Белок барлыќ бізге белгілі кµміртек ќосылыстарыныњ ішіндегі ењ т±раќсызы болып табылады


Топинамбур концентратының медико-химиялық қасиеттері



бет4/10
Дата11.01.2022
өлшемі0,76 Mb.
#111179
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
топинамбур

1.2. Топинамбур концентратының медико-химиялық қасиеттері
Топинамбурдың мал азықтық, көкөністік, техникалық, емдік дақыл ретіндегі маңыздылығы құрамындағы химиялық заттармен анықталады.

1-кесте


Топинамбурдың химиялық құрамы.





Таңдау обьектісі

Құрғақ зат

%

Абсолютті құрғақ затқа есептегенде %





протеин

май

Көмірсу

Азотсыз экстракты

заттар


күл

1.

Жасыл масса

18,0

10,0

1,8

20,3

18,1

14,3

2.

Түйнектері

19,2

11,4

1,0

78,5

4,2

5,8

Топинамбурда құрғақ заттардың мөлшері көп (20%-ға дейін), олардың ішінде 80%-ға дейінгі мөлшерде фруктозаның полтимерлі гомологы –инулин бар. Инулинді гидролиздегенде қант диабетімен ауыратындар үшін зиянсыз қант- фруктоза түзіледі.

Топинамбур топырақтан кремнийді белсенді сіңіреді, сондықтан түйнектерінде кремний құрғақ массасына шаққанда 0,8% құрайды. Темір, кремний, мырыш құрамы бойынша ол картоп, сәбіз, қызылшаны артқа тастайды. Топинамбур түйнектерінде белок, пектин, аминқышқылдары, органикалық және май қышқылдары да мол.

Топинамбурда адам организмінде синтезделмейтін аргинин, валин, гистидин, изолицин, лицин, лезин, метианин, трианин, триптофан, фенилаланин амин қышқылдары болады. Сабағы мен жапырағының құрғақ массасының төрт пайызға дейінгі мөлшері триптофан мен лициннен құралады. Жасыл массаның 1 кг-да 70 мг-ға дейін кариотин болады. Күл массасының көп бөлігін кальций, магний, темір құрайды. 1 кг жасыл массаға 5,9 г кальций және 3,4 г магний келеді.

Органикалық қышқылдар өсімдік онтогенезі барысында 8-12%-ті құрайды. Топинамбур жапырақтарындағы органикалық қышқылдар негізінен ди және карбон қышқылдары түрінде және қанттардың алғашқы тотығуының өнімдері ретінде полиоксиқышқылдар түрінде болады. Жапырақ және өркендеріндегі органикалық қышқылдар ретінде алма, фумар және аз мөлшердегі лимон және янтар қышқылдарын атауға болады.

Топинамбурдан алынатын инулиннен жасалған өнімдер АҚШ-та және Еуропада көптеген ауруларды емдеуге қолданылатын протобиотиктердің құрамдас бөліктері болып табылады. Инулинді тағамдық қоспа ретінде пайдалану витамин синтезін қарқынды жүргізіп, организмнің иммундық механизмін активтендіреді.

Жануарларға жасалынған тәжірибелер инулиннің ісікке қарсы әсерін анықтады. Қазір дүние жүзінің түрлі бұрыштарында инулинді емдік-прфилактикалық мақсатта қолданудың әдістері жан-жақты зерттелуде. Бұл жұмыстардың нәтижелері жыл сайын Будапеште өтетін халықаралық семинарда талқыланады.

Фруктоолигосахаридтердің конмерциялық препараттары три, тетра және пента сахаридтерден құралған қоспалар. Оларды негізінен Жапонияда көп қолданады. 1997 жылы Жапонияда бір млрд. жерден фруктоолигосахариттер өндіріліп, оның 75% өз ішінде пайдаланылса, ал 25% АҚШ пен Францияға экспортталған. Қазіргі уақытта олигосахаридтер Жапон тағамдарының 500-дей түрлерінде кездеседі (балар тағамы, нан, кофе т.б.).

Кремний организмнің құрылымдық элементі, егер ол жетіспесе, адам созылмалы ауруларға ұшырауы мүмкін, ми өсуі мен даму процесін бақылай алмайды, адамды өлуге апаруы да мүмкін. Егер организмге кремний жетіспесе, организмге периодтық жүйенің 20 элементі сіңбейді.

Еркін радикалдар, анитиоксиданттар және селен. Еркін радикалдар жоғары реактивті жеткілікті тотықпаған, зат ламасу барысында түзілетін өнімдер. Оларға бір электрон жетіспейді, сондықтан бір электронды табу үшін олар клеткадағы энергия көзі митохондрияға еніп, жетпеген электронды алуға ұмтылады. Клеткаға қажетті энергияны ала алмай, тіршілігін жоюға мәжбүр болады. аз мөлшерде еркін радикалдар клеткаға қажет: олар ауру клеткаларды тауып, жояды. Бірақ, олар өте көп болса, сау организмге шабуылдайды. Жағымсыз факторлар (стресс, ультракүлгін сәулелер, темекі шегу) еркін радикалдардың шектен тыс көбеюін туғызады, яғни «еркін радикал жарылысы» болады.

Қандай да болмасын ауру еркін бақылаудан шығып кеткенде пайда болады деген түсінік қалыптасқан. Еркін радикалдарға антиоксиданттық қорғаныш жүйесі қарсы тұрады. Оларға витаминдер (С, Е), бета каротин, түрлі ферменттер, қышқылдар мен селен жатады.

Селен – адам үшін ең қажетті 19 элементтің бірі. Ол глютатион пероксидаза ферментінің құрамына кіреді және ең агресивті радикалдармен күресуге қабілетті. Селен жетіспеушілігі ең қатерлі ауралар, қатерлі ісік, спидп, спориаз, ерте қартаюға қарсы кедергіні әлсіретеді. Селеннің ағзаға түсу жолу өте қарапайым 90% селен тағам арқылы, 10 % су арқылы түседі. Еріген формалардың сіңімділігі тағамның сипатына байланысты.

Топинамбурда селен жоқ. Бірақ, Иркутск ғалымдары қан құрамында селен төмен балаларды екі топқа бөліп, өте қызықты тәжірибе жүргізді. Бір топ селенді тағамдық қоспаларды қабылдады, ал екінші топқа тек қана топинамбур ұсынды. Нәтижесінде топианмбур қабылданған топтың қан құрамындағы селен мөлшері екінші топпен салыстырғанда жоғары болып шықты.

Авторлар топинамбур тағам құрамындағы селеннің сіңуіне жағдай жасайды деген қортындыға келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет