Белок барлыќ бізге белгілі кµміртек ќосылыстарыныњ ішіндегі ењ т±раќсызы болып табылады



бет9/10
Дата11.01.2022
өлшемі0,76 Mb.
#111179
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
топинамбур

Қорытынды
Топинамбур, жер алмұрты құнарлы заттарға бай болғандықтан, ХХІ ғасырдың шипалы өсімдігі деп атауға болады. Бұл өсімдік дүниежүзінде жан-жақты зерттелгенмен, біздің елімізде әлі толық зерттеле қойған жоқ. Топинамбурды өнеркәсіпте, медицинада және тамақ өнеркәсібінде кеңінен пайдаланады. Мысалы, шарап өнеркәсібінде таза және арзан спиртті, кондитерлік өнімдер ретінде сірнені, медицина саласы үшін құрамындағы инулинді, ал тамақ өнеркәсібі үшін белок пен аминқышқылдарын алуда үлкен табыстарға жетуге болады.

Осыған байланысты біздің ғылыми жұмысымызда топинамбурдың химиялық құрамында зерттеу барысында пайдалы жағы көп екендігін анықтадық. Топинамбурдың халық шаруашылығында қолданылыуы. Топинамбур бұрыннан да тағамға қолданылатын жеміс ретінде белгілі. 1612-жылғы болған құрғақшылық кезінде, ол канадалық қоныс аударушылардың көпшілігінің өмірін сақтап қалғаны туралы белгілі. Оны тағамға пайдалану себебі, адам организіміндегі зиянды заттарды бойына жинамайды. Топинамбур жемісінен алынған этил спирті – өте арзан және таза.

Халық медицинасында топинамбурды қант диабеті, атеросклероз, жүрек қантамырлар жүйесінің және асқазан ішек ауруларына,сонымен қатар косметикалық ауытқушыларда (безеулерге, әжімдерге) қолданған. Топинамбурдың жемісімен бірге, жерүсті бөлігінің сулы ерітінділерін, тұнбаларын қолданған. Топинамбурдың жемісінің негізінде әртүрлі емдік-профилактикалық мақсатта өнімдер өндірілді. Ондай өнімдерге:таблеткалар, пасталар, фруктозадан тұратын шырындар қоспасы, инулин-пектинді концентраттар өндірлуде. Топинамбурдың медицина саласында қолданылуы. Топинамбурдың емдік қасиеті барын көптеген елдер тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Осы өсімдіктен алынған емдік препаратты: фруктоза, сироп, инулин т.б. сонымен қатар оның гүлі, сабағы, жапырағы да көптеген ауруларды емдеу үшін қолданылады. Болашақта біздің елдеде осы өсімдіктің пайдасын, ашылмаған сырларын зерттеп химия және дәрі өңдіру саласында, тамақ өнеркәсібінде пайдалансақ жақсы болар еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет