Белок барлыќ бізге белгілі кµміртек ќосылыстарыныњ ішіндегі ењ т±раќсызы болып табылады


Топинамбурдың химиялық реакциясын гравиметриялық әдіспен анықтау



бет8/10
Дата11.01.2022
өлшемі0,76 Mb.
#111179
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
топинамбур

2.3. Топинамбурдың химиялық реакциясын гравиметриялық әдіспен анықтау
1-3 г (тек жалпы күлді анықтау кезінде) және 5 г (жалпы және 10% НСІ-да ерімейтін күлді анықтау кезінде) майдаланған шикізатты алдын-ала тұрақты массаға дейін кептірілген фарфор тигельге салып, тигельдің жан-жағына тегістеп орналастырады. Тигельдегі шикізатты абайлап газды жанарғының әлсіз жалынында немесе электроплиткада көмірлендіреді.

Шикізат толық көмірленген кейін көмірді жағу үйгін және қалдықты толық кептіру үшін тигельді муфельді пешке ауыстырады. Күлдендіруді 550-6500С–да, тұрақты массаға дейін жүргізеді. Күлдендіру аяқталғаннан кейін, аздап суыған, бірақ әлі де ыстық тигельді эксикатрға қойып салқындатады да массасын өлшейді. Егер қатар екі өлшеудің айырмашылығы 0,0005 г-нан аспаса, тұрақты массаға жетті деп есептеледі.

Егер салқындатқаннан кейінгі қалдықтың құрамында әліде көмірдің бөліктері болса, онда оған бірнеше сутек пероксидін, концентрлі HNO3 немесе 10% аммоний нитратын қосып, тартпа шкафтың астында су моншасында буландырады да, қайтадан қалдық біркелкі түске келгенше кептіреді.

10% НСІ-да ерімейтін күлдің мөлшерін анықтау үшін жалпы күлі бар тигельге 10 мл 10% НСІ құйып, тигельді сағат шынысымен жауып қайнап тұрған су моншасында 10 минуттай қыздырады. Салқындаған соң ерітіндіні күлсіз сүзгі арқылы сүзіп, тигельді сағат шынысын және сүзгіні жуылған суға 2%-ті AgNO3 тамызғанда тұнба түзілуі тоқтағанша дистильденген сумен шаяды. Тигельде және сүзгіні кептіреді де, сүзгіні тигельде ақырындап жағады. Содан соң тұрақты массаға дейін кептіреді.

Абсолюттік құрғақ шикізаттағы жалпы күлдің мөлшерін төмендегі формуламен есептейді.

Мұндағы m 1 - күлдің салмағы

m 2 - шикізаттың салмағы, г

W- шикізатты кептіру кезінде жоғалтқан массасы, %

Абсолюттік құрғақ шикізаттағы 10% НСІ да ерімейтін күлдің проценттік мөлшерін есептеу формуласы:



Мұндағы m 1 - күлдің салмағы ,г

m - сүзгі күлінің массасы (егер оның мөлшері 0,002 г –нан көп болса),

m 2 -шикізат салмағы, г

W- шикізатты кептіру кезінде жоғалтқан массасы, %

Қазақстанның әр түрлі аймақтарында өсетін топинамбур жемісінің күлділігі 19-20% аралығында өзгереді.

Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер 5-кестеде көрсетілген.

Витаминдер- организмдердің қалыпты өмір сүруіне қажетті химиялық табғаты әртүрлі, төменгі молекулалы биологиялық активті органикалық қосылыстар. Витаминдер дегеніміз–азық-түлік өнімдерінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар организмінде бір қалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық заттар.

Н.И.Луниннің ғылыми жұмысына дейін (1880ж) қорек үшін бес түрлі ғана зат – белоктар, майлар, углеводтар, минералды тұздар және су қажет деген пікір қалыптасқан еді. Ал үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытта созылған кезінде адамдарда ұшырасатын бір қатар сырқаттардың қоректер кейбір заттардың жетіспеуінен болтыны белгілі болды. Мысалы, Европа мен Индия арасында теңіз жолын алғаш ашқан Васко да Гамма экспидициясына бастапқы қатысқан адамның саны 160 шамасында болатын. Екі жылға созылған саяхаттан кейін солардың 55 адамы ғана қайтып оралады. Жүзден астам теңізші жолда құрқұлақ (діңгене) ауруынан мерт болады.

Осындай жағдайлар және өмірде байқалған басқада мысалдар қоректік азық-түлікте тіршілік маңызды басқа да заттар болуы тиіс деген ой тудырады. Орыстың ғылыми дәрігері Н.И.Лунин ақ тышқандар мен тәжірибие жасап, оларды тек белоктар мен, майлармен, углеводтармен, тұздармен және сумен қана қоректендіру бірқалыпты тіршіліек үшін жеткіліксіз екенін ең алғаш дәлелдеді. Құрамында жоғарыда аталған бес түрлі зат бар жасанды сүт ішкен тышқандар өліп қалады. Ал сиырдың табиғи сүтін ішкен тышқандар қалыпты тіршілік етеді. Осы тәжірибеден Н.И.Лунин мынандай дұрыс қорытынды шығарды. «Жоғарыда аталған тәжірбиенің нәтижесіне қарағанда, белоктармен, майлармен, қантпен, тұзбен, сумен қана қоректендіріп, тіршілікті қалыпты қамтамасыз етуге болмайды екен және табиғи сүт құрамында казеин, май, сүт қанты және тұздан өзге, тіршілік үшін аса қажетті ауыстырылмайтын басқа заттарды бар болуы тиіс. Осы заттарды зерттеу және олардың қоректік бағасын анықтаудың маңызы зор.»

Поляк ғалымы К.Фунт (1911ж) ақталып тазартылған күрішке оның көбегінің тығындысын қосып, тауыққа береді. Мұндай жемді жеген тауық бери-бери ауруының өршуін болдырмаған. Мұнан кейін ғалым бұрын бери-бери сырқатынан сақтайтын затты күріш кебегінен бөліп алады. Ол амин тобы бар химиялық зат екенін анықтайды. Сондықтан Фунт ол затты витамин деп атайды (латынның vita деген сөзінен шыққан тіршілік, өмір деген мағынада, витамин – тіршілік амині).

Қазіргі кезде витаминдік қасиеті бар 30-дан астам зат белгілі. Олардың недәуір бөлігінің құрамында амин тобыда, азотта болмайды. Осыған қарамастан, мұндай ауыстырылмайтын тіршілік факторлары үшін «витамин» деген тарихи термин сақталып қалды.

Витаминдердің негізінен өсімдіктер, бірқатарын микроорганизмдер түзеді. Адамның және жануарлардың организімінде бірнеше витамин «мысалы: D, РР витамині» ғана түзіледі. Олардың кейбіреуі өте шағын мөлшерде түзіледі де, оргнаизм қажетін толық өте алмайды. Адамның және жануарлардың организмінде, өсімдік тектес азықтар да витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстары болады. Олар провитаминдер (каротиндер, стреолдар) деп аталады. Мұнда провитаминде тиісті активті қалыпқа түскеннен кейін сәйкес витаминдерге айналады.

Азық-түлік және жем, шөп құрамында витаминдердің жетіспеуі немесе мүлде болмауы организмдегі зат алмасу процесін бұзады. Мысалы, мұндай жағдайда жас төлдің өсуі тоқтайды және ол әртүрлі ауруға ұшырауға бейім болады. Азық-түлікте, жем-шөпте ұзақ уақыт бойы витаминдер болмаса немесе организмнің витаминді сіңіру қабілеті бұзылса, ауру пайда болады. Ондай ауруды авитаминоз деп атайды. Қоректеу ұзақ уақыт С витамині болмаса, организм құрқұлақ ауруына ұшырайды. Мұндай витаминдер жоқ жағдайда құрқұлақ- С - авитаминоз деп жазу қабылданған. Осылайша рахит – D – авитаминоз, бери-бери – В1 – авитаминоз, т.с.с.

Жеке витаминдер ашылған кезде, оларға латын алфавитінің әріптерінің аттары берілген. Мұндай әріптік жіктелу витаминдердің не биологиялық қасиетін, не химиялық құрылымын көрсетпеген. Сондықтан да, витаминдерді майда еритін және суда еритін деп жіктеу қабылданды. Майда еритін витаминдер тобына: провитамин А (каротин), Д (кальциферрал), Е (токоферол), К (винасол), F ( линольді және линоленді қышқылдар) жатады. Ал, суда еритін К витаминдерге жататындар: С витамині (аскарбин қышқылы), В1 ( тиолин), В2 (рибофлавин), В6 (пиридоксин), РР (никотин қышқылы), Р (рутин ) және т.б.

Витаминдердің химиялық табиғаты ашылғаннан кейін ғана олардың органикалық қосылыстардың әр түрлі кластарына жататындығы белгілі болды. Сөйтіп химиялық классификация қабылданды :


  1. Алифаттық қатардың витаминдері (С, В3 , F және т.б.)

  2. Алициклдік қатардың витаминдері (А, Д және т.б.)

  3. Араматтық қатардың витаминдері (К тобы)

  4. Гетероциклді қатардікі (Е, Р, РР, В6 ,В1, В2, В12 )




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет