Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау үлгісі
Кіріспе сабақ (1сағат)
Тақырыбы: «Жастардың алғашқы әскери дайындығының мақсаты, мазмұны және міндеттері»
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары және «Алғашқы әскери дайындық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы, сондай-ақ жастарды жедел әскери қызметке дайындау тәртібі туралы.
Алғашқы әскери дайындық сабақтарындағы оқушылардың міндеттері мен құқықтары.
I Тарау
Қарулы күштер қазақстан республикасы
егемендігінің күзетінде
1- тақырып: «Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы»
Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның әскери саясатының ерекшеліктері. Қазақстан Қарулы Күштерінің тағайындалуы.
2 - тақырып: «Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері және Қазақстан Республикасының әскери доктринасы»
Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері. Қазақстан Республикасының әскери доктринасы.
Қазақстанның ішіндегі әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заңдылық негіздер.
Әлемде болып жатқан ғаламдық өзгерістер кезіндегі Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясаты.
Бейбіт уақытта және қауіп төнгенде, әскери қақтығыс басталған кезде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет шешетін міндеттер.
3-тақырып: «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы»
Әскери қызмет өтеудің құқықтық негіздері.
Қарулы Күштерді толықтырудың түрлері. Әскери қызметке шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілерді әскери қызметке даярлау.
Әскери қызметтен босату жөніндегі заң нормалары. Әскери қызметті өтеу үшін жасалынатын келісім-шарт жүйесі.
4–тақырып: «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері»
Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері туралы түсінік.
Қазақстан аумағында әскери істің даму тарихы. Даңқты батырлардың ерлігі. Ұлы Отан соғысы батырлары. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскерлерінің жауынгерлік дәстүрлерін қалыптастыру.
5-тақырып: «Қазақстанда әскери кадрларды даярлау»
Қазақстан Қарулы Күштері жоғары әскери оқу орындарының құрылу себептері мен тарихы. Офицер кадрларын даярлаудағы мақсаттар мен міндеттер. Офицер кадрларының мамандықтары. Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау шарттары мен жалпы ережелері. Техникалық және әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту - әскери қызметке жастарды дайындаудың негіздері.
II Тарау
Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің
жалпы әскери жарғылары
1-тақырып: «Әскери қызметшілердің орналастырылуы»
Ротаны орналастыру үшін қарастырылатын казарма үй-жайлары. Казармадағы үй-жайлардың тағайындалуы. Қаруды сақтауға қойылатын талаптар.
2-тақырып: «Үй-жайларды ұстау»
Үй-жайларды ұстауға қойылатын талаптар.
Рота мүлкінің және әскери қызметшілердің жеке заттарының сақталуы. Тұрғын үй-жайлардағы температура. Жатын орындарын жарықтандыру және желдету.
3-тақырып: «Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру»
Бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру. Орналастыру кезінде жүргізілетін іс-шаралар. Әскери қызметшілерге қойылатын талаптар. Өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша жүргізілетін іс-шаралар. Өрт пайда болған жағдайдағы әскери қызметшінің әрекеті. Әскери қызметшінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндеттері.
4-тақырып: «Уақыттың бөлінуі және тәртіпті сақтау»
Жалпы әскери жарғының әскери бөлімдердегі уақыттың бөлінуіне қоятын талаптары. Әскери бөлімнің күн тәртібі. Әскери бөлімнің күн тәртібінде қарастырылатын іс-шаралар.
5-тақырып: «Әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмысының жағдайларын жақсарту»
Әскери қызметшілердің тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту бойынша жалпы әскери жарғының негізгі талаптары. Әскери қызметшілердің денсаулығына медициналық бақылау жасау, жеке және қоғамдық гигиена талаптарын сақтау ережелері, шынықтыру тәсілдері.
III Тарау
Тактикалық дайындық
1-тақырып: «Мотоатқыштар взводын, ротасын ұйымдастыру және ұрыс іс-қимылдарының негіздері»
Мотоатқыштар взводын, ротасын ұйымдастыру. Штаттық қару-жарақ пен ұрыс техникасы. Ұрыс түрлері және оның сипаттамасы.
Ұрыстағы атыс. Атыс жүйесі. Ұрыстағы маневр. Мотоатқыштар взводының, ротасының жорықтық, ұрысқа кіру және ұрыстық тәртібі. Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні. Бөлімшелер мен атысты басқару.
2-тақырып: «Взвод қорғаныста»
Қорғаныс негіздері. Взводтың қорғаныстағы орны, рөлі мен міндеті. Қорғаныстағы атыс жүйесі. Ерекше жағдайдағы қорғаныс.
3-тақырып: «Барлау. Барлаудағы взвод»
Қазіргі ұрыстағы барлаудың рөлі. Барлаудың міндеттері. Взводтың барлау жүргізу тәсілдері.
4-тақырып: «Шеру және жорық күзеті»
Взводтың шеруі мен жорық күзетінің негіздері.
Жаппай жою қаруларын пайдаланудан қорғану.
5-тақырып: «Бір орында және сақтық күзетте орналасу»
Взводтың бір орында орналасуы. Взвод сақтық күзетінде.
6-тақырып: «Жалпы әскери бөлімшелердің шағын аймақтағы соғыс қимылы»
Қарулы қақтығыстағы арнайы әскери іс-қимылдар. Блокпост бөлімшенің ұстанымның негізгі нысаны ретінде және блокпостты инженерлік жарақтандыру.
7-тақырып: «Танкіге қарсы және жаяу әскерге қарсы қолданылатын негізгі миналар»
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің миналары, олардың тактикалық-техникалық сипаттары мен жалпы құрылысы. Жаяу әскерге қарсы және танкіге қарсы миналар. Олардың арналуы мен құрылымы.
Танкіге қарсы, шынжыр табанға қарсы және жаяу әскерге қарсы миналардың тактикалық-техникалық сипаттамасы.
8-тақырып: «Жарылмайтын инженерлік бөгеттер»
Жарылмайтын бөгеттер. Жарылмайтын және мина-жарылғыш бөгеттерден өту тәсілдері.
IV Тарау
Атыс дайындығы
1-тақырып: «Драгунов мергендік винтовкасының механизмі және негізгі бөлшектері»
Мергендік винтовканың ұрыстық қасиеті мен қолдануы. Мергендік винтовканың механизмдері мен негізгі бөлшектері. Винтовканың механизмдері мен бөлшектерінің құрылысы, қолданылуы. Мергендік винтовканы бөлшектеу және жинастыру.
2-тақырып: «ДМВ бөліктері мен механизмдерінің жұмысы»
Оқтаулы кезіндегі Драгунов мергендік винтовкасының механизмдері мен бөлшектерінің жұмысы. Атыс кезіндегі механизмдер мен бөлшектердің жұмысы. Мергендік винтовкадан ату кезіндегі болатын кідірістер және оларды жою тәсілдері. Мергендік винтовкаға қажетті жабдықтардың құрылысы мен қолдануы.
3-тақырып: «Танкіге қарсы қол гранататқышының құрылғысы, оны ұстау, күту және сақтау»
Гранататқыштың ұрыстық қасиеті мен қолданылуы. Гранататқыш бөліктері және механизмдерінің құрылғысы мен қолданылуы. Гранататқышты бөлшектеу және жинастыру.
4-тақырып: «РПГ гранататқышының бөліктері мен механизмдерінің жұмысы»
Оқтаулы кездегі гранататқыш бөліктері мен механизмдерінің жұмысы. Ату кезінде гранататқыш бөліктері мен механизмдерінің жұмысы. Ату кезіндегі кідірістер мен оларды жою тәсілдері. Тазалау және майлау.
V Тарау
Мергендік винтовка (МВ) мен қол гранататқышынан ату тәсілдері мен ережелері
1-тақырып: «Мергендік винтовкадан ату тәсілдері»
Мергендік винтовкадан атыс жүргізу үшін орын таңдау. Жергілікті жерде жылжу тәсілдері. Жатып және тұрып ату үшін орынға орналасу. Винтовканы оқтау тәртібі.
2-тақырып: «Атыс жүргізу»
Атыс жүргізу: көздеуішті қою, винтовканың дүмін қалыпқа келтіру, көздеу тәсілдері, ұрыстық қайырмадағы шүріппені ағыту.
3-тақырып: «Атысты тоқтату»
Атысты уақытша және толық тоқтату. Қаруды тексеру және оғын алу тәртібі. Жатып ату жағдайынан тұру кезіндегі атқыштың әрекеті.
4-тақырып: «Тасадан тірей ату тәсілдері»
Ату үшін таса мен тіреудің қолданылуы. Таса артынан атыс жүргізу тәсілдері. Әуе нысаналарын ату тәсілдері.
5-тақырып: «Гранататқыштан ату тәсілдері»
Ату үшін орын таңдау. Гранататқыштан ату кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Атысқа ыңғайлану. Атысты тоқтату.
VI Тарау
Саптық дайындық
1-тақырып: «Машиналар жанындағы және машинадағы жауынгерлердің іс-әрекеті»
Машиналар жанына сап құру. Машинаға отыру, орналасу және түсу. Машиналар арасындағы ара қашықтық және қозғалыс жылдамдығы. Қозғалыстағы бұрылыстар. Сапты және машинаны басқаруға арналған белгілер.
VII Тарау
Әскери топография
1-тақырып: «Топографиялық карта жайлы түсінік. Картамен жұмыс жасау»
Топографиялық карта жайлы түсінік. Карталар масштабы. Карталардың масштабтары бойынша қолданылуы. Карта масштабының шамасы.
2-тақырып: «Карта бойынша қашықтықты өлшеу»
Карта бойынша қашықтықты өлшеу тәсілдері. Карта бойынша қашықтықты өлшеудің дәлме-дәлдігі. Жергілікті жер сипатына байланысты бағыт ұзындығын түзету коэффициенті.
3-тақырып: «Географиялық координаттар жүйесі»
Географиялық координаттар туралы түсінік. 1:10 000 – 1: 100 000 масштабындағы топографиялық карталар бетінің жақтауын ресімдеу. Картадағы географиялық координат нүктелерін анықтау. Географиялық координат бойынша картаға нүкте салу тәртібі.
4-тақырып: «Жазық тік бұрышты координаттар жүйесі»
Жазық тік бұрышты координаталар жүйесі туралы түсінік. Тік бұрышты координаталық тор. Картада пункттің орналасу орнын жуықтап көрсету. Карта бойынша координат нүктесін анықтау. Картаға нүктені түсіру.
5-тақырып: «Азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтау»
Ақиқат және магнитті азимут, дирекциондық бұрыш. Карта бойынша дирекциондық бұрышты өлшеу тәсілдері. Дирекциондық бұрышты магниттік азимутқа қайта есептеу формуласы және керісінше.
6-тақырып: «Топографиялық карта бойынша жергілікті жерді зерделеу»
Топографиялық шартты белгілер және олардың түрлері. Балтық биіктік жүйесі. Карта бойынша абсолюттік биіктікті анықтау және картадағы сипатты жазылулар. Картадағы көлбеу сызықтар.
7-тақырып: «Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлану»
Картаны бағдарлау. Жергілікті жерде картаны бағдарлау тәсілдері. Өзінің тұру нүктесін түрлі тәсілдер арқылы анықтау. Картаны жергілікті жермен салыстыру, картада заттың бейнесін және жергілікті жердегі затты табу.
8-тақырып: «Жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс»
Жергілікті жерде карта көмегі арқылы жол бойымен, жолдан тыс, жабық жерлерде және түнде қозғалыс жасау.
VIII Тарау
«Азаматтық қорғаныс»
1-тақырып: «Шаруашылық объектілерінің азаматтық қорғанысы»
Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен мақсаты.
2-тақырып: «Осы заманғы шет мемлекеттері әскерлерінің жаппай жою қаруы»
Ядролық қару. Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары.
3-тақырып: «Ядролық жарылыстың зақымдау әрекетінің сипаттамасы»
Ядролық оқ-дәрілер жарылысының зақымдау әсерінің құрамдастырылған сипаты. Зақымданудың координаттық заңы. Зақымдау объектілерін топтастыру.
4-тақырып: «Химиялық қару»
Ұрыстық улы химиялық заттары. Улағыш заттардың жіктелуі. Химиялық қаруды қолдану қағидалары.
5-тақырып: «Биологиялық қару»
Биологиялық қарудың зақымдау әрекетінің сипаттамасы. Биологиялық құралдардың түрлері және негізгі қасиеттері. Адамның жұқпалы ауруларының сипаттамасы.
6-тақырып: «Жаппай жою қаруынан халықты және әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету»
Жеке құрамды қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін іс-шаралар.
Жеке қорғану құралдары. Зақымданған жерде әрекет жасау кезінде жеке қорғану құралдарын пайдалану.
Бөлімшелердегі жеке қорғану құралдарына техникалық қызмет көрсету.
Зақымдану аймағынан өту. Зақымдану аймағындағы қирау, су басу және өрт аудандарындағы әскерлердің әрекеті. Қорғайтың ғимараттарда халықты паналату, жұмысшыларды, қызметкеллерді тарату және халықтың эвакуациясы.
7-тақырып: «Радиациялық және химиялық барлау аспаптары»
Радиациялық барлау аспаптарының жұмыс қағидалары мен құрылысы(ИД-1, ДП-22В, ДП-5В, ВПХР мөлшерін өлшеу кешені), тактикалық-техникалық деректері, қолданылуы. Жеке құрамның сәулелену мөлшерін есепке алу. Бөлімшенің ұрысқа қабілеттілігін бағалау.
8-тақырып: «Апатты жағдайлардағы аудандар мен зақымдану ошақтарында жүргізілетін құтқару және басқада жедел қалпына келтіру жұмыстары»
Ядролық зақымдау ошақтарында жүргізілетін құтқару жұмыстары.
9-тақырып: «Зақымдану (залалдану) ошақтарын барлау»
Зақымдану ошақтарындағы объектілерге барлау жүргізу және ұйымдастыру.
10-тақырып: «Радиациялық және химиялық бақылау посты құрамындағы барлаушының іс-әрекеті»
Радиациялық және химиялық бақылау посты үшін орын таңдау. Барлаушының барлау жүргізуі, оның міндеттері мен тапсырмалары.
11-тақырып: «Зақымдалу ошағындағы объектіге барлау жүргізу кезінде барлау буыны құрамдағы барлаушының іс-әрекеті»
Барлау буынының міндеттері. Бағыт және зақымданған учаскелерді табу кезіндегі барлаушылардың іс-әрекеті.
IX Тарау
Медициналық білім негіздері
12 - тақырып: «Жұқпалы аурулардың негізгі топтары мен биологиялық жұғу ошақтарының сипаттамасы.
Карантин және обсервациялық бақылау туралы түсінік. Ауру тудырғыш микробтар. Жұқпалы ауруды қоздырғыштар. Аса қауіпті жұқпалы аурулар. Жұқпалы ауруларды жою және шектеу бойынша жасалатын іс-шаралар.
13 - тақырып: «Науқастарды күтудің жалпы практикалық дағдысы»
Көп қызметті (функционалды) төсек құрылғысы және науқастың орналасуы.
Науқасты санитарлық өңдеу. Науқасты бөлімге апару. Дене қызуы және оны өлшеу. Қан айналымына әсер ету шаралары. Жүрек, қан тамырлары жүйесінің қызметі бұзылған науқастарды бақылау және күту.
Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің жалпы ережелері. Бинтті таңғыштардың негізгі тәсілдері.
14 - тақырып: «Дененің әр түрлі бөлігіне таңғыш қою»
Басқа, кеудеге, ішке, бұт арасына, аяқ пен қолға таңғыш қою тәсілдері мен тәртібі.
15 - тақырып: «Әр түрлі бақытсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек»
Үсудің алдын алу және осы кезде алғашқы медициналық көмек көрсету.
Күн және ыстық өту туралы түсінік, олардың алдын алу және алғашқы медициналық көмек көрсету.
Электр жарақаты кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек және осы кездегі қауіпсіздік шаралары. Суға кеткен кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Жүрек жұмысы мен тыныс алуды қалпына келтіру тәсілдері.
Улы өсімдіктер және саңырауқұлақтармен уланған кезде, улы жыландар мен жәндіктер шаққан кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.
ІІІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде
біледі:
Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері және бейбіт уақытта, қауіп төнген, әскери қақтығыс басталған кезде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттің міндетін;
Қарулы Күштердің қазіргі қоғамдағы рөлі мен оның Қазақстан Республикасының даму кезеңдерінде шешетін міндеттерін;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери қызметті өтеудің құқықтық негіздерін;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дәстүрлерін.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары
біледі:
жедел әскери қызметтегі әскери қызметшілерді жатын үй-жайларында орналастыру және үй-жайларды ұстауға қойылатын талаптарды;
әскери бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғауды;
әскери бөлімнің күнделікті өмірінде өткізілетін іс-шаралар мен күн тәртібін белгілеуді;
әскери қызметшілерді сауықтыру мен олардың тұрмыс жағдайын жақсартуды қарастыратын іс-шараларды.
Тактикалық дайындық
біледі:
мотоатқыштар взводының, ротасының ұйымдастырылуы мен олардың қару-жарағын;
ұрыс түрлерін және оның сипаттамасын;
атыс жүйесі, ұрыстағы маневр, ұрыстағы өзара іс-қимыл, бөлімшелер мен атысты басқаруды;
мотоатқыштар взводының жорық, ұрысқа кіру және ұрыстық тәртібі;
қорғаныс негіздерін;
қазіргі замандағы ұрыстардағы барлаудың рөлі, взводтың барлау жүргізу тәсілдері, жалпы әскери бөлімшелердің шағын аймақтағы соғыс қимылын;
взводтың бір орында және сақтық күзетте орналасуы;
взводтың шеруі мен жорық күзетінің негіздері;
миналардың арналуын, әрекет қағидасын және олардың құрылғысын;
жарылмайтын инженерлік бөгеттердің бөлінуі, түрлері және мина-жарылғыш бөгеттерден өтуді.
Атыс дайындығы
біледі:
мергендік винтовканың арналуы мен ұрыстық қасиетін, негізгі бөліктері мен механизмдерін;
мергендік винтовканың толымсыз бөлшектеу тәртібін және толымсыз бөлшектеуден кейін мергендік винтовканы жинастыру тәртібін;
драгунов мергендік винтовкасымен атыс кезінде болатын кідірістер және оларды жою тәсілдерін;
гранататқыштың ұрыстық қасиетін, қолданылуын;
гранататқышты толымсыз бөлшектеу тәртібін және гранататқыштың толымсыз бөлшектеуден кейін жинастыру тәртібін;
ату кезіндегі кідірістер мен оларды жою тәсілдерін.
жасай алады:
мергендік винтовканы толымсыз бөлшектеуді және жинастыруды;
ДМВ ату кезінде болатын кідірісті жоя білуді;
Гранататқыштан ату кезінде болатын кідірістерді жоя білуді.
Мергендік винтовка (МВ) мен қол гранататқышынан ату тәсілдері мен ережелері
біледі:
мергендік винтовкадан ату тәсілдерін орындау, атысқа ыңғайлану, атыс жүргізу, атысты тоқтату кезінде берілетін командаларды;
винтовканы оқтау және оғын алу тәртібін;
гранататқыштан ату кезіндегі қауіпсіздік шараларын;
жасай алады:
жер бауырлай жылжу, жатып ату, тізерлеп ату, отырып ату, тұрып ату кезінде винтовканы ұстауды;
винтовканы оқтау мен оғын алуды;
тасадан тірей ату, оқпанадан атыс жүргізу, әуедегі нысаналарды ату тәсілдері кезінде винтовканы дұрыс ұстай білу мен орналаса алуды.
Саптық дайындық
біледі:
машиналар жанындағы және машинадағы жауынгердің іс-әрекетін;
сапты және машинаны басқаруға арналған белгілерді: қолмен, жалаушалармен, шаммен.
орындай алады:
машиналар жанындағы және машинадағы іс-әрекет кезіндегі командаларды орындауды;
белгілердің көмегімен сапты және машиналарды басқаруды.
Әскери топография
біледі:
топографиялық картаның қолданылуын, карталарын, бағытын және олардың шамасын;
географиялық координаттар мен жазық тікбұрышты координаттарды анықтау үшін топографиялық карта бетінің ішкі жақтауын ресімдеуді;
азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтауды:
жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс ерекшелігін.
жасай алады:
карта бойынша қашықтықты өлшеуді;
карта бойынша географиялық және жазық тік бұрышты координаттарды анықтауды;
карта бойынша дирекционды бұрыштарды анықтауды;
бір орында картаны бағдарлау және өзінің тұрған нүктесін анықтауды;
картадан жер бедері, елді мекендер, гидрография, жол торабы, өндірістік, ауыл шаруашылық және әлеуметтік-мәдени объектілер және өсімдіктер жамылғысының бейнеленуін оқуды.
Азаматтық қорғаныс (АҚ)
біледі:
азаматтық қорғанысының міндетімен мақсаты;
ядролық қару ерекшелігін және оны қолдану кезінде жеке құрамға тигізетін әсерін;
химиялық қару ерекшелігін және оны қолдану қағидаларын;
биологиялық қару ерекшелігін, түрлері және биологиялық құралдардың негізгі қасиеттерін;
жеке қорғану құралдарына техникалық қызмет көрсету тәртібін;
радиоактивтік, химиялық және биологиялық зақымдану аймағынан өтудің негізгі тәсілдерін;
апат аудандары мен зақымданған ошақтарында жүргізілетін құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу тәртібін.
Медициналық білім негіздері
біледі:
жұқпалы аурулардың негізгі топтарының сипаттамасын;
биологиялық зақымдау ошақтарындағы карантин мен обсервация туралы;
қан айналымына қышалар пайдалану арқылы әсер ету шараларын;
бинтті таңғыштар қоюдың негізгі тәсілдерін;
қысқыш және бекіткіш таңғыштар салу ережесін;
бастың, кеуденің және іштің тесіп өткен жаралану кезінде таңғыштар қою ерекшеліктерін;
өкпеге жасанды желдету жасау тәсілдерін («ауыздан-ауызға», «ауыздан-мұрынға» Сильвестр бойынша, Каллистов бойынша).
жасай алады:
науқастарды күтуды;
артериалық қан қысымын өлшеуді;
жүрекке тікелей емес массаж жасауды және өкпеге жасанды желдету жасауды;
ашық және жабық сынықтар кезінде шендеушітер салумен алғашқы медициналық көмек көрсетуді;
бас сүйегі, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас сүйектері, қол-аяқ сүйектерінің сынуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетуді (таңып тастауға арналған құралдар мен табельдерді пайдалану арқылы) басқа, кеудеге, бұтаралық, қол-аяқ сүйектеріне таңғыш қоюды;
әр түрлі бақытсыз жағдайларда: үсу, күн және ыстық өту, электржарақаты, суға кеткен кезде алғашқы медициналық көмек көрсетуді.
Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде
біледі:
Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері және бейбіт уақытта, қауіп төнген, әскери қақтығыс басталған кезде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттің міндетін;
Қарулы Күштердің қазіргі қоғамдағы рөлі мен оның Қазақстан Республикасының даму кезеңдерінде шешетін міндеттерін;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери қызметті өтеудің құқықтық негіздерін;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дәстүрлерін.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары
біледі:
жедел әскери қызметтегі әскери қызметшілерді жатын үй-жайларында орналастыру және үй-жайларды ұстауға қойылатын талаптарды;
әскери бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғауды;
әскери бөлімнің күнделікті өмірінде өткізілетін іс-шаралар мен күн тәртібін белгілеуді;
әскери қызметшілерді сауықтыру мен олардың тұрмыс жағдайын жақсартуды қарастыратын іс-шараларды.
Тактикалық дайындық
біледі:
мотоатқыштар взводының, ротасының ұйымдастырылуы мен олардың қару-жарағын;
ұрыс түрлерін және оның сипаттамасын;
атыс жүйесі, ұрыстағы маневр, ұрыстағы өзара іс-қимыл, бөлімшелер мен атысты басқаруды;
мотоатқыштар взводының жорық, ұрысқа кіру және ұрыстық тәртібі;
қорғаныс негіздерін;
қазіргі замандағы ұрыстардағы барлаудың рөлі, взводтың барлау жүргізу тәсілдері, жалпы әскери бөлімшелердің шағын аймақтағы соғыс қимылын;
взводтың бір орында және сақтық күзетте орналасуы;
взводтың шеруі мен жорық күзетінің негіздері;
миналардың арналуын, әрекет қағидасын және олардың құрылғысын;
жарылмайтын инженерлік бөгеттердің бөлінуі, түрлері және мина-жарылғыш бөгеттерден өтуді.
Атыс дайындығы
біледі:
мергендік винтовканың арналуы мен ұрыстық қасиетін, негізгі бөліктері мен механизмдерін;
мергендік винтовканың толымсыз бөлшектеу тәртібін және толымсыз бөлшектеуден кейін мергендік винтовканы жинастыру тәртібін;
драгунов мергендік винтовкасымен атыс кезінде болатын кідірістер және оларды жою тәсілдерін;
гранататқыштың ұрыстық қасиетін, қолданылуын;
гранататқышты толымсыз бөлшектеу тәртібін және гранататқыштың толымсыз бөлшектеуден кейін жинастыру тәртібін;
ату кезіндегі кідірістер мен оларды жою тәсілдерін.
жасай алады:
мергендік винтовканы толымсыз бөлшектеуді және жинастыруды;
ДМВ ату кезінде болатын кідірісті жоя білуді;
Гранататқыштан ату кезінде болатын кідірістерді жоя білуді.
Мергендік винтовка (МВ) мен қол гранататқышынан ату тәсілдері мен ережелері
біледі:
мергендік винтовкадан ату тәсілдерін орындау, атысқа ыңғайлану, атыс жүргізу, атысты тоқтату кезінде берілетін командаларды;
винтовканы оқтау және оғын алу тәртібін;
гранататқыштан ату кезіндегі қауіпсіздік шараларын;
жасай алады:
жер бауырлай жылжу, жатып ату, тізерлеп ату, отырып ату, тұрып ату кезінде винтовканы ұстауды;
винтовканы оқтау мен оғын алуды;
тасадан тірей ату, оқпанадан атыс жүргізу, әуедегі нысаналарды ату тәсілдері кезінде винтовканы дұрыс ұстай білу мен орналаса алуды.
Саптық дайындық
біледі:
машиналар жанындағы және машинадағы жауынгердің іс-әрекетін;
сапты және машинаны басқаруға арналған белгілерді: қолмен, жалаушалармен, шаммен.
жасай алады:
машиналар жанындағы және машинадағы іс-әрекет кезіндегі командаларды орындауды;
белгілердің көмегімен сапты және машиналарды басқаруды.
Әскери топография
біледі:
топографиялық картаның қолданылуын, карталарын, бағытын және олардың шамасын;
географиялық координаттар мен жазық тікбұрышты координаттарды анықтау үшін топографиялық карта бетінің ішкі жақтауын ресімдеуді;
азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтауды:
жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс ерекшелігін.
жасай алады:
карта бойынша қашықтықты өлшеуді;
карта бойынша географиялық және жазық тік бұрышты координаттарды анықтауды;
карта бойынша дирекционды бұрыштарды анықтауды;
бір орында картаны бағдарлау және өзінің тұрған нүктесін анықтауды;
картадан жер бедері, елді мекендер, гидрография, жол торабы, өндірістік, ауыл шаруашылық және әлеуметтік-мәдени объектілер және өсімдіктер жамылғысының бейнеленуін оқуды.
Азаматтық қорғаныс (АҚ)
біледі:
азаматтық қорғанысының міндетімен мақсаты;
ядролық қару ерекшелігін және оны қолдану кезінде жеке құрамға тигізетін әсерін;
химиялық қару ерекшелігін және оны қолдану қағидаларын;
биологиялық қару ерекшелігін, түрлері және биологиялық құралдардың негізгі қасиеттерін;
жеке қорғану құралдарына техникалық қызмет көрсету тәртібін;
радиоактивтік, химиялық және биологиялық зақымдану аймағынан өтудің негізгі тәсілдерін;
апат аудандары мен зақымданған ошақтарында жүргізілетін құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу тәртібін.
Медициналық білім негіздері
біледі:
жұқпалы аурулардың негізгі топтарының сипаттамасын;
биологиялық зақымдау ошақтарындағы карантин мен обсервация туралы;
қан айналымына қышалар пайдалану арқылы әсер ету шараларын;
бинтті таңғыштар қоюдың негізгі тәсілдерін;
қысқыш және бекіткіш таңғыштар салу ережесін;
бастың, кеуденің және іштің тесіп өткен жаралану кезінде таңғыштар қою ерекшеліктерін;
өкпеге жасанды желдету жасау тәсілдерін («ауыздан-ауызға», «ауыздан-мұрынға» Сильвестр бойынша, Каллистов бойынша).
жасай алады:
науқастарды күтуды;
артериалық қан қысымын өлшеуді;
жүрекке тікелей емес массаж жасауды және өкпеге жасанды желдету жасауды;
ашық және жабық сынықтар кезінде шендеушітер салумен алғашқы медициналық көмек көрсетуді;
бас сүйегі, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас сүйектері, қол-аяқ сүйектерінің сынуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетуді (таңып тастауға арналған құралдар мен табельдерді пайдалану арқылы) басқа, кеудеге, бұтаралық, қол-аяқ сүйектеріне таңғыш қоюді;
әр түрлі бақытсыз жағдайларда: үсу, күн және ыстық өту, электржарақаты, суға кеткен кезде алғашқы медициналық көмек көрсетуді.
IV. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Алғашқы әскери дайындық бойынша теориялық бiлiм дидактикалық материалдар мен техникалық оқу құралдарын қолдана отырып, сұбхат және әңгiмелесу түрiнде жүргiзiледi. Практикалық сабақтар қару-жарақ пен әскери – техникалық мүлiктердi, жеке қорғаныс құралдарын, аспаптар және басқа да жабдықтарды қолдана отырып, оқытылған материалдарды бекiтуге бағытталған.
Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақтан, әскери іс негізі тарауынан, азаматтық қорғаныс пен медициналық білім негіздерінен тұрады.
Кіріспе сабақты өткізуде жастарды әскери қызметке және Қазақстан Республикасын қорғауға дайындаудың маңызына, алғашқы әскери дайындық курсының оқу міндеттерін орындауға байланысты моральдық, психологиялық және дене күшін шоғырландырудың қажеттігіне ерекше қөңіл бөлінеді.
Әскери іс негіздері келесі тараулардан тұрады және алғашқы әскери дайындық білім беру бағдарламасының базалық бөлімі болып табылады:
Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының егемендігін қорғау күзетiнде;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылыры;
Тактикалық дайындық;
Атыс дайындығы;
Саптық дайындық;
Әскери топография.
Әскери іс негіздерін оқып-үйрету процесінде алғашқы әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушысы - үйренуші жастардың азаматтық қөзқарасын қалыптастыру, Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігіне қөз жеткізу, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауға саналы түрде даяр болуға үйрету міндеттерiн шешеді. Сабақта жастардың әскери анттың рөлі мен мәнін жете түсінуіне ықпал ету қажет, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның жауынгерлік дәстүрлеріне, әскер салалары мен түрлеріндегі қызмет атқару ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылығын дамыту керек, әскери білім алуға ынталандыра отырып, оларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары – бұл Қарулы Күштердің тұрмыс–тіршілігін белгілейтін заңдар жинағы, сондай-ақ жарғы талаптарын орындау - әрбір әскери қызметшінің міндеті екендігі түсіндіріледі.
Тактикалық дайындық оқытудың негізгі тарауларының бірі болып табылады. Тактикалық дайындық бойынша сабақтардың барлық тақырыптары оқушыларды жалпы әскери ұрыс негіздерін оқып-үйренуге, ұрыста іс-әрекет жасай алуға, қарсыластың ұрыс машиналары мен жаяу әскерін жою үшін қарулар мен гранатты қолдана білуге бағытталған. Сабақ барысында үйренушілер қарулар мен гранаттарды қолдана білу техникасы бойынша дағдыларды меңгереді.
Тактикалық дайындық бойынша практикалық сабақтарды өткізу үшін винтовка макеттері, оқу автоматтары (пулеметтері), сондай-ақ оқу гранаттарына арналған сөмкелердің бар болуы қарастырылуы кажет. Оқушылар жергілікті жерде практикалық тәсілдер мен әрекетті орындауға ыңғайланып киінулері керек.
Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу кезінде басты назарды қару және оқ-дәрілермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларына аудару қажет. Сабақ барысында оқушылар атыс қаруының құрылымын, оны атысқа дайындау тәртібі мен ату ережелерін, қаруды күту және сақтауды үйренеді.
Саптық дайындық бойынша барлық сабақтар саптық дайындыққа арналған алаңда (плацта) өтеді. Практикалық сабақты өткізген кезде басты назар оқытушы-ұйымдастырушының оқушыларға саптық тәсілдерді тұтастай және үйренуі бойынша көрсетуіне, оқушылардың саптық тәсілдер мен жаттығуларды үйретілген элементтері бойынша көрсетуiне аударылады. Саптық элементтерді орындауын дағдыға айналдыру алғашқы әскери дайындықтың сыныптан тыс өтетін іс-шаралары кезінде де жалғастырылуы қажет.
Әскери топография бойынша сабақтар, оқушыларды бейтаныс жерде картасыз бағдарлана білуге, өз тұрған жерін анықтай алуға және компас көмегімен берілген азимут бойынша нысанаға қарай қозғалу маршрутын таңдай білуге үйретуді қарастырады.
Азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабағы үйренушілерді бейбіт және соғыс уақытында Казақстан Республикасының халқын табиғи зілзала зардаптарынан, ірі апаттардан құтқару және қарсыласқа қазіргі кездегі жою құралдарын пайдалану, сонымен қатар төтенше жағдайлар туындаған аудандар мен ошақтарда құтқару және шұғыл көмек көрсету, апатты – қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, зақым және жарақат алған кездерде алғашқы медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын іс-шараларымен таныстырады.
Алғашқы әскери дайындықты жоспарлау осы Бағдарлама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жасөспірімдерді қызмет етуге сапалы даярлауға, бағдарламаның толықтай орындалуын жүзеге асыруға, оның барлық бөлімдерін басқа мектеп пәндерімен тығыз байланыстыра кешенді түрде зерделеуге бағытталуы тиіс.
Әрбір оқу орнында алғашқы әскери дайындық өтуінің апталық жоспары бүкіл оқу жылына әзірленеді. Алғашқы әскери дайындық бойынша сабақтар оқу орнының жалпы мектептік кестесіне енгізіліп, оқу топтары мен сыныптар бойынша өткізіледі. Сыныптар мен оқу топтары взвод деп аталынып, үш бөлімшеге бөлінеді. Оқу орны директорының бұйрығымен әрбір сыныпта немесе оқу тобында озат оқушылар қатарынан бөлімше және взвод командирлері тағайындалады.
Алғашқы әскери дайындық сабақтарында взводтар мен бөлімшелердің командирлері взводтағы немесе оқу топтарындағы оқу тәртібін қадағалап отырады, сондай-ақ оқытушы-ұйымдастырушы пәрмені бойынша топтың немесе взводтың жеке құрамын басқарады.
Алғашқы әскери дайындық сабақтарында оқушылар мен оқытушы- ұйымдастырушы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларының талаптарына сәйкес құрастырылады.
Оқушылар сабаққа дайындалып және ұқыпты киініп келулері тиіс.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы сабақ басталмастан бұрын алдын-ала оқу тобына немесе взвод жеке құрамына киім үлгісі жайында айтуы тиіс.
Жалпы білім беретін мектептерде алғашқы әскери дайындықтың оқу-материалдық базасы құрылып, үнемі жетілдіріліп отырады. Оған:
алғашқы әскери дайындықтың оқу кабинеттері (сынып);
азаматтық қорғаныста, тіршілік әрекеттерін қамтамасыз етуде, алғашқы әскери дайындық бойынша арнайы мүліктер сақтауға арналған бөлме;
саптық дайындық бойынша сабаққа арналған алаңдар;
тәуліктік кезекші мен сақшы міндеттерін практика жүзінде оқып үйретуге арналған орын, ату тәртібі мен тәсілдерін және тактикалық дайындық бойынша сабаққа арналған жаттығу қалашықтары;
оқу-көрнекілік құралдары және техникалық оқу құралдары қосылады.
Оқу орындарын жаттығу қаруларымен, әскери-техникалық мүліктер және оқу құралдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі әзірлеп және бекіткен табельдер бойынша жүзеге асырылады.
Қосымшалар
1 – кесте
Алғашқы әскери дайындық бағдарламасы бойынша оқу уақытын есептеу және жоспарлау.
І - семестр
р/с
|
Өтілетін дәрістің тақырыбы
|
Сағат саны
|
Сабақтың түрі
|
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар
|
Үй тапсырма-сы
|
1
|
Кіріспе
|
2 с
|
Жаңа сабақты түсіндіру
|
|
Кіріспе
|
2
|
Сап және оларды басқару
|
2 с
|
Практикалық
|
Саптық алаң, саптық жарғы
|
§1. VI-тарау
|
3
|
Орында турғандағы бұрылыстар
|
2 с
|
Практикалық
|
Саптық алаң, саптық жарғы
|
§2. VI-тарау
|
4
|
Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және кері бұрылу
|
2 с
|
Практикалық
|
Саптық алаң, саптық жарғы
|
§3. VI -тарау
|
5
|
Бөлімше сабы
|
2 с
|
Практикалық
|
Саптық алаң, саптық жарғы
|
§4. VI-тарау
|
6
|
ҚР мемлекеттерінің құру.ҚК ұлттық
Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ролі
|
2 с
|
Аралас теория
|
ҚР Констит.
Жарғылар,әскери
докт/шны
|
§1. I-тарау
|
7
|
ҚР мемлекеттік тәуелсіздікке ие болуы,оның тарихы маңызы.
Отанды қорғау– мемлекет маңызды міндет
|
2 с
|
Аралас теория
|
ҚР Конституциясы.
|
§2-3. I-тарау
|
8
|
ҚР Конституциясының негіздері. Қ.Қ. мемлекеттік орны. Мемлекеттік нышандар. Әскери бөлімше. Жауынгер туы
|
2 с
|
Аралас теория
|
Тақырыптық планшеттер, плакаттар
|
§4-5. I-тарау
|
9
|
ҚР ҚК қызмет ету-патриот пен интернат
мектебі
|
2 с
|
Аралас теория
|
Тақырыптық планшеттер, плакаттар
|
§6. I-тарау
|
10
|
Қазақстандағы қазіргі армия
|
2 с
|
Аралас теория
|
плакаттар,саптық
|
§7. I-тарау
|
11
|
ҚР ҚК әскери жарғылары - әскери қызметшілер мінез-құлқының құқықтық негізі
|
2 с
|
Аралас теория
|
ҚР ҚК жарғылары
|
§1. II-тарау
|
12
|
Тәртіп және әскери құқық
|
2 с
|
Аралас теория
|
ҚР ҚК жарғылары
|
§2. II-тарау
|
13
|
ҚР ҚК Ішкі қызмет жарғысы
|
2 с
|
Аралас теория
|
ҚР ҚК жарғылары
|
§3. II-тарау
|
14
|
ҚР ҚК Тәртіптік жарғысы
|
2 с
|
Аралас теория
|
ҚР ҚК жарғылары
|
§4. ІІ – тарау
|
15
|
ҚР ҚК Гарнизонд және қарауылдық қызмет жарғысы
|
2 с
|
Аралас теория
|
ҚР ҚК жарғылары
|
§5.
ІІ-тарау
|
16
|
Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттірі
|
2 с
|
Аралас теория
|
ҚР ҚК жарғылары
|
§6.
ІІ-тарау
|
17
|
Объектілі қоршау және постыларды жабдықтау
|
2 с
|
Аралас теория
|
ҚР ҚК жарғылары
|
§7.
II-тарау
|
18
|
Сақшының міндеттері
|
2 с
|
Аралас теория
|
ҚР ҚК жарғылары
|
§8. ІI-тарау
|
19
|
ХХ – ғасырға дейінгі әскери өнер тактикасының дамуы.
|
2 с
|
Аралас теория
|
Тақырыптық плакаттар
|
§1. ІII-тарау
|
20
|
Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуы. Қазіргі заманғы ұрыс сипаты
|
2 с
|
Аралас теория
|
Тақырыптық плакаттар, тактикалық алаң
|
§2-3. ІII-тарау
|
21
|
Ұрыстағы әрекет негіздері және мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы. Ұрыстағы ату. Ату жүйесі
|
2 с
|
Аралас теория
|
Тақырыптық плакаттар, тактикалық алаң
|
§4-5. ІІІ-тарау
|
22
|
Жауынгерлердің ұрыстағы іс-әрекеттері. Бақылаушы жауынгер
|
2 с
|
Аралас теория
|
Тақырыптық плакаттар, тактикалық алаң
|
§6-7. ІІI -тарау
|
23
|
Қорғаныстағы жауынгер. Шабуылдағы жауынгер
|
2 с
|
Аралас теория
|
Тақырыптық плакаттар, тактикалық алаң
|
§8-9. ІІI -тарау
|
24
|
Қорғаныстағы бөлімше. Шабуылдағы бөлімше
|
2 с
|
Аралас теория
|
Тақырыптық плакаттар, тактикалық алаң
|
§10, 12. ІІI -тарау
|
25
|
Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері
|
2 с
|
Аралас теория
|
Тақырыптық плакаттар, тактикалық алаң
|
§11. ІІI -тарау
|
26
|
Атыс негіздері
|
2 с
|
Прктикалық
|
АК-74 плакат
|
§1. ІV-тарау
|
27
|
Қарудың материалдық бөлігі. Автоматты (пулеметті) бөлектеу және жинақтау
|
2 с
|
Прктикалық
|
АК-74 плакат
|
§2, 4. ІV-тарау
|
28
|
Калашников автоматы мен пулеметі
|
2 с
|
Прктикалық
|
АК-74 плакат
|
§3. ІV-тарау
|
29
|
Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы, арналуы. Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы
|
2 с
|
Прктикалық
|
АК-74 плакат
|
§5-6. ІV-тарау
|
30
|
Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау. Автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері
|
2 с
|
Прктикалық
|
АК-74 плакат
|
§7-8. ІV-тарау
|
31
|
Жергілікті жерде картасыз бағдарлану. Азимут бойынша қозғалыс
|
2 с
|
Аралас теория
|
Тақырыптық плакаттар
|
§1-2. VІІ-тарау
|
32
|
Медициналық қызметтің. Азаматтық қорғаныстағы міндеттері
|
2 с
|
Аралас теория
|
Тақырыптық плакаттар
|
§1. VІІІ-тарау
|
33
|
Мектептер мен орта оқу орындарында Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру ерекшеліктері
|
2 с
|
Аралас теория
|
Тақырыптық плакаттар
|
§2. VІІІ-тарау
|
34
|
Жаралану, қан кету және күйген кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Қан кетуді тоқтату, танғыш салу құралдары мен түрлері. Артериядан қан кетуді тоқтату үшін қолда бар құралдарды пайдалану және бұрау мен жгут салу ережелері
|
2 с
|
Аралас теория
|
Тақырыптық плакаттар
|
§1-2. ІX-тарау
|
35
|
Бақылау жұмысы
|
2 с
|
Тест
|
|
|
I-семестр бойынша барлығы: 70
|
Достарыңызбен бөлісу: |