Дельфин кеменің бұғаздан өтуіне қалай көмектесетін?
Бұғаздан аман-есен өткен теңізшілер дельфинге не істейтін?
Дельфин неліктен «Пингвин» атты кемеге жақындамай қойды?
Неліктен «Пингвин» атты кеме жартасқа соғылды?
Ашуланған дельфин не істеді?
Бақытсыздық дегенді қалай түсінесің?
Дельфин сөзі гректің «Дельфос» сөзінен алынған. Ол «бауыр» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан болса керек дельфин бауырмалдықтың, мейірімділіктің жарқын үлгісі ретінде сипатталады. Дельфиндер жалғыз өмір сүрмейді. Жалпы әлемде теңіз дельфиндерінің 32 түрі және 4 өзен дельфиндері бар. Геродот, Аристотель секілді атақты философтар дельфиндердің аяушылығын, достығын және адамгершілігін сипаттаған. Дельфиндер жалпы көңілді, әзілкеш, топтасып өмір сүретін тіршілік иелері. Дельфиндер тек қана балалармен емес, ересектермен де ойнағанды жақсы көреді.
Дельфиндер тістерін тек құрбанын ұстап қалу үшін пайдаланады, алайда қорегін шайнауға қолданбайды. Дельфиндерде шамамен 100-ге жуық тіс болады.
Кейбір дельфиндер алпыс сөзді ажырата алады. Мұндай мөлшерді сөзден 2000-ға жуық сөйлем құрауға болады. Дельфиннің өкпесіндегі бір шай қасық су оны оп-оңай батырып жібереді. Дельфиндер адам сияқты қорегінің дәмін ажырата алады. Кейде дельфиндер өздерінің тұмсықтарымен акулаларды да өлтіре алады. Ғалымдардың пайымдауынша, дельфин даусын дұшпанын қорқыту үшін пайдаланады. Дельфиндерді балық деуге келмейді. Олар кит тәрізді сүтқоректілер қатарына жатады. Шамамен дельфиндер 50 жылға дейін, тіпті кейбір түрлері 75 жылға өмір сүреді.
Үштілділік.
І топ
Су асты жартастарының арасындағы жолды тек дельфин ғана білетін.