Бекітемін
ҰТО директоры
___________ Қ.C.Әбдиев
2014ж. «___»_____________
«Психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша
5В010300 – Педагогика және психология мамандығы үшін
мамандығына арналған
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тестке «Психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.
№
|
Мазмұны
|
Тапсырма саны
|
1
|
«Психологияны оқыту әдістемесі» курсының пәні, мақсаты және міндеттері
|
1
|
2
|
Әртүрлі типтегі оқу мекемелерінде психологияны оқытудың мақсаты, принциптері және білімнің нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі
|
2
|
3
|
Психологияның оқытудың пән ретіндегі мазмұны
|
2
|
4
|
Оқу іс - әрекетінің психологиялық теориясы,оқыту және білім беру
|
2
|
5
|
Психология курсындағы таксономиялық оқу тапсырмалары
|
2
|
6
|
Психологияны оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы
|
1
|
7
|
Психологияны оқытудағы белсенді әдістер
|
2
|
8
|
Психология пәні бойынша сабақ және оның негізгі сипаттамалары
|
1
|
9
|
Психология пәні бойынша дәрісті дайындау мен жүргізу әдістемесі
|
2
|
10
|
Психология пәні бойынша семинар және практикалық сабақтар
|
1
|
11
|
Психология пәні бойынша зертханалық сабақтар, тәжірибелер мен демонстрациялар.
|
1
|
12
|
Психология пәні бойынша білім алушылардың өзіндік жұмыстарының ұйымдастырылуы
|
1
|
13
|
Психология бойынша мектептен және сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстар
|
1
|
14
|
Психологияны оқытуда техникалық құралдарды пайдалану
|
1
|
15
|
Психологияны оқытуда білімді бағалау мен тексеруді ұйымдастыру
|
1
|
16
|
Психологияны оқытуда білімді тексеру түрлері мен формалары
|
1
|
17
|
Психология оқытушысының кәсіби іс - әрекетін ұйымдастыруы
|
1
|
18
|
Психология бойынша оқыту курсын құрастыру технологиясы
|
2
|
|
Барлығы:
|
25
|
4.Тапсырма мазмұнының сипатамасы:
«Психологияны оқыту әдістемесі» пәні қазіргі психологияның теориялық және әдістемелік мәселелерін, психология ғылымының негізгі қағидалары мен санаттарын, оқыту әдістерін қарастырады.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |