерін жазыңдар.
6. Марганец (VІІ) оксидінің жанғыш органикалық
заттарға (эфир, спирт) әсерін зерттеу.
Шыны таяқшаның ұшын дайындалған қоспаға батырып,
оны кәрлен табақшаға құйылған этил эфиріне (спиртке)
тигізіңдер. Неге өздігінен жану байқалады? Осыдан қандай
заттар түзіледі? Марганец (VІІ) оксидін қыздырғанда не
байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
304
ғ 114 жұмыс. Марганецтің тотығу дәрежелерінің
реакция ортасына тәуелділігін және марганецтің
тотығу дәрежесінің қышқылдық ортада өзгеруін
зерттеу
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: марганец
диоксиді, калий хлораты, азот қышқылы (сұйыт), сілті
ерітіндісі, марганец (ІІ) тұздарының ерітінділері, натрий
сульфитінің кристалдары, темір купоросы (FeSO
4
.
7H
2
O),
күкіртсутек ерітіндісі, натрий сульфиді ерітіндісі, шыны
таяқша, асбест торы.
Достарыңызбен бөлісу: |