Бекбенова А. Р. «Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі» пәнінен


II. Сабаққа қойылатын тәжірибелік талаптар



бет12/42
Дата20.05.2022
өлшемі195,29 Kb.
#144151
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Байланысты:
лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология

II. Сабаққа қойылатын тәжірибелік талаптар:
Оқу материалдарының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау;
Оқытудың мақсаты мен мазмүнына қатысты тәрбиелілік мақсаттарды қоя білу;
Оқушыларды жалпы адамгершілік құндылықтардың негізінде төзімділікке,жауапкершілікке,әділдікке,еңбек сүйгіштікке,тазалыққа, көпшілдікке тәрбиелеу;
Оқушыларға жауапкершілік пен зеректілікпен қарау педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін сақтау,оқушылармен ынтымақтастықта болу және олардың жетістігіне көңіл бөлу;
III.Барлық сабақта іске асырылуы тиісті дамытушы талаптар.
Оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін,шығармашылық іскерлігін қалыптастыруға бағытталған мотивтерін дамыту;
Оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес даму аймағын құру;
Оқушылардың саяси – әлеуметтік, интеллектуалдық эмоционалдық дамуындағы серпілістерді болжау және дер кезінде өзгерістерге ыңғайлана білу;
Оқушылардың дамуындағы жаңаша өзгерістерге лайықты сабақ өткізу.
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі функциялары мен жұмыс бағыттары.
Психологиялық қызмет – мамандандырылған деңгейде психологиялық көмек көрсету үшін мекемелер мен ұйымдарда құрылған арнайы қызмет жүйесі. Қазіргі мектепте оқу-тәрбие процесін тиімді жүзеге асыру үшін жеке түлғаның, ұжымның, танымдық процестердің даму заңдылықтарының қалыртасуының теориялық негіздерін біліп қана қоймай,сондай-ақ осы процестердің нақты оқу орны жағдайында,нақты ұжымға және нақты баланың жеке тұлғасына қатысты шарттары мен ерекшеліктерін анықтау педагог – психологтардан талап етіледі.
Осы міндеттерді шешуде мектептегі психологиялық қызмет оқу – тәрбие процесіне көмек көрсетуі тиіс.
Мектептегі психологиялық қызмет – экспертиза,кеңес беру және диагностиканың кешенді міндеттерін шешуде психологияны іс-тәжірибеде қолдану жүйесі болып табылады.
Педагогтар,мектеп әкімшілігі өздерінің потенциалды мүмкіндіктері жөнінде, оқу – тәрбие процесінің психологиялық ресурсы жөнінде нақты түсінік алулары қажет. Фундаментальды білімдерін, ұғымдарын психология ғылымының жеке тұлғаны, ұжымды қалыптастыруға бағытталған психологиялық – педагогикалық әсер ету әдістерін қолдануға жұмсауы тиіс.Мектептегі психологиялық қызметтің функциялары:
Психодиагностика (психологиялық мәліметті қабылдап алу);
Психокоррекция (психологиялық мәліметті енгізу);
Психологиялық ағарту (психологиялық білімдермен таныстыру).
Мектептегі психологиялық қызметтің бағыттары:
Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу;
Сынып жетекшісіне сынып ұжымын қалыптастыруға көмектесу;
Балаларды тәрбиелеу мен оқыту ісінде отбасына психологиялық көмек көрсету;
Кәсіби бағыттылық бойынша іс – шараларды жүзеге асыру;
Мінез – құлқында ауытқуы бар оқушылармен коррекциялық іс – шаралар ұйымдастыру;
Психикалық ауытқуды диагностикалау, сақтандыру, коррекциялау (түзету).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет