Дәріс № 3. Тақырыбы: Тамақтық өсімдіктер
Дәріс жоспары:
Жабайы өсетін тамақтық және талшықтық өсімдіктердің ролі мен маңызы.
Тамақтық өсімдіктердің аймақтар бойынша жіктелуі.
ТМД бойынша жеміс-жидектік, жаңғақтық өсімдіктердің және саңырауқұлақтардың шикізат қорын зерттеу мен дайындауды ұйымдастыру.
Жабайы түрде өсетін тамақтық өсімдіктердің қажет өкілдері мен негізгі топтарына сипаттама.
Тамақтық өсімдіктер дегеніміз адам өмірінде тамақ ретінде қолданатын өсімдіктер.
Көптеген мәдени түрге айналдырылған өсімдіктердің түрлерімен, сорттармен қатар адамдар барлық уақытта қоршаған табиғаттың сыйын пайдаланған. Адам үнемі тамаққа жабайы жемістер мен жидектерді, жаңа піскен және дайындалған саңырауқұлақтарды, кейде жапырақтық өсімдіктерді-қымыздық, рауғаш, қалақайды қолданған. Олардың бір бөлігін мәдени түрге де айналдырған, мысалы, жидектер, (бүлдірген, таңқурай, тұшала) және жемістер (алма, алмұрт, грек жаңғағы, жүзім) және дәмді және құнарлы жаңғақжемістерді (талшын, орманжаңғақ, грек жаңғағы, пісте) және т.б.
Әдетте мәдени түрге айналдырылмаған өсімдіктердің кейбір түрлері тұрақты түрде тамақтануда пайдаланылды. Олардың саңырауқұлақтар, мүкжидек, қызамық, кедр жаңғағы екені белгілі.
Жеуге жарамды өсімдіктерге тек қана жоғарғы сатыдағы өсімдіктер ғана емес, сонымен қатар төменгі сатыдағы өсімдіктер де жатады. Үш класс үстіне бөлінетін балдырлар класынан жасыл, қоңыр және қызыл балдырлардан тамақтық мақсатта қолданылатын қоңыр және қызыл балдырлардың маңызы зор. Жапония, Қытай, Сандвич және Гавай аралдарында балдырлар тамаққа күнделікті қолданылады және тамақтық түрлердің негізгі түрі болып есептеледі.
Тынық мұхитының жағалауында өсетін ламинария немесе теңіз орамжапырағы қолданысқа енді. Сонымен қатар жапон теңіз орамжапырағы, қантты ормажапырақ және бармақ тәрізді орамжапырақ та қолданылады.
Владивостокта теңіз орамжапырағы кеспелердің, вермишельдердің және дақылдардың әртүрлі сұрыптарын алуға пайдаланылады және одан пайдалы, йодқа бай консервілер алынады. Жергілікті тұрғындар орамжапырақты салат ретінде пайдаланады және одан венигрет, запеканка жасайды, балықпен, етпен және көкөністермен бұқтырып пісіреді, патила, галет және тосаптарға қосады.
Тамақтық мақсатта кеңіне қолданатын төменгі сатыдағы өсімдіктердің басқа бір класының ішінен жақсы танымал саңырауқұлақтарды атауға болады. Химимялық құрамы бойынша барлық саңырауқұлақтарда су өте мол болады. Су олардың салмағының 80-94%-ін құрайды. Органикалық заттардан саңырауқұлақтар ақуызға өте бай.
Ақ саңырауқұлақтарда олардың мөлшері 2,8%, қозықұйрықта-2,5%-ті құрайды. Кептірілген ақ саңырауқұлақтарда ақуыздың мөлшері-30%, ал қозықұйрықтарда-22%-ке дейін болады. Ақуыздардан басқа саңырауқұлақтарда 0,12-0,67% май болады, бірақ майдың мөлшері өте аз, дегенмен бәрібір де көкөністердегі майлардың мөлшерімен бірдей болып келеді. Көмірсулар, крахмалдан басқасы саңырауқұлақтарда көп мөлшерде болады.
Саңырауқұлақтар барлық елдерде кең таралған және тұрғындар арасында тұздалған, маринадталған, кепірілген түрде пайдаланылатын сүйікті ас болып табылады.
Көпшілік жиналатын және тамаққа пайдаланылатын саңырауқұлақтардың ішінен көпшілікке белгілі және нарықтық құны бар тек екйбір түрлерін атауға болады, олар: ақ саңрауқұлақ немесе
Тамаққа сонымен қатар қыналар да пайдаланылады, мысалы, солтүстік исландия қынасы, қарағайлы орман немесе тундралық бұғы “мүгі”. Негізінен олар нан пісіргенде ұнға 50%-ті араластырылады. Бұдан да күшті тамақтық маңызы бар шөл жерлерде кездесетін қыналар немесе шөл маннасын атауға болады. (Lichin esculantus Pall, Lecanora esculanta Eversm.).
Бұл өсімдікті ашқан Паллас деген ғалым өзінің қырғыз далаларында 1772 жылы жүргізген саяхаттарында адамдарға аң аулау кезінде және алыс далаларда адасқанда өмірін сақтау үшін маннаны тамаққа пайдалануға болатындығын айтқан.
Іле Алатауының жемістік өсімдіктері туралы М.П. Поповтың және т.б. (1935ж.), Н.В. Павловтың (1942ж., 1947ж.) еңбектері белгілі. Соғыс кезінде орман өсімдітерін тамаққа пайдалану жөнінде үлкен маңызы бар кітаптар сериялары жарық көрді. Көптеген жылдар бойы жабайы түрде өсетін жеміс беретін өсімдіктермен А.Д. Джангалиев (1977) айналысады. Т.Н. Салова (1986), М.Н. Проскуряков, Е.Т. Пусурманов (1986), Н.Н. Бакаева (1986), И.И. Кокоревалармен (2017) маңызды зерттеулер жүргізілуде.
Ертеде жабайы түрде өсетін тамақтық өсімдіктерде жүйесіз, сипаттам болған. Одан кейін түрлердің әртүрлігі, кейде үлкен қопалар құрайтын бұл түрлердің кеңінен қолданылуы ботанико-ресурсоведтік ізденістердің күшейуін тудырды.
Гүлді өсімдіктер немесе жоғары сатыдағы тамақтық өсімдіктердің санының көп болуына байланысты олардан алынатын тамақтың түріне байланысты белгілі топтарға бөлуді қажет етеді.
Тамақтықөсімдіктердің жіктелуі:
А.А. Гроссгейм (1952ж.); 1. салатты-көкөністі; 2. крахмал алынатын; 3. ақуыз беретін; 4. қантты және инулин беретін; 5. шырындыжемісті және шырындытұқымды (жеміс-жидектік); 6. қаттыжемісті және қаттытұқымды (жаңғақжемісті); 7. сусындық; 8. хош иісті және татымдыөткірдәмді.
А.А. Приступа (1973ж.) тамақтық өсімдіктердің келесідей топтарын ұсынады: 1. нандық; 2. қант беретін; 3. ақуыз беретін; 4. тамақтық маңызы бар майлық өсімдіктер; 5. жеміс-жидектік; 6. жаңғақжемісті; 7.көкөністі; 8. татымды өсімдіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |