Білім беру бағдарламасы «5B050800-Есеп және аудит»



бет1/6
Дата18.02.2018
өлшемі1,09 Mb.
#37975
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АКАДЕМИК Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«5B050800-Есеп және аудит»

Деңгейі: Бакалавриат


Академиялық дәреже – «5B050800-Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры


Қарағанды, 2016

«5B050800-Есеп және аудит» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің МЖББС негізінде, ҚР Үкіметінің № 1080 2012 жылғы 23 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен 13 мамыр 2016 жылғы № 292) бұйрығымен, ҚР БҒМ «Кредиттік жүйе бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» № 152 2012 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығымен (өзгертулер мен толықтырулармен 28 қаңтар 2017 жылғы № 90), №343 2013 жылғы 16 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен № 425 05 маусым 2016 жылғы) ҚР БҒМ бұйрығы негізінде «5B050800-Есеп және аудит» мамандығының типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламаларына сәйкес құрастырылған.

«5B050800-Есеп және аудит»

мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы
Теориялық оқытудың кредит саны –131 кредит

1. Білім беру бағдарламасының паспорты

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі

1.2.Түлектің біліктілік сипаттамасы:

1.2.1. Кәсіби қызмет саласы

1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары

1.2.3. Кәсіби қызмет пәні

1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері

1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары

1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері



2. Білім беру бағдарламасының мақсаты

3. Негізгі құзыреттіліктер



4. Білім беру бағдарламасының мазмұны

5. Модульдерді сипаттауға арналған формуляр

Модуль 1. Қоғамдық-коммуникативті

Модуль 2. Саяси - әлеуметтік және жаратылыстану

Модуль 3. Кәзіргі сараптамалық экономика және кәсіби - бағытталған тілдер

Модуль 4. Бухгалтерлік есеп және қаржы негіздері

Модуль 5. Статистика, эконометрика және бағалау негіздері

Модуль 6. Маркетинг, менеджмент және кәсіпорын экономикасы негіздері

Модуль 7. Есепті халықаралық ұйымдастыру мен компьютерлендіру

Модуль 8. Шаруашылық субъектілердің қызметін талдау

Модуль 9. Бухгалтерлік есептің стандарттары

Модуль 10. Аудит негіздері және ұлттық шоттар жүйесі

Модуль 11. Қаржылық және басқарушылық есеп

Модуль 12. Қаржы және басқару есептегі қазіргі жолдары

Модуль 13. Қаржылық-несиелік мекемелерінде бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

Модуль 14. Экономика салаларында бухгалтерлiк есепті ұйымдастыру

Модуль 15. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Модуль 16. Тәжірибе

Модуль 17. Мемлекеттік аттестация

6. Білім беру бағдарламасындағы модульдер кесіндісінде меңгерілген кредитттер көлемін бейнелейтін жинақ кесте:


1.Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі

Бакалавриат түлегіне «5B050800-Есеп және аудит» мамандығы бойынша «экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.



1.2.Түлектің біліктілік сипаттамасы:

1.2.1. Кәсіби қызметінің саласы

Кәсіби қызмет саласы болып мемлекеттік органдар, барлық меншік нысанындағы мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буынындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің басқару органдары және ғылыми-зерттеу мекемелері болып табылады.



1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары

Кәсіби қызметтің нысандары активтердің құрамы мен орналасуында және оның құралу көздерінде өзгерістер тудыратын кәсіпорын мүлігі, оның міндеттемесі, капиталы және шаруашылық операциялары, сонымен қатар, саланың ерекшелігін ескеретін, экономиканың әр түрлі саласындағы ұйымдардың қызметі: мемлекеттік басқару органдары (Министрліктер, Салық комитеті, статистика бойынша ҚР Агенттігі), ғылыми зерттеу мекемелері, құқықтық нысаны мен ұйымдастыру түріне тәуелсіз ұйымдар мен фирмалар бола алады.



1.2.3. Кәсіби қызмет пәні

Осы профильдегі бакалаврлар ұйымлдардағы қаржылық, шаруашылық және басқару ісін жүргізе білулері керек:

- шаруашылық операцияларын тіркеу;

- ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті құрастыру;

- қаржылық есептіліктің аудиті мен талдауын ХАС сәйкес жүргізу.

1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері

Бакалаврлар алған теориялық білімдерін, ұйымдардың қызметі жөніндегі ақпараттарды алып, талдап, талқылап, қорытып, бағалап және ұсына отырып тәжірибеде қолдана алуы тиіс. 5В0508-Есеп және аудит мамандығы бойынша бакалаврлар келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

- ұйымдастыру-басқару қызметі. Бітіруші мемлекеттік қызметтерде қаржы және салық органдарында, кәсіпорындарда, сақтандыру ұйымдарында, банктер мен басқа қаржы мекемелерінде біліктілік жұмыстың машықтарын игеруі тиіс. Бухгалтерлік есебінің ғылыми-әдістемелік және ұйымдық-технологиялық базасын жасауға қатысады, басқа мамандармен біріге отырып, басқарудың неғұрлым тиімді әдістерін, бизнесті ұйымдастырудың ережелері мен рәсімдерін жасап қолданады, капиталдар нарығында қаржы институттарының қызметтеріне белсене қатысады; компанияның корпоративтік бейнесін қолдап, дамытады;

- өндірістік-технологиялық қызмет осы мамандық бойынша түлектердің прерогативасы болап танылады, өйткені оқу процесі олардан ақпараттарды жинап, тіркеу және жалпылау процестерімен байланысты барлық сұрақтардың жан-жақты оқылуын талап етеді;

- түлектердің есептеме-жобалық қызметі жаңа кәсіпорындарды немесе экономикалық жобаларды ұйымдастыруға қатысты несиелер, қарыздаржәне қызметін кеңейтуге арналған қаржылық қолдаулардың басқа да түрлерін алуға керекті арнайы құжаттардың (техникалық-экономикалық негіздеме, бизнес жоспар және тағы басқа) тиімділігін талдауға арналған мәліметтерді ұсына отырып, жобаларды техникалық-экономикалық негіздеу арқылы жүзеге асырылады;

- осы мамандық түлектерінің білім беру (педагогикалық) қызметі орта арнайы оқу орындарындағы кәсіби қызметтерімен анықталады.



1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары

- есептік және статистикалық ақпараттарды жинақтау, мәліметтерді өңдеу және оны басқару шешімдерін қабылдауы үшін басшылар, инвесторлар, кредиторлар, ішкі және сыртқы пайдаланушылардың қолдануына дайындау;

- бағаның қалыптасуы, инвестициялар және өндірістің әдістері бойынша балама шешімдерді бағалау және талдау;

- ұйымдардың қызметтерін жалпы бақылау және басқару;

- бухгалтерлік есептің жүргізілуінің заңдық нормативтік актілерге сәйкес келуін тексеру, сонымен қатар кеңес беру қызметін көрсету (аудиторлық және кеңес беру қызметтері);

- ХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру;

- шоғырландырылған қаржылық есепті құрастыру;

- салықтық есептілікті құрастыру және салықтар бойынша декларация толтыру;

- бухгалтерлік есепті қалпына келтіру;

- бухгалтерлік есепті реттейтін нормативтік актілерді жасақтау (нормативті-әдістемелік қызмет).



1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері

- оперативті жетекшілік пен басқару, сонымен қатар инвесторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, қарыз берушілер, мемлекеттік органдар, банктер және тағы басқа мүдделі тұлғалар пайдалануы үшін қажет болатын ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы нақты да, толыққанды ақпараттарды, бухгалтерлік есеп стандарттарына, бекітілген қағидаларға, қаржылық есептілікті құрастыру мен бухгалтерлік есепті жүргізу ережелеріне сәйкес қалыптастыруды қамтамасыз ету;

- талдау мен аудиттің әдістемелері мен техникасы мәселелері бойынша нұсқауларды, есеп саясатын жасақтау;

-қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процесті қайта қалыптастыруды ғылыми негізделген көрсеткіштердің негізінде жан-жақты зерттеу;

- ұлттық экономиканың даму тенденцмясын болжауды қорытындылау;

- өндіріс тиімділігін арттырудың қолда бар резервтерін анықтау;

- пайдаланушыларды сенімді ақпараттармен өз уақтылы қамтамасыз ету;

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты:

- қаржылық есеп пен есептіліктің ролі мен қағидаларын сипаттау;

- ұйымның есеп саясатын жасау;

- шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастыру;

- мүліктердің, міндеттемелер мен капиталдың қозғалыстарын есеп құжаттарында өз уақытылы тіркеу;

- ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті ұйымдар үшін даярдау;

- әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси құбылыстарды динамикада талдау;

- қысқа және ұзақ мерзімді болжаулар жасау;

- әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың құрылымын және олардың жиынтығын меңгеру;

- бухгалтерлік есеп әдістемесін ұғыну;

- өзінің қорғайтын көзқарастарын дәлелді жеткізе білу;

- талдау негізінде оқылатын процестің дамуындағы пайда болатын тенденцияларды анықтау;

- ұйымның қаржылық жағдайын жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау;

- басқару және өндірістік қызметтің деңгейін арттыруға ықпал ету;

- шаруашылық субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау және ХАС сәйкес аудит жүргізу.


  1. Негізгі құзыреттіліктер:

- ана тілі, шет тілдері саласында: дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, ана тілін және шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды иегруге жағдай жасау;

- фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық даярлау саласында: дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлға қалыптастыруға сәйкес фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық пәндер бойынша базалық білімдерді меңгеру;

- компьютерлік технология саласында: кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі, қазіргі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, бағдарламалау дағдыларын меңгеру;

- әлеуметтік-мәдени қызмет саласында: этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтарды, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, қоғам дамуының тенденцияларын білу, әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану;

- оқу қызметі саласында: шығармашылық әлеуетін, жаңашылдығын, бастамасын дамыту үшін жағдай жасау, аталмыш ғылымның негізін қалайтын пәндер бойынша білім алу, қажетті практикалық дағдылардың болуы, оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімді тиімді бекіту, мамандыққа сәйкес сонымен қатар, жоғары білімнің келесі сатысында оқуды жалғастыруға байланысты пәндерді саналы таңдау, мамандық бойынша жұмысқа орналасуға болатын мүмкіндіктерге сәйкес жұмыс күштері нарығында бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру; ЖОО ерекшелігін, тұлғаның қажеттілігін ескере отырып, кәсіби құзыреттілікпен білім беру саласында студенттердің жеке бағдарламаларын таңдау;

- кәсіпкерлік, экономикалық қызмет саласында: экономикалық білімінің негізін меңгеру, микро және макроэкономикалық құбылыстар, қаржы, маркетинг, менеджмент жайында ғылыми білімдерді игеру, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін білу және түсіну.



4. Білім беру бағдарламасының мазмұны

Модульдің атауы

Цикл және компонент

Пәннің коды

Пән атауы

Бақылау түрі

семестр

Кредит көлемі

Қалыптастырылатын құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері)

KZ

ECTS

Жалпы міндетті модульдер

Қоғамдық-коммуникативті

ЖББ/МК

KKT1101

Қазақстанның қазіргі тарихы

емтихан

1

3

5

Білікті болуы тиіс: Қазақстан қазіргі тарихындағы себеп-салдар байланыстарды орнықтыру, салыстырып талдау негізінде тарихи оқиғалар мен құбылыстарды ойлану, коммуникативтік және кәсіби қызметте тіл құралдарын тіл нормасына сай қолдануға, ақпараттық және телекоммуникативтік технологияларды кәсіби қызметте қолдануда

Білуі тиіс: XX-XXI ғғ. ҚР даму қарқындарын және жаһандық әлемде олардың айқындалу ерекшеліктерін түсіну, философияның негізгі дүниетанымдық ұғымдарын және танымның философиялық әдістерін, оқып-үйренетін тілдің фонологиялық, лексикалық, грамматикалық құбылыстарын, MS WINDOWS операциялық жүйесін, MS WORD мәтіндік редакторын, MS EXSEL кестелік процессорын, MS ACCESS мәліметтер базасын.

Дағдылары болуы тиіс: заманауи Қазақстан тарихының мәселелерін талдауда сыни және өзіндік дүниетанымына қатынасы, заманауи өмірдің өзекті мәселелерін шешуде философиялық ұстаным, сөйлеу, дыбыстау (аудирования), оқу және жазу, компьютерді еркін пайдалану, заманауи бағдарламалық құралдарды пайдалануға бағытталған жаңа инновациялық технологияларды қолдану.

Құзыретті болуы тиіс: сыртқы саяси аренада оқиғаларды талдау мен бағалауда, нәтижелер мен салдарларын болжауда, Қазақстан халқының мәдени салт дәсүрлерін қадірлеуде, мәдениетаралық қарым-қатынас саласында тіл құбылыстарының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін және шетел тілін пайдаланатындардың мінез-құлқын есепке алуда, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды, игерілген теориялық білім мен іскерлікті кәсіби қызметте қолдануға.

ЖББ/МК

Fil2102

Философия

емтихан

4

3

5

ЖББ/МК

ShT1103

Шет тілі

емтихан

1,2

6

11

ЖББ/МК

OT1104

Орыс тілі

емтихан

1,2

6

11

ЖББ/МК

AKT1105

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

емтихан

1

3

5

Модуль бойынша барлығы
















21

37




Саяси - әлеуметтік және жаратылыстану

ЖББ/ТК

Ale2106

Әлеуметтану

емтихан

3

3

5

Білікті болуы тиіс: заманауи әлемде өтіп жатқан үдерістер мен құбылыстарды зерттеу теориясы мен жолдарын, қолданыстағы тұжырымдарды сын тұрғысынан талдауға, бүгінгі қоғамдағы құбылыстарды әлеуметтік тұрғыдан талдау, саясат мәселесі мен сұрақтарына қатысты құбылыстарға талдау, инновациялық әлеуметтік жобалау технологияларын қолдана білу, экологиялық білім негіздерін пайдалануға, төтенше жағдайларда шешім қабылдауға, құқықтық институттар мен олардың (мүдделер талабын) қамтамасыз ету нормаларын ажырату, нақты жағдайды (ситуацияны) талдау кезінде экономикалық сипаттау проблемаларын анықтау, моральдық құндылықтарды күнделікті өмірде санаға сіңдіруді жүзеге асыру, сондай-ақ қазақстандық құқықтың жетекші салалары түсінігі мен қағидаларын ашатын мемлекет және құқық теориясы негіздері туралы көзқарастар қалыптастыру.

Білуі тиіс: әлеуметтану ғылымын, оның пайда болу тарихы және дамуы, қоғамның негізгі теорияларына қатысты білімдерді және түсініктерді игеру;

саяси ілімдердің тарихын, саясаттану құрылымын, негізгі теориялар мен тұғырнамалар және саясат саласын меңгеруге қажетті эмпирикалық және теориялық құзыреттің болуы; Қазақстандағы мемлекеттік және қоғамдық жастар саясатының негізін; төтенше жағдай кезінде мүмкін болатын апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында халықты, өндіріс мамандарын және ауылшаруашылық объектілерін қорғау жөнінде бағдар алу және сауатты шешім қабылдап, қорғаныс құралдарын пайдалана білу; биосфера компоненттерінің өзара әркеттерінің негізгі заңдылықтары мен адамның шаруашылық іс-әрекеті әсерінің зардаптарын білу; мемлекет пен құқық теориясының негіздерін меңгеру, мемлекеттің пайда болуы мен даму заңдылықтарын, жемқорлықтың пайда болуы, негізін, мазмұнын, сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін құқықтық, моральдық жауапкершілікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру саласындағы күші бар заңнаманы білу, мемлекет және құқық туралы негізгі түсініктерді, қазақстандық заңнамада және халықаралық құқықта бекітілген адам және азамат құқықтары мен міндеттерін білу.



Дағдылары болуы тиіс: теориялық және эмпирикалық білімдер негізінде қазақстандық қоғамының дамуындағы әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жобалау; саяси үдерістер мен құбылыстарға эмпирикалық және теориялық талдау жасай алу; саяси үдерістер мен құбылыстарға эмпирикалық және теориялық талдау жасай алу; өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз жағдайын құру үшін қажетті теориялық біліммен және тәжірибелік дағдылары, табиғатты пайдаланудың қарқындылық жағдайында қоғамның және биосфераның жалпы қарым-қатынасы кеңістігіндегі тәжірибелік мәселелерді шешу, экономикалық және ұйымдастырушылық сипатта шешімдер қабылдау, микро, макроэкономикалық және құқықтық құбылыстарды дербес талдау, рухани-адамгершілік тетіктерін жемқорлықтың алдын-алу негізінде қолдану, құқықтық институттарды және оларды қамтамасыз ететін нормаларды ажырату.

Құзыретті болуы тиіс: қоғам және қоғамдық пікірін оқыту әдеттерін кәсіби қызметінде қолдану, ішкі және сыртқы саясатта, халықаралық қатынастардың ерекшелігі жайлі, бүгінгі саясаттың өзекті мәселелерін игеруде, саяси білімді тәжірибеде қолдана білу, төтенше жағдай кезінде өзін-өзі ұстай білуі, құтқару әдістерін толық меңгеру және алғашқы медициналық көмек көрсете білу, адамзат қоғамы мен табиғаттың өзара үйлесімді қарым-қатынасын қалыптастыруға деген ұмтылыс пен жауаптылықты қамтитын, экологиялық сауаттылық және экологиялық дүниетаным көз-қарастарын қалыптастыру, болашақ кәсіби іс-әрекетінде қолдануға бағыттау, қоғам өмірінің тиісті мемлекеттік-құқықтық құбылыстарына дәстүрлі де, жаңа да көзқарастар қалыптасу, отансүйгіштік және патриотизм сезімдерін баулу, моральді тұрғыдағы кикілжіңдермен мүдделерді талдау таңдауы; жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру

Saya2106

Саясаттану

ZhS2106

Жастар саясаты

ЖББ/ТК

ETD1107



Экология және тұрақты даму

емтихан

2

2

4




TKN1107

Тіршілік қауіпсіздік негіздері













ЖББ/ТК

SZhKMN1108



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

емтихан

2

2

4




KN1108

Құқық негіздері


































Модуль бойынша барлығы
















7

13




Мамандық бойынша міндетті модульдер

Кәзіргі сараптамалық экономика және кәсіби - бағытталған тілдер

БП/МК

EM1201

Экономикадағы математика

емтихан

1

3

5

Білікті болуы тиіс: математикалық және сандық модельдеудің, ғылыми-техникалық есептерді шешудің тиімді алгоритмдерін білу, есеп шешудің қолайлы әдстерін таңдау, микро және макро деңгейде көрсеткіштерді сипаттау, экономикалық теорияның негіздерін білу, тілдік (лингвистикалық), әлеуметтік-лингвистикалық, дискурстық, мәдени-лингвистикалық, кәсіби білік-дағдылардың жиынтығын қалыптастыру.

Білуі тиіс: математикалық және сандық модельдеуді, ғылыми-техникалық есептерді шешудің тиімді алгоритмдерін білу, статистикалық талдау әдістерін, ақпаратты есептеу және жинау әдістемесін білу, есептің қолданбалы сұрақтарын математикалық тұрғыда зерттей білу, білім алушылардың орыс және шет тілінде еркін сөйлесіп, түрлі жағдаяттарда қарым-қатынас орнатып, қолдай алу мүмкіндігін және коммуникативтік құзіреттілігін білу.

Дағдылары болуы тиіс: есеп шығаруға қажетті теориялық және практикалық мәліметтерді игеру іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру, алынған мәліметке байланысты экономикалық ақпараттарды өздігінен жинау және қажетті өңдеу, бухгалтерлік есеп әдістерін тәжірибеде колдана білу, коммуникативтік мақсаттағы сөйлемдер, оқығаны туралы өзінің бағасын бере отырып, пікірін, ойын дұрыс айта білу.

Құзыретті болуы тиіс: есеп шығаруға қажетті теориялық және практикалық мәліметтерді игеру, іскерліктерін және дағдыларын пайдалану, кәсібилік, тәжірибелік, орыс және шет тілдерін коммуникативтік-прагматикалық дәрежеде меңгерген тілдік тұлға қалыптастыру.

БП/МК

ET1202

Экономикалық теория

емтихан

1

2

4

БП/МК

Mik1203

Микроэкономика

емтихан

2

2

4

БП/МК

Mak2204

Макроэкономика

емтихан

3

3

5

БП/МК

KOT2205

Кәсіби орыс тілі

емтихан

3

2

4

БП/МК

KBShT2206

Кәсіби-бағытталған шет тілі

емтихан

3

2

4

Модуль бойынша барлығы
















14

26




Бухгалтерлік есеп және қаржы негіздері

БП/МК

BEN2207

Бухгалтерлік есептің негіздері

емтихан

3

3

5

Білікті болуы тиіс: қаржылық есеп пен есеп берудің ролі мен қағидаларын сипаттау; есептік құжаттарда мүліктің, міндеттемелер мен капиталдың қозғалысын демезгілінде тіркеу; бухгалтерлік есепті реттейтін нормативті актілермен және оқу құралдарымен, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу

Білуі тиіс: Бухгалтерлік корреспонденциясы және қаржылық есеп нысандарын жасау

Дағдылары болуы тиіс: бухгалтерлік есеп әдістемесін түсіну; ұйымның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар өңдей білу.

Құзыретті болуы тиіс: бухгалтерлік құжаттарды пайдалану, кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің есебі, бухгалтерлік балансты құру

БП/МК

Kar2208

Қаржыға кіріспе

емтихан

4

3

5

Модуль бойынша барлығы
















6

10




Мамандық бойынша таңдау модульдері

Статистика, эконометрика және бағалау негіздері

БП/ТК

BEOKKE3209



Бизнестің экономикасы және оны құқықтық қамтамасыз ету



емтихан

5

2

4

Білікті болуы тиіс: бизнесті бағалаудағы шығындық, табыстық және салыстырмалы тәсілдерін тәжірибеде қолдану, сызықтық регрессиялық теңдеудің нүктелік және интегралдық бағалау, жаңа өнімдер мен технологияларды игеру бағдарламаларын басқару қабілеттілігі; ұйымның шығындары мен әрекет нәтижелерін бағалауға қабілеттілігі; ақпаратты компьютерлік өңдеуді қолдана отырып, ғылыми зерттеулерді орындай алу.

Білуі тиіс: бизнесті бағалауды ұйымдастыру негізін, бизнесті бағалау қағидаларын және тәсілдерін білу, кәсіпорын қызметін кешенді түрде бағалау тәртібін, тәсілдерін білу, қазіргі эконометрикалық мәліметтерді дайындауды білу, инновациялардың негізгі белгілері мен түсініктерін; инновациялық цикл құрылымы мен оның сатыларының сипаттамасын; тәуекел түрлерін және оларға сәйкес тәуекелді басқарудың әдістерін; инновациялық бизнесті жобалау сұрақтарын және экономикалық негізделуін.

Дағдылары болуы тиіс: бағалау жүргізу барысында бағалаудың ұлттық және халықаралық стандарттарын тәжірибеде қолдану, статистикалық бағалау әдістерін моделдеуде пайдалану, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын және зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді компьютерлік өңдеу дағдыларын игере алу керек.

Құзыретті болуы тиіс: теориялық, тәжірибелік және кәсіби міндеттерді шешу үшін бизнесті бағалау тәсілдерін, қағидаларын, іскерліктерін және дағдыларын пайдалану және стандартты емес жағдайларда практикалық міндеттерді шешу, эконометрикалық тәсілдердін пайдалану, инновациялық үдерістерді басқару әдістері мен үлгілерін білу.

KB3209

Қолданбалы бизнес

БП/ТК

BB1210



Бизнесті бағалау
Бағалаудың теориялық негіздері

емтихан

2

3

5

BTN1210

Бағалаудың теориялық негіздері

БП/ТК

ZhBZhZh3211



Жаhандану болашағы және жобалау жұмысы

емтихан

6

2

4

ZhBZ3211

Жаhандану болашағы және зерттеулер

БП/ТК

Sta1212

Статистика

емтихан

1,2

5

9

AES1212

Әлеуметтік-экономикалық статистика

БП/ТК

Eko2213

Эконометрика

емтихан

3

4

7




EMAM2213

Экономикалық - математикалық әдістер мен модельдер

Модуль бойынша барлығы
















16

29




Маркетинг, менеджмент және кәсіпорын экономикасы негіздері

БП/ТК

KE2214



Кәсіпорын экономикасы

емтихан

4

3

5

Білікті болуы тиіс: басқару құрылымын жандандыратын әртүрлі құжаттарды дайындау

Білуі тиіс: менеджмент және маркетингтің негізгі концепциялары, менеджмент және маркетингтің базалық категорияларын білу, әртүрлі нарықтарды сипаттау

Дағдылары болуы тиіс: экономика секторында басқару қызметін оптимизациялау, маркетингтік зерттеулер жүргізу

Құзыретті болуы тиіс: қазіргі нарықтық экономиканың қызмет істеу және даму заңдылықтарын оқу; өндіріс ресурстарын тиімді пайдалануда эмпирикалық білім алу және ғылыми негізді қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет