Білім беру бағдарламасы: «6B05102-Биотехнология»



бет14/35
Дата08.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#195523
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
«Фармакогнозия» пәні бойынша

Қызыл бояулар.

  1. Бөріқарақат-жабайы түрде Орта Азия мен Кавказда өседі. Жидектерінің шырынын заттарды бояуға, сірке мен квасцты қосып кілем өндірісінде пайдаланады.

  2. Адыраспан (Peganum harmala)-Алдыңғы, Орта Азия мен Қазақстанда кеңінен таралған шөлді, тұзды жерде өсетін өсімдік. Бояу материалы ретінде тұнбалары жүн маталары мен жібекті бояйтын аздап қышқылданған қызыл бояу беретін ірі қара тұқымдары қолданылады.

  3. Шайқурай (Hypericum perforatum)-гүлдері заттарды бояуға қолданылады. Орта Азия мен Қазақстанда кеңінен таралған.

4. Қызылтамыр (Macratomia ugamensis) Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияда таралған. Бояу алынатын материал ретінде өсімдіктің ақшыл түсті көп қабатты қара-қошқыл қабыршақты қабықпен қапталған тамыры қолданылады.
Мұндай шикі күйінде бояу далап және румяна дайындау үшін импорттық карминді алмастырады. Нейтралды сығындысы жүн мен жібекті көк түске бояйды, аздап қышқылданғандары қызыл және қан қызыл түсті сақтайды.

  1. Айлауық (Onosma dichroantum) Қазақстанның таулы және жазық жерлерінде, Орта Азия мен Кавказда кездеседі. Тамырының қошқыл-қара түсті қабыршақты қабығы қышқылды тұнбада қызыл түсті береді.

  2. Қызылбояу (Galium boreale-солтүстік, mollugo-жұмсақ, verum- кәдімгі, ruthenicum-орыс) Қазақстанның барлық жерлерінде таралған. Тамырында мақталы қағазды алюминий басытқысында қызыл түке бояйтын антрахинон бар, хромда және күлгін түсте қызыл түске, хромда-күлгін, қалайыда-қызғылт түске бояйды.

Күлгін бояулар

  1. Бөріқарақат жабайы түрде Кавказ бен Орта Азияда өседі. Жидектерінің шырыны сілтімен қосқанда күлгін түсті береді.

2. Қарабүлдірген (Rubus caesius) сирек кездесетін және ортаңғы Еуропа бөліктерінде аз жеміс береді.Бояу алынатын заттары жидектерінің шырынында болады.

  1. Қызылтамыр (Macratomia ugamensis) Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияда кездеседі. Бояу алынатын материал өсімдіктің тамырынан алынады. Сілтілік ортадағы сығындысы арқылы күлгін және көк түсті алуға болады.

Көк бояулар

  1. Шытыршық (Isatis tinctoria) жабайы түрде өзен маңындағы және суармалы шабындықтарда өседі. Өсімдік кез-келген топырақта өсе бермейді, жапырақтары бір жазда 2-6 рет жиналады. Жапырақтарының шырыны-индиго бояғыш заты болып табылады.

  2. Гүлкекіре (Centaurea cyanus) гүлі халықтық бояу материалы ретінде көк және көгілдір түсті алады.

  3. Андыз (Inula) Еуропа бөлігінде кеңінен таралған. Бояғыш заты тамырының шырынында болады.

  4. Тегеурінгүл (Delphinium) бояғыш маториалы ретінде гүлі қолданылады.

  5. Құс самалдық (Polygonum aviculare) сабағы мен жапырағы пайдаланылады. Барлық жер шары бойынша таралған космополит болып табылады. Халық практикасында көк бояу алу үшін қолданылады.

  6. Көкморас (Chrosophora tinctoria) Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда кездеседі. Бояғыш заты өсімдіктің барлық ұлпаларында кездеседі және қара-көк түсті береді.

Жасыл бояулар

  1. Аконит (Aconitum) халықтық практикада ашық көк гүлдері жасыл бояу алу үшін пайдаланылған.

  2. Ұйқышөп (Pulsatilla patens) Қазақстанның барлық жерлерінде таралған, халықтық практикада гүлі мен жапырағы пайдаланылады.

  3. Тегеурінгүл (Delphinium) Алюминий немесе хром сығындысын қолданғанда гүлінің сығындысы жасыл түсті береді.

  4. Сынғақ итшомырт (Rhamnus frangula) Еуропаның орманды аймақтарында және Қазақстанда кеңінен таралған. Негізінен бұл түрдің қоңыр, күрең қызыл, сарғыш-қоңыр түс беретін қабығы қолданылады. Халықтық практикада тұрақты жасыл бояу алу үшін жидектері пайдаланылады.

  5. Байғұт (Alchimilla) Еуропа бөлігінің жазықтарында, Орта Азияда және Қазақстанда өседі. Халық практикасында қолданылады.

  6. Арша (Juniperus semiglobosa, seravschanica) Оңтүстік Қазақстан менОрта Азияда таралған. Бояғыш заттары, илік заттары өсімдіктің қабығы мен жидектерінде кездеседі. Бұл түрден аылнатын бояу қорғаныш рең немесе хаки беретіндігімен бағалы. Жүнде нейтралды сығындысы сары және қошқыл хакиді, содалы сілтідегі экстрактысы-сары, хаки және қошқыл-қоңыр түстерді береді.

Сары бояулар

  1. Бөріқарақат жабайы түрде Кавказ бенОрта Азияда өседі. Батыс-тянь-шаньдық түрінің қабығы басытқысыз және алюминийде сұрғыт-сары және сап-сары түстерді береді. Қабығының бояғыш заты-берберин алкалоиды болып табылады.

  2. Қайың (Betula verrucosa) Қазақстан мен Орта Азияда кездеседі. Экстрактысын дайындауда жаздың бас кезінде жиналған ақшыл түс беретін жапырақтары бағалы болып есептеледі. Сығындысы жүн мен мақтаны басытқысыз сары түске бояйды, хромды басытқыда алтын-сары түске, темірде-қоңыр-қара түске бояйды. Жібекті хромда сары-жасыл, ал темірде-лас-жасыл түс болады.

  3. Сарысояу (Xantium strumarium) Судағы сығындысы жүнде мықты сары бояуды алу үшін қолданылатын халықтың бояу алатын өсімдігі өсімдігі болып табылады.

  4. Тегеурінгүл (Delphinium semibarbatum) бояғыш заты гүлдерінің күлте жапырақтарында болады, изорамнетин және кверцетин типіне жататын және күлте жапырақтарының салмағының 4%-ін құрайды. Нейтралды сығындысы жүн мен жібекті бояйды, алюминийде ғажап сары түстерге бояйды. Мақталы қағазда алюминий және хромды басытқыдада 1%-ті содалы экстрактымен бояп, кверцитронды түсті типтегі ашық сары түсті алады. Басытқылардың мөлшерін өзгерту арқылы әдемі жасыл түстерді де алуға болады.

  5. Құмқараған (Ammodendron Conollyi) Оңтүстік Қазақстанның құмды жерлерінде және Орта Азияда кездеседі. Бояғыш заттары тамырларында болады, 1%-ті сода ерітіндісінде жақсы алынады. Мақталы қағаздарды бояуға жарамайды және жүнді де хромда қошқыл-сары, темірде-қошқыл-қоңыр, алюминийде-ашық қызғылт-сары түс береді.

  6. Құм сүттіген (Euphorbia Seguieriana, esula) Қазақстанның құмды далаларында кездеседі. Төбе гүлдері мен өркендеріндегі бояғыш заттардыңдың 80-ті су арқылы бөлініп алынады. Жүнде сүттігендердің нейтралды экстрактылары сарғыш-жасыл, жасыл-сары және жасыл-қара түсті, мақталы қағазда сары, қошқыл-жасыл және жасыл-қара түсті береді. Сілтілі сығындысы алюминийде барлық маталарда ашық сары түсті береді. Жібекте хромды басытқыда сарғыш-жасыл түс, темірде-қошқыл-жасыл түске боялады. Сүттігендер аршалар сияқты олардан қорғаныштық-хаки түстерін алуға мүмкіндіктерінің болуымен ерекшеленеді.

  7. Түймебас (Serratula tinctoria, coronata) Бірінші түрі Еуропа бөлігінде далалық жапырақты ормандарда және сулы шалғындарда, екінші түрі Еуропа бөлігінің далалық облыстарында, Қазақстанда кездеседі. Өсімдіктің қайнатпасы жүнді ашық сары түске бояйтын көпшілікке танымал бояуы ретінде белгілі.

Негізгі әдебиеттер:



  1. Кукенов М.К. Ботаническое ресурсоведение. А, 1999.

  2. Павлов Н.В. Дикие полезные и технические растания СССР, М.,Л., 1942.

  3. Ильин М.М. Общие вопросы изучения сырьевых растений // Методика полевого исследования сырьевых растений. М.,Л., 1948.

  4. Павлов Н.В. Растительное сырье Казахстана. М.,Л., 1947.

  5. Растительное сырье СССР. Сборник монографии по отдельным группам полезных растений в двух томах. Изд. АН СССР, М.,Л., 1950-1957.

  6. Мухитдинов Н.М., Паршина Г.Н. Лекарственные растения, А., 2002.

Қосымша әдебиеттер:


1. Адекенов С.М. Сесквитерпеновые лактоны растений Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1987.


2. Антоненко А.И., Потапов В.М. Опыт организации заготовок лекарственного сырья в Чимкентской области. // 3-й съезд фармацевтов Казахстана. Кустанай, 1987.
3. Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений Казахстана. Алматы, 1994.
4. Михайлова В.П. Дубильные растения флоры Казахстана и их освоение. А-1968.
5. Гемеджиева Н.Г. Краткий терминологический словарь по ботаническому ресурсоведению: Справочное пособие. – Алматы: РИО ВАК РК, 2000
6. Максютина НюП и другие. Растительные лекарственные средства. Киев «Здоровье» , 1985.
7. Гаммерман А.Ф. Курс Фармакогнозии. Из-во, Л-1967.
8. Хотин А,А и др. Эфирномасличные культуры. М, 1963.
9. Вульф Е.В. , Малеева О.Ф. Мировые ресурсы полезных растений. Л, 1969.
10. .Гаммерман А.Ф. Дикорастущие лекарственные растения СССР. М., 1976.
11. Муравьева Д.А. Фармакогнозия . М., 1991.
12. Энциклопедический словарь лекарственных , эфирно- масличных и ядовитых растений. М., 1951.
13. Эфирномасличные растения Казахстана и их рациональное использование. А., 1990.
14. Правила сбора и сушки лекарственных растений .Сборник инструкции ., М., 1985.
15. Турова А.Д. Лекарственные растения СССР и их применение . М., 1974.
16. Задорожный А.М. и др. Справочник по лекарственным ратениям. М, 1992.
17. Крылова И. В. , Шретер А.И. Методика определения запасов лекарственных растений. М., 1971.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет