Бекітілді «Ежелгі Қазақстанға саяхат» гимназия компонентінің бағдарламасы



бет8/10
Дата19.02.2023
өлшемі70,7 Kb.
#169379
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ежелгі Қазақстан тарихы

VI-бөлім.Сарматтар -3 сағат
64-65.Сармат мемлекетінің қалыптасуының ерекшеліктері. Сармат мәдениеті— ерте темір дәуірінде Қазақстанның батыс өлкелері мен Оңт. Орал далаларын мекендеген көшпелі тайпалар қалдырған түрлі археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Жалпы “сармат” атауы көне грек жазба деректерінен жеткен шартты ұғым, ал сарматтар осы тарихи деректер бойынша шығыстан келіп, Қара т. скифтері патшалығын талқандаған тайпалар ретінде танымал. Археол. зерттеулер Сармат мәдениетіжайлы, яғни тайпалардың жерлеу ғұрпы, заттық мәдениеті, өнері жайлы құнды деректер берді. Ғыл. қорытындылар бойынша, мәдениеттің өмір сүрген уақыты б.з.б. 7 — 6 ғ-лар мен б.з. 4 ғ. арасын алып жатқан өте үлкен мерзімді қамтиды. Даму барысындағы ерекшеліктерді ескере отырып, ғалымдар осы өте ұзақ мерзімді “ерте сармат” ( прохоров мәдениеті), “орта сармат”, “соңғы сармат” деп аталатын үш кезеңге бөлінгенін біледі.
66.Сарматтардың саяси тарихы Сармaттар туралы деректер өтe аз. Бұл тайпаның аты б. з. б. III ғ. Бастап тарихқа кірген. Саpмат тaйпалар oдағы Батыс Қазaқстан өңірінде өміp сүрген. Б. з. б.III – б. з. -дың IV ғaсыры aралығында Тобыл мен Дунай арaлығын мекендеген тайпалар. Олар алғашындa б. з. б. VIII ғacырда «сауроматтap» деп аталған. Б. з. б. II ғaсыpдан бастaп Оңтүстік Орaлды, Еділ бойын, Қазақстанның батыс аумaғын қоныстанғaн. Б. з-дың IVғ. Ғұндардан жеңіліп батыcқа қаpaй қоныс аударған. Жауынгер саpмaт тайпaлаpы дай (дах) – мaссагет, исседондармен тyыстас болып келген. Сарматтаpдың құрa­мында роқсоландаp, алаңдaр, аорстар, cирақтар т. Б. тайпaлар болғанын біледі.
VII-бөлім.Ежелгі Қазақстан тарихына шолу -6 сағат
67.Нәсілдерді қалай ажыратамыз? Халықтың нәсілдік және ұлттық құрамы.
Жер шары халқын қандай принцип негізінде топтастырады? Адамзат қандай нәсілдерге жіктеледі? Нәсілдер арасындағы айырмашылықтар немен түсіндіріледі?
Нәсілдік құрамы. Сендер географияның бастапқы курстарында нәсілдер мен олардың Жер шарында таралу ерекшеліктерімен танысқан болатынсыңдар. Жалпы алғанда,нәсілдер — адамдардың сыртқы бет-бейнесінің ұқсас белгілері (түсі, шашының сипаты, бет өлпеті, бас сүйегінің пішіні, дене тұрқы және т.б.) бойынша біріктірілетін топтары. Антропологиялык белгілер ұзак уақыт бойы белгілі бір табиғат жағдайларына бейімделу нөтижесінде қалыптасқанын түсінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет