Бақылау сұрақтары: 1.
Қандай факторлар микрооргнаизмдердің табиғатта таралуына әсер етеді?
2.
Микроорганизмдердің қандай белгілері олардың табиғатта кең таралуын
қамтамасыз етеді?
3.
Қандай физико-химиялық факторлар микроорганизмдерді едәуір қатты
тежейді?
4.
Стерилизация, дезинфекция жүргізу барысында қандай мақсаттар
қойылады?
5.
Микрооргнаизмдердің молекулалық оттегімен байланысы қандай?
6.
Әсер ету механизмдеріне қарай антимикробтық заттар қалай жіктеледі?
3 тақырып. Микроорганизмдер арасындағы байланыс Микробтар антагонизмі – әр түрлі микрооргнаизм түрлерінің
биологиялық сәйкессіздігі. Антагонизм микробтар әлемінде кең таралған
және микроорганизмдердің бір түрі екінші бір түрінің өсуін тоқтатып,
дамуын тежейді. Антимикробтық күші табиғаты әр түрлі заттардың:
органикалық қышқылдардың, сутек асқын тотығының, ферменттер мен
антибиотик сияқты заттар негізінде жүзеге асады
Антагонисттік белсенділікті анықтау әдістері негізделеді:
1)
Қатты ортада аралас дақылдаудағы сезімтал бактериялардың
өсуін тежеу аймақтарын анықтауға;
2)
Сұйық ортада қоспаларды еккеннен кейін өсіп шыққан индикатор
бактериялар мен антагонист колониясының сандық қатынасын анықтауға.
Микроорганизмдер антагонизмін зерттеудің бірнеше амалы бар:
in vivo, гнотобиологиялық технологияларды пайдалану арқылы, сонымен қатар
in vitro , бірлесіп дақылдау мен мерзімі ұзатылған антагонизм әдісімен.
Тапсырма: 1.
Берілген микроорганизмдердің антагонисттік белсенділігін штрих
арқылы егу, макроколониялар, «агарлы блок» әдісімен анықтау.
2.
Берілген микроорганизмдердің антагонисттік белсенділігін қатты
және сұйық қоректік ортада бірлесіп дақылдау әдісімен анықтау.