Бақылау сұрақтары
1.Бағалаудың өлшемдері мен қызметі.
2.Оқу нəтижелерін бағалаудың негізгі өлшемдері
Ұсынылған әдебиеттер
Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы. Указ Президента Республики Казахстан от 7 декабря 2010 года № 1118.
Назарбаев Интеллектуальные школы «Новые подходы к оцениванию учебных достижений» //Электронный ресурс. – Режим доступа:obuchenie.sadu-kz.com›?news=153.
Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Сыни ойлауды дамыту əдістері.
«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін əзірленген №2 оқу құралы. - Алматы, 2008. – 72 б.
Блум Б., Леонтьев А.Н. Бірлескен оқу. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін əзірленген V- құрал. - Алматы, 2008. – 78 б.
Мередит К., Темпл Ч., Стилл Дж. Сабақтарды жоспарлау жəне бағалау. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін əзірленген VІ-құрал. - Алматы, 2008. – 55 б.
№4 Дәріс тақырыбы
Оқыту нəтижесін бағалаудың заманауи құралы
Жоспары
1.Оқыту нəтижесін бағалаудың заманауи құралы
2.Тестілеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері.
3.Педагогикалық тест білім салаларын оқыту нəтижесін бағалаудың объективті тəсілі
Дәрістің мазмұны
Педагогикалық-психологиялық аспектілер
Педагогикалық психология ұғымы зерттеушілердің пікірлері бойынша ғылыми айналымға 1877 жылы орыс педагогы П.Ф.Каптеревтің (1849-1922) «Педагогикалық психология» атты кітабы жарық көрген соң енгізілген.
Педагогикалық психология – оқыту мен тәрбиелеу барысында солардың болмысының даму заңдылықтарын зерттейтін, танымдық қызметі мен қоғамдық қасиеттерін жүйелейтін психология ғылымының саласы.
«Педагогикалық психология» жалпы психологияның заңдылықтарын, баланың оқу – тәрбие ісінде психикасын түсінуге тікелей әкеліп қана қоймай, оқушының психикасын оқу әрекеті үстінде зерттеп, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын өзінше бөлек мақсат деп есептейді» (Л.С.Выготский).
«Педагогикалық психология» білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру заңдылықтарын, осы процестердегі жеке даралық өзгешеліктерді, оқушылардың өз бетімен шығармашылық ойлауын қалыптастыру заңдылықтарын, бала психикасында оқыту мен тәрбиелеу әсерінен пайда болатын өзгерістерді зерттейді» (В.А.Крутецкий).
«Педагогикалық психология» оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді» (А.В.Петровский).
«Педагогикалық психология балалар психикасының оқу – тәрбие жұмысындағы өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, мектеп тәжірибесінің дамуына үлес қосып отырады.Педагогикалық психология сабақ үстінде оқу материалдарын балалар қалай ұғынады, не тәрбие жұмысында үлкендердің тілін алып, тәртіп сақтауға қалай көнеді, міне осымен шұғылданады.Осыған орай педагогикалық психология бұл мәселелермен айналыса отырып, өзінің ізденетін объектісін мынадай үш түрге бөледі: оқыту психологиясына, тәрбие психологиясына және ұстаздық психологияға» (М.М.Мұқанов).
Педагогикалық психология тәрбие мен оқытудың психологиялық заңдылықтарын зерттейтіндіктен осы ұғымдарға тоқтала кетейік.
Тәрбие мен оқытуға әр тұрғыда түсінік берілгенімен олар педагогикалық әрекеттің бір – бірімен тығыз байланысқан екі жағы. Ақиқатта тәрбие мен оқыту үнемі бірге жүзеге асырылады, сондықтан оларды бір-бірінен ажырату да мүмкін емес. Баланы тәрбиелей отырып, біз оны бірдеңеге үйретеміз, оқытамыз, оқыта отырып тәрбиелейміз. Әйтсе де, мақсаттары, мазмұндары, әдістері және т.б әр түрлі болғандықтан болар осы процестер педагогикалық психологияда жеке – дара оқытылады. Мәселен, оқыту әдістері адамның әлемді, материалдық мәдениетті қабылдауымен түсінуіне негізделсе, тәрбие әдістері – адамның адамды, адам моралын, рухани мәдениетті қабылдауы мен түсінуіне негізделген
Педагогикалық іс-әрекет түрлі формаларда жүзеге асырылады, солардың ішінде ерекше орынды оқытудың негізгі формасы – сабақ алады.Сабақта мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекеті жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |