Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы



бет6/7
Дата31.12.2019
өлшемі83,15 Kb.
1   2   3   4   5   6   7
      модельдерді, зерттеушілік және шығармашылық жобаларды, ақпараттық материалдарды, географиялық объектілірдің жұмыс істеу және даму проблемаларын шешу жолдарын әзірлеуді, зерделенетін объектілерді, процестерді және құбылыстарды жіктеуге, жүйелеуге, қорытындылауға және саралауға арналған білім мен дағдыларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру, болжам жасау, географиялық объектілер, процестер мен құбылыстардың өзгеру сипатын және даму келешегін анықтау үшін білім мен дағдыларды жинақтайды;
      географиялық ақпарат көздерінің нақтылық дәрежесіне, геосфераның параметрлері мен экологиялық жағдайына, жекелеген аумақтардың табиғи, антропогендік және техногендік өзгеріс дәрежесіне, кез келген аумақтың ресурспен қамтамасыз етілу және табиғи-ресурстық әлеуетіне, геосфераға түсетін антропогендік салмақты және оның салдарына, табиғатты қорғау шараларының тиімділігіне, қоршаған табиғи ортаны қорғаудағы және табиғатты пайдаланудағы ғылыми-техникалық прогресс деңгейіне, қоршаған ортаның сапасына, өмір сүру сапасына, мемлекеттердің рейтингісі мен индекстерінің көрсеткіштеріне және орнына, кез келген аумақтың географиялық және геосаяси жағдайына, дүние жүзіндегі және Қазақстан Республикасындағы геодемографиялық жағдайға, халықтың және өнеркәсіптің аумақтық шоғырлануына, әлеуметтік-экономикалық ресурстардың сандық және сапалық көрсеткіштеріне, дүниежүзілік шаруашылықтың түрлі модельдерінің дамуына, негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер арқылы дүние жүзі елдеріне, интеграциялық процестердің тиімділігіне, аумақтардың және мемлекеттердің морфологиялық ерекшеліктерін бағалайды;
      2) «Графика және жобалау»:
      заттық әлем, құбылыстар мен процестер туралы ақпаратты беру мен визуализациялада графикалық бейнелердің рөлін, оларды қоршаған болмысты танып білу үшін адам қызметінің әртүрлі салаларында (ғылымда, техника мен өнерде) қолдануды, визуалды ақпаратты бекітудің негізгі құралдарын, әдістерін, графикалық суреттеудің (құжаттамалық, проекциялық, белгілік, шығармашылық) негізгі түрлерін, суреттерді түрлендіру жолдарын, жобалық қызметті ұйымдастыруда геометриялық-графикалық модельдеуді, қалыптастыруды және құрылымдауды, жобалаудың негізгі әдістерін және графика құралдарын, графикалық суреттеуді құруды және кеңістікті суреттеудегі жобалау әдісін, әртүрлі қолданбалы және жобалау тапсырмаларының шешімін табу үшін нақты геометриялық-графикалық алгоритмді, геометриялық денелер формасының пайда болу заңдылықтарын, сызбаларды ресімдеудің жалпы ережелерін, «формат», «суреттеудің көлемі», «сызбадағы сызу жолдарының типтері» түсініктерін, сызудағы шрифтілерге қойылатын талаптарды, бейнелеудің, кесіндінің және қималарды орындаудың ережелерін, сызу бетінде бейнелерді орналастыру туралы, заттың бөліктерін (детальдарын) біріктірудің негізгі тәсілдерін, оларды сызбада бейнелеуді (бөлінетін және тұрақты байланыстар), көлік құрау, сәулет-құрылыс сызбалары туралы және жобалау графикасы мен оның маңызы жайындағы негізгі түсініктерді, зат жасауды жобалау және жасаудың кезеңдерін, визуалды ақпаратты қол (құралмен) және компьютерлік графикамен суреттеудегі әдістері мен тәсілдері, электондық-есептеу машинаның көмегімен жүзеге асырылатын графикалық әрекеттерді автоматтандыру, суреттер қалыптастыру, өңдеу және талдау негіздерін біледі;
      адам өміріндегі бейнелердің маңызын, визуалды ақпаратты жан-жақты құрал ретінде пайдаланудың негізгі функциясын, геометрия үлгілерін және графикалық модельдеу әдістерінің заңдылықтарын, ортогоналды және аксонометрияны жобалау теориясының негіздерін, заттардың формаларын графикамен бейнелеу түрлерінің арасындағы айырмашылықты, олардың кеңістікте және алаңда орналасу суреттемесін, басқа құралдардың көмегімен жасалған суреттерді ажыратуды және, оларды талдауды және сипаттауды, әртүрлі бейнелерді салуда қолданылатын жүйелі графикалық білімін пайдалануды, бейнелерді нысан ретінде салу ғана емес, сонымен қатар жеке өзінің ойлауының қажеттілігін мен графикалық әрекеттерді тиімді пайдалануды түсінеді;
      сызбалардағы геометриялық құрылымдарды (бұдан әрі бұрыштарды, үзінділерді, шеңберді бірдей бөлшектерге бөлу, көпбұрыштарды дұрыс сызуда және оларды түрлі объектілер формасын құрастыруға түйістіру), заттың геометриялық (конструктивтік) формасын салуда жобалау әдісін, заттың геометриялық формасын (бөлшектің) салуды, қарапайым сызбаларын (сұлбаларды) оқуды, жұмыс барысында сызба түрлерінің тиімді санын, аксонометриялық болжам және техникалық суреттер құрады, заттардың сызбаларын орындау барысында жобалау әдістерін және бейнелеу тәсілдерін өзгертуді (жеңілдету жолдары, бейнелеудің көлемін өзгерту және бастапқы суретті өзгерту), кеңістіктегі заттың дерегін оның бейнесі арқылы ойша өзгерту (заттың кеңістіктегі орнын, оның конструктивті формасын және бөлшектерінің өзара орналасуын өзгерту), бейнеленген заттардың сыртқы және ішкі формасының ерекшелігін тану үшін (көрініс пен кесіндінің бөлігі) бөлшектерін қосуды, заттың 3-5 бөлшектерден тұратын бірліктерін қосатын сызбаны орындауды, бейнеленген бөлшектерді біріктірудің (алмалы-салмалы және тұрақты) жалпы ережесін біледі, бөлшектердің сызбасы бойынша құрастыру сызбасын орындауды, затты тұтас және оның бөлшектерін талдау негізінде бөлшек формасын қайта өңдеуді (қалпына келтіруді), графикаларды, диаграммаларды, сызба мен белгі бейнелерін орындайды, графикалық модельдеу, құрылымын жасау, жобалау тапсырмаларын орындау барысында қолмен немесе компьютерлік графиканы пайдалануды, жобалау және сындарлы шешім қабылдау үшін анықтама қолдануды, машинажасау және сәулет-құрылыс сызбаларының айырмашылығы туралы білімін қолданады;
      заттарды бейнелеу барысында геометриялық пішінді және олардың құрылымын, бейнелеудің түрлі жолдарын заттың формасын шығаруда пайдалану мүмкіндіктерін, зат бейнесінің формасын және графикалық құрамын салыстыру негізінде (заттың өзінен немесе аксонометриялық проекция бойынша) кешенді сызбаның құрылымын, бейнелеу барысындағы айтарлықтай ерекшелікті ондағы графикалық ақпаратты ашу үшін талдайды;
      заттың контуры бойынша (толық, бөлшекті) симметрияның ерекшеліктерін және шартты белгілерді сақтай отырып қайта жаңартуды, бейнеленген заттың түрі және құрамы бойынша бастапқы бейнесін жүйелеуді, суреттердің түрлі бейнелерін толық және жеткілікті түрде көрсету үшін қажетті графикалық ақпаратты жинақтайды;
      салынған суреттердің формаларына қарай нақты ерекшеліктеріне сәйкес бейненің құрылымын салуда жүйелілігін сақтауды, сызу барысында толық әрі қажетті ақпарат алу үшін қойылған мақсатқа және жүйелілікке қол жеткізуді, заттың құрылымдық және геометриялық мінездемесінің негізінде сөздік суреттеуді, нысанның формалық ерекшелігін толық ашу үшін салынатын бейнелердің санын бағалайды;
      10. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары:
      1) «Қазақ тілі» оқыту қазақ тілінде емес жүргізілетін сыныптар үшін, «Орыс тілі» оқыту орыс тілінде емес жүргізілетін сыныптар үшін:
      Қазақстанда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің қызмет ету ерекшеліктерін, негізгі лингвистикалық терминдерді, оқытатын тілдің дыбыстық, лексикалық, грамматикалық, сөзжасамдық негізгі ерекшеліктерін, оның әртүрлі қызметін, сөз таптарының типологиясын, көп этникалық Қазақстанда және әлемде даусыз сөйлесім әсерінің негізін, сөйлеу этикетінің формуласын, сөйлеу тәртібінің стереотиптерін, тілдің әлеуметтік бағытын, оқытылатын тілдің типологиялық және генетикалық жағын біледі;
      қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің маңыздылығын, қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, дәстүріне, құндылықтарына құрмет және толеранттық қатынас көрсету, тілдің және жазудың (түркі және славян) даму заңдылығы мен график принциптерінің негізін, тілдің социомәдени құбылыс ретіндегі рөлі, халық тілінің, тарихының және мәдениетінің өзара байланысын, тілдің ойлаумен байланысын, тілдердің және мәдениетаралық байланыстың өзара ықпалдасу ерекшеліктерін түсінеді;
      нақты міндеттерді орындауда және тілдің деңгей түрлерінің бірін талдау барысында теориялық білімін, оқытылатын тілдегі тіл бірліктерінқолдану ерекшеліктерін аша отырып, мәтінге филологиялық талдау жасау амалдарын, өмірдегі қызметтің түрлі салаларында тілді қолданудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы ақпаратты қолданады;
      тілдік бірліктерге дыбыстық, морфемалық, грамматикалық семантикалық талдау жасай отырып, мәтіндерді, оқытылатын тіл графикасын, тілдік бірлік білімдерінің механизмі, тіл құбылыстарын танудағы түрлі ғылыми көзқарастарды, танылатын тақырып бойынша түрлі ғылыми еңбектердегі ақпараттарды талдайды;
      қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің тілдік бірліктеріне салыстырмалы талдау жасау үшін алған теориялық ақпараттарды, жобалық жұмыстарда қолдану үшін тілдік бірліктердің қызмет етуі туралы ақпаратты, өзіндік ауызша және жазбаша мәтіндер құрауда меңгерген деректері мен пікірлерді жинақтайды;
      әртүрлі стиль мен жанрдағы мәтіндерде түрлі деңгейдегі тілдік бірліктердің қолданылуы орнын, танылып отырған тіл құбылысы туралы түрлі көзқарастарды, мәтінді танып-талдауда оның орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, стилистикалық нормаларға сәйкестігін, қазақ/орыс тіл білімінің басты тұжырымдамаларын бағалайды;
      2) «Қазақстан тарихы»:
      мәдениеттің ежелгі орталық-азиядағы ошақтарын және олардың орындарын оқшаулауды, көшпенділіктің тарихи түрлерін, еуразия дала өркениеттерінің қалыптасу мен даму кезеңдерін, түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы қалалық мәдениеттің даму ошақтарын, әлемдік мәдени-тарихи прогреске едәуір ықпал еткен, Орталық Азия халықтарының жетістіктерін, қазақ халқының этникалық тарихын, дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымын, Қазақстанның полиэтникалық қоғамын қалыптастыру тарихын, Қазақ мемлекеттігінің дамуының тарихи кезеңдерін, Қазақстандағы саяси ойдың дамуына едәуір үлес қосқан тарихи қайраткерлерді, түрлі тарихи кезеңдердегі ұлттық мәдениет пен ғылымның маңызды жетістіктерін, Қазақстан тарихы бойынша негізгі тарихи деректер мен ғылыми еңбектерді біледі;
      Қазақстанның тарихи даму құбылыстары мен процестерін, негізгі оқиғалардың мәнін, ежелгі орталық- азия өркениет ошақтарының сипатты белгілерін, көшпенділіктің әр түрлерін, Қазақстан территориясындағы қалалық және көшпелі мәдениетті, әлемдік мәдени-тарихи прогресс үшін Орталық Азия халықтарының жетістіктерінің маңызын, түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан халқының өмір сүруін қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуы мен дамуына географиялық фактордың ықпалын, түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын, дәстүрлі қазақ қоғамындағы этноәлеуметтік ұйымдардың ерекшеліктерін, Қазақстанда саяси ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді («Алаш», «Мәңгілік ел» идеясы), Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына тарихи тұлғалардың қосқан үлесін, ұлттық бірегейлікті сақтау үшін қазақтардың мәдени мұрасының маңызын, қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін Қазақстан этностарының мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарым-қатынас жасау қажеттілігін түсінеді;
      Қазақстан мен Орталық Азия территориясында өмір сүрген мемлекеттер, көшпенділіктің тарихи түрлері мен орталық-азия мәдениет ошақтары уақыты мен кеңістігін анықтау кезінде, Орталық Азия көшпенділерінің мәдениетін қалыптастыру мен дамытудың ерекшеліктерін анықтау кезінде, түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени даму ерекшеліктерін анықтау кезінде, Қазақстанның дамуындағы тарихи тұлғалардың рөлін анықтау кезінде, Қазақстанның өткені мен бүгіні оқиғалары мен құбылыстарына қатысты өз позициясын анықтау кезінде, шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды орындау кезінде, тарихнамалық және деректемелік талдау элементтерін қолданумен Қазақстан тарихы бойынша тарихи материалдармен жұмыс кезінде алынған білім мен дағдыларды қолданады;
      әлемдік тарих контекстінде жалпы белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып Қазақстанның тарихи дамуын, түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы мемлекеттер мен өркениеттердің қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, миграциялық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) ықпалын, себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғалар, құбылыстарды, Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметі дәлелдері мен нәтижелерін, Қазақстан тарихы бойынша деректер мен ғалымдардың еңбектерін, Қазақстан территориясындағы этногенез, саяси генезисі және мәдениет генезисі процестерін, заманауи Қазақстанның үрдістері мен болашағын талдайды;
      отан тарихы бойынша алған білімін Қазақстан мен әлемнің басқа аймақтарындағы тарихи дамудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында оларды әлемдік тарих оқиғаларына көркем бейнеде көрсетеді, Қазақстан тарихы туралы тарихи ұғым мен тұтас түсінікті қалыптастыру үшін білім мен білікті, Қазақстан тарихындағы объектілер мен процестер, тарихи құбылыстарды жіктеу, жүйелеу және қортындылау үшін тарихи ойлау дағдыларын, Қазақстанда өтіп жатқан заманауи саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді түсіну мен бағдарлану үшін отан тарихы бойынша білім мен тарихи ойлау дағдыларын жинақтайды;
      түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) түрлі факторлардың ықпалын, тарихи тұлғалардың қызметі контекстінде олардың отан тарихына ықпалын, Орталық Азия халықтарының мәдениетінің әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін, тарихи мәліметтердің нақтылығын, Қазақстан тарихының этникалық, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды;
      3) «Дүниежүзі тарихы»:
      өркениеттердің тарихи типтері мен олардың ошақтарын, мемлекеттің тарихи түрлері мен құқықтық-мемлекет институттарының құрылуы мен дамуын, әлемдік тарих барысына ықпал еткен әскери-саяси оқиғаларды, әлемдік мәдени-тарихи прогреске ықпал еткен әлемдік жаңалықтар және жетістіктерді, әлемдік мәдениеттің тарихы және заманауи жағдайын, адамның, қоғамның, әлем халықтары мен өркениеттердің шығуы мен дамуына қатысты негізгі ғылыми теорияларды, әлемдік қоғамдық ойдың дамуына елеулі үлес қосқан тарихи қайраткерлерді, дүниежүзі тарихы бойынша негізгі жиынтықталған ғылыми еңбектерді біледі;
      мәдени-тарихи процесті оның бірлігі мен әртүрлілігімен, өркениет, тарихи формалары мен мемлекеттің түрлердің сиаттамалық ерекшеліктерін, құқықтық-мемлекет институттарының маңызын, әлемдік өркениеттердің қалыптасуы мен дамуына табиғи-географиялық факторлардың ықпалын, тарих барысына әскери-саяси оқиғалардың ықпалын, әлемдік тарихи-мәдени процесс үшін адамзаттың жетістіктері мен ұлы жаңалықтардың маңызын, түрлі тарихи кезеңдердегі әлемдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын, әлемдік қоғамдық ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді, тарихтың дамуына тұлғалардың ықпалын, жаһандық әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін жалпы адамзаттық құндылықтардың маңызын түсінеді;
      әлемнің мәдени-өркениеттік орталықтары мен мемлекеттік ұйымдардың уақыты мен кеңістігін анықтау кезінде, мемлекеттердің түрлері мен тарихи формаларын, өркениеттердің сипатты белгілерін анықтау барысында, түрлі тарихи кезеңдердегі әлем халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы ерекшеліктерді анықтауда, кешегі мен бүгінгі күннің оқиғалары мен құбылыстарына қарым-қатынас бойынша өз позицияңды анықтау барысында, шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды орындау кезінде, тарихнамалық және деректемелік талдау элементтерін тарихи материалдармен жұмыс барысында алынған білім мен білікті қолданады;
      жалпы белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, әлем халықтарының тарихи дамуын, түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамның дамуы мен қалыптасуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) ықпалын, себеп-салдар байланыстарын анықтау үшін әлемдік тарихтың оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін, тарихи тұлғаларының еңбектерінде көрсетілген дәлелдер мен нәтижелерін, тарихи деректерді, этногенез, саяси генезис және мәденигенезис процесіне қатысты негізгі ғылыми теорияларды, жаһандану жағдайындағы заманауи қоғамның үрдістері мен келешегін талдайды;
      әлем халықтарының тарихи дамуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында дүние жүзі тарихы бойынша алған білімді, бүкіләлемдік мәдени-тарихи процесс туралы тарихи ұғым мен біріңғай түсінікті қалыптастыру үшін білім мен дағдыны, тарихи құбылыстарды, объектілер мен процестерді жіктеу, жүйелеу мен жинақтау үшін түсіндіру мен талдау, уақытпен кеңістікке бағдарлану, деректермен жұмыс дағдысын, тарих бойынша білім мен тарихи ойлау дағдыларын әлемдегі өтіп жатқан заманауи саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді түсіну мен бағдарлану үшін тарихи ойлау дағдысы мен тарих бойынша білімді жинақтайды;
      түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін, тарихи тұлғалар қызметі контекстінде олардың әлемдік тарихқа ықпалын, әлемдік өркениеттің қалыптасуы мен дамуына әлем түрлі халықтарының мәдениетінің қосқан үлесін, тарихи деректердің нақтылығын, әлем тарихының этникалық, саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды;
      4) «География»:
      география ғылымдары жүйесіндегі геоэкологияның, әлеуметтік-экономикалық және саяси географияның, геосаясаттың орны мен рөлін, геоэкологиялық, экономикалық-географиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси-географиялық және геосаяси зерттеу әдістерін, табиғатты пайдалану саласының, экономикалық, әлеуметтік, саяси география және геосаясаттың негізгі ғылыми ұғымдарын, экологиялық, экономикалық-географиялық, саяси-географиялық, әлеуметтік-географиялық және геосаяси карталардың элементтерінің қосымша сипаттамасын, геосфераға антропогендік әсер етудің себептерін, факторларын және негізгі көздерін, Жер сфералары мен табиғи-аумақтық кешендерге әсер етудің салдарын, ерекше қорғалатын аумақтардың маңызы мен түрлерін, ерекше қорғалатын аумақтарды ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды, геосфераны қорғау жолдарын, экологиялық қауіп-қатерлерді, экологиялық дағдарыстың белгілерін, аумақтардың экологиялық жіктелуін, қоршаған ортаны қорғау шараларының негізгі бағыттарын және жүйесін, қоршаған табиғи ортаны қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, табиғатты пайдаланудың заманауи жүйелерінің түрлері мен типтерін, табиғатты пайдаланудың аймақтық жүйелерінің ерекшеліктерін анықтайтын табиғи, экономикалық және әлеуметтік факторлардың арақатынасын, заманауи экологиялық саясатты қалыптастырудың ерекшеліктері және табиғатты пайдалануды басқарудың негізгі әкімшілік, экономикалық және құқықтық механизмдерін, қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік саясатын, экологиялық бақылауды құқықтық қамтамасыз етуді, табиғатты қорғаудың басқару, бақылау және қадағалау органдарын, олардың атқаратын қызметін, қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін, өмір сүру деңгейінің сапалық көрсеткіштерін, халықты географиялық саралаудың мақсаттарын, табиғатты пайдаланудың маңызын және негізгі түрлері мен формаларын, табиғатты тиімді пайдаланудың жалпы принциптерін, табиғатты пайдалануға шек қоюдың мақсаттарын, табиғат ресурстарын пайдалануды жоспарлаудың және болжаудың қажеттілігін, тұрақты дамудың мақсаттарын, энергияның қалыпқа келетін көздерін, жасыл энергетика принциптерін, әлеуметтік-экономикалық ресурстардың жиынтығын, экономикалық жүйелердің модельдерін, дүниежүзілік шаруашылық және дүние жүзі елдері дамуының негізгі көрсеткіштерін, дүние жүзі елдерінің рейтингісі мен индекстері көрсеткіштерін, дүние жүзі елдерінің халықаралық қарым-қатынасының жиынтығын, интеграция және жаһандану процестерін, халықаралық экономикалық және саяси ұйымдар мен одақтар туралы негізгі деректерді, аумақтық-саяси жүйелердің негізгі түрлерін және олардың қызметін, мемлекеттік аумақтардың және мемлекет типтерінің құрылымын, аумақтардың морфологиялық ерекшеліктерін және мемлекеттердің модельдерін, мемлекеттік шекараларды, олардың түрлерін және динамикасын, Қазақстанның дүниежүзілік саяси және геосаяси процестердегі рөлі мен орнын, Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарға қатысуын, адамзаттың ғаламдық заманауи проблемаларын және олардың жергілікті, аймақтық деңгейде көрініс табуын, ұлттық қызығушылықтар тұрғысынан Қазақстан Республикасының геосаяси белсенділігі бағыттарын, әлемдік кеңістіктің геосаяси зоналануын, дүние жүзінің тарихи-мәдени аймақтарын біледі;
      қоғам өміріндегі географияның орнын, географиялық ортадағы жоспарлы іс-әрекетті, дүние жүзінде және Қазақстан Республикасында қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің өмірлік маңызды мәселелерін шешудегі табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың даму заңдылықтарын, табиғи, әлеуметтік, экономикалық және саяси үрдістердің ерекшеліктерін, Жердің кеңістіктегі және уақыт өлшеміндегі тұтастығын және біртекті еместігін, заманауи әлемнің кеңістіктік көптүрлілігін, оның жалпы және аймақтық ерекшеліктерін, материктердің, ірі аймақтардың, елдердің, Қазақстан Республикасының табиғи, мәдени-әлеуметтік, шаруашылық процестерінің айырмашылықтарын, қоршаған ортаның және адамзат қоғамының қазіргі кездегі және болашақтағы жағдайы үшін тұлғалық жауапкершілікті, табиғи және әлеуметтік-экономикалық, табиғатта болатын экологиялық процестердің ғаламдық және жергілікті динамикасын, табиғи ортаға антропогендік қысым көрсетуді тұрақтандырудың, қоғам мен табиғаттың өзара байланысын оңтайландыру жолдарын, ғаламдық экологиялық зардаптың алдын алу жолдарын, қоршаған ортаны қорғаудағы ғылыми-техникалық прогрестің рөлін, табиғи ортаға қатысты кез келген әрекеттердің нәтижелерін, қазіргі қоғамдық құбылыстар мен үрдістерді, адам өмір сүретін географиялық (қоршаған) ортаны қалыптастыратын және өзгертетін ғаламдық және жергілікті табиғи, экономикалық және әлеуметтік факторларды, аумақтың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының географиялық факторларға тәуелділік дәрежесін, өмір сүру сапасының қоршаған табиғи ортаның сапасына тәуелділігін, қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемаларды және оларды шешу жолдарын, заманауи интеграциялық және геосаяси процестердің маңызы мен мәнін, геосаяси процестерді, геосаясат субъектілерінің өзара қарым-қатынастарының сипатын, рөлін және ықпал ету саласын, дүние жүзінің геосаяси зоналарының ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының геосаяси күшін арттыру бойынша шаралардың маңызы мен қажеттілігін, Қазақстанның геосаяси, саяси белсенділігін, геосаясат және саясат контексіндегі Қазақстанның ұлттық құндылықтарының және мүдделерінің маңызын, Қазақстан Республикасы ішкі және сыртқы саясатының мақсаттары мен бағыттарын түсінеді;
      теориялық білімді және географиялық ақпараттың дереккөздерін, географиялық негізгі түсініктер мен терминдерді, географиялық зерттеулердің әдістерін және олардың амалдарын, географиялық ақпаратты қажетті контексте іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, өзгерту, сақтау, беру және презентация жасау дағдыларын, картада өлшеу әдістерін, кез келген географиялық объектілерді, процестерді және құбылыстарды сипаттау дағдылары мен жоспарларын, қажетті контексте географиялық ақпаратты модельдеу және ұсыну дағдыларын қолданады;
      географиялық қабықта және географиялық ортада болатын процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды, табиғат пен қоғамның өзара байланысын және олардың кеңістіктік ерекшеліктерін, географиялық объетілер, процестер мен құбылыстардың таралу, байланысу және басқа да кеңістіктік қарым-қатынастарының ерекшеліктерін, географиялық объетілер, процестер мен құбылыстардың көрсеткіштерін, орналасу факторларын, қоршаған орта факторларының адам өмірі мен іс-әрекетіне әсерін, қоғамдық өнеркәсіптің ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін, сандық және сапалық географиялық ақпаратты, географиялық ақпарат дереккөздерін, географиялық объектілерді, процестерді және құбылыстарды жіктеудің белгілерін, жоспарлы шаруашылық іс-әрекеттің қоршаған орта жағдайы мен тұрғындардың денсаулығына әсерін, экологиялық қауіп-қатерлерді, экологиялық дағдарыстарды және олардың белгілерін, табиғатты қорғау шараларын, қоршаған табиғи ортаны қорғауды және табиғатты үнемді пайдалануды ұйымдастыру және құқықтық негіздерін, қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік саясатын, қоршаған ортаның сапасын, өмір сапасын, табиғатты пайдаланудың түрлері мен формаларын, дүниежүзілік шаруашылықтың даму модельдерін, дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштерін, шаруашылық салаларын орналастырудың саяси, заманауи факторларын, геосаяси және экономикалық процестерді, дүние жүзі елдерінің рейтингісі мен индекстерін, халықаралық саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық байланыстар мен қарым-қатынастарды, аумақтық-саяси жүйелерді, мемлекеттің аумақтық құрылымын және мемлекеттердің типтерін, мемлекеттердің шекараларын, олардың түрлерін және динамикасын, елдің ұлттық мүдделер жүйесін, геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігін, әлемдік геосаяси кеңістікті, географиялық және геосаяси жағдайды, саяси, экономикалық және әлеуметтік дамудың ерекшеліктері мен факторларын, Қазақстанның әлемдегі рөлін және орнын талдайды;

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет