Билет №1 Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары



бет19/20
Дата02.12.2023
өлшемі262,98 Kb.
#194559
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Билет №1 Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары-emirsaba.org

Жауабы:: Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі. Кәсіпкерліктің түрлері.Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық.Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық – құқықтық және 2) ұжымдық экономикалық.әсіпкерліктің үш түрі бар:
- жеке тұлғалар;
- серіктестік (жолдастық);
- корпорация (акционерлік қоғам)

Жеке кәсіпкерлік деп- бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес – жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында. Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ заңгерлердің, дәрігерлердің т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.Серіктестік деп – екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнесті атайды. Серіктестікке де табыс салығы салынады. Серіктестіктің артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту жеңіл. Кемшіліктер қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып келе жатқан іс қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін, мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма табысында немесе зияндағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады. Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен фирмаларды, қызмет аяларын т.б. кіргізуге болады. Корпорация деп- бір кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығын айтамыз. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөліктерге бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Корпорация табысынан корпорацияға салынатын салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерлік формасы Қазақстанда жиі кездеседі.


2*ҚР халықты әлеуметтік қорғау жүйесі. Теңсіздік проблемасы. Лоренц қисығы. Джини коэффициенті. Жауабы:Әлеуметтік қорғау - бұл қолайсыз жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын және лайықты еңбекақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.

Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:


- тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;
- негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
- халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
- азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтары мен қызм Әлеуметтік теңсіздік - адамдардың мүмкіндіктерін, артықшылықтарын және құқықтарын тең емес пайдалануды білдіретін қоғамдағы өз ұстанымдарына сәйкес сыныптарды, қоғамдарды немесе топтарды бөлу немесе саралау. Егер әлеуметтік теңсіздік баспалдақ түрінде схемалық түрде ұсынылса, онда ең төменгі деңгейде қысымға ұшырайтын, кедей және зұлымдық үстіндегі және бай адамдар, қолында билік пен ақша бар адамдар болады. еттерге қол жеткізуі.Лоренцтің қисығы – бұл 1905 жылы американдық экономист Макс Лоренц жасаған табыс теңсіздігінің немесе байлық теңсіздігінің графикалық көрінісі. График халықтың кірістеріне немесе байлықтарына сәйкес горизонталь осьте процентиллерін салады. Ол тік осьте жинақталған кірісті немесе байлықты бейнелейді, осылайша х мәні 45 және у мәні 14,2 болса, халықтың төменгі 45% -ы жалпы табыстың немесе байлықтың 14,2% -ын басқарады дегенді білдіреді. Іс жүзінде, Лоренцтің қисығы дегеніміз – бұл кірісті немесе байлықты бақылаудың толық емес жиынтығынан бағаланатын математикалық функция.Джини коэффициенті - қоғамдағы табыс теңсіздігін өлшеуге арналған сандық статистика. 1900 жылдардың басында итальяндық статистик және әлеуметтанушы Коррадо Джини әзірледі.

3*Жұмысбастылық пен жұмыс күші тұрғысынан алғанда төмендегі тұлғалардың статусын анықтаңдар, олар былай жіктелген:


  • жұмысбастылар (ЖБ)


  • жұмыссыздар (ЖС)


  • жұмыс күшіне қосылмайтындар (ЖКҚ)


а) Өзінің қалауымен жұмыстан босатылған жұмысшы

ә) Толық емес жұмыс күніне ауыстырылған жұмысшы

б) Өзінің денсаулығына байланысты жұмыс істеуге жарамайтын мұғалім

в) Ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмай, оны іздеуді қойған жұмыстан босатылған жұмысшы

г) Күндізгі оқуда оқитын студент

д) Кешкі мезгілде оқитын автокөлік жөндеушісі

е) Үй шаруасындағы адам

ж) Белгілі бір уақытын кітапханашы болып жүмыс істеумен өткізетін үй шаруасындағы адам Жауабы: а) ЖС ө) ЖБ б)ЖКҚ в) ЖКҚ г) ЖКҚ д) ЖБ е) ЖКҚ ж) ЖБ
30-билет

1.Қысқа және ұзақмерзімді кезеңдердегі өндіріс.



Жауабы:Өндіріс факторына деген сұранысты талдағанда, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді уақыттың кезеңдерін айырады.Өндіріс факторына деген сұраныстың қысқа мерзімді қисық сызығын салу шарты болып тек бір ғана ауыспалы фактордың бары саналады. Осы фактор ретінде еңбекті алып, оған деген жеке сұраныстың қисық сызығын салайық. Ол үшін алдымен еңбек табыстылығының қисық сызығын сызайық. 82 суретте дайын өнімдер нарығындағы фирма үшін MRPқисық сызығы көрсетілген (жоғары қисық сызығы). Жұмыс уақыты көбейген сайын кемушілік қайтарым заңының әрекеті салдарынан шекті өнімнің шамасы түседі. Сондықтан MRPқисық сызығының жағымсыз еңкіштігі бар, өнімге деген баға тұрақты болса да. 82 суреттегі төменгі қисық сызығы – MRPқисық сызығы дайын өнімдер нарығындағы монополиялық билікке ие фирма үшін. Монополистің бағасы шекті табыстан асады (MRL қисық сызығы бәсекелес фирмаға қарағанда тіктеу және төмендеу жатыр. Монополиялық билігі бар фирма жұмыскерлерді аздау жалдайды.
2*Әлемдік шаруашылық мәні. Интеграция және интернационалдандыру. Әлемдік шаруашылық байланыстарының көріну формаларының ерекшеліктері.


Жауабы:Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі — дүние жүзі елдері ұлттық шаруашылықтарының жиынтығы.Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі сыртқы сауда, капиталды сыртқа шығару, жұмыс күшінің көші-қоны, экономикалық келісімшарттар жасау, халықаралық экономикалық ұйымдарды құру, ғылыми-техникалық ақпарат алмасу сияқты өзара экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастардан тұрады.Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі, негізінен, 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында ірі машиналық индустрияның, көліктің және әлемдік рыноктың дамуы нәтижесінде қалыптасты. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі саласы — өнеркәсіптердің Дүниежүзілік өнеркәсіпте 20 ғасырдың аяғында шамамен 350 миллионға жуық адам жұмыс істеді.Соңғы жүз жыл ішінде өнеркәсіп өндірісі 50 есе өсті, бұл өсімнің 3/4-і 20 ғасырдың 2-жартысына келеді.Пайда болу уақытына қарай өнеркәсіптің барлық салалары, әдетте, 3 топқа бөлінеді. Бірінші топқа “дәстүрлі” салалар: көмір, тау-кен өндірісі, металлургия, темір жол көлігі, кеме жасау, тоқыма өнеркәсібі; екінші топқа жаңа салалар: автомобиль жасау, алюминий қорыту, пластмасса, химиялық талшықтар өндірісі; үшінші топқа ғылыми-зерттеу жұмыстарын қажет ететін “жоғары технология” салалары: микроэлектроника, есептеуіш техника, робот жасау, информатика индустриясы, атом және аэроғарыш өндірісі, органикалық синтез химиясы, микробиология өнеркәсібі жатады. АҚШ-та, ГФР-де, Ұлыбританияда, Францияда өңдеуші өнеркәсіптің жалпы өнімінің 35 — 40%-і осы 3 топтағы салаларға келеді.Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі салаларының бірі — отын-энергетика кешені.Бастапқы энергетика байлықтарын дүние жүзі бойынша өндіру және тұтыну ұдайы өсіп келеді. Ол 1900 жыл 1 миллиард тонна шартты отыннан 1990 жыл 10 миллиард тоннаға дейін өсті, ал 2000 жыл 14 миллиард тоннаға жетті.
3*Төменде теңгеге сұраныс кестесі көрсетілген:


Теңгенің бағасы (долл.)


152,00

152,10

152,20

152,30

152,40

152,50

Теңгеге сүраныс көлемі


200

190

180

170

160

150

а) Үкімет валюталық бағамды 1 тт. = 152,40 долл. деңгейінде бекітті дейік. Ал бұл деңгейдегі ұсыныс көлемі 180 млн. тт. Осы кезде Үкімет теңгені сатуы не сатып алуы керек пе? Егер сату не сатып алу керек болса, онда қандай көлемде?


ә) Егерде Үкіметке теңгені доллармен сатып алу керек болса, қажетті долларды қай жерден ала алады?
Әлеуетті ЖІӨ көлемін анықтаңыз.

Шешімі:
а) Сатып алу керек, өйткені Үкімет бекіткен бағамды сол деңгейде сақтап қалу мүмкін болмайды. Сондықтан ҚР ҰБ 20 млн. тг. сатып алуы керек (МД = MS =*AS = 180 — 160 = 20 млн. тг)
ә) ҚР ҰБ ажын-валюта қорынан
31-билет
1*Өндіріс шығындарының мәні. Қазіргі заманғы экономикалық әдебиеттердегі өндіріс шығындарының классификациясы.


Жауабы:Өндірістік шығындар концепциялар - Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. «Шығындар» деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығыңдар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдеді.XIX ғасыр соңында бірнеше жаңа концепциялар пайда болды. Маржиналистер (Менгер, Визер) бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен (сатушы көзқарасы бойынша) белгіленетін, өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржиналистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке көсіпорынға тән жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорнының табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі.Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж.К.Кларк және Джом А.Гобсон. Кларк қосымша шығындар (overhead costs) мәселелерімен айналаскан және шығындардыа әрқилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсолюттік, үстеме, қаржылық, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғым енгізді. Бұған еңбек амалының сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жатады. Өндіріс шығындарының неоклассикалық концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар (тұрақты және өзгермелі) сомасы дейді.Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакциондық шығындар теориясы пайда болды. Бұған кобінесе айналыс шығындары жатады — тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін т.б.). Трансакциондық шығындар деге түсінікті американдық экономист Р.Коуз енгізді. К.Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді. Неоинституционалистер нарықтың функциясы трансакциондық шығындарды үнемдеу болып табылады дейді. Ал оның артыкшылығына айырбас мүшелерінің әркайсысының информация алуға жұмсалатын шығындардың барынша темендеу тенденциясы жатады дейді
2*Халықаралық сауда және сыртқы сауда саясаты. Әлемдік нарық түсінігі. Еңбекті және елдің бәсекеге қабілеттілігін халықтаралық бөлінуі.


Жауабы:Сыртқы сауда саясаты — сыртқы сауда мен халықаралық төлемдерді мемлекеттік реттеумен байланысты экономикалық саясат бағытын, яғни белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық ұйымдастыру, саяси шараларының жүйесі; экспорт пен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін анықтауды қамтиды.Сыртқы сауда саясатының бір ұшқары жағдайы еркін сауда саясаты, екінші жағдайы автаркия саясаты болуы мүмкін. Осы ұшқары жағдайлардың арасыіща түрлі дәрежедегі қолдампаздық орын алады, ол валюталық бақылаудың, тарифтік және бейтарифтік реттеудің көмегімен іске асырыладыӘлемдік нарық - елдер, оның ішінде әртүрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелерге жататын, бір-бірімен халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы арқылы байланысқан елдер арасындағы тұрақты тауар-ақша қатынастарының аясы.Бәсекелестiкке қабiлеттiк - бірнеше деңгейде қарастырылатын экономикалық категория: тауардың (қызметтің) бәсекелестікке қабілеттілігі; тауар өндірушінің (немесе фирманың) бәсекеге қабілеттілігі; салалық бәсекеге қабілеттік; елдердің бәсекеге қабілеттілігі. Бұл деңгейлердің арасында тығыз іштей және сырттай тәуелділік бар: елдік және салалық бәсекеге қабілеттілік діттеп келгенде нақтылы тауар өндірушінің бәсекеге қабілетті тауар шығаруына байланысты. Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің астарында оның ішкі және сыртқы нарықта табысын анықтайтын тауардың тұтынушылық, бағалық, сапалық сипаты жатыр.Тауардың бәсекеге қабілеттілігі тек соған ұқсас тауарлармен салыстыруда ғана анықталады.Тауарлық бәсекеге қабілеттілігі әртүрлі факторларга байланысты анықталады.Олардың арасында өнімдердің бағасы мен сапасына әсер ететін өндіріс шығындары, еңбектің өнімділігі мен қарқындылығы аса маңызды болып табылады.Жаһанданушы әлемде әлемдік бәсекеге қабілеттілікте алдыңғы орынға өнімнің баға факторы емес, тауар сапасы, жаңалығы, ғылымилығы, зияткерлігі шығып отыр.Сондықтан да әлемнің көптеген елдері өз тауарларының бәсекеге қабілеттігін инновациялар, жоғары технологиялық өнімдердің есебінен арттырып отыр.Ондай өнімдерді ғылыми-техникалық әлеуетті дамытпай шығару мүмкін емес.Оны бағалау үшін инновацияға кеткен шығынның көрсеткіші қолданылады.Бұл көрсеткіш елдің инновациялық қызметке қабілеттілігін, ғылыми техникалық қамтуға шыққан шығынмен қоса дизайнға, маркетингке жұмсалған қаржы, ғылыми саладағылардың саны, елдің ішінде және шетелдерде алынған патенттер саны, зияткерлік құқықтың қорғалу дәрежесі, білім саласының қаншалықты дамығандығын есепке алады.
3*Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша М1, М2,М3 ақша агрегаттарының көлемін анықтандар.



млрд. тг


Аз көлемді қысқа мерзімді салымдар


1630

Көп көлемді қысқа мерзімді салымдар

645

Чектік салымдар

448

Чексіз жинақтық салымдар

300

Қолда бар ақша

170

Шешімі:
М1= қолда бар ақша + чектік салымдар;
М2 = М, + чексіз жинақтық салымдар + аз көлемді кысқа мерзімді салымдар;
М3 = М2 + көп көлемді қысқа мерзімді салымдар;
М1 = 170 + 448 = 618 млрд. тг.
М2 = 618 + 300 + 1630 = 2548 млрд. тг.
Мз = 2548 + 645 = 3193 млрд. тг.
32-билет

1*Әлемдік валюта жүйесінің құрылымы және мәні.



Жауабы:Әлемдік валюта жүйесі – валюталық қатынастарды ұйымдастырудың және реттеудің мемлекетаралық келісіммен баянды етілген нысаны.Әлемдік валюта жүйесі атқарымының сипаты мен тұрақтылығы оның құрылымдық қағидатының дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымына, күштердің орналасуына және жетекші елдердің мүдделеріне сәйкес келуі дәрежесіне байланысты.Осы шарттар өзгергенде Әлемдік валюта жүйесі дүркін - дүркін дағдарысқа ұшырап отырады.Әлемдік валюта жүйесі ғалами әлемдік шаруашылық мақсаттарды көздейді. Олар: халықаралық айналымды сенімді төлемдік және есептесу қаражатымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету; халықаралық валюталық қатынастардың біршама тұрақтылығын және валюталық тетіктің әлемдік шаруашылықтағы өзгерістерге және әлемдік орталықтар күштерінің ара салмағына икемділікпен бейімделу. Әлемдік валюта жүйесі ұлттық валюта жүйесімен тығыз байланысты.Әйтсе де ұлттық валюта жүйесінің Әлемдік валюта жүйесінен міндеттері, атқарым және реттеу қағидаты, жекелеген елдердің экономикасына және әлемдік шаруашылыққа ықпал етуі жағынан өзгешеленеді.Бұл байланыс пен айырмашылық олардың элементтерінде көрініс табады.Әлемдік валюта жүйесі алғаш рет 19 ғасырда өздігінен қалыптасып, 1867 жылы Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заң жүзінде ресімделді.Онда алтын әлемдік ақшаның бірден бір нысаны деп танылды.Ұзаққа созылған валюталық аласапыраннан кейін 2 Әлемдік валюта жүйесі 1922 жылы Генуэ халықаралық экономика конференциясында үкіметаралық келісіммен ресімделді.2 дүниежүзілік соғыстан кейін Бруттен Вуд келісімі негізінде 3 Әлемдік валюта жүйесі құрылды.Бұл келісім Бреттен Вудтта өткен валюталық қаржылық конференцияда (1944 жылы) қабылданды.
2*Фирманың табысы және қаржылық жағдайы. Фирманың пайдасын арттыру шарттары.


Жауабы:Сөздікке келетін болсақ, Longman сөздігінде фирма әдетте шағын компания екендігі айтылған. Егер осы анықтама бойынша жүретін болса, фирма - бұл компания түрі, ал бұл термин жалпы компанияның жиынтығы болып табылады.Фирмаға арналған Оксфордтық сөздіктің анықтамасы келесідей. Оксфордтың ағылшынша сөздігіне сәйкес фирма дегеніміз «іскерлік мәселелер, әсіресе екі немесе одан да көп адамның серіктестігі».Іс жүзінде компания фирма бола алады. Фирма, оның көлеміне немесе қызмет ету аймағына қарамастан, компания сияқты шаруашылық жүргізуші субъект болып табылады. Әдетте фирма сөзі қызмет көрсететін кәсіпкерлер үшін сақталады, өйткені олар бухгалтерлік фирмалар мен консалтингтік фирмалар сияқты терминдерді қолдана отырып түсінікті болады. Алайда, фирмалық сөзді өнім шығаратын кез-келген компаниямен қолдануға шектеулер жоқ. Фирманың белгілі бір сүйкімділігі бар, бұл оны адамдарды өздері жүргізетін бизнесті білдіруге мәжбүр етеді. Қалай болса да, бұл сөз компанияда көрсетілмеген кәсібилік пен құпияны білдіреді. Сонымен қатар, фирмалар әдетте жеке меншік немесе серіктестік фирмасы болып табылады.Фирма мен компания бөлек ұйым болып табылмайды.Фирма - бұл компания түрі.Фирма сөзі әдетте бухгалтерлік және консалтингтік компаниялар үшін қолданылады және оларды бүгінде фирмалар деп те атайды. Фирмалар жеке меншік немесе серіктестік болып табылады, ал компания тіркелген және акционерлері барФирма дегеніміз - бұл терминдік компанияның ішкі бөлімі. Іс жүзінде компания фирма бола алады.Енді, бұл мақала компания мен фирманың арасындағы айырмашылықтытүсіндіргенде, болашақта фирма мен компанияны ажырату оңай болады.
3.Экономика төмендегідей мәліметтермен сипатталган:

    1. Тауардың экспорты 24780 долл.


    2. Тауардың импорты 26857 долл.


    3. Мемлекет азаматтары шетелден келген пайыз түріндегі шетелдік инвестициялардан 4122 долл. мөлшерінде табыс табады.


    4. Мемлекет шетелдік инвесторларға пайыз түрінде 1708 долл. мөлшерінде табыс төлейді.


    5. Берілген мемлекет азаматтарының туризмге шығындары 1818 долл.


    6. Берілген мемлеқеттің туризмнен алатын табы­сы 1670 долл.


    7. Мемлекетгің біржақгы трансферггері 2472 долл. тең.


    8. Мемлекеттен капиталдың кетуі 4282 долл.


    9. Мемлекеттен капиталдың түсімі 6565 долл.



Осы мәліметтерді қолданып, ағымдагы шоттың айырмасын, мемлекеттің қаржылық шотын және төлем балансын есептендер; Шешімі:
а)Агымдаг шоттың айырмасы = (тауа экспорты+туризм қызметінің экспорты+ шетелден факторлық табысы)-(тауар импорты+қызмет көрсету импорты+шетелдік инвесторларға пайыздық төлемдер+біржақты трансфеттер) = (24780+1670+4122) - (26857+1818+1708+2472) = -2283 долл.
Капитал шотының айырмасы = (капитал түсімі — капитал кетісі) = 6565 - 4282 = 2283 долл.
Толем балансының айырмасы = ағымдағы шоттың айырмасы + капитал шотының айырмасы= -2283 + 2283=О
33-билет
1*Халықаралық сауда және оның негізгі теориялары, Төлем балансы және валюта бағамы.


Жауабы:Төлем балансы, төлем теңгерімі – елдің халықаралық алыс-берісінің валюталық түсімдері мен төлемдерінің арақатынасы нысанындағы теңгерімдік шоты. Төлем балансы екі бөлімнен тұрады, олар: ағымдағы алыс-беріс сауда теңгерімі – тауарлардың экспорты мен импортының арақатынасы; “көзге көрінбейтін” алыс-беріс теңгерімі С көрсетілетін қызметтер мен бейкоммерц. төлемдерді қамтиды); капиталдар мен несиелер қозғалысының теңгерімі (мемлекеттік және жеке меншіктегі капиталдардың әкетілімі мен әкелінімін – халықаралық несие алу мен беруді көрсетеді). Төлем балансында халықаралық ақшалай алыс-беріс көрсеткіштері жетекші орын алады, бұл көрсеткіштер “көзге көрінбейтін” алыс-берістер бойынша, әсіресе, сыртқы сауда бойынша төлемдер мен түсімдерден асып түседі. Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) мүше елдер, соның ішінде Қазақстан өкіметі Төлем балансын жасау барысында жалпы тұжырымдалған ұсыныстарды негізге алады, бірақ әр ел өздерінің сыртқы шаруашылық байланыстарын есептеудің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша нышандар енгізеді. Жарияланатын Төлем балансында іс жүзінде төленген немесе дереу өтелуге тиіс төлемдер мен түсімдер ғана емес, сонымен бірге халықар. талаптар мен міндеттемелер де, яғни есептесу теңгерімінің нышандары да қамтылады. Төлем балансы белгілі бір күнге немесе белгілі бір кезеңге жасалады. ХВҚ-ның әдістемесі бойынша Төлем балансы баптарының сыныптамасы:Бухгалтерлік тұрғыдан алғанда Төлем балансы. тепе-теңдікте болады, бірақ оның негізгі бөлімдері бойынша егер түсім басқа елдерге төлемдерден асып түссе, актив сальдо болуы немесе түсім төлемнен аз болса, пассив сальдо болуы мүмкін. Сальдо теңгестіруші баптардың есебінен өтеледі. Төлем балансының жағдайы ұдайы өндірісте болатын үдерістерге (экономикалық өрлеу қарқынына, инфляцияға, валюталық бағамның серпініне, төтенше оқиғаларға, елдің әлемдік экономикадағы орнына, т.б.) байланысты. Өз кезегінде Төлем балансының жағдайы ұдайы өндіріске, валюталық бағамға, алтын-валюталық сақтық қорға, сыртқы берешекке, елдің валюталық-экон. жағдайына, капиталдың көші-қонына, әлемдік валюталық жүйеге, дүниежүзілік шаруашылыққа ықпалын тигізеді. Төлем балансы мемлекеттік реттеу нысаны болып табылады, негізгі баптардың қалыптасуына ( тауарлар экспортын көтермелеуге, шетел капиталының ағынын тоқтатуға, капитал әкетілімін реттеуге, т.б.) және пайда болған пассив сальдоны шетелдік несие мен инвестицияларды тарту, ресми валюталық сақтық қорларды, кейде алтынның босалқы қорларын да тарту есебінен өтеуге бағытталады. Төлем балансының актив сальдосын мемлекет елдің сыртқы берешегін өтеу, басқа елдерге несие беру, алтын-валюталық сақтық қорларын молайту, шетелде “екінші” экономика жасау мақсатымен капитал әкету үшін пайдаланады.
2*Қазақстанның әлемдік экономикадағы қазіргі орны мен рөлі, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі.


Жауабы:Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2015 жылғы 30 қарашадағы соңғы мәлімет бойынша оған 162 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина Ресей және Қазақстан бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және де 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие. ДСҰ міндеттеріДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттыққа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс: Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды; Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді; Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі
3*Жалпы шығындарды, орташа тұрақты, орташа айнымалы,орташа жалпы және шекті шығындарды есептеңдер;






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет