Бекбенова А. Р. «Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі» пәнінен


Сабаққа қойылатын талаптар жүйесі



бет11/42
Дата20.05.2022
өлшемі195,29 Kb.
#144151
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
Байланысты:
лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология

Сабаққа қойылатын талаптар жүйесі:
дидактикалық, тәрбиелеуші, дамытушы, психологиялық, гигиеналық және сабақ техникасы.
Жалпы талаптардың ішінен, бүгінгі сабаққа сәйкестендірілген, жоғарғы сапаға жауап беретін мына талаптарды бөліп алуға болады:
Ғылымның жаңа жетістіктерін,озық педагогикалық тәжірибені қолдану, оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарын негізге ала отырып сабақ өткізу.
Сабақ барысында барлық дидактикалық принциптер мен ережелерді іске асыру.
Бұрынғы біліммен байланыстыруда, жаңа білімді меңгеру де оқушылардың икем-қабілетін және қызығушылығын дамытуда, білім сапасын арттыру барысындағы тіректік ұғымдарға сілтеме жасау.
Оқушылардың санасын қалыптастыруға әсер етерлік пән аралық байланысты бекіту.
Жеке бастың барлық сферасын дамытудағы мотивация мен белсенділігін арттыру.
Педагогикалық құралдарды ұтымды қолдану
Алған білім мен өндірістік қызметті өмірмен байланыстыра іскерлікті жүзеге асыру
Білімін,іскерлігін,қабілетін тәжірибеде қалыптастыру,оны ойлау амалы мен іс-әрекетте тиімді қолдану
Оқи алу іскерлігін, білім қорын молайту қажеттілігін сезінуді қалыптастыру
Әрбір сабақты диагностикалау,жоспарлау,жобалау және болжай алу.
Оқу-тәрбие әрекетінің логикалылығы және эмоционалдығы.
Әрбір сабақ тұтас педагогикалық процестің оқыту,дамыту,тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыруға бағытталған.Осыған байланысты сабаққа қойылатын жалпы талаптар дидактикалық,тәрбиелік,дамытушылық сонымен қатарпсихологиялық,гигиеналық және сабақты ұйымдастыру техникасына қойылатын талаптар болып бөлінеді.
1.Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
Әр сабақтың оқыту міндеттерін, олардың дамыту,тәрбиелік міндеттерімеен байланысын анықтау;
Сабақты тиімді мәліметтермен толықтыру;
Танымдық белсенділіктің жаңа технологиясын енгізу;
Сабақтың мазмұның оқу бағдарламасындағы талап пен сабақ мақсатына және оқушылардың даярлық деңгейіне байланысты анықтау;
Оқытудың түрлі формалары мен әдіс – тәсілдерін тиімді үйлестіру, дұрыс таңдап алу,оқушылардың ғылыми білімді меңгеру деңгейі мен оның жеке кезеңдеріндегі іскерлік пен дағдының қалыптасуын болжау;
Сабақтың құрылымына шығармашылықпен қарау;
Оқушылардың өзіндік жұмысы мен топтық жұмыстарының үйлесімділігін қамтамасыз ету;
Кері және өзара қарым – қатынастарды қамтамасыз ету;
Оқу процесін басқару мен бақылау және бағалауды тиімді жүзеге асыру,сабақта дидактикалық принциптерді іске асыру;
Оқушыларға нәтижелі оқыту жағдайын жасау;
Сабақ өткізудегі іскерлік пен ғылыми дағдыға есеп беру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет