«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет160/230
Дата09.03.2023
өлшемі3,7 Mb.
#171654
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   230
Байланысты:
pr vn bol sd kz

Есептер:
1. Науқасты қарағанда тыныс алғанда кеуде клеткасының оң жағы қалыңқы, осы аймақта пальпациялағанда дауыс дірілінің күшеюі, перкуторлы дыбыс тұйықталған, аускультативті бронховезикулярлы тыныс, крепитация және бронофонияның күшеюі анықталды. Ауру үй жағдайында дамыған.
А. Алдын ала диагнозын қойыңыз?
Б. Қосымша зерттеу жоспарын құрастырыңыз.
2. Науқас ауруханада созылмалы лимфолейкоз себебінен жатқан уақытында дене қызуының жоғарылап, жөтел пайда болды. Жөтел күндіз басталып, түнде күшейеді, аздаған шырышты іріңді қақырық бөлінеді. Қарағанда кеуде клеткасы қозғалысы біркелкі, перкуторлы және пальпаторлы аса өзгерістер жоқ, аускультативтіқатаң тыныс реңінде шашыраңқы құрғақ сырылдаржәне аздаған аймақта оң өкпенің төменгі бөлімінде ылғалды сырылдар естіледі.
А. Алдын ала диагноз қойыңыз.
Б. Берілген ауруды шақыратын негізгі микробтар тобын атаңыз.
В. Науқастың емдеу жоспарын құрастырыңыз.


1) Тақырып: № 6. Өкпе аурулары кезінде рентгенологиялық және эндоскопиялық зерттеу әдістерінің диагностикалық маңызы.
2) Мақсаты: Өкпе аурулары кезінде рентгенологиялық және эндоскопиялық зерттеу әдістерін үйрету, осы әдістердің диагностикалық маңызын білу.
3) Тапсырма:
- СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиет таңдау (каталогтармен, журналдармен,
монографиялармен, сөздіктермен, оқу әдебиеттерімен, интернет мәліметтерімен жұмыс жасау)
- сабақ тақырыбы бойынша конспект, презентация, көрнекті құралдар (буклеттер, интеллект карта) құрастыру

  • тест тапсырмаларын шешу

  • берілген тақырып бойынша өз бетінше 4-5 тест құрастыру

4) Орындалу түрі:
- «кейс-стади»
- постерлік доклад
- тақырып бойынша эссе Кластерлер
- тақырып бойынша глоссарий

  • презентация

  • интеллект карта

5) Орындалу критерилері:
1. Презентация –өз бетінше орындалуы керек, белгіленген уақытта, көлемі кемінде 20 слайд және кемінде 5 әдебиет көзі болуы керек. Слайдтар мазмұнды және қөркемді болуы керек. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша тереңірек білімін демонстрациялауы қажет, талқылау кезінде сұрақтарға жауап бергенде қателіктер жібермеуі керек. Слайдтардың мазмұны толық және көркем, тақырып бойынша өз ойымен интегрирленген мәлімет болуы керек.
2.Интеллект карта және буклет жинақы орындалған және белгіленген уақытында өткізілген болуы керек. Өз бетінше кемінде 5 әдебиет қолданылуы керек. Сызбалар, кестелер және суреттер болуы керек.
3.Студенттердің жеке сұхбатының жазбасы және, немесе дәрігердің пациентпен сұхбатының видеоаудио таспасын таңдау.
4.Меңгерген тәжірибелік дағдылары жазылған күнделік арнау
5.Әр тақырып бойынша өзінің индивидуалды ой қатынасын суреттеу
6.Рөлдік ойындар қою


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет