құзыретті: (ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. Білім алушыларға /оқытушыларға/ емтихан қабылдаушыларға оқу тәжірибелерін жүргізуде және жоспарлауда өз білімі мен дағдыларын көрсете біледі, байқаған құбылыстар мен фактілерді және олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын түсіндіреді.
Тоқ ішек –( intestinum crassum ) жіңішке ішектің шетінен созылып, мынандай бөліктерге бөлінеді: Caecum-құрт тәрізді өсіндісі (appendix vermiformis) бар соқыр ішек. Colon ascendens-жоғарылаған жиекті ішек. Colon transversum-көлденең жиекті ішек. Colon descendens-төмендеген жиекті ішек. Colon sigmoideum-сигма тәрізді ішек.
Тоқ ішектің ұзындығы-1,0-1,5м,соқыр ішек аймағындағы ені 7см жетеді, осыдан бастап біртіндеп тарылып, төмендеген жиекті ішекте 4см дейін жетеді. Тоқ ішектің диаметірінің үлкендігінен басқа мынадай белгілердің болуымен ерекшеленеді: Бұлшық етті таспалардың болуы(teniae coli). Қампаймалардың болуы (haustra coli) Майы бар сірлі қабық өсінділерінің(appendices epiploicae)
Тоқ ішектің қатерлі ісіктері барлық аурулардың ішінде 3- орын алады. Тоқ ішек рак ісігімен ең жиі бүлінетін жер – соқыр ішек 40% , сигма тәріздес ішекте – 25%, көлденең ішекте – 9%
Ішектің ауруы-өте жиі кездесеін белгі, аурулардың 80 % болады. Бұл белгі тоқ ішектің оң жақ бөлшегінде 2-3 есе жиі кездеседі. Ауру сыздап шаншып, ұстамалы болып сезіледі. Нәжіспен бірге шырыш, ірің сияқты патологиялық заттар шығады. Бұл жағдай көбінесе ішектің оң жақ бөлгігінде пайда болған ісікке тән. Ісік ішектің сол жақ бөлігінде пайда болғанда нәжіспен арлас ұйып қарайған қан пайда болады. Ішектің қызметі бұзылып іш қатуы немесе іш өтуі пайда болады. Немесе бұл бұзылыстар алмасып отыруы мүмкін. Іштің қорылдауы жиілейді. Қабыну қосылуына байланысты ішектің жиырылуы күшейіп, секрециясы жоғарлап іштің өтуіне әкеп соғады. Асқа тәбеттің төмендеуі, диспепсия белгілері.Науқастың көңіл күйі бұзылып, халы нашарлайды, дене қызуы көтеріледі, жүдей бастайды. Бүйенде, жоғарылаған және көлденең ішекте пайда болған ісіктерді пальпация әдісімен анықтауға болады.
5.5
Сабақты қорытынды бағалау
Студенттердің лекция дәптерлерін тексеру арқылы және бақылау сұрақтарына жауап бергендеріне байланысты қорытынды баға қойылды.