17-18. Ежелгі Өнер.Петроглифтер Белгілі де зерттелген петроглифтердің бірі Таңбалы болып саналады. Таңбалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік-батысына қарай 170 км, Алматы облысының Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Петроглифтер мерзімі б.э.д ХIY ғ., б.э YI -YIII ғасырлар аралығы, яғни қола дәуірден түркі халықтарының Ұлы даланы жаулап алғанға дейінгі уақытты қамтиды. Петроглифтер кең аймақта жайғасып, өлшемі 3 км х 10 км құрайды.Олардың ең маңызды бөлігі 250 м х 500 м, онда 2 000 петроглифовтер бар, жалпы Таңбалыда 5 000 суреттей бар екенін біледі.
19-20.Ежелгі адамдардың мәдени жетістіктері.Қоланың мыстан айырмашылығымен танысады.Тасқа салынған суреттер нені білдіретінін түсіеді.
II-бөлім.Ежелгі көшпелілер өмірі-9 сағат
21.Адамдар темірді қалай өндірді?Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен (Дания) ұсынды. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келгенін түсінеді
22.Темірден жасалған құралдар.Адамдардың 1 мың жыл бұрын темірді алғаш өндіріп қолдана бастағанымен танысады. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы металмен байланысты. Дегенмен, темір ұзақ уақыт бойы аз таралған әрі қымбат металл болып қала берді. Тек б.з.б. 1-мыңжылдықта ғана темір металлургиясын қолданысқа кеңінен ендіру қолға алынды.
23-24.Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуымен дамуы. Археологиялық және этнографиялық материалдар Қазақстан жерінде ежелден бастап XX ғасырдың басына дейін мал шаруашылығының үш түрі қалыптасқанын көрсетеді. Көшпелі мал шаруашылығы Маңғыстау, Батыс, Орталық Қазақстан аймағында басым болғанын біледі.
25-27.Ежелгі көшпелілердің матералдық мәдениеті қалай қалыптасты?Жалпы материалдық мәдениет пен рухани мәдениетті бір-бірінен ажыратуды үйренеді. Киіз үй тарихынан. Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шашпаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Ыдыс-аяқ. «Шешесін көріп-қызын ал, ыдысын көріп асын іш», — деген қазақ мақалында пәлсапалық, әлеуметтік терең ой жатыр. Демек ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыс-аяқ мәселесіде шет қалмаған. Оған үлкен мән бергендігіне жоғарыда бір ауыз сөз куә.Ата-бабаларымыз ыдысты көбіне ағаштан, жылқы, ешкі терісінен, мыс, жез сияқты металл бұйымдарын жасағанын түсінеді.
28-29.Ежелгі көшпелілердің рухани мәдениеті қалай дамыды? Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді. Мәдениет тарихында күні кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген кеудемсоқтық теория белең алды. Бірақ Шығыс өркениетін жасаған мәдени мұралардың ғажайып үлгілері оларды өздерінің менменсіген қисындарынан бас тартуға мәжбүр етті. "Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең.
III-бөлім.Сақтар-15 сағат
30-31. Сақтар туралы деректерді кімдер қалдырған? "Күміс олардың елінде болмайды,бірақ мыс пен алтын көп кездеседі" деп сақтар туралы жазған грек тарихшысы Страбон. "Құдайлардың арасынан күнге табынады,оған жылқыны құрбандыққа шалады" деп сақтар туралы жазған ғалымдар Геродот,Страбонның қалдырған деректерімен танысады
32.Сақтар қайда мекендеген? Cақ тайпалары 3 топқа бөлінеді: тиграхауда (шошақ бөріктілер), парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар), хаумаварга (хаома сусынын дайындайтындар).Парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар) тайпалары Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген. Олардың оңтүстігінде хаумаваргалар қоныстанған.Сақ қоғамы үш топтан тұрды: жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер. Әр топтың киімдерінің символдық түстері болған. Жауынгерлер қызыл және сары-қызыл түсті киім киген. Ежелгі үнді-ирандық тілінде оларды “ратайштар” (арбада тұрғандар) деп атағанын біледі
Достарыңызбен бөлісу: |