Бекітілді «Ежелгі Қазақстанға саяхат» гимназия компонентінің бағдарламасы



бет7/10
Дата19.02.2023
өлшемі70,7 Kb.
#169379
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ежелгі Қазақстан тарихы

V-бөлім.Ғұндар-8 сағат
56-57. Ғұндардың мемлекеттік деңгейге жету жолы
Ғұндар мемлекеті.Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды.
58-59.Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы және әскери өнерді меңгеруі.Ғұндардың әскери құрылымымен танысады.Ғұндар қалай қаруланған.Ғұндармен қытайдың арасындағы қақтығыстар қалай өрбіді.Ұлы қытай қорғанының салынуы Ұлы Қытай қорғаны - әлемдегі ең ірі және ең көне сәулет ескерткіштерінің бірі. Оның жалпы ұзындығы 8851,8 км, бір учаскеде Пекин маңында өтеді. Бұл құрылысты салу процесі өзінің ауқымымен таң қалдырады. Oinet.kz сізге қорған тарихынан ең қызықты фактілер мен оқиғалар туралы айтып береді.
60-61.Ғұндардың Батысқа қоныс аудару себебі Б.з.б. 55 жылы Қазақстан жеріне бірінші қоныс аударуда ғұндарды Чжи-Чжи басқарды. Олардың, бір бөлігі Тянь-Шаньнан өтіп, Қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Қаңлылармен одақтаса отырып, ғұндарды біріктіру мақсатын көздеген Чжи-Чжи өз қарауындағы ғұн тайпаларымен бірге Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жеріне қоныс аударады. Осындай жағдайда Қаңлы ханы Чжи-Чжимен одақ құрып, оны үйсіндерге қарсы пайдаланбақ болады. Осы мақсатпен қаңлы ханы Чжи-Чжиге Талас алқабынан жер бөліп беріп, өзінің атты әскеріне қолбасшылыққа тағайындайды. Алайда Чжи-Чжи бастаған ғұн тайпалары қаңлылардың үмітін ақтамайды. Осыдан кейін Чжи-Чжи қаңлы билеушісінің қосынынан қуылып, Талас өзенінің жоғарғы жағына кетіп, сол жерден өзіне қала тұрғыза бастағанын біледі.
62-63.Ғұндар Еуропада.Атилланың жорықтары. 420 жылдары ғұндар Панноний жерлерін (қазіргі Венгрия) мекендеген Дунай мен Рейн аралығында билік жасап, варвар тайпаларын бодан қылып жүрген ғұндар Батыс және Шығыс Рим империяларына да қауіп төндірген. Осы текетіресте германдық тайпалар Еділдің жағында болған.Византияға алғашқы жорығы. 441 — 442 жж.Еділ мен Бледаның Еуропаға алғашқы жорығы қазіргі Сербия аумағында орналасқан византиялық Иллирик провинциясынан басталды. Дәл сол кезеңде римдіктер бір жағынан вандалдармен Сицилияда, екінші жағынан парсылармен шайқасып жатқаны жорықтың сәттілігіне қосымша себеп болған.Оқиғаның куәгері Присктің мәліметі бойынша алғашқы әскери ұрыстары қазіргі Белград қаласы аумағында орналасқан сауда жәрменкесінде ғұндардың римдіктерге кенет шабуылынан басталған. Шабуылдың себебі Марг қаласының [21] епископы ғұндардың асыл қазынасын (яғни патшалардың мазарын) тонауы түрткі болған[22] Маргтан кейін Сингидунум (қазіргі Белград) және Виминаций (қазіргі Костолац) жақын орналасқан Дунайдағы ірі қалалар алынды.Әрі қарай ғұндардың әскери әрекеттері Дунайдың шығыс жағына, яғни Ратиария жаққа қарай (қазіргі Арчар болгар селосы) және оңтүстіктегі Морава өзенінен Наисс (қазіргі Сербияның Ниш қаласы) жаққа қарай бағытталған.Присктің айтуы бойынша 442 жылға таяу шайқастар тоқтап, ғұндар қазіргі Сербияның аумағындағы Дунайдың оңтүстігіне қарай «бес күндік жол» алатын кең алқапты басып алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет