Билингвистикалық оқытудың әдіснамалық ерекшелігі.
Педагогикалық жүйесінің билингвистикалық ыңғайы-сурдопедегогиканың жаңа бағыты болып табылады, ол өмірде 80-жылдардың басынан бастап пайда болған. Латын тілінде «билингвистикалық», билингвизм қазақ тілінде аударғанда «екітілдік, екітілді» деп аударылады.
Билингвистикалық оқытудың методологиялық платформасының негізі болып әлеуметтік-саяси және философиялық ойлар қосылысы болып табылады, цивилизациялық қоғам менталитетінің өзгерісі бейнесі және саңыраулардың шағын социумына және ымдау тіліне жаңа қарым-қатынасы.
Қазіргі ғылыми парадигма барлық білім процесінің байырғы құрылысы дәлелдігін қамтамасыз етеді. Әлемде 5000-нан астам тілдермен 200-дей мемлекет бар деп есептеледі. Кейбір елдерде екі тілді қатар пайдалану заңда көрсетіліп бекітілген. Мыс: Европада мұндай елдер саны-6. Көптеген мемлекеттерде екі тілмен бірдей пайдаланылатын халықтарда бар.
Еститіндерге қатысты билингвистикалық оқыту идеясы жаңа болып есептелмейді: орта ғасырда, мысалы: көптеген университеттерде сабақ латын тілінде өткен; қазіргі педагогикада 2 тілді қатарынан оңай меңгеру білімді алуда да және ары қарай карьераны жалғастыруда да өзінің зор үлесін көрсетеді. Саңырауларға қатысты билингвизм термині 25 жыл бұрын қолданыла бастаған. Естімейтін адамдардың көпшілігі бір уақытта жесттік және сөздік тілдеріне ие бола алады. Кейбіреулері өзінің негізгі тілін жесттік тіл деп ойласа, кейбіреулері сөздік тіл деп есептейді, бірақ саңыраулар қарым–қатынас жағдайында екеуін қатар пайдалана алады.
Саңырауларды оқытудағы билингвистикалық ыңғай білім процесінің екі тең құқылы және тең құндылықты тәсілдерін қарастырады-олар орыс немесе өзге ұлттық тілінде ауызша, жазбаша және тактильді формада және орысша немесе өзгеше жест тілі. Еститін және естімейтін мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасында екі тілді бірдей қатарластырады. Саңырауларды билингвистикалық оқыту Батыс Еуропа пайда болған.
Достарыңызбен бөлісу: |