1. Марганецтің реакция ортасына байланысты
тотығуы. Төрт сынауыққа немесе қағазға бөлек-бөлек
төрт тамшы калий перманганаты ерітіндісін тамызыңдар.
Бірінші тамшыға ешнәрсе қоспай салыстыру үшін
қалдырыңдар. Екіншісіне су (бейтарап орта), үшіншісіне
қышқыл (қышқылдық орта), төртіншісіне сілті тамызыңдар
(сілтілік орта). Екінші, үшінші, төртінші сынауықтарға
тотықсыздандырғыштар,
мысалы
натрий
сульфиті
кристалдарын Na
2
SO
3
қосыңдар (үш жағдайда да сульфит
сульфатқа дейін тотығады). Бейтарап ортада сульфаттан
басқа марганец диоксиді және сілті, қышқылдық ортада
марганец екі валентті тұзы, калий тұзы және су,
төртіншісінде манганат және су түзіледі. Реакция
теңдеулерін жазып, ерітінділердің түстерін белгілеңдер.
2. Екі валентті марганецтің төрт валенттіге дейін
тотығуы.
Сынауыққа
қайтадан аз мөлшерде марганец (ІІ)
гидроксидін дайындап, оны жақсылап араластырып,
тұрғыға бекітіңдер. Біраз уақыт өткеннен кейін марганец
(ІІ) гидроксидінің ылғал мен ауадағы оттекпен жанасқан
305
жерінде
марганец
(ІV)
гидроксидінің
түзілгенін
бақылаңдар. Реакция теңдеулерін жазып, ерітіндінің
түстерін белгілеңдер.
3.Төрт валентті марганецтің алты валенттіге тотығуы.
Қағазға
марганец
диоксидін
дайындап
алыңдар.
Отбақыраш қақпағына немесе құрғақ сынауыққа бертолле
тұзының (KClO
3
) кішкене бөлігін және сілті түйірін
(сілтіні қолмен емес шымшуырмен алыңдар) салыңдар.
Қоспаны балқығанша қыздырып, балқытылған массаға
дайындап қойылған марганец диоксидін себелеңіздер де,
тағы да жасыл түс пайда болғанша қыздырыңдар. Реакция
нәтижесінде манганат, хлорид және су алынады. Реакция
теңдеулерін жазып, ерітіндінің түсін белгілеңдер.
4. Екі валентті марганецтің жеті валенттікке дейін
тотығуы.
Сынауыққа бір-екі тамшы екі валентті марганец
тұзының ерітіндісін тамызып, үстінен сұйытылған азот
қышқылының артық мөлшерін құйыңдар. Содан кейін оған
NaBіO
3
кішкене бөлігін салыңдар. Сия түсті марганец
қышқылы HMnO
4
түзіледі. Бұл реакция Mn
2+
катионын
анықтауға
арналған.
Реакция
теңдеулерін
жазып,
коэффициенттерін қойыңдар.
5.
Әртүрлі
заттардың
қышқылдық
ортада
перманганатпен тотығуы.
а) Сынауыққа немесе қағазға, не болмаса шыныға бөлек-
бөлек үш тамшы калий перманганатын тамызыңдар да,
оларды күкірт қышқылымен қышқылдандырып, бірінші
сынауыққа темір купоросының кристалын, екіншісіне
калий иодидін салып, үшінші сынауыққа күкіртсутек
немесе натрий сульфиді ерітіндісін қосыңдар. Реакция
теңдеулерін жазып, коэффициенттерін қойып, ерітінді
түстерін белгілеңдер.
б) Сұйытылған күкірт қышқылы және мырыш немесе
магний бар сынауыққа (сутек түзілу реакциясы қарқынды
306
жүргенде) калий перманганатының біраз мөлшерін
қосыңдар. Металл маңайындағы ерітінді түсінің өзгеруін
біраз уақыт күтіңдер. “Бөлінген сәттегі” сутектің
қышқылдық ортада калий перманганатымен әрекеттесу
реакциясын жазыңдар. KMnO
4
+H
2
+H
2
SO
4
= (мырыш тек
қышқылдан сутек алу үшін ғана енгізілгендіктен, реакция
теңдеуіне жазылмайды).
6.
Өздігінен
тотығу.
Асбест
торына
калий
перманаганатының біраз кристалын салып, құрғақ шыны
таяқшаның көмегімен перманганат кристалына концентрлі
күкірт қышқылы тамшысын құйыңдар (таяқшаны қағазбен
сүртіңіздер).
Дәл
осылайша
күкірт
қышқылымен
ылғалданған кристалға таяқша немесе тамшуырмен спирт
тамшысын тамызыңдар. Реакция бірнеше сатыда жүреді:
1) перманганат пен күкірт қышқылы арасында алмасу
реакциясы;
2) алынған марганец қышқылының ангидрид пен суға
ыдырауы;
3) марганец ангидридінің марганец диоксиді мен оттекке
ыдырауы.
7. Марганец диоксиді - катализатор. Сынауыққа сутек
пероксидін құйып, оған марганец диоксидін салыңдар да,
шоқтанған шырақпен тексеріп көріңдер. Өзгеріс байқала
ма?
ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР
1. Марганецті анодты тотықтыру арқылы калий
перманганатын алу
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: калий
карбонатының қаныққан ерітіндісі, натрий оксалатының
307
кристалдары, сұйытылған күкірт қышқылы, электролизер,
құрғақ конус тәрізді құтылар, қымыздық қышқылы.
Электролиз үшін аспап жинаңдар (66-сурет). Катод
ретінде темір сымдарын қолданып, кеуекті сазды ыдысқа
орналастырады, ал анод ретінде алюмотермиялық
жолмен алынған марганец түйірі қолданылады. Ол
жіңішке
платина
сымымен
бекітілген
(анодтағы
электролит).
Электролизерге 200 мл 0
0
С
температурада
анытырылан
калий
карбонаты
ерҢтҢндҢсҢн
Ғйыдар да, электродтарды
реостат
жқне
амперметр
арылы 36 В кернеудегҢ
тҒраты
ток
кҰзҢне
осыдар. ЖҒмыс кезҢнде
астауша температурасын 50-
60
0
С аралыында Ғстап тҒру
керек. ЭлектролиздҢ 1 ампер
ток кшҢмен 30 минут
уаыт
аралыында
жргҢзедҢ.
66-сурет. Электролизер
Анод кеңістігінде ерітінді бояуы өзгере ме? Неліктен?
Электрохимиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.
Аналитикалық таразыда натрий оксалатын өлшеп алып
екі құрғақ конус тәрізді құтыға (сыйымдылығы 250 мл)
салып, сұйытылған күкірт қышқылын қосыңдар, оған
тамшуырмен калий перманганаты ерітіндісін құйыңдар да
жақсылап араластырыңдар. Байқалған құбылыстарды
сипаттаңдар. Қымыздық қышқылының артық мөлшерін
белгілі
концентрациядағы
калий
перманганаты
ерітіндісімен
титрлеңдер.
Түзілген
калий
308
перманганатының мөлшерін және ток бойынша шығымын
есептеңдер.
Калий
перманганатының
қасиеттерін
зерттеңдер.
2. Марганец (ІІ) тұздарының қасиеттері.
1. Кәрлен ыдысқа 1 г қымыздық қышқылды марганец
салып, толық сусызданғанға (температурасы 200
0
С-тан
аспауы керек) дейін қыздырыңдар. Содан кейін тұзды
кәрлен қайықшаға ауыстырып, құрғақ сутек ағынын жібере
отырып,
түтікті
пеште
300-400
0
С
температурада
қыздырыңдар. Алдын-ала аспаптың герметикалығын,
сутектің тазалығын тексеріп алыңдар. Бірнеше уақыт
өткеннен кейін пештен шығып жатқан сутек құрамындағы
көмір қышқыл газын тексеріңдер. Сутек құрамындағы СО
2
мөлшері жойылғанда, пешті сөндіріп, алынған газды сутек
ағынында суытыңдар. Қандай зат түзіледі? Алынған затқа
ауадағы оттектің әсерін зерттеңдер. Реакция теңдеуін
жазыңдар.
3. Марганец (ІІ) карбонаты. Сыйымдылығы 50 мл конус
тәрізді құтыға 10% 10 мл натрий гидрокарбонатын құйып,
оған алдын-ала 50
0
С температураға дейін қыздырылған
10% марганец (ІІ) нитратының (сусыз тұзға есетегенде)
эквиваленттік мөлшерін қосыңдар. Тұнбасы бар сұйықты
ақырын араластыра отырып, толық қаныққанға дейін көмір
қышқыл газын жіберіңдер де, құтыны тығынмен
бекітіңдер. Тұнба толық коагуляцияға ұшырағанда, оны
көмір қышқыл газымен қанықтырылған суық хлор суымен
декантация әдісімен жуыңдар. Натрий нитратының толық
жойылғандығын дифениламинмен тексеріңдер. Содан
кейін тұнбаны Бюхнер құйғысымен бөліп алып, кең шыны
түтіктегі сүзгіге орналастырып, 70-80
0
С температурада
көмір қышқыл газы ағынында құрғатыңдар. Ол үшін
асбестен термометр орналастыратын тесігі бар муфта
309
дайындау керек (67-сурет). Муфтаны шыны түтікке
кигізіп, тесік арқылы термометрді
орналастырып,
сыммен
бекҢтҢдер. Алынан затты
суы судаы ерҢгҢштҢгҢн
зерттедер.
Марганец
(ҚҚ)
карбонатыны ауадаы оттекке
қсерҢн зерттедер, тҒнбаны
бҢр
бҰлҢгҢн
сумен
айнатыдар.
Байалан
Ғбылыстарды
су-реттедер.
Марганец
(ҚҚ)
карбо-натын
тҒндыру
шҢн
нелҢктен
кқдҢмгҢ натрий карбонатын
67-сурет. Термометрге
арналған муфта.
қолданбайды? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
4.
Марганец
(ІІ)
хлоридінің
тетрагидраты
(MnCl
2
.
4H
2
O).
Кәрлен ыдысқа (тартқыш шкафта!) 25 мл 36% тұз
қышқылын құйып, оған ақырын араластыра отырып,
ұнтақталған 2,5 г марганец (ІІ) оксидін салыңдар.
Реакцияны аяқтау үшін, қоспасы бар ыдысты су
жылытқысында
қыздырыңдар.
Содан
кейін
салқындатылған ерітіндіні асбест мақтасы арқылы сүзіп,
кәрлен табақшаға құйып, су жылытқысында құрғағанша
буландырыңдар.
Түзілген марганец хлоридінің кристалогидратының
құрамында судың қанша молекуласы бар?
Құрғақ қалдықты 200
0
С-ға дейін қыздырыңдар.
Неліктен? Алынған заттың түсіне көңіл аударыңдар. Масса
суығанда, оны сумен шайып, ерітіндіні механикалық
қоспалардан тазарту мақсатында сүзіңдер.
Ерітіндіні 50-60
0
С температураға дейін қыздырып,
темір иондары (аммоний тиоцианатымен) жойылып
310
кеткенше аз-аздан марганец карбонатын қосыңдар.
Түзілген темір гидроксиді тұнбасын бөліп алып, сүзіндіні
алғашқы кристалдар пайда болғанша буландырып, оны
келесі тәулікке дейін қалдырып қойыңдар. Түзілген
кристалдарды Бюхнер құйғысымен сорып, ылғал күйінде
ықпаланған тығыны бар ыдысқа салыңдар. Еріген затты
айырып
алғаннан
кейінгі
сұйықтықты
тағы
да
буландырыңдар. Марганец хлоридінің судағы және
спирттегі ерігіштігін зерттеңдер. Оның ауадағы оттекке
әсерін анықтаңдар. Алынған заттың марганец (ІІ) тұзы
екендігін дәлелдеңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
5. Сусыз марганец (ІІ) хлориді. Марганец хлориді
тетрагидратының аздаған бөлігін кәрлен табақшаға салып
60
0
С температурада қыздырыңдар. Кристаллизацияланған
суда тұздың балқуын зерттеңдер. MnCl
2
.
4H
2
O қандай
температурада балқиды? Мұнда қандай кристаллогидрат
түзіледі? Сусыздандырылған тұзды қайықшаға салып,
түтікті пеште құрғақ сутек хлориді ағынында 700
0
С
температурада 1 сағат бойы қыздырыңдар. Пешті көлбеу
орналастырып, түтік ұшына аллонж және қабылдағышты
қосып қойыңдар. Алғашқыда қабылдағышта сұйықтық
бөлінуі мүмкін (қандай?). Ондай жағдайда қабылдағышты
ауыстыру қажет. 150
0
С температураға дейін қыздырылып,
балқытылған сусыз марганец (ІІ) хлоридін келіде ұнтақтап,
ықпаланған тығыны бар ыдысқа салыңдар. Марганец
хлоридінің судағы және спирттегі ерігіштігін зерттеңдер.
Оның ылғал қатысындағы ауадағы оттекке әсерін
тексеріңдер. Зерттеліп отырған заттың марганец (ІІ) тұзы
екендігін дәлелдеңдер. Теория бойынша шығымын
есептеңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
6. Марганец (ІІ) оксалаты.
60
0
С температурада калий перманганаты (5 мл) және
қымыздық қышқылының (7,5 мл) қаныққан ерітінділерін
311
дайындаңдар. Қымыздық қышқылының ерітіндісін құтыға
құйып, сірке қышқылымен қышқылдап, оған калий
перманганатын қосыңдар. Байқалған құбылыстарды
суреттеңдер. Құтыны тығынмен жауып, саңылауы бар
жеріне таяқшамен жабылған каучук түтік кигізіп
қойыңдар. Тұнба коагуляцияға ұшырағанда шығатын
саңылаудан тұнбаның бетіндегі сұйықтықты ақырын төгіп
тастаңдар. Содан кейін көлемі бойынша үш есе
дистилденген су құйып, араластырып, қайтадан тығынмен
жауып қойыңдар. Осылайша декантация әдісімен тұнбаны
үш рет шайыңдар. Жуылған тұнбаны Бюхнер құйғысында
бөліп алып, 100
0
С-қа дейінгі температурада құрғатыңдар.
Тұздың судағы және спирттегі ерігіштігін зерттеңдер.
Тұздың оттекке әсерін бақылаңдар. Ауа жібермей
қыздырған кездегі тұздың тұрақтылығы қандай? Теория
бойынша шығымын есептеңдер. Реакция теңдеулерін
жазыңдар.
7. Марганец (ІІ) нитраты.
10 мл HNO
3
(d=1,2 г/см
3
) ерітіндісіне 5 г марганец (ІІ)
карбонатын қосыңдар (тұздың бір бөлігі ерімей қалуы
керек). Түзілген тұнбаны сүзіп алыңдар. Ерітіндіні азот
қышқылымен аздап қышқылдап, 60-70
0
С температурада
буландырып, салқын жерге түнге қалдырып қойыңдар.
Одан кейін түскен кристалдарды Бюхнер құйғысында
бөліп, ықпаланған тығыны бар ыдысқа салыңдар. Тұздың
суда және спиртте ерігіштігін тексеріңдер. Кристалдардың
формаларын микроскоппен көріңдер. Теория бойынша
шығымын есептеңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
30. ТЕМІР. КОБАЛЬТ. НИКЕЛЬ
Абайлаңдар! Сұйық броммен жұмысты тартқыш
шкафта жүргізу қажет. Ол теріні қатты күйдіреді және
312
оның булары улы. Төгілген бромды залалсыздандыру үшін
әрқашан стаканға концентрациясы 1 моль/л шамасында
натрий тиосульфатының ерітіндісін дайындап қою
қажет.
Ескерту. Оқытушының көрсетуі бойынша студент
тәжірибені металдардың біреуімен орындауы қажет.
Қажетті құрал жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар,
спирт жанарғысы, темір (сым немесе шеге үгінділері),
кобальт және никель жоңқалары, 2 н күкірт қышқылы,
концентрлі күкірт қышқылы ((=1,84 г/см
3
), 2 н тұз
қышқылы, концентрлі тұз қышқылы ((=1,19 г/см
3
), 2 н азот
қышқылы, концентрлі азот қышқылы ((=1,4 г/см
3
), 0,5 н
кобальт (ІІ) тұзының, 0,5 н никель тұзының ерітінділері,
40% және 2 н натрий гидроксиді, 0,5 н қаныққан кобальт
хлориді ерітіндісі, 0,5 н никель сульфаты , бром суы, 70%
күкірт қышқылы.
ғ 115 жұмыс. Металдардың қышқылдармен әрекеттесуі
Сынауықтарға жеке-жеке темір (кобальт немесе
никель) үгінділерін салып, сұйытылған (2 н) және
концентрлі азот, күкірт, тұз қышқылдарын құйыңдар.
Суықта реакция жүрмеген сынауықтарды қыздыру қажет.
Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар. Ерітінділер
қандай түске боялады? Концентрлі азот және күкірт
қышқылдарының суықта және қыздырғанда әрекеттесу
айырмашылықтарын қалай түсіндіруге болады?
Fe, Co, Nі элементтерінің жалпы қасиеттерін
сипаттаңдар. Өздеріңнің байқауларыңның нәтижесінде
элементтен элементке ауысқанда қасиеттерінің өзгеруінің
қандай тенденцияларын көрсете аласыңдар?
ғ 116 жұмыс. Элементтердің гидроксидтерін алу
және олардың қасиеттері
313
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар,
0,5 н никель (ІІ), темір (ІІ) және (ІІІ), кобальт (ІІ)
тұздарының ерітінділері, 40% және 2 н натрий гидроксиді,
сұйытылған
және
концентрлі
тұз
қышқылының
ерітінділері, бром суы.
1.
Элементтердің
(ІІ)
гидроксидтері.
Жаңадан
дайындалған темір (ІІ) сульфаты, кобальт (ІІ), никель (ІІ)
тұздарының ерітінділері құйылған сынауықтарға сілті
ерітінділерін құя отырып, темір, кобальт және никель
гидроксидтерінің тұнбаларын алыңдар.
Тұнбалардың
түстері қандай? Ауада қалай
өзгереді? Ауадағы оттекпен темір (ІІ), кобальт (ІІ) және
никель (ІІ) гидроксидтерінің әртүрлі қатынастарын қалай
түсіндіруге болады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Элементтердің (ІІ) гидроксидтерінің сұйытылған
тұз қышқылына және сілті ерітіндісінің артық мөлшеріне
қатынасын анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Темір
(ІІ), кобальт (ІІ) және никель (ІІ) гидроксидтерінің
қасиеттері қандай?
2. Элементтердің (ІІІ) гидроксидтері. Екі сынауыққа 5-6
тамшы темір (ІІІ) хлоридінің ерітінділерін құйып, оған 3-
4 тамшы 2 н сілті ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады?
Бір сынауыққа сұйытылған қышқыл ерітіндісін
қосып, ал екінші сынауықта тұнбаның сілтіде еруін
бақылаңдар.
1-2 мл кобальт (ІІ) хлоридіне, никель сульфатына 5-
7 мл бром суын, содан соң натрий гидроксиді ерітіндісін
қосыңдар. Қандай өзгеріс болады?
Тұнба бетіндегі сұйықты мүмкіндінше толық төгіп,
содан соң 2 мл концентрлі тұз қышқылын (тартқыш
шкафта), сілті құйып, қыздырыңдар. Не байқалады?
Реакция теңдеуін жазыңдар. Темір (ІІ) және темір (ІІІ)
гидроксидтерінің қайсысының негіздік қасиеті басым және
314
оны қалай түсіндіруге болады? Неліктен кобальт (ІІІ),
никель (ІІІ) гидроксидтерінің алыну тәсілдерінің темір (ІІІ)
гидроксидтерін алу тәсілінен айырмашылығы бар? Темір,
никель
және
кобальт
гидроксидтерінің
тотығу
дәрежелеріне байланысты қышқылдық-негіздік қасиеттері
қалай өзгереді?
Ескерту. Темір үшін сұйытылған H
2
SO
4
70%-тен
артық болмау керек.
ғ 117 жұмыс. Темір, кобальт және никель қосылыстары
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: әмбебап
иономер немесе рН -метр, 2 н натрий карбонаты, 0,5 н
жаңадан дайындалған темір (ІІ) сульфатының немесе Мор
тұзының ерітінділері, калий (ІІІ) гексацианоферраты, тұз
қышқылы, темір (ІІ) тұздары, темір (ІІ) хлориді, аммоний
сульфиді,
калий
гексацианоферраты
(ІІ),
кобальт
сульфаты, натрий сульфиді, никель (ІІ) тұздары, калий
гидроксиді (құрамында көмір қышқылының тұздары жоқ
кристалдар), бром суы, 1 н барий хлориді, күкіртсутекті су,
кобальт хлориді, 2 н аммиак ерітіндісі, диметилглиоксим
(сулы-спиртті ерітінді), концентрлі хлорсутек қышқылы,
0,1 н калий перманганаты.
1. Темір (ІІ) тұздарының қасиеттері.
1. Әмбебап иономер көмегімен темір (ІІ) сульфаты
ерітіндісінің рН-ын анықтаңдар. Гидролиз реакциясының
теңдеуін жазыңдар. Оған натрий карбонатының ерітіндісін
құйыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазып,
алынған нәтижелерді түсіндіріңдер.
2. Мор тұзы ерітіндісіне калий гексацианоферрат (ІІІ)
(қызыл қан тұзын) ерітіндісін құйыңдар. Не алынады?
Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл реакция не үшін
қолданылады?
315
3. Күкірт қышқылымен қышқылданған темір (ІІ) тұзы
ерітіндісіне калий перманганатының ерітіндісін қосыңдар.
Не байқалады? Темір (ІІ) тұздарының калий
перманганатымен және дихроматымен әрекеттесу реакция
теңдеулерін жазыңдар.
Темір
(ІІ)
қосылыстарының
тотықтырғыш-
тотықсыздандырғыш қабілеттері туралы қорытынды
жасаңдар. Темір (ІІ) тұздары хлор, бром, иод суларымен
тотыға
ма
(стандартты
тотығу-тотықсыздану
потенциалының мәндерін қараңдар)?
2. Темір (ІІІ) тұздарының қасиеттері.
1. Әмбебап иономер көмегімен темір (ІІІ) хлоридінің
ерітіндісінің рН-ын анықтаңдар. Осы тұздың гидролизінің
реакциясын жазыңдар. Темір (ІІ) сульфаты немесе темір
(ІІІ) сульфаты тұздарының қайсысы ерітінділерде жақсы
гидролизденеді?
2. Темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне натрий карбонаты
ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнбаның құрамы қандай?
Реакция теңдеуін жазыңдар.
3. Темір
(ІІІ)
хлоридінің
ерітіндісіне
аммоний
сульфидінің ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция
теңдеуін жазыңдар.
4. Темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне калий гексацианоферрат
(ІІ) ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін
жазыңдар. Бұл реакциялар не үшін қолданылады?
Темір (ІІІ) хлориді натрий сульфиді және калий
иодидімен қалай әрекеттеседі? Реакция теңдеулерін
жазыңдар. Натрий ферратын қалай алуға болады?
3. Фераттардың қасиеттері және алынуы.
1. Сынауыққа ұнтақталған калий гидроксидінің аз
мөлшерін (құрамында карбонаты жоқ) салып, оған 3-5
тамшы темір (ІІІ) хлориді және 2-3 тамшы бром қосып
қыздырыңдар.
Түзілген
калий
ферратының
түсін
316
белгілеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған қоспаға
су қосып, ерітіндіні 3 сынауыққа бөліңдер.
2. Калий ферраты ерітіндісіне тұнба түзілгенше барий
хлориді ерітіндісін қосыңдар. Тұнбаның құрамы қандай?
3. Калий
ферраты ерітіндісіне күкіртсутек суын
қосыңдар.
4. Калий ферраты ерітіндісіне 2 н Н
2
SО
4
қосыңдар. Не
байқалады?
Барлық
келтірілген
реакциялардың
теңдеулерін
жазыңдар. Темір (VІ) қосылыстарына қандай қасиеттер
тән?
4. Кобальт (ІІ) тұздарының қасиеттері.
1. Сынауыққа
сусыз
кобальт
(ІІ)
хлориді
кристалдарының аз мөлшерін салып, оны ылғалдаңдар.
Түсі қалай өзгереді? Оған концентрлі хлорсутек
қышқылын қосыңдар. Ерітіндінің түсі қандай?
2. Кобальт (ІІ) сульфаты ерітіндісі бар бірінші
сынауыққа күкіртсутекті су, ал екіншісіне натрий сульфиді
ерітіндісін қосыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |