Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»



бет23/32
Дата08.02.2022
өлшемі301,16 Kb.
#119190
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Байланысты:
Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»

Дәріс 22
1. Құқық нормаларын қолдану – оларды іске асырудың ерекше нысаны ретінде.
2.Заңдарға (құқық нормаларына) түсінік беру.
3. Құқық және заң аналогиясы.

Құқықты қолдану бірнеше сатыдан тұрады:


1) Істің нақтылы мән-жайларын анықтау;
2) істің заңдық негізін анықтау;
3) құқықтық норманы қолдану арқылы шешім кабылдау;
4) шешімді жүзеге асыру.
Бірінші сатыда заңды айғақтар және заңды құрам анықталуы тиіс. Олар – басты айғақ немесе басты айғақты анықтайтындар. Осы айғақтар заң бойынша істі тиісті түрде, заңды жолмен шешуге жеткілікті болуы қажет. Кейде анықталынатын мән-жайлардың көлемі заңда арнайы көрсетіліп белгіленеді. Мысалы, қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша сотта қылмыстық істі қарағанда мына жағдайлар дәлелденуі қажет: а) қылмыс оқиғасы (уақыты, орны, жасалу әдістері); ә) айыпкердің кінәсі; қылмыстың себебі; б) айыпкердің жауапкершілігіне әсер ететін мән-жайлар; в) қылмыс арқылы келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері; г) қылмысты жасауға түрткі болған мән-жайлар.
Екінші сатыда істің заңды негізі анықталуы тиіс: қолдануға қажетті құқықтық норманы табу; оның мәтінінің дұрыстығын анықтау-тексеру; норманың түпнұсқасы екендігін айқындау; оның кеңістіктегі, мерзімдегі (уақыттағы) күшін және субъектілерге қатыстылығын анықтау; норманың мазмұнын айқындау. Осы айтылған әрекеттердің барлығы заңдылықты, құқықтық тәртіпті нығайту үшін қызмет істейді.
Кейде заңды мәні бар әрекет жасалса да, оны шешуге арналған құқықтық норма болмауы мүмкін. Мұны заңдағы олқылық (кемшілік) деп атайды. Заңда қарастырылмаған жағдайда заң шығарушы екі тәсіл қолданады. Қылмыстық заңда ерекше принцип (қағидат) баянды етілген. Егер заңда оған жаза, шара белгіленбесе, қылмыс немесе теріс қылық жоқ деп есептеледі. Ал азаматтық заңдар бойынша іс-әрекет заңда қарастырылмаса да, тараптар үшін оның маңызы бар болса, азаматтық заңдардың жалпы мағынасына байланысты тараптардың құқықтары мен бостандықтарын туындатады. Осыған байланысты заң ұқсастығы және құқық ұқсастығы (аналогия) түсініктері бар, бұларды қолдану заңда қарастырылған.
Заң ұқсастығы — істі ұқсас қатынастарды реттейтін заңды қолдану арқылы шешу. Құқық ұқсастығы — істі заңдардың жалпы бағытына және мағынасына сүйене отырып шешу.
Құкықты қолданудың үшінші сатысы — қаралған іс бойынша құқық қолдану актісін қабылдау. Мұндай акт істің тағдырын шешеді. Сондықтан бұл жұмысқа жауаптылықпен қарау жөн. Осы актілер заңға негізделініп, заң бойынша жасалуы қажет. Құқық қолданатын акт — мемлекет атынан жасалатын, нақты заң бойынша қарауға құзыреті бар, тараптардың құқықтары мен міндеттерінің бар-жоғын анықтайтын, соған сәйкес шараларды белгілейтін органның актісі болып табылады.
Құқықтық норма болмаған жағдайда заң ұқсастығын, құқық ұқсастығын қолдану заңда қарастырылған.
Құқықты қолдану актісі – құзырлы мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің құжаттарында хатталған немесе ауыз екі түріндегі ұйғарымдары мен шешімдері. Бұл акт құқық нормалары негізінде қабылданады, заңдық күшке ие болады және құқықтық қатынастарды туындатады, өзгертеді немесе тоқтатады. Құқықты қолдану актісінде:
1) құқық нормасы болмайды;
2) нақты адресатқа (белгілі тұлғаға, ұйымға, ұжымға) бағытталуға арналған болады;
3) бір реттік сипатта болады (орындалысымен оның әрекеті аяқталады).



ҚҰҚЫҚТЫ ҚОЛДАНУ САТЫЛАРЫ







1-саты

Істің мән-жайларын анықтау және объективті талдау






2-саты

Құқықтық норманы таңдау және талдау




3-саты

Құқықты қолдану актісі қабылдау (шығару)




4-саты

Құқықты қолдану акті-сін орындау






Құқықтық норма болмаған жағдайда заң ұқсастығын, құқық ұқсастығын қолдану заңда қарастырылған.




ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ АКТІСІНІҢ СИПАТТАРЫ:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет