Пысықтау сұрақтары:
1. Адам және азамат құқықтары мазмұнының мағынасын түсіндіріңіз.
2. Адам және азамат құқықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттің атқаратын рөлінің қандайлық маңызы бар екенін түсіндіріңіз.
3Құқықтық мемлекет туралы негізгі идеялар тұжырымдарын жасаған ойшыл ғалымдардың есімін және олардың аталған тұжырымдары көрсетілген еңбектерін атаңыз.
Биліктер бөлінісі қағидатының (принципінің) мағынасы мен басты мақсаты неде?
Дәріс 10
1. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
2. Азаматтық қоғамның қалыптасуы, құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының әлеуметтік - экономикалық алғышарттары
Азаматтық қоғам – қоғамдағы экономикалық, рухани – адамгершілк, діни, ұлттық қатынастардың жиынтығы. Азаматтық қоғамның басты идеясы - адам идеясы болып саналады. Азаматтық қоғам құрылысы өте күрделі. Бұл қоғам барлық азаматтарға қоғамдық және мемлекеттік істерге қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мемлекет өз тарапынан адам құқығы жөніндегі халықаралық танылған ережелердің орындалуын бақылайды.
Азаматтық қоғам дегеніміз - адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік – экономикалық, отбасылық қатынастардың жиынтығы, осы институттар арқылы жеке адамдар және олардың топтарының мүдделері қорғалады. Сонымен, азаматтық қоғам экономикалық, саяси, рухани қатынастардың жиынтығы.
Азаматтық қоғамға тән белгілер мыналар:
адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кең түрде қамтамасыз етілуі;
қоғамның өзін – өзі басқаруы;
адамдардың әртүрлі топтары мен оның құрылымының арасында бәсекенің болуы;
экономиканың көп укладтылығы;
ерікті түрде қоғамдық пікір мен саяси плюрализмнің еркін түрде қалыптасуы;
адам құқығының жариялылығы;
мемлекет пен қоғамдағы істер жөнінде азаматтардың хабардар болуы;
биліктің заңды және демократиялық мәнде болуы;
құқықтық мемлекеттің орнауы;
адамдардың лайықты өмірін қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясатының болуы;
заңдардың әділеттілігі және олардың мүлтіксіз орындалуы.
Азаматтық қоғамның тіршілік ету салалары:
а) әлеуметтік;
ә) экономикалық;
б) саяси;
в) рухани – мәдени;
г) хабар саласы.
Азаматтық қоғам құрылымы түрлері:
мемлекеттік емес, әлеуметтік – экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);
мемлекетке тәуелсіз өндіріс иелерінің жиынтығы (жеке фирмалар т.б.);
қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
саяси партиялар мен қозғалыстар;
тәрбие және мемлекеттік емес білім саласы;
мемлекеттік емес бұқаралық хабар құралдарының жиынтығы;
отбасы;
шіркеу, мешіт, синогога және т.б.
Сөйтіп, азаматтық қоғам дегеніміз ерікті демократиялық құқықтық қоғам. Қабылданған демократиялық заңдар барлық азаматтардың теңдігі мен ол заңдарды орындау міндеттілігін қадағалайды.
Азаматтық қоғам – адамгершілік, діни, ұлттық, әлеумметтік-экономикалық, отбасы қатнастарының және институттардың жиынтығы, солардың көмегімен жеке адамдардың және олардың топтарының мүдделері қанағаттандырылады.
Азаматтық қоғамның құрлысы өзіне мыналарды қосады:
мемлекеттік емес әлеуметтік-экономиалық қатнастарды және институттарды (меншіктік, еңбек, кәсіпкерлік);
қоғамдық бірлестіктер;
саяси партиялар және қозғалыстар;
мемлекеттік емес білім берудегі тәрбие аясы;
мемлекеттік емес жаппай ақпараттар;
отбасын;
шіркеуді т.б.
Адам баласының тарихында азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы мемлекет пен құқықтың ерекше кезеңі. Қоғам, мемлекеттен бөлек әруақытта болған, бірақ әр кезеңде “Азаматтық қоғам” болған жоқ. Ол мемлекеттің әлеуметтік құрылымынан бөліну нәтижесінде пайда болады. Сословиялы қоғамда мемлекеттік белгілеу қоғам өмірінің көптеген экономикалық, тұрмыстық, діни, рухани жақтарын қамтыды. Азаматтық қоғам сословиялық теңсіздіктегі қоғамдық қатнастарды жою процессінің нәтижесінде қалыптасты. Азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы бірнеше ғасырларға созылды, бірақ осы уақытқа дейін бұл процесс біздің елімізде және дүние жүзінде әлі біткен жоқ. Азаматтық қоғам – бұл тең адамдардың қоғамы, өзінің жеке басындағы шығармашылық қабілетін көрсете алады, тең мүмкіндіктегі, артық тыйым салудан және әкімшілік белгілеуден босаған қоғам.
Қазіргі кездегі азаматтық қоғамды сипаттай келіп үш деңгейдегі қоғамдық қатнастарды бөліп көрсетуге болады.
Бірінші деңгей адамның өзін қайта тудырумен байланысты және отбасы, тұрмыс, мәдениет, білім беру аясын қамтыйды.
Екінші деңгей экономика жағын қамтыйды, оған қосымша өзіне өндірісті, бөлуді, айырбастауды қосып алады. Қатнастардың мұндағы субъектілерге жеке адамдар, әлеуметтік топтар, азаматтық қоғамның әлеуметтік құрамын құрушылар, әртүрлі жеке адамдардың бірлігі (кәсіподақтар, кәсіпкерлер одағы, тұтынушылар қоғамы т.б.). Бұл субъектілердің барлығы, өздерінің байланыстарының сипатына қарай азаматтық қоғамның гармониялық дамуын мемлекеттің араласуынсыз қамтамасыз етеді.
Үшінші деңгей қоғам мүшелерінің саяси өмірімен байланысты. Саяси процесстердің субъектілеріне азаматтар, олардың саяси бірлігі (партиялар, қозғалыстар, одақтар т.с.с.) және мемлекет. Қоғамның саяси жүйесінің негізі мемлекет болғандықтан “азаматтық қоғам” және “саяси жүйе” түсініктерінің ара-қатынасын, ең алдымен мемлекет пен азаматтық қоғамның қарым-қатнасы ретінде қарауымыз керек.
Азаматтық қоғамның қалыптасуна және дамуына үш фактор ықпал етеді: 1) мемлекеттің құқықтық сипаты, 2) қоғамның мәдени жағдайы, 3) мемлекет тұрғындарының бостандықтағы азаматтарға айналуы. Азаматтық қоғамның дамуын кедергі жасайтын мемлекеттің қоғамнан басым болуы, ол азаматтық қоғамды бағынуға және қыйрауға әкеледі.
Жеке адамға қарағандағы мемлекеттің үстемдігі, жаппай қозғалыстарды, партияларды, бірлестіктерді, азаматтардың бастамаларын қысқартудан, бостандық құқығына қарсы мемлекет алдында азаматтардың міндеттерін өсіруден көруге болады. Демократия жағдайында азаматтық қоғам мемлекеттік биліктің бөлектенуін, өзін-өзі басқару органдарына билік өкілеттілігінің бір бөлігін беру арқылы жетуге ұмтылады.
Азаматтық қоғамның дамуымен мемлекеттік органдардың құрамында парламенттік кейіптегі жалпыұлттық өкілеттік кейіптегі мекемелер пайда болады. Қазіргі кездегі өкілеттік мемлекет азаматтардың құқығы мен бостандығын арнайы түрде мойындайды. Заң алдындағы жалпылама теңдік – азаматтық қоғамның негізі. Дегенмен құқықтық теңдік – бұл іс жүзіндегі теңді емес, тек мүмкіндік теңдігі.
Қоғамнан мемлекетті бөлу және қоғамды мемлекеттен ерекшелендіру, олардың құрылым өзгешелігінен, ұйымдастыру принципінен және құрлысынан көрінеді.
Мемлекет мемлекеттік органдардың және қызмет адамдарының вертикальды жүйесі ретінде құрылған бағыну мен мемлекеттік тәртіп қатнастарымен байланысты. Бұл жүйе қоғам есебінен сақталады. Мемлекеттің басты міндеті – қоғамды қорғау және оларды басқару.
Азаматтық қоғамның мемлекеттен айырмашылығы сонда, ол азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, одақтарының горизонтальды байланыс жүйесін көрсетеді. Бұл байланыстар жеке ықыластардың теңдігіне негізделген. Азаматтық қоғамның мақсаттары әртүрлі және жеке адамдардың ықыластарына байланысты өзгермелі.
Мемлекеттік органдар құрылады және қатаң түрде заң негізінде әрекет етеді. Азаматтық қоғамның құқықпен алдын-ала белгіленбеген. Азаматтық бірлестіктерді құру және олардың қызметтері заңмен реттелуіне болады, бірақ бұл құрылымдар оған қатнасушылардың еркіне сай құрылады және өмір сүре алады.
Азаматтар мен олардың бірлестіктерінің арасындағы байланыстар теңдік пен бостандықта құрылған келісімдерге негізделеді. Қызмет адамдары мен мемлекеттік органдар субординациялық қатнастармен байланысты.
Осы уақытқа дейін өндірістегі және саудадағы бастаушы орындар жеке кәсіпкерлерден сауда және финанс корпорацияларына көшті. Жұмысты табы кәсіподаққа бірігіп үлкен күшке айналды, кәсіпкерлерге олармен есептесуге тура келді және оларды ықпалы бар саяси партиялар қорғайтын болды. Мемлекеттің қызыметінде үлкен орынды, әлеуметтік қауіпсіздендіру, білім беру, денсаулық сақтау алады. Қазіргі кездегі дамыған елдердегі азаматтық қоғамды буржуазиялық деп айту қыйын. Көптеген социологтар капитализімді индустриялық қоғамның бірнеше кезеңінде өзін-өзі бітірген, тозғанға жатқызады және экологиялық таза өндіріс технологиясы, ғылыми-техникалық процессті постиндустриальды қоғамға көшіп, ауыр өндіріс салаларын ғылымға негізделген салаларға ауыстыруды ұсынады. Азаматтық қоғамның басты тенденциясы барлық теңсіздік түрлерін жою, халықтарды жалпыдүниелік базарға жақындастыру, адам құқығы туралы халықаралық фактылардың маңызын арттыру, халықаралық ұйымдардың ролін көтеру, барлық жерде демократияны дамыту.
Сонымен қатар, адам баласының даму тарихи алға ұмтылуды біледі, және кейін қатты шегінгендікті де біледі. Азаматтық қоғам адамдардың горизонтальды байланыстарының бұзылуынан және олардың вертикальды мемлекеттен тәуелді болып кетуінен тоқтатын кепілдік жоқ. Азаматтық қоғамның басты жауы тоталитаризм және фашизм, қауіптілік тек реакциондық не қоғамның люменизирланған қабатынан шығады. Кейде демократияға қарсы режимдерді кризистен шыққандық деп бағалайды, әкімшілк, әскери және казармалық жағдайды қыйын әлеуметтік проблемаларды шешетін құрал ретінде ұсынылады. Демократияға қарсы бағдарламаларға тән нәрсе, мүддесін қорғауда басқа жолдардың жоқтығындай шектен қиыққан шараларды қолдануды ұсынады. Соған қосымша, азаматтық қоғаммен жаулап алынған құқық және бостандықты тежеу не алып тастау негізделеді, қандай болмасын оппозицияға және еркіндік ойға тыйым салынуды көздейді.
Сонымен қорытып айтқанда азаматтық қоғам адамның тіршілік ету болмысындағы жағдайларын, тұлғалар мен әлеуметтік топтардың алуан түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың, формалды (занда көрсетілген) және формалды емес те құрылымдарының жиынтығы.
Пысықтау сауалдары:
"Азаматтық қоғам" ұғымына анықтама беріңіз.
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның арақатыстылығы қаңдай болады?
Азаматтық қоғамның құрылысы қаңдай?
Достарыңызбен бөлісу: |