Билет №1 Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары



бет17/20
Дата02.12.2023
өлшемі262,98 Kb.
#194559
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Билет №1 Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары-emirsaba.org

Сауда-саттық сайысы. Бұл сайыс бағаны қолдану арқылы жүреді. Ал бағаның өзі үш жақты сайыстың нәтижесінде белгіленеді: біріншіден, жоғары бағамен сату үшін сатушылар арасындағы; екіншіден, тауарларды төмен бағамен алу үшін сатып алушылар арасында; үшіншіден, тауарларды қымбат бағамен сату үшін сатушылар және оларды арзан бағамен сатып алу туралы сатып алушылар арасындағы сайысу нәтижесінде
2.Салықтық жүйе, құру принциптері. Салық кодексі. Тікелей және жанама салықтар. Лаффер қисығы. Мемлекеттің бюджет-салық саясаты.


Жауабы:Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.Салық кодексі— мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының салық төлеушілермен салықтық қатынастарын реттейтін, мемлекеттің жоғарғы билігі деңгейінде қабылданған заңнамалық нормалардың негізгі жиынтығы

. Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.


Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:
- заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
- мүлік салығы;
- жер салығы;
- бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;

Жанама салықтар-баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне)қосылатындығында, кіріктілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.

Лаффер қисығы – бұл ұсыныс бойынша экономист Артур Лаффер жасағансалық ставкалары мен үкіметтер жинайтын салық түсімдерінің арасындағы байланысты көрсету үшін жасаған теориясы. Қисық сызық Лаффердің кейде салық ставкаларын төмендету жалпы салықтық кірісті көбейтуі мүмкін деген дәйегін көрсету үшін қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет